Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 09:10, дипломная работа

Краткое описание

Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Уахитова Асылзада диплом.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Үш-ақ түрлі өмір бар: бәрі де мас

Бір рәуішті болады шал  менен жас

Ең керекті дегенің орташа өмір

Түгел қолың жетпейтін  бір жанталас.

Қапы өткізбе сол  кездің бір сағатын

Өкініші кетпейді кетсе  ағатың

Күні-түні дей көрме, ғылым  ізде

Қалсын десең артыңда  адам атың,- деп «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде терең философиялық ой түйеді.

Ғылымды игеретін қасиеттер, оның пікірінше ғылым үйренемін  деген адамның меселін қайтармай  өз білгеніңді теген үйрет. Ғылым  үйреткеніңе ақы алу, біліміңді  сату арыңды саудаға салумен тең. Өз халқыңның аспандағы күні сияқты жарық айы тәрізді сәулелі болуға, еліңнің көзін боямайтындай күндізі болуға тиіссің деген ойын «Сен ғылымға болсаң ынтық» өлеңінде қорытады.

Осы өлеңде Шәкәрім ғылымның басты мақсаттарын ашып көрсетеді:

Қай ғылымды білсеңіз де

Қазір оны елге жай

Құр ішіңде кеткенше

Пайдалансын өзгелер.

Ғылым атаулы ағынды су деп  есептесек, су өз ағынын тоқтатпауы тиіс. Яғни Шәкәрім ғылымда іркіліс  болмауы керек деп есептейді. Өнер, білім, ғылым жолындағы адам үнемі ізденіс үстінде болуы  шарт деген данышпандық ой айтқан.

Сондай-ақ бұл өлеңде Шәкәрім адамдар арасындағы кездесетін қара  ниетті залым, надандарға да тоқталады:

Шын  залымға берме  ғылым

Ол аларда оқ қылар,

Қаруым дер кісі атып жер

Ол ғылымды айла етер,- дейді. Қара ниетті надандардың қ 

Шәкәрімнің ағартушлық тақырыптарындағы туындыларына тән тағы бір қасиет – ол өзінің замандастарын өнер-білімге, мәдениетке, еңбек етуге шақырған лирикалық шығармаларындабұқараны бай, кедей, жас немесе кәрі деп бөліп жатпайды. Бұл сөзімізге ақынның «Насихат» атты өлеңі дәлел болады. Ақынның ғибрат сөздері күллі қазақ жүртына арналады.

Кел, байлар, балаңды оқыт,ғылым  ізде,

Қазақты бастайтұғын  қару сізде,

Партияға шашқанша осыған сал

Қолыңда қорегің бар кезіңізде.

..............................................................

Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан,

Көр кедей, көжерлікті шығар бойдан.

Бойың жалдап қор болма, ойың жалда,

Түк өнбес алты ай жүріп алған  қойдан.

 

Жастарым, құмар болма көрінегенге,

Жас күнде бойды үйретпе ерінгенге.

Аз ойла да, көп ойла осынымды ұқ,

Өкінбе жастық бойдан серілгенде, - деп ақын алуан түрлі оқырманға айтар арнаулы сөздерін соншалық нанымды әрі көркем жеткізеді.

Шәкәрімнің ағартушылық  сөзі, халықты оқу-білімге шақырған ұраны осылайша бүкіл қазақ қоғамына арналады. Бұл тұста о Абайдың  идеясын, ұлы ақынның нұсқапкткен  жолын одан әрі жалғастырып, дамыта түседі.

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім.

Құлағын салмас,

Тіліңді алмас,

Көп наданнан түңілдім, - деп жырлаған Абайдың басындағы жағдай Шәкәрімде  де болды. Ол халін Шәкәрім былайша  жеткізді:

Салынған қала жоқ,

Оқытқан бала жоқ,

Қолында өнер жоқ,

Ғылымда дана жоқ

.................................

Көретін көзі жоқ,

Ұғатын сөзі жоқ.

Қазақтың бұл күнде

Аты бар, өзі жоқ («Тағы сорлы  қазақ»).

Шәкәрімнің ағартушылық  бағыттағы идеялары әсіресе «Сынатарсың  өзіңді», «Насихат», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғыымсыз адам айуан» сияқты өлеңдерінде жарқырап көрінеді. Ақын бұларда бұқараны оятуға әрекет етеді, ғылымға жетелейді. Қазақ қоғамындағы жағардағыдай жағдайды әділ сынай отырып, ол адамдарды әділ сынай отырып, ол адамдарды еңбек етуге, ғыым мен мәдениетке шақырады. Бұл арада Шәкәрім лирикасындағы өнер мен ғылым, еңбек тақырыбы бірінші орынға шығады.

Шәкәрім үшін байлықтың ең үлкені – ғылым. Ол өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық бағытын  одан әрі өрістете түсті.

Үш-ақ түрлі өмір бар: бәрі де мас,

Бір рәуішті болады шал мене жас,

Ең керекті дегенің- ортаншы  өмір,

Түгел қолың жетпейтін бір жантаас.

 

Қапы өткізбе солкездің бір  сағатын,

Өкініші қалмайды кетсе ағатың.

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсың десе артыңда адам атың, - дейді («Үш-ақ түрлі өмір бар») Шәкәрім. Мұндағы «ортаншы өмір» деп отырғаны - адамның жастық шақтан былайғы ең белсенді еңбек ететін жылдары. Осы кезеңде бір сағатыңды босқа өткізбей, ағаттық жібермей, ғылым мұхитына үңілсең, содан өзіне керекті қазынаны тауып ала білсеңти- өмірлік мұратыңа жеткенің. Адам деген ардақты атқа лайық болғаның. Бас-аяғы үш-ақ шумақтан тұратын өлеңінде айқын ағартушылық идеямен қатар, терең философиялық тұжырым да жатыр.

Халықты ғылым теңізінен  сусындауға шақыру идеясындағы Шәкәрім  өлеңдеріндегі ең көрнектісі – «Насихат»  атты өлеңі. Мұнда ақының терең ойы мен кестелі сөзі, парасат өресі мен көркем санасы мейлінше айқын. «Ғылымға ұмтыл, білмегеніңді үйрен, білгенің болса өзгеге үйрет, » - дейді ақынның лирикалық қаһарманы. «Қандай ғыымды меңгерсең де оны елге тарат, көптің игілігіне айналдыр»,- дейді Шәкәрімнің «мені». Өзінің алдындағы ағартушылар тарапынан да айтылған осындай прогресшіл ортақ ойды Шәкәрім бұдан әрі жаңаша арнада өрістетеді. Оның пікірінше, шын наданға ғылым үйретудің пайдасы жоқ, ол тақырға сіңірілген дән сияқты өнбей қалады. Сол тәрізді арам ниетті адамдардың қолына түскен ғылым да пайдасыз әрі қатерлі.

Шын залымға берме  ғылым, ол алардаоқ қылар,

Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғылымды  хайла етер.

 

Дүнині түзетуші һәм бұзуші бір  ғылым,

Әрі залым, әрі ғалым  – ел түбіне сол жетер, -деп ақын мәселеге терең бойлап барады. Бұл арада ақнның түпсіз терең ойы мен дана философиясы жатыр. Шәкәрім бұл арада ақындық сапарының бастауындағы адам міндеттерін әжуалаған, тұрмыс-тірішіліктің кем -кетігін әшкерелеген қатардағы ақындық дәрежеден әлдеқайда  биіктей түскен, ақын эволюциясының өрге бағыт алу тенденциясы байқалады. Бұл тұста Шәкәрім ғылымның пайдасы мен зиянын осылай таразы басына салады. Бұл сипат Шәкәрім лирикасындағы шыншылдықтың, реалисттік ой салмақтылығының айғағы. Ақынның тұжырымдары дәл, бұлтартпастай нақты. Шынында да бейбіт өмірдің шырқын бұзатын да, оны апаттан аман алып қалатын да адамзаттың ақыл-ойы, дәлірек айтқанда, ғылым. Адам баласын қырып жоятын қару да – осы ғылымның жемісі. Сондықтан да ғылымды тек қана жақсы ниеттегі жандардың қолына беру керек. Сонда ғана ол шын мәнінде көптің игілігіне айналады. Бұл - Шәкәрімнің лирикасы арқылы қазақ әдебиетіне енген жаңаша ой, тың толғам. Сондай философиялық толғам үстінде оырған Шәкәрім ғылымды игеретін адамның бойында қандай қасиеттердің болуы қажет дегенге  де соқпай кетпейді. Оның пікірінше, ғылым үйренемін деп талпынған адамнан еңбегің үшін ақы сұрап, меселін қайтаруға болмайды. Ғылым үйреткеніне ақы алу, біліміңді сату арыңды саудаға салумен тең. Өз халқыңның аспанындағы күні сияқты жарық, айы тәрізді сәулелі болуға, еліңінің көзін байламайтындай күндізі болуға тиіссің.

Сусағанның сусыны бол  су сықылды сүп-сұиық,

Бірақ ондай болма  салқын ел көңілін қалдырып.

 

От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзінің,

Бірақ ондай мархабатсыз  болма өртеп, жандырып.

 

Жел сықылды желпі  жұрттың шаршағанын, талғанын,

Жықпа үйін, болма құйын, қылма жаман аманын.

 

Жел сықылды пайдалы бол, пайдалансын ел сенен,

Тасты жердей болма қатты, тілмен жүрттың табанын.

 

Сен бұлттай бол, көлеңкемен мезгілімен бер жауын,

Сел ағызба, жай түсірме-бұзба  елдің шаруасын, - дейді Шәкәрім  осы өлеңінің соңында. Ғылым мәселесін  көтерген бұл өлеңінде ақын лирикасында тән имандылық идеясы бар. Ақынынң бұл мәселелердегі лирикалық идеясы осындай. Және оны ақын қаншалықты көркем етіп, жаңа құралдар мен реалистік сипатта бейнелеген десеңізші!

Жастарды ғылымға шақыру, болашақ даму жолындағы ғылым  мен білімнің орны мен маңызын түсіндіруде Шәкәрім үнемі Абайды үлгі тұтып, өнеге етіп отырады. Қазақ қоғамы үшін Абайдың атқарған еңбегін өз өлеңдерінде қайталап айтып, қастерлеп жеткізуге тырысады. Абай – ой-санасын оятамын деген жастарға жарық нысана.

Мынау Абай – бір ғалым жол табарлық

Замандасы болмады сөзді  ұғарлық.

Амалы жоқ, айналды енді бізге,

Күн туды етегіне жабысарлық, - дейді Шәкәрім жоғары да аталған  «Жастарға» атты өлеңінде. Заман шындығы, өмірлік ақиқат бейнеленген бұл  шумақ Шәкәрімнің жастарға айтар үгіт-насихатының көркем образы секілді. «Нені үйренсең де алдында үлгі тұтар нысаның босын. Содан үйрен, соған қарап өркен жай. Ондай нысана біз үшін, бізден кейінгі жас ұрпақ үшін Абай болмақ». Шәкәрімнің бұл өлеңде айтар ойының алтын діңгегі осындай. Ол мақсатсыз өмір өткізген, ғылым мен өнер үйренуді ескермеген адамды мақұлыққа теңейді, «Ғылымсыз адам ауйан» деп өлең жазады. Соған жол беріп отырған қоғамның мешеулігін сыншылдықпен әшкерелейді.

Шәкәрім өінің лирикалық  туындыларында бұқараны ғылым мен өнер үйренуге құр шақырумен шектелмйді. Не айтса да сендіре, сезіндіре айтады, жалаң ұранға ұрынбайды. Пікірлерін дәлелді мысалмен тиянақатап отырады.

Ғылым тап жас күніңде  бун қатпай,

Басында байқамссың дәмін  татпай.

Менің көрген жайымды  сендер білсең,

Ғылым үшін жүрер ең тыным  таппай, - деп («Насихат») ол өз басынлдағы жағдайдан туған тәжірибелерін  тұжырымдап, ақыл таразысына салып  екшелеп отырып, жастарға ғылым жоын өнеге етіп ұсынады, өзінің азаматтық  мақсат-мұратын сездіреді.

Шәкәрім ұғымындағы ғылым – оп-оңай қол жететін жақын нәрсе емес. Оны меңгеру үшін ең алдымен адамға тән бірқатар қасиетерді бойыңа жинақтай білуің шарт. Өзінің өлеңдерінде ақын осы қасиеттерді кім болса да өз табиғатын дарытып, сіңіре білуі қажет дегенді айтады. Жастардың алдағы өміріне өшпестей ғибрат боларлық жөн сілтейді. «Талап пен ақыл» атты өлеңінде ақын:

Тапқыш ой ғой ақылдың  мағынасы,

Түбі – жүрек, болады мида басы.

Орынсызға ұмтылмай тоқтатуға

Талаптың алты түрлі  бар ноқтасы, - дей келіп, талаптың жүйрік тұлпарына мінген жанға ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық сияқты алты түрлі қасиеттің қажеттігін, соларды бойына жия білген адам ғана мұратына жете алатынын ғана айтады. Сондай-ақ бұл қасиеттердің әр қайсасына жеке-жеке талдау жасап, мәнің түсіндіреді. Иәкәрімнің бұл өлеңіндегі басты идея Абайдың «Ғылым таппай мақанба» деп аталатын әйгілі туындысындағы даналық ойлардың заңды жалғасы іспетті.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,- деп Абай адамның өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік пен дарақылық сияқты бес дұшпанның, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым атты бес асылын атап-атап береді. Шәкәрімнің мақсаты – адамның бойынаталаптың нәрін сіңіру. Өйткені талапты адам бәріне қол жекткізеді.

Бұл жолдардың тәрбиелік  маңызы айрықша. Тіпті қандай тарихи дәуірде де өз мәнін жоғалтпайтын ұлы ғибрат. Кемеңгер ақындарды келешекпен жалғастырып жататын да осы қасиеттер

Шәкәрімнің гуманисттіксипаттағы өлеңдерінің тәрбиелік мәні мұнымен  шектелмейді. Оның бірқатар өлеңдерінде  адам бойындағы жағымсыз мінез-құлық, іс-әрекет сыналса, енді біразында жоғарыдағыдай мәңгі өлмейтін ақыл-кеңкс айтады. Шәкәрім лирикасында ақыл мен талап категорияларына айрықша мән беріліп, үнемі қайталап отырады. Адамға тән жақсы қасиеттердің бәрін де Шәкәрім осы екі ұғымның аясына сиғызуға тырысады.

Талап шапса ақылға мініп  алып,

Жақсы, жаман бәріне бірдей салып.

Анық ақыл адымын аштырмайды,

Ешнәрсе одан құтылмас жетпей қалып,- деп («Талап пен ақыл») дәлелдейді өз пікірін.

Шындықты айтып шырылдаған Шәкәрім осылайша, өзінің лирикалық  шеберлігі, сыршыл ақындығы арқылы өз кезінде әділеттілік пен адамгершіліктің, ғылым мен өнердің туын биік көтерді. Оның үндеуі жай ғана «ғылым үйрен» деуді ақсат тұтқан жоқ. Шәкәрімнің үндеуі өз заманының талабына сәйкес, туған халқының болашағын көздеген, жақсылықты аңсаған ақын жүрегінің, ойлы да парасатты жанның азаматтық үні еді.

 

 

Еңбек тақырыбы.

Шәкәрімнің адамтану мәселесіне қосылған азаматтық идеялардың  бірі – еңбек ету идеясы. Оның лирикасында еңбек пен ғылым мәселесі қатар өріледі. Еңбек тақырыбы – Шәкәрімнің бұкіл ағартушылық, гуманисттік қызыметінің дәні, мәнді өзегі. Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдар да бұл мәселеге айрықша мән берген. Абайды дана ұстазы деп білген Шәкәрім болса, бұл идеяны одан әрі дамытты. Шәкәрімнің айтуынша, еңбек – жақсылық атауының себепкері. Данышпан Абай:

Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржың,

Болымсыз қылжың,

Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей-

Тояды қарның тіленбей, - деп жырласа, Шәкәрім де «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл», - деп, еңбек етуді адам баласының ең асыл міндеті, қасиетті парызына балады. Еңбекті адам баласына тән нәрсе екенін айта келіп, ол жай ғана нәрсе емес, міндетті нәрсе екенін шегелей түсіндіреді. Ол әлеуметтік прогреске жетудің үш жолы бар деп есептейді. Оның бірі қазақ қоғамының бойындағы сауатсыздықты жойып, адамдардың оқып білім алуы, екінші жол – адал да пайдалы еңбек ету жолы еді, үшіншісі - озық ойлы  елдердің мәдениетінен сусындау жолы болатын. Еңбек мәселесіне қатысты пайымдаулардың ақын еңбектің жекелеген адамдардың өміріндегі ғана емес, бүкіл адамзат баласының  дамуындағы биік ролі мен тарихи маңызына зер салады. «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек», - дейді Шәкәрім 

Информация о работе Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі