Әлеуметтік қолдаудың экономикалық мазмұны, ақпаратты жүйелерінің негізі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом. Әлеуметтік жұмыстағы ақпараттық технологилар.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Болжанып отырған құбылыстың ұйғарылған қалаулы жағдайына қол  жеткізудің мүмкін болатын жолдарының, шаралары мен шарттарының бағдарламалық болжамы мына сұраққа жауап береді: қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін нақты не қажет? Бұл сұраққа жауап алу үшін іздеушілік те, нормативтік те болжамдық өңдеулер маңызды. Біріншісі бағдарламаны іске асыру үшін  шешу қажет мәселелерді анықтайды, екіншілері іске асыру шарттарын анықтайды.  Бағдарламалық болжам түрлі факторлардың мүмкін болатын өзара әсері туралы гипотезаны құрастыруы қажет, ең бастысына жету жолындағы аралық мақсаттардың гипотетикалық мерзімдері мен кезектілігін көрсетуі қажет. Осымен жоспарлы болжам бастаған зерттеу нысанының даму мүмкіндіктерін таңдау аяқталуға жақын.

Болашақтағы қандай-да бір  құбылыстың  нақты бейнесінің жобалық  болжамы  мына сұраққа жауап береді: бұл (нақты) қалай мүмкін болады, оны  қалай сипаттауға болады? Бұл жерде де іздеушілік және нормативтік өңдеулердің қиылысуы маңызды. Жобалық болжамдар (оларды болжамдық жобалар, дизайн-болжамдар деп те атайды) мақсаттық жобалаудың оңтайлы нұсқамаларын таңдауға әрекет етуге шақырылған, оның негізінде кейіннен нақты, ағымдық жобалау іске асырылуы қажет.

Алға қойылған мақсатқа, құбылыстың қарастырылған қалаулы  жағдайына қол жеткізуге қажетті  ағымдық шешімдердің (басқару саласына қатысты) ұйымдастырушылық болжамы  мына сұраққа жауап береді: мақсатқа қол жеткізу үшін шешімдерді қандай бағытқа бағдарлаған дұрыс? Іздеушілік және нормативтік өңдеулер нәтижесін салыстыру басқару деңгейін арттыра отырып, ұйымдастырылған шараның барлық кешенін қамтуы қажет. 

Болжам есептелген уақыт  аралығына байланысты жедел (ағымдық), қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік және алысмерзімдік болжамдар деп бөлінеді. Жедел, әдетте, ұзақтығында зерттеу нысаны не сапалық, не сандық өзгерістерге ұшырамайды деп есептелетін келешекке бағытталған. Қысқамерзімдік - тек сандық өзгерістер болашағына ғана, ұзақмерзімдік – сандық қана емес сапалық өзгерістерге басымдырақ бағытталған.   Орташа мерзімдік сандық өзгерістің сапалықтан басымырақ түсетін болжам  қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік арасын қамтиды, алысмерзімдік айтарлықтай сапалық өзгерістер болады деп күтілетін болашақты қамтиды.  

Жедел болжамдар, әдетте, бөлшектік-сандық бағалаудан, қысқамерзімдік – жалпы  сандық бағалаудан, орташамерзімдік  – сандық-сапалық бағалаудан, ұзақмерзімдік  – сапалық-сандық бағалаудан және алысмерзімдік  – жалпы сапалық бағалаудан тұрады.

Болжамдардың уақытша  градациясы  салыстырмалы болып  табылады және аталған болжамның  сипатынан және мақсатынан тәуелді  болады. Кейбір ғылыми-техникалық болжамдарда  ескерту кезеңі ұзақ мерзімдік болжамдардың өзінде тәулікпен өлшене алады, ал геологияда немесе космологияда – миллиондаған жылдармен өлшене алады. Әлеуметтік-экономикалық болжамдарда халықшаруашылық жоспарларына сай және болжанған құбылыстардың сипаты мен даму ырғағына сәйкес келесі уақыт масштабы эмпирикалық тағайындалған: жедел болжамдар – бір жылға дейін, қысқамерзімдік – бір жылдан бес жылған дейін, орташамерзімдік – бес-он жылға, ұзақмерзімдік – он бес–жиырма жылға дейінгі кезеңге, алысмерзімдік – ұзақмерзімдіктен тыс.

Әйткенмен мұнда да әлеуметтік-экономикалық болжамдаудың жекелеме салаларының ерекшеліктеріне байланысты  айырмашылықтар бар. Мысалы, саясат саласында қысқа және ұзақмерзімдіктің арасындағы диапазон таяу онжылдықтар шегіне дейін тарылады,  сәулетқұрылысында   - тұтас жүзжылдыққа созылады (өйткені таяу онжылдыққа нысандардың басым бөлігі тек жедел болжамдаумен жобаланған), экономикада – халықшаруашылық жоспарларының диапазонына бейімделеді және т.б.

 

 

1.2 Тұрғындарды әлеуметтік қолдау белгілері әдістерінің технологиясы және технологиялық болжау әдістемесі

 

 

Әлеуметтік  қолдау алу құқығы азаматтарға олардың  табысы мен өмірдегі материалдық-тұрмыстық шарттарын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын төмендегі критерийлер бойынша тексергеннен кейін беріледі: өмір сүру қаражатының болмауы; жиынтық табыстың аймақ үшін бекітілген өмір сүрудің минималды сомасынан төмен болуы; жалғыздық пен өзіне өзі қызмет етуге жарамсыз болуы; материалдық кемшіліктер мен қайғылы жағдайларға байланысты денсаулығында кемшіліктің болуы; тұрақты өмір сүру орнының болмауы; еңбек табысын жұмысқа жарамсыздық не болмаса мүгедектік салдары т.б. себептермен қажетті мөлшерде алуға қабілетсіз болуы; балаларға қарауға және оларды қамтамасыз етуге мүмкіндіктің болмауы.                

Жоғарыда аталғандай тұрғындарды әлеуметтік қорғау ол әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыру арқылы жүзеге асыру болып табылады. 

Әлеуметтік  қамтамасыз ету экономикалық категория  ретінде қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелері үшін тұтынуға қажет өнімдерді құру, тарату және қолдану жайлы қатынастардың жиынтығын, жұмыс күшінің артуын береді. [14, б. 189]    

Әлеуметтік  қамтамасыз етуді дамыту мақсаты  еңбекке қабілетсіз азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылатын объективті үрдіс.  

Еңбекке жарамсыздарды  қамтамасыз ету ақшалай түрде, табиғи өнімдермен қамтамасыз ету түрінде  бекітіледі: зейнетақы мен жәрдемақылар төлеу, қариялар үйіне орналастыру, үйінде қызмет көрсету, мүгедектерді жұмысқа  орналастыру, түрлі жеңілдіктер мен қызмет түрлерін ұсыну.   

Әлеуметтік  қамтамасыз ету бойынша төлемдер бекіту тек қиын жағдайлардан кейін (ауру,т.б.) өмір сүруге қаражат бөлу дегенді ғана білдірмейді сонымен  қатар ондай төлемдердің берілуі  өмірлік деңгейдің қажет өтімділігін сақтауға көмек етеді және т.б. Ол үшін қойылған мақсаттар жүзеге асырылу үшін құрамына зейнетақы төлеу, жәрдемақы беру мен ұйымдастырушылық-құқықтық түрлерін анықтау секілді әлеуметтік- экономикалық шаралар қолданылады. Әлеуметтік қамтамасыз ету әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық түрде жүзеге асырылады, олардың арасында негізгілері: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, сонымен қатар республика бюджетінен тікелей шоттан алу арқылы.      

Әлеуметтік  сақтандыру нарықтық экономиканың көптеген әлеуметтік мәселелерін шешетін әлеуметтік қорғаудың тиімді экономикалық механизмін береді де онымен бір уақытта әлеуметтік- құқықтық қатынастардың барлық негізгі субъектілерінің қызығушылығын келістіру болып табылады.   

1991 жылға дейін  әлеуметтік сақтандырудың Отандық жүйесі төмендегідей сипатталады:

  • жұмысберушінің моносубъектілі болуы;
  • барлық қабаттар бойынша қаржыландыру (мемлекеттік бюджет дотациясынан);
  • сақтандыру әдістерінің жоқ болуынан (олардың орнына- әлеуметтік қамтамасыз ету).

Қазақстандағы экономикалық қайта құрудың бастауы (1991 ж.) әлеуметтік сақтандыру моделіне өзгерістер әкелу қажеттігін туындатты.

Адамдардың  жұмыс күші нарығынан шыққан деңгейлерінің  көбеюі немесе жұмыссыз қалу қауіпі төнген жандар санының артуы салдарынан кедейлік сипатқа түскен тұрғындар тобына мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы өскен сайын әлеуметтік кепілдіктер кең тарала бастады.[15, б.2].          

Әлеуметтік  сақтандырудың жаңа модельдерін  іздеу жоғарыдан басқарудан бас  тартуға мұқтаж етеді. 

Әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру үшін қаражаттар көзі мен механизмі белгісіз болуы мүмкін емес. Нарықтық қатынастардың даму деңгейі мен онымен байланысты процестерге қарай экономика тиімділігінің өсуі мен қорғауды қажет ететін тұрғындар құрылымының өзгеруіне сәйкес түзетулер мен әлеуметтік қорғау бағдарламаларын енгізу.           

Осыған байланысты заңдар мен жарғылардың ең жақсы  құрылған нұсқасының өзі тұрғындарға  дәстүрлер, тәжірибелер және басқа  да көптеген факторларды ескере келе әлеуметтік қорғауды кепілдендіре алмайды. 

Әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жеке адаммен, отбасымен немесе тұлғалар тоымен жүргізілуі тиіс. Сондықтан әлеуметтік қолдау объектісінің нақты анықтамасы қажет. Ол қаражаттарды үлкен нәтижелерге қол жеткізе отыра қолданудың басты жолы болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтік қолдау объектісі динамикалы, тұрақты түрде оның қозғалысына бақылау жасап отыру керек. Әлеуметтік қорғаудың жалпы критериі еңбекке қабілетті азаматтар мен Қазақстанның әлеуметтік кемшілігі бар тобын қорғау болуы тиіс. Ондай топтарға өмір сүрудің минималды сомасы кепілдендірілуі тиіс. Ол негізі әлеуметтік қорғаныс деңгейі болып табылатын көрсеткіштер жүйесімен сипаттала алады.           

Әлеуметтік  қолдаудың критериі кедейлер санына жататын қиыншылық басына түскен тұрғындардың нақты көмек көргеннен кейін жасаған қорытындысы болуы тиіс. 

Әлеуметтік  қолдауға зәрулерді тіркеу базасы үйшаруашылығы  туралы ақпараттан болуы тиіс, яғни нақты экономикалық ұяшықтар. Зәрулік  дәрежесі материалдық жеткіліктілікті  көрсететін барлық компоненттерді ескере отырып анықталуы керек, жай тіркеудегі жұмыстан түскен қаражат көп ескеріле бермеуі тиіс. Ондай компоненттер санына жататындар: мүлік жағдайын бағалау, саяжайдың бар болуы, бақ орыны болуы, автокөлік ұстау сонымен қатар басқа да қосымша көздерден табылатын қаражаттар. Егер өмір сүру минимумынан төмен емес табысқа қажеттілік танытатын барлық азаматтардың табыс деңгейін тексеру қажет болса, онда қажеттілікті тексеруден ешкім бас тарта алмайтын болар.       

Материалдық жағынан  қорғалған болудың материалдық негізі әрбір елде оның экономикалық потенциалы құрайды. Бұл тұрғындардың материалдық тұрғыдан өзін- өзі қорғауды қамтамасыз етуі үшін Қазақстанда макроэкономикалық шарттар кешенін құрудың маңыздылығы туралы мәселе көтеруге мүмкіндік береді. Бұл мәселенің қойылуы қоғамның барлық мүшелеріне қатысты болатын әлеуметтік қорғау мәселесін басқа деңгейге көтеру сұрағын туындатады.         

Алғашқылар  қатарына төмендегі шаралар жатады:

  • әрбір адамға өз жеке басына сәйкес салада қызмет етуіне мүмкіндік беретіндей жұмыспен қамтамасыз етілудің, мамандар дайындау мен қайта даярлаудың  тиімді жүйесін құру;
  • салықсалу, салықты жоспарлау, тұрғындарды жоғары кәсіби және әлеуметтік қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылуы тиіс табыс пен жеке тұтыныстағы дифференциация процесін макроэкономикалық реттеу;  
  • өмір сүру минимумын ақшалай түрде сонымен бірге тұтынушылық «қоржыны» түрінде тұрғындардың табысы мен шығындарын ескере отырып нақты түрде бекіту;
  • «сату нарығынан» «тұтынушы нарығына» өтуге байланысты тұтынушы қызығушылығын түрлі әлеуметтік-экономикалық инновациялар көмегімен қорғау; бұл жерде экономиканың тұтынушылық секторын дамыту және т.б. басты жолға қойылады. 

Жалпы әлеуметтік қорғаудың аталған сызықтары  тұрғындардың жекелеген арнайы топтарына  көмек беруге арналған арнайы шараларымен толықтырылуы тиіс. Ондай шаралар қатарына ең алдымен табысы тұрақты түрде мемлекеттік бюджеттен түсетін жұмыскерлер жатады, сонымен қатар ол қатарды қандайда бір объективті салдарға байланысты қоғамдық пайдалы жұмыспен айналыса алмайтын не болмаса оған тек шектеулі түрде қатысатын жандар да жатады (зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектер, студенттер және т.б.). тұрғындардың тек соңғы тобын қорғауға алу қоғамның барлық мүшелері үшін қажет әлеуметтік кепілдендіруді тудыра алмайтыны түсінікті. Ондағы мақсат зейнетақы, жәрдемақы және т.б. ең біріншіден өмір сүру деңгейінен төмен болмауы тиіс, ал екіншіден уақытылы төленуі тиіс, ал үшіншіден бағасы арзан тауарлар мен қызметтермен материалдық түрде қамтамасыз етілуі керек. Барлық тұрғындарды әлеуметтік қорғау ол шараларға жатқызылмайды, себебі олар материалдық қамтамасыз етуді жүзеге асыруда еш жағдай жасамайды.             

Кең мағынада алғанда  бұл түсінік өмірдің барлық салаларындағы  азаматтарды тұтынушылықпен қамтамасыз ету үшін тиімді жағдайлар жасайтындай қамтамасыз ету құрамына барлық әлеуметтік- экономикалық қатынастар жүйесін  қамтиды. Кішірейтілген мағынада қарастырсақ - «әлеуметтік қорғау» өмір сүрудің қалыпты шарттарын қамтамасыз етуді өзгелердің көмегінсіз жасай алмайтын тұрғындар тобы үшін әлеуметтік кепілдік жүйесін құруды білдіреді.  

Болжамдарды өңдеу  барысында мамандар ғылыми зерттеулердің  осы салыстырмалы жаңа бағыты терминологиясының  жеткіліксіз анықталмауына байланысты туындаған біршама қиындықтарды көптеп кездестіреді.

Болашақты болжамдауға, алдын ала сипаттауға, байқауға, көруге, мақтан етуге және т.б. ұмтылады. Сонымен қатар болашақты жоспарлауға, бағдарлауға, жобалауға да болады. Болашаққа қатысты алдына мақсат қоюға және шешім қабылдауға болады. Кейде бұл түсініктердің кейбіреуі синоним ретінде қолданылады, кейде тіпті олардың әрқайсысына әртүрлі мағына беріледі. Мұндай жағдай көбінесе болжамның дамуын қиындатып, терминология мәселелері бойынша нәтижесіз пікірталас тудырады.   

1975 жылы КСРО Ғылым  академиясының ғылыми-техникалық терминология комитеті болжамның жалпы ұғымының терминология жобасын, және де болжамның нысаны мен аппаратын даярлады. Бұл жоба болжамдау мәселелерімен айналысатын ұйымдарға кеңінен талқылауға таратылды, және де ескертулерді еске ала отыра толықтырылып, 1978 жылы ғылыми-техникалық әдебиетте, ақпаратта, оқу процесінде, стандарттар мен құжаттамаларда қолдану үшін ұсынылған терминдер жинағының 92-басылымында жарияланды. Аталған бөлімде болжамдаудың бастапқы ұғымын білдіретін және онсыз алдағы шығарманы қабылдау қиындық келтіретін терминдер бөлігін жүйеге келтіруге тырысады.

Алдын ала көру және болжамдау. Болашақ туралы ақпарат алудың барлық түрлерін біріктіретін, яғни алдын ала сезу туралы жалпы ұғым  енгізу қажеттігі байқалады, ол ғылыми және ғылыми емес (сезінулік, әдеттегі, діни және басқалар) болып бөлінеді. Ғылыми алдын ала сезу табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтары біліміне негізделген; сезінулік – адамның сезімдерге; әдеттегі – тұрмыстық тәжірибеге, онымен байланысты ұқсастықтарға, наным-сенімдерге және т.б.; діни – болашақты анықтайтын табиғаттан тыс күшке деген сенімге негізделген. Бұл жөнінде бірқатар нанымдар да бар. 

Алдын ала сезу түсінігін  кей жағдайда болашақ туралы ақпаратқа  ғана емес, осы уақыттағы туралы да, тіпті өткен уақыттағы туралы да ақпаратқа жатқызады. Бұл өткен уақыт пен қазіргі уақыттың тіптен белгісіз, ашылмаған құбылыстарына, егер олар болашаққа тиісті болған сияқты, олар туралы ғылыми білім алу мақсатымен пара-пар болғанда жүзеге асады.  Бұған мысал ретінде пайдалы қазбалардың қалдықтарын бағалауды, ежелгі ескерткіштерді ғылыми алдын ала сезу құралнамасын қолдану арқылы ойша қайта жаңалауды алуға болады.

Информация о работе Әлеуметтік қолдаудың экономикалық мазмұны, ақпаратты жүйелерінің негізі және түрлері