Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 09:10, дипломная работа

Краткое описание

Адам факторы, оны зерттеп-зерделеу әдебиеттің айнымас мақсаты, мәңгілік тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Адамның мәнісін түсіну жолындағы ертеден бастаған сала-сала пікірлер мен қөзқарастар қайшылығы жаңа дәуірде де жалғасын таба береді. Әдебиет осы күрделі тақырыптың күрделі аспектілерін өзінің ерекшеліктеріне сай шешуге тырысады. Өнердің бұл түріннің қоғамдық және эстетикалық маңызы адам, оның танымы мен тағдырынсыз ашылмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Уахитова Асылзада диплом.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Адамға ғана тән жақсы  қасиеттердің барлығын да осы екі  ұғымға сыйғызуға тырысады. Бұл екі  категория адам бойында бас қосқан жерде еш қиындық көрмейді.

Талап шапса ақылға мініп  алып

Жақсы, жаман бәріне бірдей салып

Анық ақыл адымын аштырмайды

Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып,- деп (74,128) өз пікірін қорытады.

Аталған қасиеттер ақынның  барлық өлеңдерінде дерлік әр қырынан, түрленген күйінде ұшырасып отырады. Әсіресе, Шәкәрім өлеңдерінде «таза  ақыл» ұғымы жиі көрінеді. Ақын әрдайым ақыл образын бәрінен биік ұстайды. Бір өлеңінде:

Пайғамбар қыл ақылды!

Сол табады мақұлды,-

Деп ақыл ұғымын қасиетті пайғамбарға теңейді.

«Таза адам »жасау жолындағы  Шәкәрімнің ойлары мен тұжырымдары  абстрактлы дүние емес. Ақын әлдеқандай бір күмәнді, қиялда ғана өмір сүретін ұғымға талпынбайды. Оның бейнелеген адамы - өмірдің барлық саласына қатысы бар шынайы тұлға, нақты бейне.

Ақыл құсы адаспай  аспандаса,

Әлемде нәрсе болмас көзден таса,

Жеті көк жерден оңай басқыш болып

Ғарышқа қол жетеді қармаласа,-

Деп адам баласын жақсылыққа жеткізетін, ғарышқа да самғтатын ұлы күштің құпиясы ақылда жатқанын жырлайды. «Ашу мен ынсап» өлеңінде адам бойында кездесетін әр түрлі қасиеттерді, мінез ерекшеліктерін санамалай келіп, солардың бәрін ынсапқа сынатса, «Мал жимақ» атты өлеңінде «таза адам» бейнесі еңбек пен ғана сомдалып, көркеие түсетінін айтады.

Шәкәрімнің көптеген өлеңдеріндегі  лирикалық кейіпкер «түзу адам», алланы, арды, шын ақылды, еңбекті  сүйетін адам. Оның бейнесі гуманисттік  бейне. Олар күнделіктті тіршілікте, қиын-қыстау ауыртпалықта өздері ұстанған «арлы болуың» позициясынан ауытқымайды, досын сатпайды, ел мұңын жоқтайды. Жеке адам бойындағы түрлі мінез көрністеріне жан бітіре суреттеу, оларды үнемі қозғалыстағы, даму қалпындағы құбылыстар ретінде ұсыну жағынан Шәкәрім ұлттық лирикаға өзіндік  жаңалықтың нышанын әкелді деуге болады. Осы жанды құбылыстар арқылы ақын шығармаларындағы тұлға сомдалды.

Шәкәрімнің тағы бір  ерекшелігі- адам тұлғасы арқылы халық  болмысын, характерін, психологиясын  және басқа да қасиеттерін аса  шыншылдықпен суреттеуде. Ақын лирикасының көркем эстетикалық құндылығы осында. Белгілі ғалым Р.Нұрғалиев осыған ұқсас құбылыс туралы: «Алдыңғы ұрпақтар басындағы қуаныш күйді, мұңлы сырды, қазақ мәселесін кейінгі толқындарға апаратын елші - жазушы»- деп (14,11) өте дұрыс ескертеді. Шәкәрім де  ұрпақтан ұрпаққа халықтың рухани мұраттарын жеткізуші елші іспеттес.

Өнерлі, білімді елден  тәлім алмай,

Қуларға еріп, момындар тартар азап.

Үйренсе ғылым менен сан өнерін,

Білер еді-ау өнердің не берерін,- дей(3,211) отырып, ақын қазақ жұртын әлем халықтарының озық өнерін, озық білімін, озық экономикасын қабылдауға шақырады.

Адам туралы сөз қозғап, ой толғағанда Шәкәрім лирикасының  мазмұндық арқауы «ар», «ұждан», «ғаділет», «ақыл», «білім» категорияларына  қатысты болып келеді. Оның өлеңдеріндегі «Арлы адам» жақсы мен жаманның жігін ажыратып қана қоймайды. Сөз бен істе түзу, әділет жолынан аумайтын, орынсызды айтпайтын намысшыл адам. Эканомикалық заман талабын, әлеуметтік қажеттілікті сезетін, еңбекшіл кәсіпкер, рухани дүниедегі тұғыры берік, ішкі дүниесі адал, әрі азат адам болғанын қалайды ақын. Арлы адам  өз  тағдырын өзі жасайды, жүрген жеріне әділет, ынсап, мейірім көрсетіп, жамандыққа жол бермейтін, еңбек сүйгіш, білімқұмар тұлға ретінде көрінеді.

 

Шәкәрімнің лирикалық кейіпкерлері ел мүддесін арқалайтын дәрежеге көтерілген. Олар надандыққа шырмалған қоғамға қарсылық білдіреді, жаманшылықтан шығу жолдарын қарастырады. Еңілік, Қалқаман, Нартайлақ, Мәжнүн сияқты арулар мен азаматтар тек махаббат мұңылықтары ғана емес, халық тауқыметін түсінуге жеткен образдар. Ақынның мақсаты идеялық тұғыры айқын:

Жігіттер қор да емеспін, кедей де емен,

Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден.

Құдай жоын біле алмай, қу билеген

Елден басқа қайғым жоқ , мұныма сен.(3,78)

Шәкәрімнің тұлға жөніндегі көркем ойынан әл- Фарабидің рухани- эстетикалық ой- түйіндерімен сабақтастықты көреміз. Ұлы ойшылда бақытқа жетудің негізгі кілті түзу адамды қалыптастыру деп біледі. Шәкәрімнің «Қулар», «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым», «Партия адамдары», «Насихат», «Өкінішті өмір» өлеңдерінде және эстетикалық- философиялық эсселерінде әл- Фараби мен үндеситік анық сезіледі. Шәкәрім топшылаулары Иассауи хикметтеріндег исламдық, танымдық, адамгершілік желілерімен де диалектикалық байланыста. «Түзу адам идеясының әл- Фарабиде, Иассауида және Шәкәрімде ұқсас болуынан, сөз жоқ, дәстүрлі рухани тамырластықты байқаймыз. Мысалы әл- Фараби : жетілушіліктің кез-келгені адам талпынатын мақсат, өйткені жетілу дегеннің өзі бір игілік және оның өзі күмән жоқ, адамның қалауы», - дейді(4,3). Ал Иассауи болса өзінің 24-хикметінде:

1087. Тарихатты білмедім, хакикаттқа кірмедім,

1088. Пір бұйрығын қылмадым, сылтауы көп Қожа Ахмет деп(5,59) тиүзу адамды тәрбиелеу жолы  алланы сүюге, әділет пен қайырымдылықты  сүюге байланысты екендігін айтады. Шәкәрім осынау рухани ұстазддарының ойын жалғастыра келе:

Еліріп. Еріп көп ел жүр,

Білмейді құдай ұрғанды.

Түпсіз жауға санайды

Түзу жолға бұрғанды,- деп (3,148) толғанады.

Махмұд Қашқаридың да ұлы еңбегінен  Шәкәріммен идеялық, тақырыптық, концепциялық ортақ дүниелерді көптеп кездестіреміз. Қашқари  бәйіттерінің бірінде:

Бір жігіт асулардан  асып кетті,

Мейлінше дүниені шашып- төкті.

Ақыры масқара боп  қашып кетті,

Атының артырылған арынымен,-десе(6,30).

Шәкәрім осы тақырыпты  жалғастыра отырып:

Қайтер еді жігіттер

Тым қымбатты кимесек.

Мақтан үшін борышты

Үсті- үстіне үймесек,- дейді(3,56)

Осы үзінділерден-ақ адам туралы еөркем ойдың  жалғастықта, сабақтастықта болғанын көреміз. Шәкәрім шығармаларынан Жүсіп Баласағұнның аты әйгілі еңбегі «Құдатғу білігімен» де үндестікті байқаймыз.  Жүсіп Баласағұн өз жырларында:

150. Бірлік берді- адам  бүгін жетілді,

Ақыл берді талай  түйін шешілді.

Ақылды –ұлы, бұл, білімді,білікті,

Қонса екеуі, ұлы етер жігітті (7,159).

«Құтты білікте» кездесетін катигориялық ұғымдардың барлығына  дерлік Шәкәрім лирикалық кейіпкер бейнесін сомдауда пайдаланады. Сонымен  қатар екі ақынның өлеңдерінің  сыртқы формаларында, образдар жасау  жүйесінде, сөз оралымдарында ұқсастықтар байқалады.

Шәкәрім поэзиясындағы  лирикалық қаһарманның қалыптасуын  зерделей отырып, оның өзінің алдындағы  ұлы ақындармен ұдайы диологтағы қалпын сезінеміз. Олардың әр қайсысының алдында жаңалыққа толы тарихи шындық болды. Олар осы шындықтан теріс айналған жоқ. Оны түсінуге және өз поэзиясында көрсетуге тырысты.. Осы мақсатты орындау жолында Шәкәрім Жүсіп Баласағұнның эстетикалық өлшемдерін, көркем ойы мен сөзінің табиғатын меңгеріп пайдаланды.

Шығыс ғұламаларын Абай қалай құрмет тұтып, дәріптеп үлгі алса, Шәкәрімде солай құрметтеп, үлгі алған. Ақын «Қауыснама», «Махаббатнаме», «Оғызнаме», «Бабырнама» сияқты тарихи- поэтикалық шығармалармен жете таныс болып, еңбектерінде кең қолданған. Мысалы «Қауысснамада»: «Адам тіршілігі өмір талабына сай болмаса, не үшін ол өзін тірімін деп есептейді? Халықтың қамы үшін өз рахатынан айырылған  адамды дұшпан демек»,- делінген(7,37). Шәкәрім осы ойды поэзиясында былайша өрнектейді:

Олай қылмай билесе бәрін  ақыл,

Еш қиянат қылмаса  зорлық, тақыл.

Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,

Адамды сонда адам деген мақұл.(3,156)

Шындығында Шәкәрім  адам туралы күрмеуі көп түйіндердің  шешуін сопылық дүниетанымнан іздейді. Сопылық  поэзия сарыны ақынның «ғарыппын», «дерттімін», «ғашықпын», «жан жанарына құмармын» деген тәрізді сөз қолданыстарынан анық байқалады. Ақын өзінің махаббат дастандарындағы кейіпкерлер образын жасағанда Шығыстың сопылық әдебтиеттің үлгілерін пайдаланады.Шәкәрімнің суфизімнен өзгешелігі ол сезім, мұң зар, ғашықтық, насихат құбылыстарымен қоса әлеуметтік, қоғамдық қатынастарды қатар алып отырды. Шәкәрім сезім мәселелерімен, үлгі- тәліммен шектелмеген. Ол қоғамдағы қайшылық, кемшілік, кесел- ауруларға не себеп болды деген сұрақтарды шешуге ұмтылады. Ақын жеке адам бостандығы, ой бостандығы мен еркіндігі мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Шәкәрім  «хақиқатқа жету» жолында алламен  бірігуге , жардың жүзін көзруге, ғаріптік күй кешуге барады.

Шәкәрімде дүние кірінен  ақыл-ойды  аластатуға, ішкі жан дүниені тазартуға шақырады. Ол өзінің кейіпкерлерін ақыл, талап, адал еңбек, мейірім, ынсап, әділет пен таза жүрек категориялары тұрғысынан тәрбиелейді. Оның көптеген өлеңдерінде «Алла дидарын көру», «Жарға жақын болу» симяқты сопылық түйіндер жиі қайталанады. Мысалы, Иассауи 27- ші хикметінде:

Ғашық болса күйдіреді жан мен тәнің,

Ғашық болсаң ойран  қылар  дүние малды,

Ғашық болмай танып болмас Алла сені

Не қылсаңда ғашық қылғын пәруадігар (5,60)

Немесе алтыншы хикметінде:

Мәжнүндей туған- туыстан  қашып тындым,

Түрлі- түрлі жапа көрдім мойынсұндым,- деп (5,31) жазады.

Шәкәрім де осындай мақаммен ойын өрбітеді:

Жігіттер ендігі сөз- менің сөзім

Мәжнүннен аз-ақ кейін  көрген күнім!

Мен осындай қызға  ғашық болсамда

Ғаріппін дерті қалың  шын осыны,

Іздеген ғашық болып  бес нәрсем бар

Берейін атын атап ұқсаңыздар:

Махаббат, ғаділет пен таза жүрек,

Бостандық, терең ғылым,-міне осылар (3,396-397)

Шәкәрім шығыс ғұламаларынан  үлгі ала отырып, олар қозғаған мәселелерді жаңа сапалы деңгейге көтереді. Ақын адамның биік парасаттылыққа жету жолдарын сатылап саралайды. Ол адамның ішкі жан дүниемсін, парасаттылығын жетілдіру арқылы ұлттық ізгі қасиеттерді гүлдендіруді мақсат тұтады. Қоғамды биік тұғырға көтеретін рухани мұраттарды Шәкәрім дөп басады. Жаратушыны сүю, ғаділет пен адамзатқа деген махаббат адамның ішкі рухани болмысын жақсартады. Ондай адам таза жүрек иесі ретінде халақ мұңын хоқтай алады.

Шәкәрім лирикасы бұрыңғы  рухани қазыналардағы ой-пікірлердің  осылайша, бірін-бірі толықтырып, тоғысып,жалғасып жататынын дәлелдейді.Ақындар адамзатты, ұлтты, халықты әлемдік өркениет пен мәдениетке жетелейді. Халық осыған ұмтылуы қажет, олардың ой-мақсаттары өміршең болуға тиіс. Қазақ адамы заманның талабына жауап бере алмай келеді деп қиналады ақын. Шәкәрімнің көкейкесті арманы- адам бойында өмір, болмыс, қоғам өзгерістеріне сай боларлық қасиеттерді тәрбиелеу. Ол үшін «білім», «ғылым», «таза ақыл», «мейірім», «талап» пен «адал еңбек» сияқтты қасиеттер әр адамның бойынан орын алуы керек. Шәкәрім творчествосының өн бойынан өтетін мазмұндық арқау осы. Сондықтан Шәкәрім поэзиясында өмір шындығынан алшақтық жоқ. Қоғамдағы өмір ақиқаты қандай болса, кейіпкер болмысы да сондай.

Шәкәрім адам мәселесін  шешуде өзіне дейінгі әдебиеттану  мен қоғамтанудың озық дәстүрлеріне сүйенеді. Ақын әдеби дәстүрлер жалғастығын кейіпкер тұлғасын сомдаудың қайнар көзі деп есептейді. Сонымен қатар кейіпкер тұлғасын жаңартуды, жетілдіруді, оған тың мазмұн беруді үнемі күрделене беретін әдеби процесс деп қарастырады.

Шәкәрім - жеке тұлғаның қоғамдағы орнын, қоршаған ортаға ықпалын терең түсінген ақын. Оның лирикасындағы адам болмысы үнемі күрделену үстінде танылады. Ақын адам тұлғасын сомдай отырып, шығарманың көркемдік сапасын арттырып, мазмұн мен оқиғаны ширықтыра, шиеленістіре түседі.

Шәкәрім үшін ең қымбат қазына - қарапайым адамның мүддесі. Сондықтан болар ақын лирикасында ағартушылық пен тәрбие мәселесі қомақты орын алады. Ақын адамның борышын былайша түсіндіреді:

Адамдық борышың,-

Халқыңа еңбек қыл,

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны біл.

Талаптан да өнер мен  білім үйрен,

Білімсіз, өнерсіз,

Болады ақыл тұл (3,367).

Шәкәрім үшін бірінші кезекте адамның әлеуметтік статусы емес, оның адамдық болмысы тұрады. Ымырасыз, бітпес таптық қайшылықтарды күн тәртібіне қою Шәкәрімде жоқ. Байдың ішінде жаманы, кедейдің ішінде жақсысы болады,- деп есептейді ақын. Бай болу жақсылықтың, кедей болу жамандықтың белгісі емес. Теңзідіктің болуы жаратушыдан. А дам жамандықтан қашып, жақсылыққа жақын тұруы қажет. Адамның түзелуін, дұрыс өмір сүруін ақын жалпы адамзаттық мәселелердің шешілуімен байланыстырады.

Шәкәрім халқының бодандық қалпына өкінеді. Билік тетіктер басқа халық өкілдерінің қолында. Шәкуәрім өзінің өлеңдері арқылы адамдардың адами болмысын сақтау үшін белсенді күрес жүргізуге тырысада. Оның отаншылдығы- сыншыл ұлтанжандылығы. Мақсаты адам, халық бойындағы рухани, әлеуметтік ауруларды сылып тастау.

Шәкәрімнің лирикасында  қайғыбар, мұң бар, қиналыс бар. Бірақта  ол халық келешегіне сенеді. Ол жас  ұрпаққа бо лашаққа ұмтылудың  жолдарын үйретеді. Ал іргелі ел болу үшін, болашақтан өз орнымызды табу үшін тағы да керегі сол баяғы надандықтан арылу.

Аласапырын заманда  «адам» деген атты жоғары ұстап, өмір ағымына қарсы тұру идеясы қазіргі  біздің қоғамымыздағы нағыз керек  тәрбие құралы болып табылады.

Ақылды сол –ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – арамдықпен  жан сақтайды,

Адам сол – таза еңбекпен күнін көріп

Жан үшін адамшылық ар сатпайды.

Қазақта «жаным – арымның  садағасы» деген сөз бар, дүниеге  адамзатқа тән ар, ұят, ождан бәрінен қымбат. Жоғары саналы әрекетпен жеңу, адамзаттық сапалардың бағасын арттырады. Болмысындағы мүмкіндікті пайдалана отырып, қанағатқа ұмтылу, рухтың тереңдігі «талпынған мақсат іздеп мақұрым қалмас» деп ой пікірін айтады.

Информация о работе Адам факторының қазақ әдебиетінде бейнеленуі