Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 19:18, дипломная работа

Краткое описание

Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7
1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қалдибекова Құндыз диплом.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

  Ығысу арқылы сіз өзге үшін өз қызығушылықтарыңыздан бас тартасыз, сіз басқа тәсілдерден нәтиже болмаған соң осы арқылы конфликті жағдайды жеңілдетіп, партнеріңізбен жақсы қарым-қатынасты қалпына келтіресіз. Алайда сіз жетістікпен тыныштала алмайсыз. Әрине, егерде сіз үшін нәтиже толығымен қанағаттандырса, оны тез арада басыңыздан шығарып тастай аласыз. Егерде, кішкене болсын қанағаттанбағандықты сезінсеңіз, онда өзіңізде күш жинап, бұл проблемаға қайта оралуға не өзіңіз күткен конфликтіні шешуде жақсырақ тәсілді қолдануыңыз мүмкін.

Компромисс стилі.

  Алдыңғы стилде бір жақтың ығысу негізделсе, компромистің негізінде өзара ығысу жатыр. Әр партнер өз талаптарын азайтады, жартылай болсын қанағаттандыру үшін өз қызығушылықтарынан шегінеді. Нәтижесінде екі жақта өз тілектерін азырақ болсын қанағаттандырады, қарама-қарсы жақтың да тілегін жартылай қанағаттандырады. Парттерлардың іс-әрекеті әріптестік стиліне (келесіден көріңіз) ұқсас, бірақ жоғары деңгейде өтеді. Бұл жерде жасырын қажеттіліктер мен қызығушылықтарды көрсету туындамайды, өзара әрекетте жағдай тек сырттай, тақырып мәселесінде ғана өрбейді. Компромис стиліне екі жақта бір нәрсені қалап, алайда жоғары нәтижеге мұндай жағдайда жету мүмкін емес екенін білгенде ғана барады. «қасқыр да тоқ, қой да аман» жағдайына бір уақытта жету мүмкін емес. Екі адамда қарбалас жағдайда екеуіде бір нәтижеге жетуге тырысып жатқанын біледі және оған жету үшін бір-біріне кедергі келтіреді, қарама-қарсылық туындау арқылы бір нәтижеге жету мүмкіндігі азаяды. Кейбір жағдайларда компромис жағдайды шешуде жалғыз мүмкіндік болуы мүмкін.

Компромисс стилі келесі жағдайларда тиімдірек:

  • Екі жақта бірдей дәрежеге ие және өзара қызығушылықтары бірдей деңгейде болған жағдайда;
  • Сіз уақытыңыздың жоқтығынан тез арада шешімге келуіңіз керек; бұл тәсіл қосымша күш пен ресурстарды кетіруден сақтануға мүмкіндік берсе; бүгінгі компромисс бұданда маңызды шешімге келуде күш пен ресурсты бағыттауға немесе болашақта қосымша өндіріс сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін болса;
  • Аз уақыттық нәтижеге, шегініске, аялдауға жету арқылы сіз бұданда шұғыл жағдайды шешуге қолдануыңыз мүмкін;
  • Бұл проблеманы шешудегі басқа тәсілдер тиімсіз немесе болашақта қосымша кедергілер тудыратын болса;
  • Өзіңіздің тілегіңіздің қанағаттануы сіз үшін қатты маңызды емес, сіз өз шешіміңізді бірнеше рет өзгерте алсаңыз;
  • Компромисс өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік беретін болса;
  • Барлығын жоғалтқаннан гөрі кішкене болсын нәтижеге жетуді қаласаңыз;

Компромисті шешімді қарапайым әңгімелесу жолымен шешеді: жеке және кездескен ұсыныстарды тыңдау, сәйкес келетін қызығушылықтарды табу, партнер үшін қабылданған шегіну формаларын талқылау және т.б. Осы арқылы бірінші компромисс аз уақытқа құрылса, кез-келген уақытта проблемаға оралып, конфликтіні шешудің басқа бағытын таңдауы мүмкін.

Әріптестік стилі.

Бұл стилдің негізінде партнердің проблемасын шешуде қарама-қарсы жақты теңқұқылы, тең қызығушылыққа ие ретінде қарап, оған көмектесе отырып, өзің үшін және бір уақытта ұқсас нәтижеге жету үшін, қалаған нәтижеге бірге жету жатыр. Мұнда өзара әрекеттесуші жақтар сырттай «сурет» жағдайында емес, партнерда да, өзінде де бар жасырын қажеттіліктер, қамқорлық, қызығушылыққа көңіл аударады. Проблеманы шешу прцедурасы екіжақтама тиімді нәтижені іздеу және ситуациядағы барлық қатысушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға тырысады. Бұл стилдің қиындығы сонда, мұнда өзара әрекетке түсуші партнерлар өздері не қалайтындарын, қандай нәтиже тиімдірек екенін есепке алмай қатысады.

Мұндай жағдайларда проблема қарама-қарсы жақтыңда әріптестік стилінде болғанын қалауымен туындайды. Қарама-қарсы жағдайда өз қажеттіліктеріңізді ашық айту арқылы сіз сенімділіктен шығуыңыз, қосымша кедергілерді туындатуыңыз мүмкін. Мұндай кездесуге баратын болсаңыз, көрініп тұрған нәтижені талқылап босқа уақыт кетірмеңіз, одан да жасырын қызығушылықтар мен қажеттіліктерді іздеп, екі жақтың да тілегін қанағаттандыру тәсілін жасау керек. Сонымен қатар, өз қалауыңызды түсіндіріп, өз қажеттіліктеріңізді ашып айту, бір-біріңізді тыңдау, проблеманы шешудің әртүрлі үлгілерін қалыптастыру.

Басқа стилдер тиімді болса да, мынадай жағдайларда әріптестіктен бас тартпау керек:

  • Екі жақ үшінде өмірлік маңызы бар проблеманы шешуде, ешкімде артқа қайтқысы келмесе;
  • Сіз онымен тату, ұзақ уақыттық және өзара байланысты басқа жақтан байланыстасыз, сізді партнерыңыздың көңіл-күйі алаңдатады, оны және өзіңізді қолайлы жағдайдағы бұдан әрі дамитын қарым-қатынас орнатуыңыз керек;
  • Сізде туындаған проблеманы қайта өңдеуде перспективті жоспарлар құруға, толық бейтараптанған фактілерді шартпен қамтамасыз етуге, осы кезде және үнемі пайда болатын конфликтерді шешуге уақыт болған жағдайда;
  • Сіз және басқа адам проблема және екі жақтың тілектерін жайлы хабарлайсыз, бір-біріңізді сыйлайсыз және сізді қанағаттандыратын шешімді іздеуге және талқылауға бірге дайын болған жағдайда.

Тек әріптестік стилі ғана бір-бірінің тең құқықтығы мен мүмкіндіктерін ескеріп, тапсырманы шешуде екі жақтың қызығушылықтарын анықтап, қанағаттандыруға тырысады. Тіпті, әріптестік стилі қосымша шығын мен көп уақытты кетірсе де, айналадағылар осы стилді өмірлік стратегиясы сапасында таңдаған адамды жақын адамдарымен қарым-қатынаста жақсы нәтижеге жететіндігін, «әріптестік» субъектісіне әрекет ету аймағында барлық қатысушылардың даму деңгейімен салыстырғанда оның стратегиясы нәтижелі болатынын мойындайды.

 

 


 


 




Информация о работе Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау