Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 19:18, дипломная работа

Краткое описание

Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7
1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қалдибекова Құндыз диплом.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

Ал, бақылау тобында да, балаларда да холерик типі басым болды. Құрамы күшті, елгезек, өте баяу. Қимыл қозғалыстары батыл, шапшаң,  қызығушылықтарын оята білсе әр істі ынтамен орындайды. Ой әрекеттері белсенді. Тез сөйлеп айналасындағыларды бірден ұйытқанымен ашушаң, шапшаң, қатты қияңқы, кейде дауыстары қатты шығып кететін кездері де бар.

Психологиялық зерттеулерге сүйенсек холерик типіндегі балалар арасынан «киын мінезді» балалар көп шығады екен, яғни қылымсқа баратын балалар холерик типтегі балаларда көп кездеседі.

Зертеуде оқушылдардың эмоциялық тұрақтылықтың төмен екені байқалды, бұл күрделі конфликті қарым-қатынастар тудырады.

М. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі көрсеткіштері бойынша, адам өзін қайраткер ретінде жүзеге асыратын өнімділік құндылықтарды талдау барысында құқық бұзған жасөспірімнің инструменталды және терминалдық құндылықтар арасындағы ерекшеліктерді көруге болады (бақылау тобымен салыстырғанда). Нақты іс-әрекет мазмұнын жоғалту, өзінің уайымдары мен ойларын қандайда бір шығармашылықта көрсетуге қатты талаптану байқалады. Шығармашылық белсенділік – құқық бұзған жасөспірімнің өмірінде біршама жоғары деңгейде жүзеге асырылатын құндылықтардың бірі. Жазасын өтеп жатқан жасөспірімде өзін және отбасын тікелей қаражатпен қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, сондықтан шынында белгілі бір шығармашылық қабілетті жүзеге асыруға ұмтылыс (сурет салу,  түрлі мүсіндер жасау т.б.) және оларды жасауға  уақыт оларда бар.

Әдістеме бойынша тұлғаның әлеуметтік мәнін жүзеге асыратын құндылықтар маңыздылығы бойынша соңғы орынды алады. Мысалы, бақытты жанұялық өмір бақылау тобында маңыздылығы бойынша маңызды орынды иеленсе, ал, құқық бұзған жасөспірімдерде неғұрлым соңғы орындарды иеленеді. Мұндай жағдай мынадай құндылықтарда байқалады: жақсы және сенімді достарынығң бар болуы. Құқық бұзған жасөспірімдерді бақылау тобымен салыстырғанда өмірлік құндылықтардың жүзеге асырылуына қанағаттану деңгейі бойынша да айырмашылықтарды көреміз.

Құқық бұзған жасөспірімнің тұлғалық құндылықтарының иерархиясының бостандықтағы құрдастарымен салыстырғандағы мәнді айырмашылық, олардың өмірлік маңызды деп есептейтін құндылықтарды жүзеге асыра алмауы, яғни әлеуметтік оқшаулану жағдайымен байланысты  болады деген көзқарасымызды дәлелдей түседі. Сонымен бостандықтағы  жасөспірімдер өзінің өміріне маңызды деп есептейтін құндылықтарды жүзеге асыруға тырыса алады, ал құқық бұзған жасөспірімдер егер қандайда – бір деңгейде құндылықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік тапса да, көбісінде олардың тұлғалық маңыздылығы жоқ.

Құқық бұзған жасөспірімнің бақылау тобымен салыстырғандағы иерархия құндылықтарының маңызды айырмашылығының себебін бөлшектеп анықтау үшін, жазаны өтеу кезеңіне байланысты қылмыс жасаған жасөспірімдерге жүргізілген құндылықтарды рангілеу нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасалды. Мұнда құндылықтың маңыздылық иерархиясындағы орны, олардың түзеу мекемесіне келу уақытына қарай мәнді өзгерістерге түсуі мүмкін. Мұндай өзгерістің сипаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, құндылықтардың маңыздылық деңгейіндегі біршама тұрақтылығы бостандық және белсенді өмір көрсеткіштеріне қатысты байқалады.

  Құқық бұзған жасөспірімнің жазаны өтеудегі уақытының ортаңғы кезеңіндегі бостандықтан айырыуға бейімделу кезеңі өтіп кеткен соң, бірақ бостандыққа шығуға әлі біраз уақыт бар кезеңде таным, қызық жұмыс, материалды қамтылған өмір, даму, бақытты жанұялық өмір жоғары  құндылықтарға ие бола бастайды. Зерттеу үшін маңыздысы қылмыс жасаған жасөспірімнің жеке құндылықтары және бұл құндылықтардың олардың өз өмірлеріндегі жүзеге асуына қанағаттану деңгейінің салыстырмалы түрдегі өзгеруі болады.

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

Қорытынды

 

Біздің қоғамымызда жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда. Ал қазіргі кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық, зорлық, бұзақылық т.б. қылмыстық әрекеттер мен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі.

Жасөспірімдер арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді. Сонымен қатар, қаталдық пен агрессивтілік пайда болып, қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлықындағы қиындықтарды психологтар дер кезінде анықтап, психологиялық жұмыстар жүргізу керек.

Біздің зерттеу жұмысымызда жүргізілген әдістемелерден төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік: К. Леонгард әдістемесі бойынша акцентуацияның негізгі типтері: Демонстративті тип, Тұрып қалушы тип, Гипертимді тип, Циклотимді тип, Козғыш тип, Педантты тип, Эмотивті тип, Экзальтацияланған немесе Лабильді тип, Мазасыз тип, Шоғырланушы тип. Жүргізілген зерттеуде эксперименталды топта балаларда Демонстративті тип – 20%, Тұрып қалушы тип – 6,6%, Гипертимді тип – 26,6%, Циклотимді тип –20 %, Козғыш – 13,3%, Педантты тип – 6,6%, Эмотивті тип – 6,6% акцентуация типтері кездессе, бақылау тобында Демонстративті тип – 20%, Тұрып қалушы тип – 6,6%, Гипертимді тип – 46,6%, Циклотимді тип – 13%, Козғыш – 13% акцентуация типтері кездесті.

Бақылау тобында қарағанда, эксперименталды топта акцентуация типтері басым болды.

Темперамент типтерін анықтауға арналған Айзенк тесті бойынша эксперименталды топта Холерик – 73,3%, Сангвиник – 20%, Флегматик – 0%, Меланхолоик – 13% типтері анықталса, бақылау тобында Холерик – 46,6%, Сангвиник – 26,6%,  Флегматик – 6%, Меланхолоик – 6% типтері анықталды.

Жалпы зерттеулерге сүйенетін болсақ, қиын мінезді балалардың басым бөлігі  холерик типіндегі балалар болып келеді екен.

К. Томас әдістемесі көрсеткіштері бойынша, гипертимдер арасында бәсекелестік пен бейімделу стилдері анықталғандар басым болды.

Қозғыш типтер арасында бәсекелестік, демонстративті мінез акцентуациялары басым болды (эксперименталды топта анық байқалды). Бейімделу де, қашу стилдері де кездесті.

Айзенк тесті бойынша да, эксперименталды топта мен бақылау тобындада холерик типі басым болды.

М. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі көрсеткіштері бойынша, адам өзін қайраткер ретінде жүзеге асыратын өнімділік құндылықтарды талдау барысында құқық бұзған жасөспірімнің инструменталды және терминалдық құндылықтар арасындағы ерекшеліктерді көруге болады (бақылау тобымен салыстырғанда). Нақты іс-әрекет мазмұнын жоғалту, өзінің уайымдары мен ойларын қандайда бір шығармашылықта көрсетуге қатты талаптану байқалады. Шығармашылық белсенділік – құқық бұзған жасөспірімнің өмірінде біршама жоғары деңгейде жүзеге асырылатын құндылықтардың бірі. Жазасын өтеп жатқан жасөспірімде өзін және отбасын тікелей қаражатпен қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, сондықтан шынында белгілі бір шығармашылық қабілетті жүзеге асыруға ұмтылыс (сурет салу,  түрлі мүсіндер жасау т.б.) және оларды жасауға  уақыт оларда бар.

Жұмыста құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері бар деп болжам қойылған болатын, зерттеу барысында болжам дәлелденді.

Психологтар, ата-ана, мұғалімдер баланың ішкі жан дүниесін түсіне білуі шарт. Мінез-құлқы қиын оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.

Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтар әртүрлі қылмыстық әрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Бұны зерттеу барысында дәлелденді. Осындай құқық бұзатын жасөспірімдердің қиын мінез-құлқын алдын алып, түзету үшін әрбір педагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, әрбір жасөспірімдердің дербес ерекшеліктері мен мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес жұмыстар жүргізу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қ.Р. Ата заңы. Алматы,1995.Толық тарауларымен 21.05.2007 ж.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Алматы. Білім.1998ж.
  3. Божович Л.Л. Личность и ее формирование в детском возрасте- М. 1968. – 322 бет.
  4. Реан А.А. Психология подростка. Мосва, Олма-пресс, 2005.-429с.
  5. Копыстынский Е.А. Этот опасный возраст. Москва, знание. 1982.

6. Шульга Т.И., Олиференко  Л.Я. Психологические основы работы  с детьми группы риска в учреждениях социальной помощи и поддержки. Москва. 1997г.

7. Короленко Ц.П. Донских  Т.А. Семь путей к катастрофе: Деструктив, поведение в современном мире. Новосибирск, 1990.

8. П.П. Бельский. Избранные педагогические и психологические соченения в двух томах. Том 2. педагогика, 1979.

9. Личко А.Е. Психопатии  и акцентуации характера у  подростков. Л., 1983.

10. Беличева С.А., Фокин В.М. Социальная профилактика откланяющегося поведения несовершеннолетних как комлекс охранно-защитных мер. Консорциум, 1993.

11. Платонов К.К. Психология способностей. М., 1972.

12.  А.Ф. Бурлачук. Иследование личности в клинической психологий. М.-1986.

13. Чуфаровский Ю.В. Юридическая психология. Москва. 1997.

14. Эрик Берн. Психика в действии. М., Литур. 2000г.

15. Г.М. Миньковский. Криминология. Учебник. М.,1988.

16. Кудрявцева В.Н.  Личность  преступника. М. – 1975ж.

17. Костицкий М.В. Психологические  методы в борбе с правонарушениями. Киев, 1991.

18. Сахаров А.Б. О личности преступника и причинах преступлени. Москва: 1992.- 83-84 б.б.

19. Ратинов А.Р. , Ефремова  Г.Х. Правовая психология и преступное  поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.- 37 – 40б.б.

20. Тилеубергенова Е.В. Криминалистические  проблемы: использование психолого-педагогических  знаний при расследований преступлений несовершеннолетних. Алматы: 1998ж.

21. Золотухина Е.В. Чухраев  Б.М. Почему они такие? заметки  о правонарушениях подростков. Карелия, 1989.

22. Бартол, Курт . Психология  криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс, 2004.- 46 – 47 б.б.

23. Еникеев М.И.  Общая, социальная и юридическая психология. Учебное пособие для вузов.Москва, 2002.

24. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. Учебник. – М., 1996.

25. Еникеев М.И.  Общая  и юридическая психология.

Москва, Политиздат, 1989.

26. Психологический словарь./под.ред. В.В.Давыдова. Ф.Ломова и др/. М: 1983.

27. Ерменбетова Л. «Кәмелетке  толмаған жасөспірімдер арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын-алудағы  құқықтық тәрбиенің рөлі». //Юриспруденция  сериясы вестник КазНПУ. 2006.- №1.

28. Абдрасулов Е. «Кәмелетке  толмаған жасөспірімдер арасында  құқық бұзушының алдын-алу».// Заң. 2005.- №6.

29. Еникеев М.И. «Юридическая  психология», Питер, 2005.

30. Образцов В.А. Криминалистическая  психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.

31. Надбаев Х.С. Крименология. Алматы, 2002.

32. Райс Ф. психология подросткого  и юношеского возраста. Алматы, 2002.

33. Психологическая сущность  агрессивности и ее проявления  у детей подросткового возраста. Москва. 1991.

34. А.Ф. Парницев. Трудные дети и трудные взрослые. – М.: Просвещение, 1991.

35. В.М. Бехтерев. Внушение и его роль в общественной жизни. Москва, 1983.

36. Аверин В.А. Психология  детей и подростков. Учеб.пос. 2-изд. 1998.-379с.

37. Антонян Ю.М. Психологические особенности осужденных за кражи личного имущества и индивидуальная работа с ними. Учеб. Пособ. Москва 1989.

38. Алмазов Б.Н. Психическая  средовая дезадаптация несовершеннолет-    них. Свердловск, 1986.

39. Батку И.Г., Мартынчик  Е.Г. Социально-правовые факторы преодоления антиобщественного поведения подростков. Штиница, 1988.-203с.

40. Мягков И.Ф. Вакторы  педагогической запущенности и

психологические вопросы коррекции делинквентного поведения несовершеннолетних. Воронеж, 1983.-142с.

41. Мягков И.Ф. Психологические проблемы предупреждения педагогической запущенности и правонарушений несовершеннолетних. Воронеж, 1982.

42. Домодедова. Психологическое  изучение осужденных

     несовершеннолетних. Учеб.пос. 1991.

43. Арықбаев М.С. Теория  жизни. Алматы, 2004.

44. Головей Л.А., Рыбалко  Е.Ф. Практикум по возрастной психологии. СПб: Речь, 2005.

45. Ерменбетова Л. «Кәмелетке  толмағандардың тұлғалық ерекшеліктері».// Заң. 2002. №8.

46. Волков Б.С. Мотивы преступлений. Казань. 1982.

47. Түңлікбава Э.М. Психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі ықтималды статистикалық әдістер. Алматы, 1999.-ҚҰ-43 б.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1.

 

Темпераментті анықтауға арналған Айзенк тесті

(12-17 жас аралығындағы  жеткіншектерге арналған).

 

  1. Өзіңнің айналаңда шуды және әбігершілікті ұнатасың ба?
  2. Сені жұбататын достарыңды жиі қажет етесің ба?
  3. Сабақта отырмаған кезіңде сенен бір нәрсе сұрағанда жауапты тез таба аласың ба?
  4. Сен кейде ашуланшақ боласың ба немесе ызаланасың ба?
  5. Сенің көңіл күйін жиі өзгеріп тұрады ма?
  6. Саған достарыңмен кездескеннен, жалғыз болған ұнайды ма?
  7. Түрлі ойлар сенің ұйықтауыңа кедергі жасайтын кездер болады ма?
  8. Саған айтқандығ дәл солай істейсің бе?
  9. Басқалармен әзілдескенді ұнатасың ба?
  10. Еш себепсіз өзіңді бақытсыз сезіндің бе?
  11. Сен көңілді адамсың ба?
  12. Мектеп ережелерін бұзған күндерің болды ба?
  13. Сені көп нәрсе ашуландырады ма?
  14. Жылдамдықты керек ететін жұмыстарды ұнатасың ба?
  15. Бола жаздаған бірақ соңы жақсы біткен оқиғаларды көп уақыт уайымдап жүресің бе?
  16. Саған сеніп кез келген құпияны айтуға болады ма?
  17. Зерігіп отырған балалардың көңілін көтере аласың ба?
  18. Кейбір кездері еш себепсіз жүрегің қатты соғады ма?
  19. Біреумен достасу үшін бірінші қадам жасайсың ба?
  20. Өтірік айтқан кездерің болды ма?
  21. Сен істеген жұмысыңынан адамдар кемшілік тапса қатты ренжисің бе?
  22. Достарыңмен қызық әңгімелер айтып, әзілдескенді ұнатасың ба?
  23. Еш себепсіз шаршайсың ба?
  24. Сен бірінші сабағыңды орындап сосын ойнайсың ба?
  25. Сен әдетте разы емес көңілдісің, солай ма?
  26. Көп ренжисің ба?
  27. Басқа балалармен ойнағанды және әңгімелескенді ұнатасың ба?
  28. Тұрмыста жақындарыңа көмектесесің бе?
  29. Басыңның айналған кездері болады ма?
  30. Біреулерді ыңғайсыз жағдайға қоғанды немесе біреуге күлгенді ұнатасың ба?
  31. Бір нәрседен жалыққан кездерің жиі болып тұрады ма?
  32. Мақтанғанды ұнатасың ба?
  33. Басқа балалардың арасында үндемей тұрасың ба?
  34. Сен қатты толқығаннан бір орында отыра алмай кететін кездерің болады ма?
  35. Бір нәрсеге тез шешіле аласың ба?
  36. Мұғалім жоқ кезде сабақ уақытында шулайсың ба?
  37. Қорқынышты түстерді жиі көресің бе?
  38. Бәрін ұмытып, достарыңның арасында жақсы көңіл көтеріп отырасыі ба?
  39. Сені ренжіту оңай ма?
  40. Біреуді жамандаған күндерің болды ма?
  41. Өзіңді бейқам, қамсыз деп санайсың ба?
  42. Өзің ыңғайсыз жағдайға түскен кезіңде көп уақыт уайымдап жүресің бе?
  43. Шулы және қызықты ойындарды жақсы көресің бе?
  44. Саған ұсынған тамақтың барлығын жей бересің бе?
  45. Сенен бір нәрсе сұранса жоқ деп жауап беру қиын ба?
  46. Қонаққа жиі барғанды ұнатасың ба?
  47. Өмір сүргің келмей кететін кездерің болады ма?
  48. Ата-анаңа дөрекі болған кездерің бар ма?
  49. Сені көңілді адам деп санайды ма?
  50. Сабағыңды орындаған кезіңде көңілің басқа жаққа алаңдайды ма?
  51. Үлкен думанға қатыспай, жанынан қарап отырғанды ұнатасың ба?
  52. Түрлі ойлардан ұйықтай алмайтын кездерің болды ма?
  53. Саған тапсырылған жұмысты орындай алатыныңа сенімдісің ба?
  54. Жалғысырау сезімде боласың ба?
  55. Бейтаныс адамдармен бірінші сөйлеуге ұяласың ба?
  56. Кеш болғанда бір нәрсе істеуді жиі шешесің бе?
  57. Саған баланың біреуі айқайласа сенде оған айқайлайсың ба?
  58. Кейбір кездері еш себепсіз өзіңді қайғылы немесе көңілді сезінесің бе?
  59. Қонақта, шыршада шын риазлық алуға болады деп есептейсің бе?
  60. Бір нәрсені ойламай істегеніңе жиі толқисың ба?

Информация о работе Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау