Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 13:06, курсовая работа
Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.
Кең мағынасында- ғылыми-техникалық прогресстің даму болашағы, олар ғылымның даму мәселесін, оның құрылымын, зерттеудің түрлі бағыттарының салыстырмалы тиімділігін, ғылыми кадрлар мен мекемелердің дамуы, техниканың болашақтағы мәселелері («адам-машина» жүйесі), нақтырақ айтсақ, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, ауыл және халық шаруашылығындағы, көлік пен байланыстағы, ақпарат жүйесіндегі ғылыми-техникалық прогресттің басқарылатын аспектілерін қамтиды.
Жаратылыстанушылық болжамдардың бағыттары:
1) әлеуметтік-медициналық (денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт);
2) әлеуметтік-географиялық
(жер қабатын игеру
3) әлеуметтік-экологиялық
(қоршаған орта мен қоғам
4) әлеуметтік-космостық (космосты игеру болашағы);
5) экономикалық (халық шаруашылығының, экономикалық қатыгастардың даму болашағы);
6) әлеуметтанушылық, немесе тар мағынасында әлеуметтік қатынастардың даму болашағы;
7) психологиялық
(тұлға, оның мінез-құлқы,
8) демографиялық
(халықтың өсімі, жас аралық,
9) филологиялық-этнографиялық
немесе лингвистикалық-
10) архитектуралық-құрылыстық
(қоныстанудың әлеуметтік
11) білім берушілік-педагогикалық ( тәрбиелеу және оқыту, балалар бақшасынан бастап университет пен аспирантураға дейін, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін, ересектердің өздігінен білім алуын, ата-аналардың білім алуын, қосымша білім алу т.б. жүйесіне дейінгі халыққа білім беру саласындағы кадрлар мен мекемелерді дамыту);
12) мәдени-эстетикалық
(өнердің, әдебиеттердің,
13) мемлекеттік-құқықтық
немесе заңнамалық ( мемлекет пен
заңнаманың, құқық пен криминологияның,
тұтастай құқықтық
14) ішкі саяси (өз мемлекетінің және өзге де мемлекеттердің ішкі саяси жағдайы);
15) сыртқы саяси
(өз мемлекетінің және өзге
де мемлекеттердің сыртқы
16) әскери (әскери-техникалық, әскери-экономикалық, әскери-саяси, әскери-стратегиялық, әскер-тактикалық, әскери-ұйымдық болжамдар).
Болжамдарды
өңдеу барысында мамандар
Болашақты болжамдауға,
алдын ала сипаттауға, байқауға,
көруге, мақтан етуге және т.б. ұмтылады.
Сонымен қатар болашақты
1975 жылы КСРО Ғылым академиясының ғылыми-техникалық терминология комитеті болжамның жалпы ұғымының терминология жобасын, және де болжамның нысаны мен аппаратын даярлады. Бұл жоба болжамдау мәселелерімен айналысатын ұйымдарға кеңінен талқылауға таратылды, және де ескертулерді еске ала отыра толықтырылып, 1978 жылы ғылыми-техникалық әдебиетте, ақпаратта, оқу процесінде, стандарттар мен құжаттамаларда қолдану үшін ұсынылған терминдер жинағының 92-басылымында жарияланды. Аталған бөлімде болжамдаудың бастапқы ұғымын білдіретін және онсыз алдағы шығарманы қабылдау қиындық келтіретін терминдер бөлігін жүйеге келтіруге тырысады.
Алдын ала көру және болжамдау. Болашақ туралы ақпарат алудың барлық түрлерін біріктіретін, яғни алдын ала сезу туралы жалпы ұғым енгізу қажеттігі байқалады, ол ғылыми және ғылыми емес (сезінулік, әдеттегі, діни және басқалар) болып бөлінеді. Ғылыми алдын ала сезу табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтары біліміне негізделген; сезінулік – адамның сезімдерге; әдеттегі – тұрмыстық тәжірибеге, онымен байланысты ұқсастықтарға, наным-сенімдерге және т.б.; діни – болашақты анықтайтын табиғаттан тыс күшке деген сенімге негізделген. Бұл жөнінде бірқатар нанымдар да бар.
Алдын ала сезу түсінігін кей жағдайда болашақ туралы ақпаратқа ғана емес, осы уақыттағы туралы да, тіпті өткен уақыттағы туралы да ақпаратқа жатқызады. Бұл өткен уақыт пен қазіргі уақыттың тіптен белгісіз, ашылмаған құбылыстарына, егер олар болашаққа тиісті болған сияқты, олар туралы ғылыми білім алу мақсатымен пара-пар болғанда жүзеге асады. Бұған мысал ретінде пайдалы қазбалардың қалдықтарын бағалауды, ежелгі ескерткіштерді ғылыми алдын ала сезу құралнамасын қолдану арқылы ойша қайта жаңалауды алуға болады.
Алдын ала сезу оны нақтылаудың екі өзара байланысқан түрлерін қозғайды: алдын ала сезу меншік санатына жататын – алдын ала айту (дескриптік, немесе суреттемелік) және онымен түйіскен, басқару санатына жататын – алдын ала нұсқау. Алдын ала айту болашақ мәселелерінің мүмкін болатын немесе қалаулы мақсаттарын, жағдайын, шешімдерін меңзейді. Алдын ала нұсқау қоғам мен тұлғаның мақсатты бағытталған қызметіне арналған болашақ туралы ақпаратты қолдану арқылы осы мәселелердің өзіндік шешімдерімен байланысқан. Алдын ала айту алдын ала сезіну, алдын ала болжау, алдын ала сипаттау түрінде шығады. Алдын ала сезу (қарапайым таңдану) болашақ туралы ақпаратты сезіну – сана деңгейінде ұстап тұрады. Кейде бұл ұғымды кез келген ағза қасиеті сияқты қарапайым басым кескіннің барлық аумағына таратады. Алдын ала табу (күрделі таңдану) болашақ туралы ақпаратты, арнайы ғылыми зерттеулерге сүйенбеген болашақ туралы өте-мөте дұрысырақ шешімдерді өмірлік тәжірибе негізінде әкеледі. Кейде бұл ұғымды материя қозғалысының ең жоғары түрі – ойлаудың қасиеті болып табылатын күрделі басым кескіннің барлық аумағына таратады. Ақырында, болжамдау мұндай ыңғай кезінде арнайы ғылыми зерттеуді көрсетуі керек.
Алдын ала көрсету
мақсаттық ұйғару, жоспарлау, бағдарлау,
жобалау,ағымдық басқару
Бұл терминдер болжамдарды, мақсаттарды, жоспарларды, бағдарламаларды, жобаларды, ұйымдастырушылық шешімдерді өңдеу процесі ретінде де анықталуы мүмкін. Болжамдарды бұл көзқарастан алғанда алдағы мақсаттар туралы немесе болашақтағы қандай-да бір құбылыстардың мүмкін болатын жағдайлары туралы және оларды жүзеге асырудың баламалы жолдары мен мерзімдері жөнінде мүмкін болатын ғылыми дәлелденген ой-пікір ретінде анықталады. Мақсат – қолданған қызметтің салыстырмалы ұйғарылған нәтижесінің шешімі. Жоспар – тәртіпті, орындау мерзімі мен құралдарын қарастыратын салыстырмалы шаралардың шешімі. Бағдарлама – ғылыми-техникалық, әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және басқа мәселелерді немесе олардың қандай-да бір аспектілерін іске асыруға қажетті шаралардың салыстырмалы бірігуінің шешімін табу. Бағдарлама жоспар алдындағы шешім болып табыла алады, және де жоспардың белгілі аспектісін нақтылай алады. Жоба – бағдарламаның қандай-да бір аспектісін іске асыруға қажетті нақты шаралардың, құрылымдардың және т.б. салыстырмалы шешімі. Ең соңында, ұғымның бұл қатарындағы шешім – мақсатқа қол жеткізу үшін ұйғарылған әрекет.
Болашақты болжау мен оған жол сілтеу өзара тығыз байланысты екенін атап өту маңызды. Бұл байланысты есепке алмай болжам жасаудың мәнін, оның басқарумен нақты қарым-қатынасын түсіну мүмкін емес. Алдын ала жол сілтеуде ерікті бастама басым бола алады, және сол кезде сәйкес мақсаттар, жоспарлар, бағдарламалар, жобалар, тіптен шешімнің өзі волюнтаристік, субъективтік, еркін болып кетеді. Осыған байланысты оларда объективтік, зерттеулік бастама басым болғаны, және де олар ғылыми негізделген, қабылданған шешімнен күтілетін тиімділік деңгейі жоғарылатылған болғаны дұрыс болар еді.
Алдын ала жол сілтеудің ғылыми шартталуының аса маңызды әдістері - суреттеу (талдама), түсіндіру (диагноз) және алдын ала болжау (болжау) - әрбір ғылыми пәннің үш негізгі функциясын құрайды. Болжам мұндай шартталудың тек құралы ғана. Бірақ оның практикалық мәні қабылданған шешімдердің тиімділігін оның көмегімен арттыру мүмкіндігіне пара-пар келеді. Тек осы болжамдаудың күші арқылы соңғы онжылдықтарда теңдессіз масштабы қабылданып, басқару процестерінде маңызды рөл атқара бастады.
Болжамдау болашақтың әрбір бөлшегін табуға тырысумен сәйкестенбейді (кей жағдайларда бұл мағыналы болуы да мүмкін). Болжам жасаушы болашақ құбылыстарын диалектикалық детерминациялаудан, яғни қажеттілік кездейсоқтық арқылы өз жолын салатынынан, және де болашақ құбылыстарына мүмкін болатын нұсқаулардың кең жиынтығын есепке ала отыра жасалған мүмкіндікті ыңғай қажеттігінен бастайды. Тек осындай ыңғай кезінде ғана мақсаттың, жоспардың, бағдарламаның, жобаның, жалпы шешімнің шартталуы барысында неғұрлым дұрыс немесе неғұрлым қалаулы, оңтайлы нұсқауын таңдау үшін болжамдау тиімді пайдаланылуы мүмкін.
Болжамдар жоспарлардың алғы шарты болуы, жүріс барысын, жоспарлардың орындалу (немесе орындалмау) зардаптарын сақтап тұруы қажет, жалпы алғанда жоспарлауға, шешім қабылдауға берілмейтіндердің барлығын қамтуы қажет. Олар негізінде уақыттың кез келген бөлігін қамти алады. Болжам мен жоспар болашақ туралы ақпаратты жеделдету әдістерімен ерекшеленеді. Болуы мүмкін жағдайды немесе қалаулыны дәлдеп суреттеу - бұл болжам.
Болуы мүмкін немесе қалаулы жағдайға қол жеткізу бойынша шараларға қатысты директивалық шешім – бұл жоспар. Болжам мен жоспар бір бірінен қатыссыз өңделе алады. Әйткенмен жоспар тиімді, оңтайлы болуы үшін оған мүмкіндігінше үздіксіз, аталған және келесі жоспарларды ғылыми негіздеуге мүмкіндік беретін болжам алғы шарт болуы керек.
Болжамдар типологиясы
мақсаттарға, міндеттерге, нысандарға,
пәндерге, сипатқа, мәселелерге, әдістерге,
болжамды ұйымдастыру және т.б. байланысты
түрлі критерийлер бойынша
Іздеушілік болжам – болашақтағы құбылыстардың мүмкін болатын жағдайларын анықтау. Яғни өткен және қазіргі уақыттағы зерттелуші құбылысты дамыту беталыстарының болашақтағы шартты жалғасы . Мұндай болжам мына сұраққа жауап береді: қолданыстағы беталыстарды сақтау шарттары кезінде бәрінен бұрын қандай жағдай болады?
Нормативтік болжам – мақсат ретінде қабылданған құбылыстың мүмкін болатын жағдайына қол жеткізудің жолдары мен мерзімдерін анықтау. Яғни бұл жерде алдын ала берілген нормалар, идеалдар, ынталандырулар, мақсаттар негізінде қалаған жағдайға қол жеткізуді болжамдау туралы айтылып отыр. Мұндай болжам мына сұраққа жауап береді: қалаулы нәтижеге қандай жолмен қол жеткізуге болады?
Іздеушілік болжам мүмкіндіктердің белгілі бір шкаласында (өрісінде, спектрінде) құрылады, одан кейін болжанған құбылыстың болу мүмкіндігінің дәрежесі тағайындалады. Нормативтік болжамдау кей жағдайларда нормативтік жоспарлауға, бағдарламалыққа немесе жобалық өңдеулерге өте ұқсас келеді. Бірақ соңғылары белгілі нормаларды іске асыру бойынша шараларды директивті тағайындауды меңзесе, біріншісі – осы нормаларға қол жеткізудің мүмкін болатын, баламалы жолдарын стохастикалық суреттеуді меңзейді.
Нормативтік болжамдау
басқару саласындағы
Өзіндік қалаулы жағдайдың мақсаттық болжамы мына сұраққа жауап береді: атап айтқанда не қалаулы және неге? Бұл жағдайда өте-мөте бағалау қызметінің, яғни артық көрушілікті бөлу қызметінің мүмкіндіктерінің белгілі шкаласында (өрісінде, спектрінде) құру жүреді: мүмкіндігінше керек емес – аздап керек - өте қажет – неғұрлым қажет-қолайлы. Бағдарлау – мақсаттық ұйғару процесін оңтайландыруға қолдау көрсету.
Жоспарды орындау барысындағы жоспарлы болжам (жоспар-болжам) неғұрлым мақсатқа сай жоспарлы нормативтерді, тапсырмаларды, директиваларды таңдау үшін іздеушілік және нормативтік болжамдық ақпаратты, қалаусыз, жоюға жататын баламаларын анықтай отыра және қабылданған жоспарлы шешімдердің тікелей және жанама зардаптарын ыждағатты анықтай отыра, мағынасына қарай өңдеуді білдіреді. Мұндай болжам мына сұраққа жауап береді: алға қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін жоспарлауды қалай, қай бағытта бағдарлау керек ?