Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 09:10, дипломная работа
Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды.
Сендерге енді мойын бұра алмаймын.
Ақынның Қалқаманның елден кету себебін тәптіштей айтып, оны жан-жақты суреттеуінде екі түрлі сеьеп бар. Және осында ұтымды қолданылған суреткерлік шешім бар. Біріншіден, «Белгілі, Мамырдан соң көп жүрмесім» деп өз-өзіне шешім шығарып қойған Қалқаманның «Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймынында» шындық жатыр. Ол – тән ашуы емес жан ашуы. Сүйгенінен айырылған жаны жаралы жанның соңғы шешімі. Оның Ажалға көпе-кернеу бел байлауының себебі де осында, оған «Мамырдан қалған жанның керегі жоқ». Қалқаманның бүкіл болмысын ашуды соңына дейін құпия үстаған ақын. Дастанның соңында ғана ол бар болмысымен жарқ етіп бірақ көрінеді және оқырман көзі алдында өшпестей болып қала береді.
Екіншіден, Қалқаман – ерен тұлға, ерекше жан емес, қарапайым көптің бірі. Бірақ ол – ішкі тіні берік адам. Шәкәрім Қалқаман мен Мамырдай басты қаһармандарын адам сенгісіз күйде емес, өмірден ойып алған жанды кейіпкерлер ретінде бейнелеуге тырысқан. Олардың бір құдіреті, артықшылығы ішкі сезімінде. Бұларда ішкі бұлқыныс, ішкі ерік-жігер күшті. Мамырын өлтіріп, өзін оққа байлаған елден безуге ерік-жігерінің жетуі Қалқаманды оқырмандардың алдында биіктете түседі. Жаны жасық, жүрегінің оты жоқ жан болса, «а, құдайлап» келген құрбыларымен құшақтаса көрісіп, құдайдың тірі қалдырғанына құлшылық етіп, қоңырқай тұрмыс тіршілігін жасап жүре берер еді. Қалқаман ондай жан емес. Ол – жанын арының садағасы санаған, асқақ романтикаға беиім шыншыл бейне. Қалқаманның елден безуі – тағдырдан, ажалдан қашуы емес. Ол өлімнен емес, әділетсіздік жайлаған жұрттан безді. Бұл – «Рақымсыз, бауырсыз еліне» көрсеткен қарсылықтың, күрестің саналы әрекеті еді.
Екі поэмадан да халық қамқоршысы сияқты, адасқанға жол сілтеп, алысқанға қол ұшын берерліктей аяулы, абзал қартардың бейнелерін көреміз. «Қалқам-Мамырдағы» Әнет баба ақын суреттеуінде дәл осндай адам:
Әнет бабаң – арғынның ел ағасы,
Әрі би, әрі молда, ғұламасы.
Орта жерге үлгі айтқан, әділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы.
Бұл жолдарда оның әділ билігі де, асқан молдалығы да көрінбейді. Әнет заманында бүкіл елге билік айтқан әділ бидің болуыда көңілге қона өоятын шындық емес. Бірақ, мәселе бұл арада осы адамның атқарып отырған ролінде. Ол көне тарих бинесіндегі қамқор жан, халық өкілі, әділдік жаршысы. Сондықтан да екі жастың игі тілектеріне бүкіл жанымен, арымен арашасы болады, қайтсе де ынтық жүректердің қосылуына көмектесуді көздейді. Бірақ тоңмойын есер тап абзал атаның ақыл-кеңесімен есептеспейді, ақырында Қалқаманды өлімге қияды.
Сол сөзге аударылды жұрттың бәрі,
Не қылсын көп наданға жалғыз кәрі.
Кеселі көпке болып жүрмегін деп
Бабаның шын кейіген шықты зары,-
Дейді ақын. Осы шумақта Әнет бабаның билеуші топқа қатынасы және автордың оларға көзқарасы айна қатесіз танылады. Ақын Әнет баба сөзін аяққа басып, Қалқамандай қыршын жасты оққа байлап берген көп наданға қарғыс айтады.
Поэмада қайшылықты кейіпкер – Көкенай. Ол - өз заманының, өз дәуірінің ұлы. Ұлтының сан ғасырдан бері қалыптасқан әдет-ғүрып, салт-дәстүрінің сақшысына айналған тұлға. Ол – қаталда қатігез, көзсіз ер, намысшыл батыр. Ел бірлігі, ел іргесі бұзылмауы жолында ол ештеңеден де тайсалмайды. өз руының намысы тапталды деген ұғымға сенімі оны небір қатыгездікке барудан тартынпайды.
Ата жолын бұзып, өз руластарына қара күйе жаққан немере қарындасына оқ атқанда, Көкенайдың қолы қалтырамауы – оның өз сеніміне беріктігінің белгісі. Шәкәрім Көкенай батырды оқырманға таныстырғанда, өзінің оған деген жүрек жылуын бүкпелемейді.
Көкенай – Мәмбетайдың бастаушысы,
Өзі батыр, мінезі қатты кісі.
Сол кісің алдынан тараушы еді,
Бабаңнан соң бұл елдің көп жұмысы.
Ол – тобықтының Әнет бабадан кейінгі бетке ұстар адамы, ел тұтқасы, батыры. Сондықтан өз түсінігіндегі ақтың ісі жолындағы күресте Көкенай ешнәрседен тайынбайды. Тереңнен ойлайтын абыз екі жас тағдырына араша түспек әрекетін оның түсінгісі келмейді. Баба әрекетін солқылдақтық доеп біледі. Егер екі жас жазасын алмаса, еді бөліп әкетпек. Көкенай Қалқаман мен Мамыр дер кезінде жазаланбаса, өзіне кешірілмес күнә санайды. Оны толғандыратын мәселе – кейінгі ұрпағын жат үлгіден сақтандыру. Көкенайға тән мінездегі қаттылық, қалаберді қатігездік осынау жат әдеттің мсалтқа айналып кетпеуін көздеуден туғандықтан да өзін-өзі ақтайды. Шәкәрім ақын Көкенай батыр табиғатын жақсы танып ел намысының қорғаны ретінде сомдаған. Көкенай – сооған лайық қаһарман. «Ол - өз заманының перзенті, рулық, патрихалдық мораль сақшысы.» (М.Мағауин).
Қорыта айтқанды, Шәкәрім
Құдайбердиевтің «Қалқаман-
«Еңлік Кебек» поэмасы.
Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасының жазылғанына ғалым Қайым Мұхамедхановтың айтуы бойнша 1892 жылы жазылыпты. Поэма алғаш рет 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасыннан жарық қөрген.Шәкәрім Еңлік-Кебекті тікелей Абайдың тапсыруымен жазған. Поэманың жанрын - әлеуметтік дастан деп қарастырған орынды. Өйткені ақын ғашықтар трагедиясын сыртқы арқау ретінде ала отырып, негізінен сол кездегі әлеуметтік мәселелнрді басты назарда ұстаған.
Автор ел ішінде аңызға айналған, болған оқиғаның ізімен жаза отырып, поэмадағы екі жастың махаббат трагедиясын жеке адамның қасіреті ретінде бағаламай, сол тұстағы қазақ қоғамының қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады.
Поэманың қысқаша сюжеті былай боп келеді. Матай мен тобықты арасындағы жерге байланысты тартыс-талас толастаған бір сәтте Тобықтының жас батыры Кебек Еңлік сұлуға кездеседі. Екеуі бір-біріне ғашық болып, ақыры тағдыр қосып, елден жырақ тұрып жатады. Осы тұста Матай елі қалыңын төлеп, айттырып қойған қызды қайтарып, Кебекті жазалауды сұрап, Тобықты еліне кісі салады. Ел арасы тағы бұзылатын болды. Осыны сезген Тобықты басшысы Кеңгірбай Матайларға қашқындарды өздері ұстап алып, жаза қолдануға рұқсат береді. Олар Кебек пен Еңлікті жасырынып жатқан жерлерінен қолға түсіріп, өлім жазасына кеседі. Сөйтіп екі жас қайғылы қазаға ұшырайды.
Поэмада махаббат мәселесі өте қысқа сөз болады. Еңлік пен Кебектің кездесуі, қашып кетуі, Шыңғыстауды жасырынып жатуы. Ал оқиға дамуының бүкіл тұтқасы Матай мен Тобықты арасындағы айтыс-тартыста, екі жастың тағдырын шешудегі әлеуметтік астарда жатыр. Бұл ел мен елдің тартысы, ру мен рудың бәсекесі алдыңғы қатарға шыққан. Екі елде өз намысын жібермеуге тырысады. Түптің түбінде ескі салттың қатаң қағидасы бойынша шындық салмағы Матай жағына ауыса бастайды, Тобықты жағы шарасыз. Осы бір замана сипаты еріксіз туғызған жалған шындықтың құрығына Еңлік пен Кебек ілінеді.
Поэманың басты кейіпкерлері Кебек пен Еңлік. Кебек – Ел мақтан тұтқан батыр, Еңлік – ел ардақ тұтар ару. Кебек «Қалқаман-Мамырдағы» Қалқаман сияқты қарапайым жан емес. Ол – елге енді танылып келе жатқан жас батыр. Ертеңгі ел қорғаны болуға ұмтылып, көзге түсіп, елдің үміт отын жаққан жігіт. Шәкәрім Кебектің жорықтарын, батырлық соғыстарын көрсетпегенмен, алғашқы таныстырудағы бітім-болмысын ерекшелеп береді. Оның осы бейнесінен-ақ болайын деп тұрған ұл екені көрінеді:
Ол Кебек мықты болған жас басынан,
Тоқан да тастамайды өз қасынан.
Жасы бала болса да, жаны отты деп,
Артық көріп не сабаз жолдасынан.
Онбесінде Кебектің аты шықты,
Атты жаяу бәріне бірдей мықты.
Кебек батыр табиғатына тән аңғалдықтан да құр алақан емес. Ол көп істің байыбына бара бермейді. Нысан абызға бал аштырған батырдың оның сәуегейлікпен айтқан тағдыр болжауына мән бермеуі , тіптен естен шығаруы осыны танытады. Кебек – Шәкәрім сомдауындағы кемел ақыл, кемеңгер ой иесі емес, албырт та аңғал батыр.
Кебектің нағыз ер ретінде танылар тұсы Еңлікпен кездеседен басталады. Алдыңғы кездесуге аса мән бермеген Кебек, Еңлік арудың жан дүниесін терең түсінген соң, өзі сүйген «биік қабақ, ақ сұр» қыздың тағдырына араша түсуге бел буады. «Сен өлген жерде мен де өлейін» деген уәдені КЕбектің бірден бермеуінде үлкен мән бар. Кебек елдің ертеңіне ие боламын деп жүрген арманшыл азамат. Сонықтан да ел жайы ондағы айтыс-тартыс, оның бұлардың тағдытына қатысы болашақты ойлаған жас батырды толғандырмай қоймайды. Ғашықтықтың от сезіміне бірден лап етіп жанып кетпей, ол Еңлікті ақылға , сабырлыққа шақырады.
- Ей, Еңлік! Айтқан сөзің – сөздің шыны,
Сөйтсе де бір сөзім бар, тыңда мұны.
Соғысқа сылтау таппай отырғанда
Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны.
Кебектің Еңлік үшін ештеңеден тайынбай, қатал тағдырға мойынұсынуына сүйгені Еңліктің жүрегін жарып шыққан, ақыл мен сезімнің тоғысуынан туған бір ауыз сөзі әсер етеді.
Сен мені бүгін алып кт демеймін,
Осы екі елдің түбіне жет демеймін.
Шын ішің сүймей, сыртың сүйген болса,
Әуре боп саған уағда ет демеймін.
Осы бір ауыз сөздің түйер түйіні – «Шын сүймесең сүйдім деп айтпа маған». Ажарына ақылы сай арудың жүрек сыры жас батырды тебірентпей тұра алмады. Ол Еңлік үшін өлімге болса да бас тігеді. Осы сертінен ешқашанда айныған емес. Еңлікпен елеусіз тауда өмір сүруге бел бууы, Матайлар қоршаған сәтте аттан түсіп қалған Еңлікті тастай қашпай, соғыс салуы – ер жігітке тән мінез белгісі.
Шәкәрім Кебектің батырлығын сыртқы тұлғасы, іс-әрекетінен емес. Ішкі рухының күштілігі арқылы көрсетуге ұмтылған. Кебек – жанын арының жолында құрбандыққа шалар , «ерге бір-ақ өлім» қағидасын ұстанған адам. Сондықтан ол – ер жігітке тән бар қасиетті бойына жинақтаған романтикалық қаһарман, тұтас тұлға.
Поэмада Еңлік - қазақ әдебиетіне жаңаша бір бейне ретінде қосылды. Қазақ әдебиетінде Еңліктей ару бейне сомдалған емес. Бұрыңгы батыррлар жыры мен лиро-эпостық жырларымыздағы арулар батырдың ерге серік адал жары, өздерінің ажар-көркімен, ақылдылығымен олардың сүйіспеншілігіне бөленген жандар болса, жазба әдебиетіндегі Гүлкәшима т.б тағдырына мойынұсынған қыздар. Ал Еңлік – сұлулықты да, батырлықты да, ерлікті де тал бойына жинақтаған тың бейне, соны образ.
Поэмадағы сюжеттік байланыс,
даму, шиеленіс, шешімнің бүкіл желісі
осы Еңлік іс-әрекетіне
Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан,
Батырым, ондай жанға көңіл берме.
Осы бір өлең шумағында тылсым сыр жатқандай, «биік қабақ, сұрлау қыз» өзіне ынмтықтырып, үнемі тартып тұрады. Еңліктің портреті оқиғаның өрбуіне орай, біртіндеп айқындала түседі. Оның сыртқы тұлғасы, бітімі ауызәдебиеті жырлары үлгісіндегі әсірелеулерден аулақ. Ақын оның сырт тұлғасын тәптіштеп суреттеуге де бармайды. Ойткені ақын ұғымынша Еңлік Кебекті сыртқы сұлулығымен емес, ақыл-ойының кемелдігімен, ерге тән батылдығымен, өз құрбыларынан өзгеше болмыс-бітімімен сүйсіндіреді.
Танысқанның ертесінде-ақ Кебек өз тағдырын Еңлік жолына арнауға берік шешім қабылдайды. Бұл - тереңнен толғап шешкен батыл шешім. Кебектің өжеттігінің, батырлығының, қайсарлығының алғашқы танылыар тұсы да осы. Шәкәрім оны қайта-қайта тәптіштеп, сан қайталап айтып жатпайды, Кебектің бір ауыз шешімімен бекітіп тастайды:
Бір жолата кім тұрар бұл дүниеде,
Өлім көрмей тұрама туған пенде.
Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше,
Еңлік үшін өлгеннің қапысы не?..
Кебек сынды Еңлікте оқырманды сыртқы пішінімен емес, ішкі жан дүниесімен тартады. Оның бар істің бастауында тұруы, батыл іс-әрекеті, бір шешімді жан екендігі осы ішкі жан дүниемні ашу арқылы дәлелденеді.
Шәкәрім «Еңлік-Кебек» арқылы
қазақ поэзиясында
Өз тағдырын қосар теңінің таңдауын таба алмай жүрген Еңлік қыз Кебекпен кездескен сәтте берік байлам жасап, нақты шешімге келеді. Ақылды ару өз бақыты да, қасіреті де құдай айдап кезіктірген осы батыр жігіттің қолында екенін көкірек көзімен көріп, жүрек пернесімен сезінеді. Қазақ салтында жоқ әрекетке барып, жігітке сөз салады. Бұл батыл әрект Кебекті жеңіл ойға жетелегенмен, Еңлік өз шешімінің шын астарын жайып салғанда, аңқау батырдың асау сезімін ноқталап тастайды. Еңліктің алғашқыда өресел көрінер қадамының психологиялық дәлелдеулері өте нанымды көрінеді.
- Ей, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай,
Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.
Көрінгенге көз сүйген көрсеқызар,
Әдепсіз қыз дейсің ғой әлдеқандай.
Өз әлімше сынадым мен де сені
Сен қалай деп ойладың, айтшы мені?
Қыздан сорлы болама бұл жалғанда.
Кез болмаса өзінің сүйер теңі?
Еңлікті әлгіндей әрекетке
итермелеген «қөрсеқызарлық»
Рас, құдай жазбаса бітпес жұмыс,
Сүйтсе де бізге міндет талап пен іс.
Әрекетсіз отырмақ дұрыс болса,
Неге берген қол-аяқ, тіл менен тіс?
...Талап қылмай болама құтылуға,
Оттан қашып, кірсем де терең суға.
Пәледен машайық та қашқан жоқпа,
Қайтіп разы болайын берген уға?
Міне, Еңлік бойындағы күресшілдік рухтың психологиялық дәлелі осында жатыр.
Информация о работе Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі