Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 13:34, доклад
1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Психология – психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстың үш түрі бар:
психикалық процестер;
психикалық қасиеттер;
психикалық қалып (сана).
Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл — адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекстсіз, еңбексі ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл — адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.
2 Нышан және қабілет
Арнайы жүргізілген
Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет—адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе — қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік — нышан. Нышанның табиғи негізі — жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.
Нышан — мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл Нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер көзінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс береді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшандық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі — хирург дәрігер, екіншісі — гимнаст, үшіншісі — суретші т. с. с.
Нышанның ерекше түрі адамда жас көзінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нүрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала көзінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік-Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші Қ. П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А. С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н. Н. Лузин, биолог Қ. Линией, жазушылар В. Скотт, С. Т. Аксаков, И. А. Гончаров т.б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.
3. Қабілеттің даралық айырмашылығы
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік — нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесін тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағ-дайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркеменер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, кабыса алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінін, іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мен өзінің, ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілетінің даралық
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант — адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді. Соның арқасында оның іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді.
Адам қабілетіндегі дарындылык, пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл — адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б. салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нә-сір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бүқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйте-ке би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет—адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1—1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасуы тәжірибелік зерттеулер арқылы анықтала бастады. Бір сөзбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде дамып өрістеуінің негізгі факторы — еңбек..
16-тақырып. Сезімдер, эмоциялар және ерік
Сабақтың жоспары:
Жеке адамның
еріктік қасиеттері. Оқылған кітап,
орындалған жүмыс Сізді қуантуы
не рснжітуі мүмкін. Яғни қоршаған ортаға
деген қатынасыңызды
Эмоция және сезім — бұл адамдардың айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процссс. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы қүбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартеыз рефлекетердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
1. Эмоция
— адамның
түрлі органикалық қажеттілігіне байланысты
туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері.
Ал сезімдер — адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп даму процссінде болатын нәрсе (дос адамдардың сүйіспеншілігі).
2. Эмоцияда
монерлі қозғалыс (ым-ишара) көбірек байқалады.
Адам
тек организм түрінде көрсете алады.
Ал сезімдерде мәнерлі қозғалыс жөнді байқалмайды, тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психикасының басты белгілерінің бірі.
3. Эмоция қызметін имби жүйесі мен (ми бағанының үлкен ми сыңарларына жақын жері) гипоталамус бөлігі (денедегі зат алмасу, температура, нерв орталығы) басқарады. Нерв орталығына зақым келсе, адам тойғанын білмейді.
Ал сезім ми қабығының жұмысынан өзгеріп отыруынан жақсы көрінуі мүмкін. 2-сигнал жүйесінің басқарушылық ролі зор. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді.
4. Эмоция жануарларда да кездеседі. Жануарлар психологиясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы.
Адамдар эмоциясы мен сезімі қоғамдық сипатта болады.
Эмоцияны сезімдердің
Сезімдердің негізгі қасиеттері (сапасы)
Сезімдердің эмоциялық көріністерін оң эмоциялар (тамақ ішкенде, жақсы демалғанда, жақсы хабар естігенде) қуанышты, көтеріңкі көңіл, рахаттану сезімі туғанда, теріс эмоциялар (бір қажеттіліктерді орындаған кездегі кедергілер немесе мыс: жазушы өзінің өлеңдерін басқадан шыққанын көргісі келеді) деп бөледі.
Сонымен қатар тағы да 2
түрлі көрініс бар: ол екіұшты
және анықталмаған (оңға да солға жатқызуға
болмайтын) мыс: жолаушы шөлдеп су ішкісі
келді, бірақ суда мұнай иісі бар.
Екіұшты болатын сезімде (амбивалентті
бір объектіге екі түрлі көзқарас болғанда,
мыс: әрі жақсы көру, әрі қызғану).
Анықталмаған сезім тұрақты емес ол не оң, не теріс эмоциялық көрініске өтуі мүмкін. Мыс: жаңа адаммен танысқанда.
Сезімдердің негізгі 2 қызметі бар:
1) Реттеуші, 2) сигналдық.
Сезімдердің реттеушілік
қасиеті - көңіл-күй тұрақтылығына,
мінез-қүлқына бағыт
Адамның эмоциясы мен Сезімдері мимика (бет олпеті) пантомимикалық ( бұлшық еттер қозғалысы) сияқты монді қимылдар жүзсге асады. Монді қимылдар сезімдер мен эмоциялардың экепрсссинтік жағын сигналдық қызметі арқылы жүзеге асырады. Дауыстың және мимика сигналдар әңгімелеекен адамдармен қарым-қатынастың белгілі түрін тудырады және бұл байланыс атмосферасын жасайды.
Сезімдердің тұрлері 3 топқа болінеді- мәральдық (адамгершілік), интелектік (танымдық), эететикалық және практикалық іс-әрекетке деген көзқарас, еңбек барысындағы табыстар (спорт, оқу, оқыту).
Сезімдер күшіне қарай-құмарлық және оуеетіктер болып екіге болінеді. Құмарлық-жағымды, жағымсыз құмарту тұрақсыз болса, ол оусетікке жатады.
Эмоциялық күйлер:
1) Көңіл күйі-адамның толғаныс
тебірсністерін, әрекеттерін көрсететін
біршама ұзақ эмоциялық күй.
Эмоциялық күйлер өткінші және
тұрақты көңіл күйлерге
2) Аффекті күй-
эмоцияның бірте-бірте
Аффект-қысқа мерзімді, бұрқ етпе,
өте күшті эмоциялық реакция (төтенше
шиеленіскен жағдайда).
3) Стресс- күтпеген, шытырман жағдайда пайда болатын күй (зорлану), қауіп-қатер жағдайда, шапшаң шешімге келу жағдайда, қорқыныш жағдайда.
Эмоциялық күйлердің тағы бір түрі-сезімдік тән деп аталады. Мысалы: әр түрлі жаман иістің, бір жерінің ауруы, кейбір гүлдер немесе түетердің араласуы.
Кейбір адамдарда сезімдік тән идносинкразия түрінде-кейбір тітіркендіргіштерді, мыс: шыны үетінен өткір затпен сызғанда (кейбіреулер оған немқұрайлы қарасы да) өте нашар көңіл-күйінің тууы.
Әр түрлі эмоциялық жағдайларда қанағаттану, қайғы, толқу, жұрек соғысы өзгереді. Осыған сәйкес адамдардың сыртқы түрінде өзгерістер болады, көзінің жанары, беті нұрланады (мимика), бұлшық еттің жиырылып, сыртқы денесінің бейнесі өзгеруі (пантомимика), дауыс ырғағының өзгеруі (дыбыстық мимика) көрініс береді. Мүндай сыртқы өзгерістерді сезімдер экспрессиясы деп атайды. Сөздің осері өте үлкен. Адамның эмоциялық жағдайы тек сөздің мағынасымен ғана емес, оның интәнациясы, қалай айтылғанымен, тағы басқа мимикасынан көрінеді.
Фрустрация — тұрақты
жағымсыз көңіл-күйге душар ететін,
шектен асқан қанағаттанбаушылық, сана
мен әрекеттің бұзылуы
Эмоциялық ерекшелік эмоциялық қозғыштық, эмоциялық