Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 19:18, дипломная работа

Краткое описание

Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7
1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60
ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қалдибекова Құндыз диплом.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

Алайда жасөспірімнің физикалық және адамгершілік жағынан дамуы әлі аяқталған жоқ, бүл оның іс-әрекеттері мен қылықтарының сипатынан байқалады. Жеткіншек жасында организмде биологиялық терең өзгерістер жүреді өсу жылдамдайды, жыныс бездерінің секрециясы күшейеді, қарқынды физикалық даму басталады. Организмдегі биологиялық өзгерістер психикалық дамуға да әсер етеді. Жеткіншек кезеңі бастапқы кезіндегі тепе-теңдік бұзылады: өз тұлғасына қызығушылық, айналасындағыларға сыни көзбен қарау пайда болады, мінезіндегі ерекшеліктер байқалып, қылықтары өзгереді.

Жасөспірім кезеңде мінездің психикалық жарақат алу мүмкіндігін арттыратын және мінез-құлық нормаларынан ауытқитын кейбір қасиеттері пайда болады. Көптеген жасөспірімдердің сезімдері, ойлары, әрекеттері тұрлаусыз болып келеді. Бұл:

а) елгезектік пен сылбырлық арасындағы қайшылық;

б)  көңіл-күй өзгерістеріне алып келетін қызбалық пен сылбырлықтың тез ауысып отыруы ретінде көрінеді.

Импульсивтілік пен көңіл-күй тербелістері жасөспірімдердің ойы мен қылықтарына ықпал етеді. Олардың бір пікірге келуі жылдам және тез өзгереді. Өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалай бермейді, дос таңдауда көбінесе қателесіп жатады, кездейсоқ жанжалдарға килігеді.

Бірқатар психологтар жасөспірім кезең ауыр «апаттар» кезеңі деп есептейді, торығу мен үмітсіздік ахуалы, агрессивтілік, қаталдық, қылмыс істеуге бейімділік туралы айтып өтеді.

Л.И. Божовичтің көрсетуінше, жасөспірімдердің моральдық саласында екі ерекшелік пайда болады:

а)   қоғамдық   мінез-құлық   пен   адамдар   арасындағы   өзара  қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне байланысты мәселелерге жіті назар аударуы;

б)  салыстырмалы түрде тұрақты және кездейсоқ ықпалдардан тәуелсіз моральдық көзқарастар, пікірлер, баға беру қалыптаса бастайды [3].

Жасөспірім кезеңіне жоғары эмоциялық қозғыштық қасиеті тән, «ұстамдылық» жүйесі мен өз мінез-құлқын саналы түрде бақылау нашар дамыған, сондықтан да жасөспірімдер ойлары мен пікірін өзгертуге уақыт кетіргенді ұнатпайды, тез іске көшеді. Бұл қасиеттер көбінесе құқыққа қайшы әрекетке алып келеді немес оларды жасы үлкен құқық бұзушылар пайдаланады, кәмелетке толмағандар тарапынан ойланбай әрекет жасау мүмкіндігі туралы білетін олар оңтайлы сәтті тауып, жасөспірімдерді қылмыс істеуге тартады.

Кейбір жасөспірімдерге олардың тұрмыс және тәрбие шарттары белгілейтін дөрекілік, өжеттік, шамшылдық қасиеттері тән және осы жаста көп кездесетін мінез-құлық кемшіліктерінің бірі – қырсықтық. Өтірікке түрткі болатын нәрселер көбінесе:

а) жауапкершілік пен жазадан қорқу;

ә) қылмысқа қатысушылар немесе олардың туыстары мен достары тарапынан кек алу қорқынышы;

б)  достықты дұрыс түсінбеушілік және осыған байланысты "сатқын" атанудан қорқу;

в) құрдастарының назарын аудару, таңғалысын тудыру тілегі [4]. Жасөспірім кезеңде жекелеген жағымды қасиеттерді дамытуға, кемшіліктерді жеңуге бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік дамиды. Жасөспірімдер осылайша өзінің сүйікті кейіпкеріне, мұғаліміне және т.б. ұқсауға тырысады. Бірақ, кейбір жағдайларда адамгершілік категориялары мен ұғымдары туралы дұрыс және жан-жақты түсініктерінің болмауынан жасөспірімдер оқиғалар мен адамдардың мінез-құлықтарын бағалауда қателесіп жатады. Кейбір жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан жағымсыз тұлғаларға ұқсас болғысы келіп, еліктейтіні бекер емес. Жасөспірімнің адамгершілік сенімдері қате, теріс болуы мүмкін. Және олар кейбір моральдық нормалар туралы теріс түсінікте болуы себепті немесе жасөспірімдердің жекелеген кішігірім топтарында қабылданған моральдық құндылықтар жүйесінің кесірінен қылмыс істеуі мүмкін. Қылмыстың өзінен де жасөспірім ерлік, батырлық, ептілік қасиеттерін көруі кездеседі.

Бұл жас ерекшеліктері бәрінен бұрын 14-15 жастағы жасөспірімге тән. 16-17 жастағы жасөспірімдерде физикалық және ақыл-ой дамуы процестері жалғасады, бірақ осы кезеңнің соңына қарай қарқыны бәсеңдейді. Жасөспірімдердің импульсивтілігі азайып, эмоционалдық тұрақтылық пайда болады; жүйке жүйесінің түріне қарамастан, олар 14-15 жасар жеткіншектерден гөрі ұстамдылау және салмақтырақ. " Ересек жеткіншектік кезең - бұл жасөспірім өз мінез-құлқында басшылыққа ала бастайтын адамгершілік қағидаларының, сенімдерінің қалыптасатын уақыты". Дегенмен, өздерінің физикалық және ақыл-ой қасиеттері бойынша олардан  жасөспірімдерге әлі де ұқсастықтары көп: физикалық және рухани кемелденуге жеткен жоқ; оларға әлі де 14-15 жасар балаларда болатын қасиеттер тән ("ерексек болып көріну" сезімі, өзін көрсетуге ұмтылу, т.б.). Бұл жаста айналадағы адамдардың жасөспірімдерге неғұрлым жоғары талаптар қоюына және олардың құқықтарын, әсіресе, дербестікке құқығын мойындауға мүмкіндік беретін бірқатар психологиялық қасиеттері қалыптасады.

Алайда, психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дербестікке ұмтылу үшін отбасында дұрыс үлгі көрсететін біреудің, жақын айналысында беделді, абыройлы адамның болуы қажет, сонда ғана жасөспірім одан үлгі кеңес ала алады. Үлкендердің тәжірбиесі негізінде бала қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін, туындаған мәселелерді өз бетімен шешуді үйренеді.

Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-құлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін "үлкен сезінуге", өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының құрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, "ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты құралдарының болмауы себепті мінез-құлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз тұлғасын бұзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады" [5].

Жасөспірім кезеңінде "әлсіз" атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.

Жасөспірім жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.

Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас.

Делинквенттіліктің әлеуметтік және психологиялық анықтамалары мәнді шамада бір-бірлеріне сәйкес келуі мүмкін, бұл жерде екеуі де заңның анықтамасымен қиылысады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, делинквенттіліктің құрамына жол беруге болмайтын жасөспірімдердің әр түрлі, яғни агрессивті мінез-құлқы, қыдырулар, кішігірім ұрлық,  немесе есірткі қолдану сияқты әрекеттері енеді. Делинквенттіліктің психологиялық анықтамасының құрамына мінез-құлықтың бұзылуы мен антиқоғамдық мінез-құлықтар кіреді. Мінез-құлықтың бұзылуы – бұл әдетке айналған дұрыс емес қылықтармен сипатталынатын мінез-құлықтық паттерндердің бүтіндей класын белгілеу үшін қолданылатын диагностикалық ұғым. Әдетке айналған дұрыс емес қылықтарға: ұрлық, өрт қою, үйден кету, мектептен қашулар,  төбелестер, жануарлар мен адамдарға мейрімсіз қатынас жасау және әдетке айналған өтірік айту сияқты қасиеттер жатады [6, 33-35 б.б.].

Құқық бұзған барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың бірі психолог А.Я. Колодная делинквентті мінез-құлық ерекшелігі бар жасөспірімдерді мынадай үш топқа жіктеген болатын, олар:

1. ата - аналары тарапынан  бақылау жасалынбағандықтың нәтижесінде  жағымсыз микроортаның әсеріне кез болған, психикалық және физикалық дендері сау жасөспірімдер;

2. жүйке жүйесінде ауытқулары  бар, оңай қозатын, жағымсыз әсерлерге  оңай берілетін және жанұясы  мен мектептен тиісті тәрбие  алмаған жасөспірімдер;

3. психикалық жүйке ауруларына шалдықпаған, алайда толығымен дендері сау деп есептеле алмайтын, шекаралық күйдегі жасөспірімдер.

Бұл жердегі құқық бұзған жасөспірімдердің Ц.П. Короленко бойынша ұсынылған жіктелуі өте жалпы болып табылады. Оның классификациясы қылмысқа барған жасөспірімдерге медициналық, медико-педагогикалық және тәрбиелеудің күшпен жасалынатын шараларын қолдану мүмкіндігіне бағдарланған ( егер жауап беруге қабілеттілік шегіндегі психикалық ауытқулары бар адамдар туралы айтылса ). Бұл жерде құқықтық аспект айқын анықталмаған, және қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері ашылмаған [7].

Құқық бұзған жасөспірімдердің тағы бір классификациясын жасаған П.П. Бельский болатын. Ол өз кезегінде құқық бұзған жасөспірімдердің –  антиқоғамдық мінез-құлық мотивациясын негізге ала отырып жіктеуді ұсынған. Ол құқық бұзған жасөспірімдерді мынадай топтарға бөлген:

1) қарапайым және төменгі  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  белсенді талпынушы жасөспірімдер;

2) ерік-жігердің және сенгіштіктің  әлсіздігінен арбауларға оңай берілетін жасөспірімдер;

3) арманшыл жасөспірімдер;

4) истерияның немесе психопатияның  әсерінен әрекет етуші жасөспірімдер;

5) моральдық және ақыл-ойлық  дефектілері бар жасөспірімдер.

Осы П.П. Бельскийдің тұжырымдамасын ұстана отырып, Г.Г. Бочкарева қылмыс жасаған жасөспірімдердің үш типін бөліп көрсеткен, олар: «өкінетіндер», «конфликтілі еместер», «циниктер». Автордың бұл жіктеуі  айыпты адамның жасаған қылмысын бағалауына негізделген және белгілі-бір шамада оның құндылық бағдарын бейнелейді.[8.54-63]

А. Е. Личко жасөспірімдердің мінез ауытқуларының ішінде жүріс-тұрысынан көрініс беретін бірнеше түрлерін анықтаған. Олар:  
1. Ішімдікке салыну (маскүнемдік). Бұл құбылыс күннен күнге көбейе түсуде. Бұл заңдылыққа сай мәселені салыстырмалы-әлеуметтік зерттеушілер мына тұжырымдарға келді:  
- Әлеуметтік-құқықтық жағдайларды бұзатындар ішінде ішімдікті пайдаланатындардың жиі кездесуі;  
- Ішімдік пайдалану әлеуметтік бақылаудың спецификалық түрлерімен байланысты. Кей жағдайларда бұл құбылыс белгілі бір қажетті ритуал элементтерімен байланысты болса, басқа жағдайларда жүріс-тұрысының антинормативтік көрінісі ретінде кездесуі;  
- Ішімдік, әдетте ішкі комфорттан тасымалданып, тұлғаның өз тәуелділік сезіміне негізделеді.  
2. Нашақорлық. Есірткілерді пайдаланған кезде жасөспірімдер белгілі бір жаман қылық жасауы мүмкін. Осыдан қылмыс жасау, ұрлықтар, кісі өлтіру саны көбейеді. А.Е.Личко бойынша, нашақорлықтың түрлі деңгейлері бар.  
Олар:  
- Бір рет немесе сирек пайдаланатын нашақорлар;  
- Физикалық және психикалық тәуелділік белгілерсіз жиі қолдану;  
- Психикалық тәуелділік қалыптасуында жағымды сезімдерге бөлену үшін әлі есіркі заттарға физикалық тәуелділік болмаған кездегі нашақорлықтың бірінші кезеңі;  
- Нашақорлыққа физикалық тәуелділік болатын екінші кезең;  
- Толықтау психикалық және физикалық деградация. Бұл үшінші кезең болып саналады.  
3. Агрессивті мінез-құлық. Жасөспірімдер агрессиясы олардың өмірлік сәтсіздіктерге ұшырауының нәтижесінде өз-өзін сыйлауының төмендеп, қатыгез адамға айналуымен сипатталады. Мұндай қатігездік отбасында әбден еркелетіп өсірген, өз істеріне жауап бере алмайтындарда да кездеседі.  
4. Суицидиалды мінез-құлық. Осы бағытта ғалым А.Е.Личко жасөспірімдердің мінезіне зерттеу жүргізген. Нәтижеде 17 жастағы жасөспірімдердің 32%-ы суицидалды әрекетті жасауға бел буғанын анықтаған. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына түрткі болатын конфликтілік жағдайларының алдын алу, жетелеген қолайсыз психологиялық климатты болдырмау бұл әрекеттерге тосқауыл болуға мүмкіндік туғызады [9].  
Әлеуметтік ауытқуды С. А. Беличева «девиантты мінез-құлық» деп атап, оларды төмендегідей етіп топтастырды:  
- Пайдақорлық бағыттағы девиация: материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б. құқық бұзу, түрлері);  
- Агрессивті бағыттағы девиация: адамгершілікке кері бағытталған әрекеттер жасау (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау);  
- Девиацияның әлеуметтік енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид) белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару.  
Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстың реттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі негізінде қарастырылады. Сондықтан бір жағынан баланың мінез-құлқында теріс белгі, дабыл, нышанның пайда болуы, дамуы, екіншіден, жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сапа көрсеткішінің төмендеуіне алып келеді  [10].  
         Мінез-құлықтағы кертартпалық жағымсыз жағдай немесе өмірдегі жүйелі, бір жақтылы әрекет біртіндеп жиналып кейіннен өткір кедергіге әкеледі. Кертартпалық мінез-құлықтың деңгейіне қырсықтық, шектелу, қашу, агрессия жатады. Бұл мінез көрсеткіштері белгілі бір психологиялық жағдайларда пайда болып, жеткіншек оның мән-мағынасына түсініп, одан арылуға ниет етіп, күш салғанда жоюға болады. Егер сол ыңғайсыз жағдайлар қайталана берсе, психологиялық «толық емес» сезім қалыптасады. Мінез-құлықтағы белсенділікпен және енжарлықпен икемделу топ ішінде немесе жеке әрекеттер арқылы жүреді. Мұндай жағдайлар орын алмаған кезде мінез-құлық бұзылып, агрессия, қойылған талапты орындаудан қашу секілді әрекеттер байқалады. Мінез-құлықтың сипатына қарай өзара әрекеттерінің тәсілдеріне байланысты және қоғам нормаларының бұзылуына сәйкес К. К. Платонов девианттық мінез-құлықты бес түрге бөліп көрсеткен: 

1. Делинквенттік  мінез-құлық (әрекетке шектен тыс  күш салу);  
2. Аддиктивті мінез-құлық;  
3. Патомінездік мінез-құлық;  
4. Психопатологиялық мінез-құлық;  
5. Гиперқабілеттілік базасындағы мінез-құлық [11]. 

Адамның қылмыстық мінез-құлқы түрлерінің бірі - делинквенттік мінез-құлық, бұл қылмыстық жазаға тән жағдайлардағы ауытқулар. Делинквенттіліктің, криминалдық мінез-құлықтың басқа девиация түрлерінен айырмашылығы құқық бұзылушылықтың ауырлығында, қоғамға қарсы көрсетілген әрекеттің сипатында. Құқық бұзушылықты қылмыс және шектен тыс әрекеттер деп екіге бөлінеді. Шектен тыс әрекеттердің мағынасы тек қоғамға қауіп келтіру емес, заңға қарсы әрекеттерімен ерекшеленеді.  
К. К. Платонов қылмыскерлік девиацияны тағы жіктеп келесі түрлерге бөлген:  
1) қылмысты қайталауға іш тартып, соған сәйкес қылықтарымен айналысуға құмарлықтың орын алуымен байланысты қылмыс жасайтындар;  
2) ішкі психологиялық әлемінің тұрақсыздығымен байланысты өзге адамның немесе қоршаған ортаның әсерімен қылмыс жасайтындар;  
3) құқықтық сезімі жоғары дамыған, бірақ құқықтық нормаларын бұзушыларға қызығушылығымен байланысты қылмыс жасайтындар;  
4) құқықтық сезімі жоғары дамыған, құқық пен нормаларды бұзушылармен белсенді күресуге бағытталған әрекеттер кезінде басқаларға зорлық көрсетіп қылмыс жасайтындар;  
5) кездейсоқ қылмыстық әрекетке душар болғандар.  
Делинквентті мінез-құлқы бар адамдар тобына екінші, үшінші және бесінші топ өкілдерін жатқызады. Мұндай индивидтер өзгелердің заң бұзуына ішкі қарсылық әсеріне бөленіп, өз әрекетінің нәтижесі қандай болатыны туралы ойланбай құқық бұзушыға қарсы әрекеттер жасайды. Белгілі бір әрекетке оятатын күш оның теріс нәтижеге алып келу мүмкіндіктерін талдауын тежейді. Деликвенттік әрекеттерді ситуациялық, импульстік немесе аффектогендік мотивтер басқарады.

 Л. Ф. Бурлачук  ситуациялық-импульстік қылмыс әрекеттер  негізіне қанағаттанбаған қажеттілік  жатады деп түсіндіреді. Деликвенттік мінез-құлық адамның көңіл көтеруінде т.с.с. әрекеттерден де көрінуі мүмкін. Жасөспірім қызығушылықпен немесе (компания) топ арасында тұрып балконнан төмен қарай өтіп бара жатқан өткіншілерге ауыр зат тастап, дәл тигізгеннен қанағаттануы мүмкін. Бұзықшылық жасап аэропорт диспетчеріне самолетте бомба қойылғаны туралы қоңырау соғуы мүмкін. Өзінің жеке басына назар аударту үшін жас жігіт телевизиялық мұнараға шығуы немесе психологтың сөмкесінен жазба блокнотын ұрлауы және т.с.с. әрекеттер жасауы мүмкін [12].  
           Жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің адамды кепілге алу, қорқытып талап ету, қару-жарақ, нашақорлық заттармен алып-сатарлық жасау, ақша, бағалы қағаздарға байланысты алаяқтық және тағы басқалармен айналысатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Қылмыс жасаған жеткіншектердің әрбір бесіншісі бұрын қылмыс жасап сотталғандар. Жасы кәмелетке толмағандарды ересектердің қылмыстық іс-әрекеттерге тарту фактілері де жылма-жыл өсе түсуде. Жасы кәмелетке толмаған қылмыстық ауытқушылығы барлардың 90–95%-ы ер балалар. Бұлардың қылмысына не себеп дегенге келсек, олардың көпшілігі оқуға, еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттырын қаңғыбастық пен құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануға және т.б. істермен айналысуға арнайды. Қоғамға жат осындай іс-әрекеттер сөз жоқ оларды қажетті қаражат табу үшін ұрлыққа, тонауға және басқа да пайдакүнемдік қылмыстық әрекеттер жасауға итермелейді. Маскүнемдікке салынған қылмыскерлер көп реттерде «өзін нағыз еркек» етіп көрсету мақсатында кез келген қылмысқа барудан тайынбайды, қылмыстың жазаланатындығына онша мән бермейді.  
Аддиктивтік мінез-құлық - девианттық мінез-құлық түрлерінің бірі.                   Ғалымдар З. И. Файнбург, Т. А. Донских бұл мінез-құлықтағы адам ақиқаттан жасанды жолмен, психикалық күйін жасанды өзгертумен шығады деп түсіндіреді. Аддиктивті түрге бейім жеке адамның негізгі мотиві оларға қызықсыз, «сұр» болып көрінетін психикалық күйінің өзгеруі болып табылады. Мұндай адамға іс жүзінде оның назарын аударып, қызықтыратын қандай да бір қызмет саласын табуға мүмкіндік туады. Өмір оған қызық емес сияқты, біркелкі қараңғылық болып көрінеді.  
Қоғамда қалыпты болып табылатын жайттарды, мысалы, бір нәрсе жасау қажеттілігін, қандай да бір іспен, қызметпен айналысуды, отбасында немесе қоғамда қабылданатын қандай да бір дәстүрлер мен нормаларды сақтауды жаны қаламайды, оны қабылдамайды. Аддиктивті мінез-құлқы бар индивидтің күнделікті өмірдегі белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, аддиктивтік сипатты таңдау адамның өміріндегі өзін қанағаттандыратын саласында әрекет етуге алып барады, нәтижесінде мақсатына жетуде күтпеген белсенділікті көрсетеді. Мұндай мінез-құлыққа аддиктивтік түрлерінің көрініс беруіне байланысты келесі психологиялық ерекшеліктер тән: 

Информация о работе Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау