Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 19:18, дипломная работа

Краткое описание

Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7
1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қалдибекова Құндыз диплом.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен, ауытқыған мінез-құлықтар қоғамда екі түрлі мәнге ие: бір жағынан қоғамның тұрақтылығына қауіп төндірсе, екінші жағынан  - осы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. 

Мінез-құлықтың бұзылуын жіктеуде үш негізгі тәсіл қолданылады: психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және медициналық.  

  Психологиялық тәсіл ауытқыған мінез-құлықтың  жекелеген түрлерінің психологиялық айырмашылықтарын көрсетуге негізделген. Олар келесі сипаттамаларда көрінеді:

  • бұзылған норманың түрі;
  • мінез-құлықтың психологиялық мақсаттары және оның мотивациясы;
  • нақты мінез-құлықтың нәтижелері және олардың зияны;
  • мінез-құлықтың даралық-стильдік сипаттамалары [40].

Ресейлік зерттеушілер Ц.П.Короленко мен Т.А.Донских мінез-құлықтың барлық бұзылуын екі үлкен топқа бөледі: стандарттық емес және деструктивті мінез-құлық [41].

Стандарттық емес мінез-құлық, авторлардың пікірінше, жаңаша ойлаудың, жаңа идеялардың, сонымен қатар мінез-құлықтың әлеуметтік стереотиптерінің шеңберінен шығатын іс-әрекеттердің формасына ие бола алады. Стандарттық емес  мінез-құлыққа мысал ретінде білімнің қандай да бір саласындағы алғашқы жаңалық ашушылардың әрекетін жатқызуға болады. Ескертетін жайт, мінез-құлықтың бұл түрі «девианттылықтың» жоғарыда көрсетілген көрсеткіштеріне сәйкес келмейді және ауытқыған мінез-құлық болып есептелмейді.

Деструктивті мінез-құлық оның мақсаттарына сәйкес жіктеледі. Бір жағдайда ол әлеуметтік нормаларды (құқықтық, моральдік-этикалық, мәдени) бұзуға бағытталған сыртқы деструктивті мақсаттар, және соған сәйкес сыртқы деструктивті мінез-құлық. Екінші жағдайда – тікелей жекелік ұйымдардың дезинтеграциясына бағытталған ішкі деструктивті  мақсаттар, және соған сәйкес, ішкі деструктивті мінез-құлық. Ауытқыған мінез-құлық деструктивтік ретінде, яғни адам мен қоғамға зиян келтіретін, оны бұзатын қылық ретінде қарастырылады.

Сыртқы деструктивті мінез-құлық құрылымында Ц.П.Короленко мен Т.А.Донских аддиктивті және антиәлеуметтік мінез-құлықты бөліп көрсетті.

Ішкі деструктивті мінез-құлық тобына авторлар суицидальдік, конформистік, нарциссикалық, фанатикалық және аутистикалықты жатқызды [42].

         Деструктивті мінез-құлықтың барлық аталған формалары девианттылықтың негізгі көрсеткіштеріне жауап береді, себебі олар өмірдің сапасының нашарлауына, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мен эмоционалдық бұзылуларға, тұлғаны әлеуметтік дезадаптация жағдайына және т.б. әкеп соқтырады [43].

Ауытқыған мінез-құлықтардың пайда болу себептерін қарастыратын болсақ, оның себептерін зерттеуде үш түрлі теория бар: физикалық типтер теориясы, психоаналитикалық және әлеуметтанушылық немесе мәдени теориялар.

1.   Физикалық теория бойынша тұлғаның белгілі бір физикалық ерекшеліктері оның нормадан түрлі ауытқуларын алдын ала анықтауға көмектеседі. Физикалық типтер теориясын жалғастырушылардың қатарына Ч. Ломброзо, Э. Кречмер, В. Шелдонды жатқызуға болады. Бұл адамдардың еңбектерінде бір ғана басты идея орын алған: белгілі бір физикалық ерекшеліктері бар адамдар әлеуметтік ауытқуларды жасауға бейім келеді. Дегенмен практика көрсеткендей, бұл теорияның олқы жағы көп. «Қылмыстық» бет бейнесі бар адамдардың ішінде тірі жанға зиян келтіре алмайтындар болатыны, керісінше, түріне қарап тәртіпті деп ойлайтындардың қылмысқа барғандары да белгілі.

2.   Психоаналитикалық теорияның негізінде тұлғаның түйсігінде, санасында болып жатқан қайшылықтарды зерттеу жатыр. З.Фрейдтің теориясына сәйкес әрбір тұлғаның белсенді санасының астыңғы қабатында санасыздық жатыр – бұл біздің психикалық энергиямыз. Әр адам өзінің табиғи «заңсыздық» жағдайынан өзіндік «Менін», сонымен қатар қоғам мәдениеті арқылы ғана анықталатын «жоғарғы-Менін» қалыптастыру жолы арқылы қорғана алады. Бірақ «Мен» мен санасыздық арасында, сонымен қатар «жоғарғы-Мен» мен санасыздық арасында болатын қайшылықтар қорғанысты бұзып, мәдениетті білмейтін ішкі жағдай сыртқа шығатын да жағдайлар болады. Мұндай кездері индивидтің қоршаған ортасының әсерінен мәдени нормалардан ауытқу мінез-құлық көрініс береді.  

3.   Әлеуметтанушылық немесе мәдени теорияларға сәйкес кейбір нормаларға байланысты топтағы әлеуметтену процесі сәтсіз болған жағдайда индивидтер девиант аталады. Ал әлеуметтену процесі сәтті болғанда индивид ең алдымен оны қоршаған мәдени нормаларға бейімделеді, содан кейін қоғамның құндылықтары мен нормалары оның эмоционалдық қажеттілігіне, мәдениеттегі шектеулер оның санасының бөлігіне айналады [44].  

Көп жағдайда девиантты мінез-құлықтардың қалыптасуының басты себептері отбасылық жағдайдың нашарлығы болып табылады: отбасында қалыпты мәдени-адамгершіліктік тәрбиенің болмауы, ұлттық салт-дәстүрлерді мойындамауы, ата-аналарымен және жақындарымен қақтығыстардың жиі болуы және т.б [45].

Кейбір зерттеулерде көрсетілгендей, жасөспірім - құқық бұзушыларға интеллектуалдық және әлеуметтік қызығушылықтардың төменгі деңгейде болуы, сонымен бірге жастары бойынша ересектердің  антиәлеуметтік бағыттағы ықпалы тән. Біздің қоғамда болып жатқан әлеуметтік-психологиялық, саяси өзгерістер өзіндік дүниеге көзқарастары мен құндылықтар жүйесі қалыптаспаған жасөспірімдер  үшін қиынға соғуда. Өмірге деген тұтынушылық-өзімшілдік қатынас көптеген жастардың өзіне және қоршағандарға немқұрай қарауына әкеп соқтырады. 

  Қазіргі кездегі жасөспірім мазмұны жағынан күрделі әлемде өмір сүреді. Бұл, біріншіден, техникалық-технологиялық жаңалықтардың жылдамдығына және адамдарға жаңа талаптардың қойылуына байланысты. Екіншіден, ақпараттың сипатына байланысты, себебі жеткіншектің нақты өмірлік позициясы анықталмағандықтан, оған жаңалық пен өзгерістер терең әсер етеді. Үшіншіден, қоғамдағы экономикалық және экологиялық күйзелістер балаларда сенімсіздік тудырады. Сонымен қатар елдегі әлеуметтік, экономикалық және моральдік жағдайлардың тұрақсыздығынан жасөспірімдер басқа жас тобындағылардан гөрі көбірек қиналады. 

   Жасөспірімдердің мінез-құлық нормаларын бұзуын тудыратын көптеген себептерді анықтап, уақытында жоюға болады. Сонымен қатар девиантты мінез-құлық факторларының ішінде оның алдын алу және жою үшін қажетті шаралар әлі  табылмағандары да бар.

Бұл категорияға толығымен психологиялық-педагогикалық факторларды жатқызуға болады. Жасөспірімдердің мінез-құлық нормалары мен ережелерін бұзу себептерін анықтау кезінде біз көбінесе отбасының психологиялық климатын, жасөспірімдердің өз құрдастарымен және ересектермен эмоционалдық-психологиялық қарым-қатынасын талдауға тырысамыз. Ауытқыған мінез-құлық баланың, жасөспірімдердің немесе бозбаланың өзінің сеніміндегі, мойындаудағы, өзін қалыптастырудағы әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерін дұрыс қанағаттандыра алмағандығымен түсіндіріледі.  Жасөспірімдердің тәртіп бұзуының көп бөлігі психологиялық әрекеттің төменгі деңгейіндегі немесе норма мен паталогия арасындағы жағдайда жасалады [46]. 

Сондықтан, жасөспірімдегі ауытқыған мінез-құлықтың профилактикасы бойынша түзету жұмыстары өзіндік ерекшеліктерге ие. Оның бастапқы кезеңінде топтық түрден гөрі жасөспіріммен жеке жұмыс жүргізген тиімді болып табылады. Басынан бастап отбасымен бірлесіп түзету жұмыстарын қолдану керек. Отбасылық қатынастар мен олардың үйлесімділік дәрежесіне диагностикадан кейін жеке және топтық психокоррекциялық жұмыс жалғасуы қажет. Коррекциялық жұмыста жасөспірімнің мінезі мен қабілетінің ерекшеліктерінің негізіндегі қызығушылықтарын қалыптастыру ерекше орынды алады. Жасөспірімнің бос уақытын мейлінше азайтуға тырысу, яғни «көңіл көтеру мен істейтін іс жоқ уақытты» тұлғаны қалыптастыруда маңызды орын алатын, пайдалы істермен  (кітап оқумен, музыкамен, спортпен шұғылдану және т.б.) алмастырған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ.  ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

 

2.1 Зерттеудің  мақсаты, міндеттері мен болжамы

 

Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлықын психологиялық анықтау негізінде эксперименталды зерттеудің мақсаты мен міндеттерін және болжамын тағайындаймыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Құқық бұзған жасөспірімдердің мікез-құлық ерекшіліктерін айқындап, теориялың  тұрғыдан талдау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Құқық бұзған жасөспірімдерді  зерттеуге арналған әдебиеттерді талдау;

2. Құқық бұзған жасөспірімдерді  тұлғалық қиындықтарының көріну  формалары зерттеу;

3.    Құқық бұзған  жасөспірімдерді мінез-құлқын, ерекшеліктерін  анықтауда эксперименталды-психологиялық  зерттеулерді ұйымдастыру және  жүргізу.

Зерттеу жұмысының пәні: Құқық бұзған жасөспірімдерді мінез-құлық ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының объектісі: Құқық бұзған жасөспірімдер (14-15 жас аралығында).

Зерттеу жұмысының болжамы: Құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері бар.

Зерттеу жұмысының әдістері:

    1. М.Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі.
    2. К. Леонгардтың мінез акцентуациясын зерттеу әдістемесі.
    3. Темперамент типтерін анықтауға арналған Айзенк тесті.
    4. К. Томас әдісдемесі.

Зерттеу жұмысының базасы: Девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы (қатал режимдегі) және жалпы білім беретін №137 орта  мектеп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Зерттеу әдістемелерінің  сипаттамасы

 

  1. Темпераментті анықтауға арналған Айзенк сауалнамасы (12-17 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған).

Мақсаты – бала темпераментінің ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқау: Сіздің іс-әрекеттеріңіздің ерекшеліктері жөнінде сізге бірнеше сұрақтар беріледі. Егер сұрақтың жауабы келісемін болса, «+» белгісін қой, егер келіспеймін болса, «-» белгісін қой. Жауапты ойланбай тез беру керек, өйткені бірінші әрекетіңіз маңызды.

Мәліметтер түсініктемесі.

Әдістеме 3 шкаладан тұрады – экстраверсия - интроверсия, нейротизм және ерекше шкалалар, олар зерттелушінің зерттеуге қатынасы мен адалдық бағалауға арналған.

1. Экстраверсия – интроверсия.

Типтік экстравертке мінездеме бергенде, оның адамдармен үйрлігін, таныстарының көптігін, қарым-қатынасты қажет етуін белгіленеді. Экстраверт жағдайға байланысты әрекеттер жасайды, серпінді, ашушаң. Ол қамсыз, оңтайлы, көңілді, мейірбан. Сезімі қатаң бақылауда емес, тәуекелді қылықтарға бейім. Оған әр уақытта сенуге болмайды. Типтік интроверт – ол тынық, ұялшақ, интроектті адам, өз-өзін талдауға бейім. Ұстамды, өзін туысқандарынан басқа адамдардан алысырақ ұстайды. Өзінің іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлайды, кенеттілікке сенбейді, шешім қабылдауға байсалды қарайды, барлық кезде тәртіпті ұнатады. Өзінің сезімдерін бақылайды, оны ашыландыру оңай емес. Өнегелі нормаларды бағалайды, түңілуші.

2. Нейротизм – сезімдік  тұрақтылық

Сезімдік тұрақтылықты немесе тұрақсыздықты сипаттайды. Сезімдік тұрақтылық – ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді, стресстік және қәдімгі жағдайларда жағдайлық мақсаттықты сақтауда көрінеді. Ержетумен, жақсы бейімделумен, қатты қызулықтың, мазасызданудың болмауымен, сонымен бірге адамдармен үлесуімен, озаттықпен сипатталады. Нейротизм тұрақсыздықта, қатты ашышаңдылықта, бейімделуінің нашарлығында, көңіл-күйдің тез өзгеруінде, ұмытшақтықта, мазасыздануда және кінә сезімінде, қамсыздануда, депрессияларда, стресті жағдайладрда тұрақсыздықта байқалады. Сезімділік, серпінділік, адамдармен қатынаста ашушаңдылық, ықыласының өзгеруі, әсерлілігі, өзіне сенімсіздік нейротизмге сай сезімдер. Нейротизм шкаласында үлкен көрсеткішке ие адамдарда жағымсыз стресті жағдайларда невроз дамуы мүмкін.

Экстра-интроверсия шкаласының орташа көрсеткіштері: 7-15 балл. Нейротизм шкаласының орташа көрсеткіштері: 8-16 балл.

Егер адалдық шәкілінің көрсеткіштері 10 балдан асқан болса, онда зерттеу нәтижелері дұрыс емес және зерттелуші сұрақтарға ашық жауап беруі тиіс деп есептелінеді.

 

 

 

  1. Т. Томастың тұлғаның конфликтілі мінез-құлққа бейімділігін диагностикалау әдістемесі

 

Конфликтіні толығымен болдырмау мүмкін еместігі және конфликтілердің жағымды функцияларының анықталуына байланысты конфликті феноменіне деген қатынас өзгереді. Томастың ойынша конфликтіні болдырмауға емес, оны басқаруға зейін қою қажет. Осы мақсатта конфликт мәселесін қарастыру барысында төмендегі міселелерге назар аударған жөн: конфликтілі жағдайларда қандай мінез-құлықформалары байқалады, олардың қайсысы тиімді мінез-құлқын, өнімді мінез-құлықты қалайша күшейтуге болады.

Конфликтілі жағдайдағы адам мінез-құлқын сипаттау үшін Томас екі қлшемді модель қалыптастырды: кооперация – адамның екінші жақтың қызығушылықтарына зейін қоюы және өз мүдделеріне бағдарлану. Осы екі өлшемге сәйкес конфликтілі мінез-құлық адамдары:

  1. Бәсекелестік – қарсыласының мүдделерін ескермей өз дегеніне ұмтылу;
  2. Бейімделу - өз қызығушылықтарын екінші кезекке ысыру, қарсыласының мүдделеріне бағдарлану;
  3. Компрамис;
  4. Қашу, өз мүддесінен де сенген адамының қызығушылықтарын қанағаттандырудан бас тарту;
  5. Серіктесу кезінде конфликтіге түсуші екі жақ бір бірінің мүдделері толық қанағаттандыратындай ортақ шешімге келу.

Информация о работе Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау