Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 09:10, дипломная работа

Краткое описание

Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Уахитова Асылзада диплом.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Ақын аудармаларының асыл қыры

 

рухани мұраның кемелденуіне қатысты факторлардың бірі - әдебиеттер арасындағы байланыс, қаламгерлердің өзге жұрттардың ақын-жазушылармен, олардың шығармаларымен таныс болуы, ондағы үздік туындыларды өз оқырманына жеткізуі, яғни туған тілде сөйлетуі. Әдебиеттер арасындағы осынау байланыстың қазақ топырағында өткен жайған тұсы – Абай, Шоқан, Ыбырайлар дәуірі. Шынайы қазақ топырағындағы шынайы қазақ топырағындағы көркем аударманың алғашқы үлгілері де солардың таланты арқылы өмірге келді. Ыбырайдың аударма мысалдары, абайдың А.Пушкин мен М.лермонтовтарды тәржімалауы осынау ұлы үрдістің басында тұрған тасаша үлгілер болды.

Абайдан кейінгі кезеңдерде, 20 ғасырдың басында қазақ әдебиетінде  көркем аударма жанры мейлінше кең  өрістеді. Бұл дәуірде әлем әдебиетің небір үздік үлгілері А.Байтұрсынов, Б.Өтетілеуов, Ш.құдайбердіұлы, С.Көбеев, Т.Ізтілеуов, М.Сералин, С.дөнентаев, Ә.Найманбаев, М.бекімов, Ш.Бөкеев, тағы басқа көптеген ақын-жазушылардың қаламынңың құдіретімен қазақша сөйледі. Үндінің асыл мұрасы «Камила мен Димнадан» алынған мысалдар, әйгілі «Шаһнаманың» үзінділері, орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Капитан қызы», «Дубровский», «Боран», «Евгений Онегин», М.Лермонтовтың «Қашқын», «Үш терек» атты шығармалары, И.Крыловтың, В.Жуковскийдің, Л.толстойдың түрлі туындылары аталған қаламгерлер арқылы қазақ ортасына жетті.

Осы қатарда Шәкәрім  ақынның шоқтығы биік тұрды. Шығармашылық сапалардың мұндай сапардың мұндай соқпағына шәкәрімді өзінің биік парасаты мен дариядай мол білімі алып келді. Өзінің табиғат силаған талантының арқасында ол бірнеше тілді меңгереді. Сол себепті де шәкәрім талантына Шығыстың да, батыстың да асыл жауһарлары жат көріне бермеген

Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар,

Тауып айтқыш тәтті тіл, сайраушылар.

Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,

Қожа Хафиз, Науаи, Физули бар,-

дегенде Шәкәрім Шығыс  пен Батыстың көркем сөз өнерінің дүлдүл өкілдерінің асыл маржандай  ойларымен жете таныстығын сездіреді.

Осы жайлар Шәкәрімді  аударма жанрына алып келеді. Ол Шығыстың ұлы шырайларының бірі Қожа Хафиздің өмір философиясына суарылған  сұлу жырларын, орыстың әйгілі сөз  зергері Л.толстойдың сырлы әңгімелерін. А.Пушкиннің «дубровский» мен «Боранын» шығармаларын қазақ ортасына көркемдей жеткізе білді.

Шәкәрім аудармаларын айрақша  құбылыс деп бағаласақ артық  емес. Оған бұлтарпас жауапты ақынның  өз мұрасынан табамыз. Шәкәрімнің аудармашылық өнері өзгеге ұқсай бермейтін , классикалық  тәржіма заңдылықтарының аясынавн асып кетіп жататын, өзіндік ерекшеліктері айқын өнер. Ол тәржімалаған қай жығарманы алсақ та, одан түп-нұсқа тілінен гөрі қазақ жұртының ұғымына жақындық  анық байқалады. Мұның өзі шәкәрім талантының көркемдік-эстетикалық құдіретін айқын танытады. Сол арқылы 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің үрдісті көшінде аударма жанрының да өркен жайып, ілгері басуына шәкәрім салған осындай дара жолдың мәні, маңызы зор.

Шәкәрім – ең алдымен  Шығыс жырымен оянған ақын. Шығыстың классикалық поэзиясынан мейлінше иол сусындап жетілген талант. Шығыстың дәстүрлі әдебиетіне тән терең ой, дана философия табиғатынан ойшыл жаратылған Шәкәрімге етене жақынырақ болды. Ол ақынның өмір, адам, дін, сезім, тіршілік, өмір туралы толғаныстарын әлдейлеп тербеткен алтын бесік болды. Ақын өзінің ой-толғаныстарына Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді классикалық поэзия алыптарының шығармаларынан тиянақ. тұғыр, сүйеніш тапты. хафиздің ойлы жырларын қастерлеп, «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де» атты өлең жазып, Шығыс шырайының толғанысқа толы туындыларын тәржімалауы осы сабақтастықотың жемісі екені дау тудырмаса керек.

Шәкәрімнің 14 ғасырда ғұмыр кешкен парсы елінің әйгілі ақыны Хафизден тәржімалаған өлеңдерінің жалпы көлемі шамамен үш жүз жолға жуықтайды. Қазақт ақыны ең алдымен Хафиздің ғазалдарындағы көркем өрнектер мен терең ойды жете пайымдаған. шәкәрімнің ХЪафиз жырларын қазақша сөйлетуінің негізгі себебін екі ақынның өмірге, тіршіліктің сырларына, құдай жолына, адамның көңіл күйлеріне қатысты ішкі философияларының, ой-толғаныстарының үндестігінен іздеген жөн.

Шәкәрім Шығыс ақынының ғазалдарында түйінделген өмірлік  философияны дәл жеткізе білген. Ол Хафиз жырларынан адам туралы, адамгершілік пен имандылық принциптері төңірегіндегі терең сырларды сүзіп алуға тырысады.

Сұлу – ақсың сыры мол,

Мін қоятын кісі жоқ.

Бірақ беттің міні сол,

Уағада, мейірім түсі жоқ.

 

Көп мал бағың, досың  тұр,

Арың үшін бірн ойлан.

Не күн көріп, неғып  жүр,

Бақыттсыз, доссыз ғаріп  жан.

бұдан аңғаратынымыз  екі ақын да сыр бейнесіне ішкі жан дүнисі сай, беті жылтыған сұлу адамды емес, жүрегінде мейірімі бар арлы адамды армандайды. тіршіліктің асылы алдам деп түсінген Шәкәрім асыл қазынанының неғұрлым мөлдір, таза болуын қалаған. Адамға қажетті ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық сияқты қасиеттерді ұлы ұстазы Абай секілді санамалап берген ол өз шығармашылығының өне бойында осы ұғымдарды ту етіп көтеріп өтті.

Әр адамның имандылығы мен тазалығы айналасындағылармен  өзара қарым-қатынас үстінде көрінбек. Сол себепті де Шәкәрім Хафиздің достық, жолдастық, адалдық сияқты адами асыл қасиеттерге арналған ғазалдарын таңдап аударған.

шәкәрім өзге елдер әдебиетіннің үздік шығармаларын қазақ оқырмандарына  жеткізу тәжірейбесінде алдымен  шәкәрім шығарманың сюжеттік желісін негізге алады. Сюжет арқылы айтылатын түпкі ой, ткемір қазық идея Шәкәрімнің өмірлік филосрфиясымен , дүниетанымымен сәйкес келіп, үйлесімділік табуы шарт. Сол себепті де ақын көңілі Шығыс пен Батыс елдерінің кез келген қаламгерлеріне, кез келген шығармаларына түсе бермеген. Хафиз жырларында да, әйгілі «Ләйлі-мәжнүнге» де, өзгелерге де Шәкәрім омындай шығармашылық зердемен қараған.

Адам тұлғасы, адам болмысындағы сезімдер мен қасиеттер тоғысын  көрсетуде Шәкәрімнің шығыстық дастандар  сюжетіне нәзира дәстүрі бойынша  жазылған «Ләйлі- Мәжнүн» поэмасының маңызы ерекше. Поэма шын ғашықтық алладан беріледі деген идеямен  басталады. Адам бойындағы асыл қасиеттер саудаға салынбауы керек. Шәкәрім дастандарында ұлы махаббатқа ие кейіпкерлер біріне бірі қосылмайды. Ұлы махаббат трагердиямен қауышады.

Бір перзентке зар  болған байдың жалғызы Қайыс пен  біреудің жалғызы Ләйлім нәресте  сәттерінен бір біріне ынтызар. Ғашықтық отына жанған Мәжнрүн тау тасты аралап елден безеді. Ол мұңын жеп-күнге, жан-жануарға шағады. Бір ғажабы тілсіз табиғат пен Мәжнүн арасында түсінісу бар. Себебі, табиғат кіршіксіз таза, ешкімді алдамайды. Ол махаббат сияқты адал, бейкүнә. Мәжнүн махаббаты мен табиғаты арасында осындай туыстық бар. Осындай құбылысты Мәжнүннің жартасмпен сырласуынан аңғарамыз.

Мәжнүн үшін Ләйлі- өмірдің  мәні. Ол өз бақыты үшін Ләйліге мысқылдай  болсын реніш болғанын қаламайды. Тіптен өзіне жаны ашып Ләйліні әкесіне күштеп алып берем деген Науфал батырдың әскерінің жеңіске жетун қаламайды. Әке Ләйлімге өмір берген адам ғой. Ол Ләйлінің жақыны. Ол қызына қаталдық жасаса да бәрібір ләйлінің әкесі болғаны үшін Мәжнүнге жақын.

Шәкәрім Ләйлінің рухани әлемін бейнелеуде хаттар мен монологтарды, табиғатпен  сырласу тәсілдерін өте орынды қолданады. Ләйлі Мәжнүнін сағынып бұлтпен, желмен, ай,жұлдызбен сырласады:

Сөйлесті аспандағы  айды көріп,

Жүресің жердің жүзін  сен тексеріп.

Бір түнде дүниені  шарқ ұрасың,

Мәжнүннен қувнтсаңшы хабар  беріп.

Қайда жүр, тірі жүр ме, не қылып жүр,

Ішімді ғашық жандырып тұр(3,365).

Дастанда адам мен  табиғатты сырластыра, тілдеситіре  отыра олардың бірлігін ашатын психологиялық  параллелизм бар. Шын ғашықтар табиғатқа  да ғашық. Шәкәрімнің кейіпкерлңері- табиғаттың бел баласы. Зейіт, Науфал сияқты адал жандар образдары махаббат иелерінің бейнесін толықтыра түседі.

Нәзирашылдық дәстүр әдетте Шығыстан тамыр алады. Алайда абай бастаған қазақ ақаындарының тарапынан жаңаша қасиет дарытып, соны арнаға бұрлғаны белгілі. Ұлы ұстазының әдеби-эстетикалық мектебінің бүкіл тағылымын табиғатына сіңіріп өскен Шәкәрім орыс ақыны А.С.Пушкин шығармаларымен таныс болды. Олардың ішінде «Дубровский» романы мен «Боран» повесі қазақ халқының жүрегіне етен жақын сезілді. Бл шығармаларда баяндалатын оқиғалар табиғаты да, ұсынылар идеялардың сипаты да Ақынның өмірлік мұрат, нысаналарымен тамырлас екені аңғарылады. Шәкәрім ғұмыр бойы адамзат қауымдастығындағы әділетсіздік пен қиянат атаулыға қарсы үн көтерген, адамға тән ар мен ақыл тазалығын , ынсаптылық пен мейірімділікті, адам ойы мен сезімінң кіршіксіздігін армандаған. А.С.Пушкиннің аталмыш шығармаларындағы кейіпкерлер басындағы жай-күйлер қазақ ақынының  философиялық ойларымен үндесті.

А.С.пушкиннің «Дубровский» атты романы прозалық шығарма, орыс халқының сол замандағы тіршілігі суреттейтін көркем роман. «Дубровскийдің» негізгі обектісі – адам, адамдар арасындағы қарым-қатынастар психологиясы, адамгершілік пен ар тазалығы. бұл идея Шәкәрім шығармашылығындағы оқырман қауымға ұсынылатын басты құндылық. А.С.Пушкиннің осынау прозалық шығамасын ақын «Дубровский әңгімесі» деген атпен өлең тіліне көшіріп, қазақша сөйлетті.

Шәкәрім «Дубровский  әңгімесін» отыз бір шумақтан тұратын  кіріспен ашады. Бұл кіріспе бөлімінде ғұмырлық мақсат-мұдделерінен бастап , оның авторы жөнінде мағұлмат сияқты кейбір мәселелерді қозғайды. Адамзат баласының сонау жер бетінде алғаш пайда болғаннан бері қарайғы өсу өркендеу сапарын, адамның адамға дос немесе қас болуының төркінін, күнделікті тіршілік ағымығындағы ғылыми техникалық жаңалықтардың ықпалын, көркем сөздің құдіретін саралайды. Шығарманың мазмұндық сарыны мынадай: бас кейіпкерлері Кирила Петрович Троекуров пен Андрей Гаврилович Дубровский көршілес иеліктерде көп жылдар қатар тұрып келе жатқан ежелгі достар. Екуінің де әйелдері де ертерек қайтыс болған. Бірінің қызы, екіншісінің ұлы бар. Троекуров – отставкадағы генерал, аса бай адам, айналасынан трй үзілмейтін, байлығына мастанған жан. Ал Дубровский болса, ол кезінде көп байлықтың иесі болған, бірақ келе-келе қазынасы ортайған, дөңгелек қана дәулеті бар, мінезі бірбеткей, адал адам. Екеуінің достығына айналасындағы ел қызыға қарайтын қарайды. Күндердің күнінде екі дос араздасып қалады. Болмысынан бір беткей Дубровский Троекуровтың желіккен жалшысының бір ауыз дөрекі сөзін көтере алмай, өзінен кешірім сұрауды талап етеді. Бұған байлығына мастанған бай досы Троекуромв көне қоймайды. Екі достың арасындағы кикілжің осылай тұтанады. Осы жағдайға қоса тағы да бірқатар қақтығыстар болады. Ақыр аяғында ауқатты Троекуров жандайшап Шабашкин секілділердің көмегімен досы Дубровскийдің иелігін сот арқылы тартып алады. Бұл қорлыққа шыдамаған Андрей Дубровский ауырып қайтыс болады. Әкесінің ауыр халын естіп Петербургтегі оқуын тастап келген Владимир Дубровский әке өлімінен кейін қорлық пен ызаға шыдамай қарақшы топ құрады., жолшыбай өткен-кеткен керуендерді тонайды. Бірақ әкесінің өліміне себепкер болған қас дұшпаны Троекуровтың иелігіне\, адамдарына соқтықпайды. Оның себебі: Троекуровтың қызы Марияны ұнататын. Кейінірек сәті түскенде француз мұғалімі Дефорждың атын жамылып келіп, марияға тіл үйретеді, музыка сырын ұқтырады. Бұл құпияны қыздың өзі көпке дейін білмейді. Арада біраз уақыт салып Владимир сырын ашады. Сезімін білдіреді. Қызда қарсы болмайды.

Арада бір жыл өткенде, Троекуров қызын Верейский деген  князьға ұзатады. Қанша әрекеттенгенмен мақсатына жете алмаған, тағдырына мойын ұсынған Мария ұзатылып кете барады. Мұны естіген Владимир өзінің бар жиған терген дүниесін қасындағы семріктеріне қылдай бөліп беріп, көз көрмес, құлақ естімес беймәлім жаққа кетіп қалады...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі