Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 09:10, дипломная работа
Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды.
Еңлік – тағдырдың ағысына қарсы жүзген жан. Ол – Кебек батырдың алғашқы сәттегі шолақ ойдан туған арзан ойынның құлы емес, кеудесіне нан піскен, кердең жігітің өмірді өзгеше түсініп, сезімнің ұлы күшін мойындатуға бет бұруына жөн сілтеуші. Бір сөзбен айтсақ, аңғал батырдың ақылына жолбасшы, сезіміне көшбасшы. Олар кездескен күннен бастап олардың өмірі жаңа арнаға бет бұра бастайды. Бұл поэмадағы Еңлік жасар ерліктің алғашқысы еді. Бойындағы қыз балаға тән ұяңдықты еркіндігі үшін жеңдіріп, батыл қадам жасаған Еңлік енді ештеңеден жасқанбасы анық. Міне, осындай жағдайлардан бастап Еңліктің кейіпкер ретінде табиғаты ашыла береді. Ақын Еңлік бейнесін толықтырып, жаңа қырларын алға тартып отырады. Екі ғашықтың елсіз тауға қашуы да осы Еңліктің бастауымен іске асады.. Бұл Еңлік бойындағы қайсарлықтың екінші көрнісі еді.
Түнеугі айтқан уағда қайда,
Кел кетелік, кідірмей осындайда.
Азық-түлік, киерлік киімдерім,
Дайындап әкеп қрйдым, мына сайда.
Шәкәрім сомдаған Еңлік
бейнесіне тән күрескерлік
Кебекпен мені азғана араздастыр,
Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.
Мына бала – Тобықты баласы ғой,
Мұны өлтірме, Кеңгірбай биге тапсыр.
Осы үш тілекте Еңлік бейнесіне тән бүкіл болмыс көрніс тапқан.
Діні қатты надан жұрттың алдында сүйгенімен қоштасуға рұқсат сұрау – ғашықтар қасіретінің қоғамдағы қасіретпен ұштастығын, істеліп жатқан істің әділетсіздігін, ерілік пен сезімді серік еткен екі жастың биік махаббатын көре алмаайтын қоғамдық көрсоқырлықты танытады. Ақын үшін «Қоштасу» аяныш сезімін туғызу әрекеті емес, кейіпкерлері боындағы ұлы сезімнің тобырдың тоң болып қатқан топастығынан жоғары екенін дәлелдеу. Таразының бір басына қолымен істегенісін сананың тезінен өткізуге түсінігі жетпес тобыр , екіншісінде бас бостандығын бақытына балаған күресі ажал тырнағына іліндірген қос мұңылық.
Екінші тілек – Еңлік айтқан таспен бастыру өздеріне-өздері ескерткіш қоюдың белгісі. Мұны да Шәкәрім Еңлік аузымен айтқызады. Сол таспен бастыру арқасында Еңлік-Кебек моласы бүгінде бар. Таймақ пен Ералының ортасында. Егер Еңлік айтпаса надан жұрт қос ғашықтың белгісін қалдырар ма еді, жоқ па, кім білген?
Үшінші тілек – Еңліктің адамдық борышты терең түсінген, өзінің емес ұрпақ қамын ойлайтын ұлы тілектің адамы екенінің белгісі. Ғашығымен бірге өлуге мақұл болса да, ізінің жоғалмауын, ұрпағының аман болуын, өмірінің жалғасы үзіліп қалмауын тілеген Еңліктің аналық сезімі асқақ та биік.
Махаббат еркіндігін аңсап, қайғылы халге ұшыраған ғашықтар трагедиясын арқау етіп поэма жазған Шәкәрімнің ой түйер түйіні де осы үш тілектен өріс тауып жатады. Поэманы тұтастырып тұрған үш таған - өз бақыты жолында күрескен жастардың ерлігін жырлау, кіршіксіз таза мапхаббат иелерін ел есінде мәңгі қалдыру, ертеңгі ұрпақтың қамын ойлау.
Шәкәрім Құдайбердиевтің үшінші поэмасы – «Нартайлақ-Айсүлу» алдыңғы «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларынан біраз кейінірек жазылған. Тақырыбы жағынан бұл поэмаларға ұқсас болғанмен, «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасының көркемдік сапасы мен құрылысында көптеген өһзгешелік бар.
Шәкәрім поэмаға арқау боларлық оқиғалардың негізі тікелей өмірден, өмірдегі болған оқиғалардан алынуы шарт деп ұғынған ақын. Сол түсінігін, принципін ақын «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасында да қатаң ұстанған. Бірақ, тарихи шындық негіз барда , оның көркем шығармада өзіне лайық көркемдік кескін-келбетін, келісті сәулесін табуы бар. Осы жағынан келгенде «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» көп жақсы жақтарын көрсетіп, оларды автордың шығармашылық табысы ретінде атап өтуге болады.
«Нартайлақ-Айсұлу»
Айсұлу мен Нартайлақ бір-біріне ғашық болып, жасырын ойнап күліп жүреді. Арада жарты жылдай уақыт өткенде Барғана мұны естіп қалып, Балқыбекке астыртын хабар беріп, қалың малын алып, еріксіз Айсұлуды аттандырып жібереді.Мұның алдында Айсұлуды Самсыға да бермек болады. Бірақ, Самсы сүйгенмен, қыз сүймеген соң, екеуін зорлап қоса алмайды да, Айсұлуды бұрыңғы атастыррған жеріне тезірек жөнелтудің жолдарын қарастырады, ақырында дегеніне жетеді. Сүйгенін алып қашуға Ақтас басына келген Нартайлақты Самсы жасырынып келіп, қылыштап, ауыр жаралайды.
Айсұлу Барлыға жүкті боп барады да, оның адуын бәйбішесі бұған теңдік бермей, күнде сабайды, күйеуінде маңына жолатпайды. Бір күндері Айсүлу босанып ұл табады, оны Томан деген жалшы кемпір кіндігін кесіп, бауырына басады. Айсұлу баланы Нартайлаққа жеткізуді Томан кемпірге тапсырады да өсиетін айтып, ағаш үйдің жел бауына асылып өледі. Іздеп келген Нартайлақ ғашығының моласын тауып, денесін еліне апарып, арулап көмеді. Томан мен баланы еліне әкеліп, Томанды шеше қылады. Томанның шешімі мен Нартайлақ Айсұлудың сіңілісі – Күнсұлуға үйленеді, Барғана Айсұлуды зорлап ұзатқаны үшін айып тартады, Балқыбек жағы оны өлтіргені үшін құн төлейді. Самсы айыптан бас тартып елдне қашып кетеді. Қырық қарақшы атанып, ел тонап, күн көріп жүрген жерінде Нартайлақ ұстап алып, бір бетін кеседі. Содан да «бір бет» атанып, ақырында қорлықпен өледі. Күндердің күнінде Айсүлу мен Нартайлақта өледі. Олардың әр қайсысының атына , ісіне, моласына сай жер аты ғана қалады. Поэма осылайша аяқталады.
Міне, осы шолудың өзі поэмада үлкен роианға жүк боларлық қат-қабат оқиғалар жүйесі барын танытады. Поэмадағы аталмыш оқиғалардың көптігі жеке адамдардың іс әрекетіне, қиимылынасай көркем көрністер жасап, поэзиялық жағынан ұтымды білдірісуге зиянын тигізген. Ондағы негізгі кейіпкер Нартайлақ пен Айсұлу туралы да осыны айтуға болады. Автордың айтқанына сеңгеніміз болмаса, ғашық жандардың сезіміне жүрек тебірентерлік ерекше жылылық, ерекше толғаныс байқалмайды. Терең сезім өзіне сай терең суреттелуін, ұқыпты, өткір өрбуін таппай, қырау соққан түз гүліндей ерте солады, сөйтіп, өзінің көркемдік дәлеліне жете аламай, орта жолда қалады.
«Еңлік-Кебек» поэмасындағы асқақ романтика, негізгі кейіпкерледің қайталанбас тәкәппар тұлғалары, олардың қалыптағыдан тыс сөздері, тапқыр ой, ұтымды істері «Нартайлақ-Айсұлуда» атымен жоқ десек, асыра айтқандық емес. Ақын егер жоғарыдағ қат-қабат оқиғаның бір ғана көрнісін алып, соны поэзия құралдарымен бейнелесе, тартымды шығарма жасаған болар еді. Алайда, ол поэзиялық туындыға шектен тыс жүк арту арқылы оның көркемдік мәнін азайтып, әлсіретіп алған.
Ақынның ілгерідегі поэмаларында өріс алған кейбір ой ұшқыны «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасынан да көреміз. Солардың ішінде айрықша назар аударарлығы – оның көз қарасындағы махаббат пен діннің қатысы туралы мәселе. Бұл мәселе ақын творчествосында ерекше орын алып үрнемі өзгеге ұқсамас өзіндік сиипатымен көрінетіндіктен, оның әрбір шығармада жаңа бір қырымен байқалу жайын қадағалаудың ғылымдық үлкен мәні бар. Сондықтан поэмадағы бұл көрністі арнайы сөз етіп отырмыз. Бұл жөнінде айта келіп ақын:
Рас, қазақ қыз алмайды жеті атадан,
Мұны айтқан дінсіз кезде өткен адам.
Қосады немерені шариғатта,
Алыстығы Нартайлақтың осы арадан.
Айсұлу күйеуіне көнбей кеткен,
Басы бос қыз есепті сол себептен.
Еркімен ер жеткен қыз байға тиер,
Ондайға жарамайды зорлық еткен, - дейді. Демек оның түсінігінде бірін-бірі сүйген немере жандарды да шариғат қосады, күйеуін менсінбеген қыз шариғат жолымен қарағанда басы бос адам, оны зорлап қосуға болмайды. Шариғат оны кімді қалауына ерік береді. Сөйтіп, ақын Нартайлақ пен Айсұлу трагедиясының да бір ұшығын дін бұзар шала молдалардан көреді, адамдыққа, адамгершілікке негізделген діңге сүйенгенде мұндай қантөгіс, қайғы-қасірет болмас еді деп ұғынады. өзгені де солай иландыруға тырысады. Бұл жағынан алғанда автордың алдыңғы поэмаларындағы осы тараптағы принципті көзқарасының аталған шығармасында біраз нақтылана, айқындала түскенін көреміз.
Шәкәрім дастандарының басты сарыны - адал махаббатты дәріптеу, достық пен әділет арқылы адам өмірін мән мен жарастыққа толтыру. Дастандардан шынайы адамгершілік мұраттардлың қай замандарда қадірін, әсерін жоймайтындығын сезуге болады. Олардағы негізгі жел махаббат болғанмен, көкейдегі ой-түйіні ақынның қоғам және адами болмыс жөніндегі тұжырымын айшықтайды. Махаббатты терең зерттей өзі ұштасатын дүние-танымдық принцептерін ашады. Махаббатты поэтикалық тұрғыда бейнелеуде ақын дастандарынан сопылық поэзияның сарынын да аңғарамыз. Шәкәрім дастандарында жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін қасиеттер айқын көрсетіледі. Терең психологизм мен романтизм арқасында кейіпкр тұлғасының жаңа сапалары ашылады.
Шәкәрімнің поэмалары – надандық пен қараңғылық, зұлымдық пен тағылық өріс алған қара түнек замандағы қатігез әдет-саттардың сойылын соғушы қара жүрек адамдардың қолынан жазықсыз қаза тапқан аяулы жандар туралы туындылар. Бар жазығы өзіне тең адамды біржолата беріле сүйген, бар қылмысы сол жанға өз еріктерімен барған сүйіскен жүректердің өлім жазасына кесіліп, қоғамдық өмірден аластатылғаны шыншылдықпен суреттеледі. Осыған қарап бұл шығармаларды трагедия немесе лирикалық трагедия деуден гөрі, махаббат сезімігің мәңгілігі, ешқашан өлмейтіндігі туралы шығарма деп таныған жөн тәрізді. Поэманың бүкіл болмысы махаббаттың қашанда адаммен бірге жасап мәңгі жас, мәңгі таза, мәңгі қасиетті күйінен өзгермейтінін паш етеді, махаббаттың қайғы-қасірет тартпауын, ешкімді құрбандыққа шалмауын жырлайды. Бұл шығармаларды өлім туралы деуден де, өмір туралы, махаббатты өмір туралы туындылар деп бағалаған абзал.
Шәкәрім Құдайбердиевтің ортақ қасиеттерді сөз еткенде, алдымен олардың адам бойындағы ең қымбат, ең абзал қасиет – махаббат тақырыбына байланысты екенін айту қажет. Бірақ, бұл махаббат ақын ұзақ уақыт бойы творчестволық байланыс жасаған шығыстың классикалық әдебиетіндегі арманмен, қиялмен, мистикамен ұштасып жатқан көктегі махаббат емес, кәдімгі жұрттың көбіне тән, қоғамдық өмірдің қатпар-қатпар шындығын ашуға негізделген махаббат. Бұл жағынан алғанда махаббат ақын үшін қоғамдық тұрмысты зерттеуге, білуге батыл қадам жасаған көркемдік құралы, тәсілі ретінде жемісті қызмет еткен. Ол махаббат бостандығын дін жолымен байланыстырса да, бұл оның аса салмақты саласы ретінде көрінеді, танылады. Адамды сүюді, әділдікті, адамдықты ардақты өмір бойы уағыздаған ақын, сөйтіп махаббат сияқты мәңгі жас, мәңгі жаңа тақырыпқа өзінше келіп, өзінше жырлады. Бұл үшін оны жазғыруға болмайды. Керісінше, оның сыры мен сипатын айыра танып ұғына білу, тиісінше бағалау, ғылым үшін абыройлы міндет.
«Поэма өмірді, адамдарды білуді, характерлер жасауда шығарманың драмалық қасиетінің басым болуын қажет етеді» - дейді В.Г. Белинский (В.Г. Белинский собрание сочинений в трех томах. М., 1948. Т.З.С 387). Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары ұлы сыншының поэмаға қойған негізгі талаптарына лайықты жауап береді.
Ақын поэмаларының қайсысы да халқымыздың арғы-бергі тарихындағы белгілі аңыз әңгімелердің негізінде туған. Бірақ, бұл оның шығармаларында қоғамдық шындықты мол қамтып өмір, болашақ туралы өз идеяларын нақты білдіруіне, кесек-кесек әдеби тұлғалар жасауға кедергі келтірмеген. Өмірде болған жеке оқиғаның төңірегіне алыстап, ақындық қиялдың өрнегіне өрлегенде, ол қоғамдық шындықты, өмір ақиқатын шебер білдіретін жинақтаушы келелі ойлар, көркем бейнелер жасау биігіне сәтті көтеріледі. Ақын поэмаларына ойшылдық пен шешендік тән. Тапқыр айтылған аз сөздерден мол мағыналар орын тауып, шығарма мазмұнын тереңдетіп, күрделендіре түсіп отырады.
Шәкәрім поэмаларындағы қаһармандар 20 ғасырдың басында қазақ әдебиетіне тың бейнелердің келгенінің нақты айғағы. Өйткені шығармаға арқау болған өткен ғасырлар оқиғалары болғанымен, өмірде болған тарихи тұлғаларды әдеби қаһарманға айналдыруда ақын жаңаша бағыт ұстанған. Өз кейіпкерлерінің бойына заман өзгерісімен бірге енген азатшылдық рухты ұялатып, оларды бас ерекіндігі жолындағы күрескерлік болмысына сай суреттей алған. Тарихи оқиғалар шындығы ақынның шығармашылық қиялымен астаса отырып, замана сұранысына сай көркемдік шындықтың көрігінде шындалған қаһармандарды тудырды.
Түйіндей айтсақ, Шәкәрім шығармаларындағы қаһармандық образдар галереясы өзінен кейінгі әдебиеттегі рухы биік кейіпкерлер тұлғасы сомдалуының дәстүрін қалыптастырады.
Өмірхан Әбдиманұлы.
Шәкәрім шығармашылығы – қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі ірі құбылыс екендігі қазаіргі кезде талас тудырмайды. ол – тікелей Абай тмектебінен өткен, туынды герлік мұрасын мирас тұтқан нағыз шәкәрті. Ұлы ұстаз ұлағатын қадір тұтып, өнегесін өмір қағидасына айналдырып, шығыс, батыс әдебиетін жете танып-білген, мұылмандық ілім-білімді еркін меңгерген, түркі халықтарының тарихын терең зерттеген, діни, тарихи тарихи тақырыптарға еңбектер жазған ғұлама ғалым. Кейінгіге үлгі шашқан ұлы тұлға.
Ақын өлеңдерінің қамтитын тақырыптардың бастысы – адам тағдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді философиялық ой-таным. Жанға, тәнге, көңілге, өлім мен өмірге байланысты өлеңдер – шәкәрім поэзиясының алтын тамыры.
Информация о работе Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі