Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 19:18, дипломная работа
Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7
1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30
ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62
Әдістеме Н.В. Гришинаның басшылығымен тұлғаның қақтығыстық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау үшін арнайы бейімдеуден өткен. Конфликтілі құбылыстарды зерттеуде Томас дәстүрлі көз қарастың өзгеруіне алып, соған басымдылық жасаған.
Томас әдістемесінде осы бес мінез-құлық типінің әрқайсысының сипаттамасы берілген он екі сұрақ беріледі, олар әр түрлі сәйкестікте жұптастырылған отыз пайымдаудан тұрады. Респондент өзіне сәйкес келетін пайымдауды таңдауы қажет.
Әрбір шкала бойынша жинақталған балл тұлғаны конфликтілі қарым-қатынастағы сәйкес мінез-құлық формасының көрінісін білдіреді. Зерттеу нәтижесінде алынған балдар кілтпен сәйкестендіріліп, мінез-құлық стилінің көріну жиілігі анықталады. Әрбір шкала бойынша жиналған балл конфликтілі қарым-қатынастағы сәйкес мінез-құлықтың басымдылығын көрсетеді.
Тесті жеке және басқа да әдістермен бірге қолдануға болады. Тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі.
Акцентуация терминін алғаш рет неміс психиатры мен психологы Карл Леонгард енгізген болатын.
Жеке тұлғаның акцентуациясы – мінездерінің жекеленген бөліктерінің шамадан тыс айқындалуы және олардың қиюласуы, көрінуі көбінесе темпераментке байланысты.
К.Леонгард бойынша акцентуацияның негізгі типтерін сипаттап көрсетейік.
Гипертимді тип. Бұл типтегі тұлға ерекшелігі ол үнемі еш себепсіз көтеріңкі көңіл күйде жүреді. Көтеріңкі көңіл күй жоғары белсенділікпен, әрекетке құштарлықпен қатар көрінеді. Қарым-қатынасшылдық, шектен тыс сөзшеңдік тән. Қиыншылықтар кезінде оптимизмін жоғалтпайды және өздерінің белсенділігінің арқасында қиындықтарды оңай жеңеді.
Дистимді тип. Гипертимге қарама қайшы тип акцентуация. Дистимдер өмірдің көңілсіз, қараңғы жақтарына ден қояды. Бұл ерекшелік олардың қарым катынасында, мінез-құлқында, өмірді қабылдау ерекшеліктерінде, жағдайлар мен басқа адамдарды қабылдауында анық байқалады. Олардың мінезі салмақты салмақты. Белсенділік оларға тән емес.
Циклотимді тип. Ерекшелігі гипертимді және дистимді күйлердің ауысып отыруы және бұл ауысу сирек және кездейсоқ болмайды. Гипертимді фазада қуанышты оқиғалар жағымды эмоциялармен қатар белсенділікті, сөзшеңдікті, әрекетшілдікті тудырады. Көңілсіз оқиғалар жабырқаумен қоса адамның ұнжырғасын түсіріп жібереді. Бұл кейде реакциялар мен ойлау баяулап, эмоциялық араласу төмендейді.
Шоғыранушы тип. Тұлға аффектінің жоғары тұрақтылығымен, эмоциялық әсердің, бастан кешулерінің ұзақтығымен сипатталады. Жеке қызығушылықтарымен намысына тиюді, реніштерін ұзақ есте сақтайды. Сондықтан да оларды басқа адамдар кекшіл деп сипаттайды. Оның себебі, аффекті бастан кешіру қиялдаумен, мүмкін жауаптарды ойластырумен, кегін алуды жоспарлаумен қатар жүреді. Олардың өкпешілдігі анық байқалады.
Эмотипті тип. Нәзік эмоцияларға жоғары сезімталдықпен және сезімдерінің тереңдігімен сипатталады. Оларға ақкөңілдік, мейірімділік, жұмсақтық, жоғары дамыған эмпатия тән. Бұл ерекшеліктер анық байқалады және түрлі жағдайлардағы сыртқы реакцияларында көрініс табады. Көңілі бостық, жылауықтық та эмитивтілерге тән ерекшелік.
Педантты тип. Анық байқалатын белгілері шектен тыс ұқыптылық, реттілікке ұмтылыс, шешім шығара алмау, сақтық. Іс жасамас бұрын ұзақ ойланады. Педанттылықтың астарында жаңа жағдайларға, жауапкершілікті мойнына алуға бейімделе алмауы жатыр. Олардың өздерінің үйреншіті істерін жақсы көреді,жұмыстарын сирек ауыстырады. Жұмыста өте тәртіпті адамдар.
Мазасыз тип. Мазасыздану деңгейі жоғары. Өз өмірі үшін, жақындарының өмірі үшін қорқу, мүмкін сәтсіздіктерден қорқу тән. Бұл қорқыныштардың объективті себебі мәнді емес не мүлдем жоқ. Ұяңдық, басыңдылық тән. Сыртқы жағдайлардан үрейлену өз күшіне сенбеушілікпен қатар жүреді.
Демонстривті тип. Демонстривті тұлғаның негізгі ерекшелігі басқаларға әсер қалдыру, өзіне зейін аударту, әрқашанда ортада болуға деген қажеттілік. Бұл өз-өзін көрсетуге ұмтылыста көрінеді. Өз өзін мақтау, өзі туралы айтуды ұнатады, өзі туралы әңгімелердің көбі қиялдан туған не әсіреленген болады.
Қозғыш тип. Мінез құлқы импульсивтілікпен сипатталады. Олар қарым-қатынаста және мінез құлқында логикаға санаға жүгінбейді, импульсқа, құмарлыққа, қадағаланбайтын ұмтылыстарға бағынады. Әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікте шыдамсыздықпен сипатталады.
Экзальтацияланған немесе лабильді тип. Оларға буырқанған реакция тән, қуанышты оқиғадан тез әсерленіп, көңілсізден тез жабырқайды өте әсершіл. Ішкі әсерлері сыртқа айқын көрініп тұрады.
4. М. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі
Бұл әдістеме тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесін зерттеуге бағытталған. М. Рокич тұлғаның құндылықтар жүйесін адамның өмірлік мақсаттарына байланысты, тұлғалық қасиеттеріне байланысты екі түрге бөледі (терминалды, инструменталды). Осы құндылықтарды сипаттайтын әрқайсысы 18-тұжырымдамадан тұратын құндылықтар тізбесі жасалынған. Адамның өмірлік мақсатына байланысты құндылықтар жүйесі тұлғаның өмір сүруінің түпкілікті мақсатын анықтайды; тұлғалық қасиеттерге байланысты құндылықтар жүйесі-өмірлік ситуациялардағы тұлға әрекеттерінің жүйесін сипаттайды (мысалы, адалдық, шындыққа сәйкес шешім қабылдай білу).
Зерттелінушілерге әдістеменің орындалу шарты, яғни нұсқау: «Сіздердің назарларыңызға тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесі ұсынылып отыр. Сіз өз қатынасыңызды аса маңызды құндылықтан бастап, біртіндеп соңына қарай сіз үшін аса мәнді емес құндылықтарды жазыңыз немесе ретті санмен әрбір құндылықтың жанына белгілеп отырыңыз» түсіндірілгеннен кейін оларға бірінші адамның өмірлік мақсаттарына байланысты 1-терминалды құндылықтар жүйесін зерттеу барысы аяқталғанан кейін, 2-инструменталды құндылықтар жүйесі ұсынылады.
2.3 Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу және сапалық талдау
Зерттеуге «Девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымының (қатал режимдегі)» 15 оқушысы алынды. Жас шамалары 13-15 аралығында және жалпы білім беретін №137 орта мектептің «қиын балалар» қатарындағы 15 оқушы іріктеп алынған. Олар, мектеп ішілік есепте тұратын, сабақтан себепсіз қалатын, төбелеске бейім, мінез-құлқы қиын, қатарластарымен қарым-қатынаста қиындық тудыратын оқушылар.
Мінез акцентуациясын анықтаудағы К. Леонгард әдістемесі бойынша эксперименталды топтың көрсеткіші:
Кесте 1 – Эксперименталды топтың көрсеткіші:
№ |
Аты-жөні |
Демонстра тивті тип |
Тұрып қалушы тип |
Педантивті типті |
Қозғыш тип |
Гипер тимді тип |
Эмотивті тип |
Циклотимді Тип |
1. |
Алдабеков Маулен |
+ |
||||||
2. |
Жақан Диас |
+ |
||||||
3. |
Әлжан Берік |
+ |
||||||
4. |
Сағындықов Серік |
+ |
||||||
5. |
Ғалым Мурат |
+ |
||||||
6. |
Али Мақсат |
+ |
||||||
7. |
Берік Санжар |
+ |
||||||
8. |
Марат Елжан |
+ |
||||||
9. |
Медетұлы Ислам |
+ | ||||||
10. |
Есентайұлы Шыңғыс |
+ |
||||||
11. |
Жанболатұлы Әнуар |
+ |
+ |
|||||
12. |
Құрметұлы Сұлтан |
+ | ||||||
13. |
Дамир Нұрғанат |
+ |
||||||
14. |
Серікұлы Бекжан |
+ |
||||||
15. |
Бағылан Арсен |
+ |
Тұлғаның мінез акцентуациясын анықтауға байланысты Леонгард әдістемесі бойынша зерттелушілер тобында демонстративті типте 3 оқушы, 1 тұрып қалушы тип, 6 гипертимді тип, 2 циклотимді тип, педантты типте 1оқушы, эмотивті типте 1 оқушы, қозғыш акцентуациясы 2 оқушыда кездесті. Проценттік мәнін көрсететін болсақ:
1. Демонстративті тип – 20%
2. Тұрып қалушы тип – 6,6%
3. Гипертимді тип – 40,6%
4. Циклотимді тип –19 %
5. Козғыш – 13,3%
6. Педантты тип – 6,6%
7. Эмотивті тип – 6,6%
Кесте 2– Бақылау тобының көрсеткіштері.
№ |
Аты-жөні |
Демонстративті тип |
Тұрып қалушы тип |
Гипертимді тип |
Қозғыш тип |
Циклотимді тип |
1. |
Әсенбек Мұхаммед |
٭ |
||||
2. |
Бауыржан Мұхаметжан |
٭ |
||||
3. |
Желали Омер-Фарух |
٭ | ||||
4. |
Заутбеков Нұрдәулет |
٭ |
||||
5. |
Исмагулов Тимур |
٭ |
||||
6. |
Қалибек Санжар |
٭ |
||||
7. |
Қожамжаров Нұржан |
٭ |
||||
8. |
Оналбек Арман |
٭ |
||||
9. |
Сатыбалдиев Бақтияр |
٭ | ||||
10. |
Сеткәрім Нұрғиса |
٭ |
||||
11. |
Сураншинов Дәурен |
٭ |
||||
12. |
Рыскулбеков Нұрдәулет |
٭ |
||||
13. |
Сағынов Даулетхан |
٭ |
||||
14. |
Айтқабылов Темирлан |
٭ |
||||
15. |
Мұрат Ердәулет |
٭ |
Тұлғаның мінез акцентуациясын анықтауға байланысты Леонгард әдістемесі бойынша зерттелушілер тобында демонстративті типте 3 оқушы, 1 тұрып қалушы тип, 7 гипертимді тип, 2 циклотимді тип, қозғыш акцентуациясы 2 оқушыда кездесті. Проценттік мәнін көрсететін болсақ:
Көрсеткіштерді диаграмма түрінде көрсетсек:
Диаграмма 1 - 1 – Эксперименталды топтың көрсеткіштері;
2 - Бақылау тобының көрсеткіштері.
Кесте 3 - Темперамент типтерін анықтауға арналған Айзенк тесті бойынша Эксперименталды топтың нәтижесі:
№ |
Аты-жөні |
І |
ІІ |
Темперамент типтері |
1. |
Алдабеков Маулен |
9 |
19 |
Холерик |
2. |
Жақан Диас |
11 |
9 |
Меланхолик |
3. |
Әлжан Берік |
13 |
19 |
Холерик |
4. |
Сағындықов Серік |
10 |
19 |
Холерик |
5. |
Ғалым Мурат |
11 |
18 |
Холерик |
6. |
Али Мақсат |
13 |
19 |
Холерик |
7. |
Берік Санжар |
11 |
18 |
Холерик |
8. |
Марат Елжан |
10 |
6 |
Меланхолик |
9. |
Медетұлы Ислам |
15 |
15 |
Сангвиник-холерик |
10. |
Есентайұлы Шыңғыс |
15 |
12 |
Сангвиник |
11. |
Жанболатұлы Әнуар |
|||
12. |
Құрметұлы Сұлтан |
15 |
15 |
Сангвиник-холерик |
13. |
Дамир Нұрғанат |
11 |
22 |
Холерик |
14. |
Серікұлы Бекжан |
9 |
18 |
Холерик |
15. |
Бағылан Арсен |
7 |
17 |
Холерик |
Информация о работе Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау