Психология туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 13:34, доклад

Краткое описание

1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Психология – психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстың үш түрі бар:
психикалық процестер;
психикалық қасиеттер;
психикалық қалып (сана).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекция Психология.docx

— 123.29 Кб (Скачать документ)

Тілдік  белгілердің    екінші мәні-  олар    арқылы    адамдар  бір-бірімен    қарым-қатынас    жасап,   пікір  алысатындығы.  Соған  орай    дара  адам  үшін    әрбір   белгінің    мәні  бар,  олар оның   саналы  түрдегі    іс-әрекетіне  әсер  етеді.

Тіл үш  түрлі  қызмет атқарады:

  1. Адамзаттың    қоғамдық    тәжірибесі.  Бұл қызмет  адамның    тіл арқылы   білімді     меңгеріп,   дүниені   танып білуін    қамтамасыз  етеді.
  2. Тілдік  қатынас    нәтижесінде    адамдар тілдесіп,  бір-бірімен  түсініседі. Тілідің  мұндай  қызметін    ғылыми    атауды   коммуникативті қызмет  деп  атайды.
  3. Әрбір  адамның    өз  мінез – құлқы  мен  іс-әрекетіндегі даралық   тәжірибелерді   күнделікті   тіршілікте  қолданып  отыруы,  сөйтіп   сыртқы    орта    мен  жағдайлардың    өзгеруіне  бейімделуі.   Адамның   өзінің   ғана  емес,   өзгелердің    де    тәжірибелерін  қолданады,  алға   қойған   мақсат-міндеттерін  шешеді.

Сөйлеу  әрекеті  психология  ғылымындағы   өзекті  мәселелер  қатарына  жатады.  Соған  орай   сөйлеу  әрекетінің   атқаратын  қызметтері  ғылыми    тұрғыдан  мынадай үш   түрлі  салаға   топтастырылып   қарастырылады:

  1. Сөйлеудің  коммуникатитік қызметі. Мұның мән жайы  жоғарыда  баяндалады.
  2. Сөйлеудің  сигнификативтік қызметі.  Бұл латынның «сигнал» - белгі,  таңба деген сөзінен    шыққан.  Сигнификативтік   қызмет  бойынша   сөйлеуде  адамдар   бір-бірін   белгілер  мен таңбалар    арқылы  түсінетін болады.   Мәселен,   қауіпті    жағдай  туғанда берілетін белгі,  адамдардың түрлі қимыл - қозғалыстары  мен ым-ишаралары,  зат алмасулары    арқылы қарым-қатынас   жасау – сөйлеудің    сигнификативті қызметін  білдіреді.
  3. Сөйлеудің   экспрессивтік   қызметі - әр  алуан   хабарлар    мен жай жоспарлардың   мәнерлі   сөзбен, құлаққа   жағымды үнмен,  дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп,    өзгелерге жеткізілу тәсілі.   Экспрессивті сөйлеуде    әрбір сөз   бен    сөйлем    адамның    сезіміне    әсер   етіп,   тұла  бойын шымырлатып  жібереді.  Сондықтан сөйлеу әрекетінің   бұл түрі    сөздерді    нақыштап  етеді.  Сөйлеген  сөз,   айтылған  ой- адам  психикасына күшті әсер  ететін  тітіркендіргіш.

 

Сөйлеудің  физиологиялық  механизімі.

Сөйлеу  әрекетінің  рефлекторлық  сипаты

 

Сөйлеу  түрлі  механизмдер  арқылы   жүзеге  асып   отырады да,  олардың  нақты  мазмұны мен  мәніне,  мақсатына  орай  дамиды. Сөздерді  қабылдағанда   біз  «сигналдардың  сигналы»  (2-сигнал  жүйесі,  бұл  адамның   сөйлеу   әрекетімен    байланысты    жоғары  жүйке  қызметі) арқылы  тітіркендіру  нәтижесінде  нәрселердің   мән-жайын   қабылдап,   олар  туралы   хабар  аламыз. Әрине, ондай   хабарлар саналы  да, санасыз  да  болуы  мүмкін.  И.П.Павлов  іліміндегі     екінші  сигнал  жүйесіне    негізделеді.  Ал  екінші  сигнал  дыбысты  сөзбен,  сөйлеу  әрекетімен  байланысты. Адам  сыртқы  тітіркендіргіштерге   әсерленіп  қана  қоймай,  оларды    тең  мағынада   сөз  арқылы  бейнелейді. Халқымызда «Көз  жеткізбегенді   сөз  жеткізеді» деген  тамаша  мақал  бар. Мұның  мағынасы  тікелей  таным  арқылы  бейнеленетін    заттар    мен  құбылыстардың    қасиеттері  түйсік,  қабылдау,   елес  процестерінің   шектеулі  шеңберін тереңдете түсініп,  олардың   мән - мағынасы   сөз  бен  сөйлеу   әрекетінің     бейнеленуші - танымдық   ерекшеліктері  арқылы    барынша    ұғынықты    бола  түседі  дегенге  саяды.

Сөйлеудің  динамикалық локализациясы.  Осыдан  130 жылдай  бұрын (1961 ж) француз ғалымы  П.Брока адамның ми  қабығындағы    сол жақ жарты шардың  мыңдай    алабының   үшінші  бөлігінде   төменгі   қатпарларда дыбысты дұрыс айта  алмай,   сөйлеуде    қиналатын   анықтаған.   П.Брока мидың бұл бөлігін «сөздерді   бейнелеудің   қозғаушы  орталығы » деп атады. Кейінірек,   1874  жылы  К.Вернике мидың   осы бөлігінің самай жағындыағы   жоғары  қатпарындағы  сөздердің бейнелерін сезіп білу    орталығы   орналасқан  деген қорытынды жасады.  Дегенмен,  мұндай    көзқарастар мен зерттеулердің    жеткіліксіздігін Д.Джексон (1835-1911 ж.) сынаған болатын.  Одан  кейінгі    кезеңдерде    физиологтар мен психологтар П.К.Анохин,Н.А.Бернштейн, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, Д.Н.Узнадзе, АҚШ-та Дж.Миллер т.б.  өз  зерттеулерінде  сөйлеу    әрекеті   жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің    дәлелдері жеткіліксіз екендігін ашып  көрсетті.

Сөйлеу  әрекетінің   бұзылуы    мидың  белгілі  алабының   зақымдауына  байланысты,  осындай   зақымдану     салдарынан  адам  сөзінің жүйесі   және бірізділігі  жойылып, афазиялық   жағдайға  ұшырайды. Афазиялар  үлкен  ми  жарты   шарларының   белгілі  бір   алаптары   жарақаттанып,  ісік  пайда  болғанда,  не түрлі  ауруларға   ұшырағанда  пайда  болады.  Афазиялар  динамикалық,   эфференттік,  афференттік   қозғалысы  және семантикалық,   сенсорлық  болып бөлінеді. Осы салады    зерттеу   жүргізген әйгілі    психолог  ғалым А.Р.Лурия еді. «Афазия» деген     грек  сөзінің    мәнісі – мидың зақымдануы салдарыныан адамның сөйлеу  қабілетінің толық жойылуы,  не өзге    адамдармен    қарым-қатынасындағы   сөйлеу   қабілетінің     мардымсыздығы дегенді   білдіреді. Сөйлеу   қабілетінің     мұндай     кемістігінің түрлері әрқилы.  Динамикалық  афазияға  ұшыраған  адам  сөздерінің  реттік  құрылымы    бұзылатын болса,  ал  эфференттік  қозғалыс   афазиясында сөздер  мен   сөйлемдердің    грамматикалық жүйесі  бұзылады.

Афференттік  қозғалыс  афазиясы – сөздерді    буындарға     бөліп айта  аламай  қиналудағы   кемістік.  Ондай адамдар жеке  дыбыстарды    да  айта  алмайды.  Семантикалық  афазия - әрбір сөздің    грамматикалық құрлысы мен мәнін жеткізудегі кемістік.  Мысалы,   осындай   кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген   сөздерді  дұрыс айтқанымен,  «әкесінің ағасы» не « әкесінің  інісі»  деген   сөздердің   мәнін ажырата алмайды.  Сенсорлық афазия  ауруына душар болған   адамдар   сөздердің     дұрыс қабылдай алмай,  олардың   дыбыстық   бөлшектенің   мәнісін түсінбейді.

 

Сөйлеудің  түрлері

 

      Адамның  сөйлеу  әрекеті   түрлі  белгілеріне  қарай    бірнеше   түрге  бөлінеді. Біріншіден,  сөйлеу   күрделілігіне, өзінің  психикалық    және  физиологиялық   механизіміне    орай,  көпшіліктің    бірге  қосып  айтатын сөзі хормен сөйлеу және  қарапайым түрде қайталау болып отыратын - жаңғырық  сөзі  болып бөлінеді.  Осы негізінде   сөздер    атаушы    сөздер  мен коммуникативті сөйлеу  болып    та  бөлінеді.   Ал  сөйлеудің жоспарлы   түрде  мақсат-міндеттерді    көздейтін түрі бағдарлы  сөйлеу. Бұл орайда,  сөздер  үнемі    бағдарлы  түрде айтылатын активті сөйлеу.  Мен сөйлеудің   құрылысын   талап ететін  реактивті  сөйлеу   болып жіктеледі. Сондай-ақ,   сөйлеудің тағы  бір түрі   қосалқы  сөз деп аталады. 

Сөйлеудің    адамдар  әрекетінде    жетекші   қызмет   атқаратын түрі - коммуникативті сөйлеу.  Ол  күнделікті    қарым-қатынас   барысында  кеңінен  қолданылады Сөйлеудің  бұл  түрі: а) монологтық сөйлеу (дара  адамның   сөйлеуі),  ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше  адамның  сөйлесуі, әңгімелесуі),  б) үнсіз (іштей), сөйлеу  в) жазба    сөз  болып  төрт   топқа   бөлінеді. Сөйлеудің    бұл салаларының    әрқайсысының    өзіндік    ерекшеліктері  бар.

 

Сөйлеудің  оқыту  процесінде    дамуы

 

Сөйлеу  - ақыл-ой  иесі – адамның     хайуанаттар дүниесінен  ерекшеленіп   тұратын  тұрақты   белгісінің    бірі  және  өзара  қарам-қатанысының   қуатты  құралы. Бала  сөйлеуінің  дамуы  бірнеше   сатылардан    тұрады. Алғашқы  саты - сөйлеуге дейінгі  кезең. Бұл кезең  баланың   екі   айлығынан  11 айға    дейінгі сатысы. Екінші саты  -  баланың  алғашқы  тілінің  шығу    кезеңі,  11 айдан  1 жыл  7 айға   дейінгі  аралық.  Үшінші  сатыда бала  тілдің   граматикасын  меңгере бастайды. Бұл кезең  үш  жасқа  дейінгі  уақытты   қамтып,   бүлдіршін сөздердің   мән-мағынасын   және  қолданылуын,   жеке   сөздердің   қызметін  түсіне  бастайды.  Балалардың   жас   ерекшеліктеріне   сәйкес тілінің   дамуын психологиялық  тұрғыдан  қарастырып,  ғылыми  жүйеге  келтірген-әйгілі  мамандар  Л.С.Выготский  мен  швейцария  психологы  Жан Пиаже.

Магистранттардың  өздігінен  дайындалуына   арналған  тапсырмалар:

Сөйлеу  және  қарым-қатынас ерекшеліктері (реферат)

 

 

11 - тақырып:          Қиял процесі

 

Сабақтың  жоспары: 1.Қиялдың анықтамасы,  жалпы сипаттама. Қиялдың физиологиялық негіздері;

         2. Актив   және  пассив қиял

 

Қиял  туралы  жалпы ұғым

Адам  бұрын  жинаған образдарына   сүйене  отырып,  өз    басында  жаңа  обыраздар, соны   елестер  мен  идеялар  тудыру    процесін қиял деп  атайды.    Қиял  - адамға  меншікті    психикалық   процесс,  жануарларда   бұл  функция   болмайды,    өйткені  бұл -  адамның    еңбек  әрекетімен  ғана  байланысты    дамыған   психикалық функция.

И.М.Сеченов: «Барлық  өмір   бойы    адамның    басынан  оның   есінде  орын  тепкен  элементтерден  құралмаған  бірде-бір   ойдың  өтуі  мүмкін  емес.  Тіпті ғылыми  табыстарға  негіз  болатын  жаңа   ойлардың    өзі    бұл    ережеден  шығарып  тастауға   болмайды» деді.

 

Қиялдың физиологиялық  негізі

Қиялдың  жаратылыстық  - физиологиялық  негізі – мидағы    оңашаланған  орталықтар емес,  мидың   үлкен  жарты шарларының қабығы.  Адамның  қиялдау  әрекетіне  қозу  мен  тежелудің    іздік  процестері,  иррадиация  мен  концентрация,  оң  және теріс    индукциялар,   талдағыштардың    ми  бөлігіндегі   талдау   мен  біріктіру қатысып  отырады. Сөйтіп,  көптеген  жүйке    процестерінің   түйісуі  нәтижесінде    адамның    нақты қабылдауында  бұрын  болмаған жаңа   образдар  мен    елестер  туады.

Мұндай  жүйелік  байланыстар екі  түрлі: 1) сананың     қатысуынсыз-ақ, кездейсоқ  тітіркендіргіштердің   әсерінен ми    қабығының    жоғары  бөліктерінің  бақылауы  бәсеңдеп,  әлсірегенде  туатын  жүйелік  байланыстар.  Мысалы,  түс  көру, галлюцинациялар.  2) адамның   өз  алдына   саналы   түрде  мақсат  қоюы  мен ми  қабығының    тиісті    орталықтарындағы    қозудың    басқа  орталықтар  қызметімен үйлесуі  нәтижесінде  туатын  жүйкелік    байланыстар.  Бұл - ырықты  қиял. Осы  саладағы    қиялға   жетекші     болатын  нәрсе – екінші  сигнал  жүйесі.  Ол – сөз.  Сөз    бұрынғы    байланыссыз,  уақытша жүйкелік   байланыстарды    жаңғыртып,  заттың    сипатын айқын   ажыратуға,  жаңадан байланыстар  тудыруға,  қиялды  дамытып,  елестетуге жәрдемдеседі.  Қиялдың   бұл  түрінің  физиологиялық негізі   доминанта    принципіне бағынады.

 

Қиялдың  түрлері

 

Қиялдың  ерекшеліктері  мен  онан туатын  себептер  екі түрге  бөлінеді: бірі  - ырықсыз,  пассив  қиял; екіншісі – ырықты,  актив қиял. Актив қиял  үшке  бөлінеді: қайта жасау,  жасампаздық және  арман. Қиялдың ең  жоғары  түрі –жасампаздық  қиял.

 

Магистранттардың  өздігінен  дайындалуына   арналған  тапсырмалар:

З.Фрейд  „Түс  көрудің психологиясы”  еңбегін  оқып,   талдау  жасау.

 

 

12-тақырып:      Зейін

 

Сабақтың  жоспары: 1.  Зейін туралы  жалпы ұғым.  Зейіннің  физиологиялық негіздері.

                                       2. Зейіннің  түрлері 

                                      3. Зейіннің  қасиеттері.

 

Зейін туралы  жалпы  ұғым

 

Нәрсені  қабылдағанда, елестеткенде,  ойлағанда,  тыңдағанда,  сананың  соларға  бағытталуын зейін  дейді.

Зейін  дегеніміз қабылдау,  зердеде  тұту,  қиялдау,  ойлау,  сөйлеу  сияқты   процестер емес, сол  процестерге сананың    бағытталуы.  Кісі   ештеңе   байланыссыз,   бостан-босқа  зейін қоймайды,   қабылданатын нәрсесіне ғана зейін  аударады, соған  ілтипаты  түседі.

Адам  қызметінің   барлық  түрі   зейінмен байланысты  орындалады.  Зейін    оқу   ісінде, ой   қызметінде,   іскерлікке   үлкен  орын  алады.  Оқу  материалын меңгеру  зейінге байланысты.

 

Зейіннің  физиологиялық  негіздері

 

Идеалистік  психологияның  теориялары (неміс  психологы Вильгельм Вундт (1832-1920) бойынша, зейін процесінде   физикалық  себеп,  физиологиялық  негіз  болмайды. Вундт  адамның    зейіні  еркін психикалық себептерден  пайда   болады  деп  біледі. Материялық  процеске  сүйенбей    зейіннің белсенділігі  сипаттау –  идеалистік  көзқарас.

Басқа  түрде   түсіндіргенмен,   бұл  пікірге    жақын тұрған  теория    француз  психологы  Теодюль Рибоның  (1839-1916) идеялары. Ол – белгілі объектіні  қабылдағанда   адамның    қимыл-қозғалыстарының    икемделуінен  зейін  пайда  болады – мыс дейді. Ал неміс елінде    пайда  болған  гештальт  психологиясы (өкілдері – Вертгеймер,  Келлер т.б.) және  осы   сияқты    басқа  психологтар  зейінді   мүлдем   жоқ  деп  есептейді. Бұндай  көзқарасты    жақтаушы   психологтардың   айтуы  бойынша,  зейін   қабылдау ішіндегі    процесс (аспектісі) болып саналады. Әрине, буржуазиялық   осы  теориялардың   барлығы да – ғылымнан  аулақ  тұрған  қате  пікірлер. 

Зейіннің  физиологиялық  негізі – ми  қабығының   айрықша бөлімдеріне  шоғырланып жиналған  қозудың  күшті  нүктесіндегі  оптималдық орталық. Мидың бір  бөлігінде  қозу  күшейгенде, қалған  бөліктерінде  тежелу пайда  болады.  Ол – жарамсыз индукция заңының  көрінісі.  Бұл  заң    қозудың   күшті  оптималдық   нүктесі  бар  орында  көп  тұрмайды, мидың  бір  бөлігінен   екіншісіне     үнемі  жылжып  отырады.   Қозудың    күшті  оптималдық   орталығы  болған   бөлімшелер  қоза  бастайды да,    қозудың    оптималдық  орталығы  пайда  болады.

Зейіннің  физиологиялық   негізі  болатын  оптималдық  қозу   орталығы    жөніндегі  И.П.Павловтың  ілімін академик  А.А.Ухтомский (1875-1942) толықтырады. Ухтомскийдің    зерттеуі  бойынша,  нерв    системасына    әсер  ететін  тітіркендіргіштер  көп  болғанда,  ми    қабығындағы   бір  уақыттың     ішінде  бірнеше қозу   орталықтар пайда  болады  да,   оның  әрқайсысы    ми  қабығына    түгел  жойылуға  (иррадиация) тырысады. Сондықтан  қозу нүктелелерінің  ми орталығында  да  өз  ара  күрес    жүріп  жатады.  Күрестің   нәтижесінде,  біреуі  жеңіп  шығады, оны   Ухтомскийдің   доминанта  деп,  ал  күшті   кем    орталықты   субдоминанта деп  атады. Қозудың   бір  орталығы   жаңа  доминанта   болса,  басқа    орталықтардағы   қозу  сөніп,  субдоминантаға   айналады. Олар  доминантаға  қосылып,  не  оны  күшейте  түседі,  не  доминантаның    орнына   таласып    өзімен    күреседі. Күрес  процесінде   субдоминантаның  доминанта  болуы,  бұрынғы   доминантаның   субдоминанта   болып  қалуы  мүмкін. Қозудың    күші  басым  орталығындағы  доминанта  – белгілі  нәрсеге    зейін  түсуінің    физиологиялық  негізі.

Информация о работе Психология туралы түсінік