Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 13:34, доклад
1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Психология – психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстың үш түрі бар:
психикалық процестер;
психикалық қасиеттер;
психикалық қалып (сана).
Тері түйсіктері
Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуінен туады. Теріде тию мен басу түйсігі (тактильдік түйсіктер); суықтық түйсігі; жылылық түйсігі; ауру түйсігі болады. Терідегі афференттік нерв талшықтарының ұшында түйсіктердің рецепторлық функциясын атқаратын әр түрлі арнайы аппараттар бар. Тию мен басу түйсігін теріде тудыратын рецепторларды паччини денешігі және мейснер денешігі деп атайды. Адамның тұла бойында, шамамен айтқанда, тию мен басуды түйсінетін 500 000 рецепторлар бар. Терінің 1см2-іне 25 рецепторға жуық орналасатындығы анықталды.
Тактильдік анализатордың бірінші нейроны омыртқа арасындағы ганглийлерде, екінші нейроны жұлында, үшінші нейроны көру дөңесінде, төртінші нейроны артқы ми орталық қатпарларында орналасқан. Адам заттың қатты-жұмсақтығы, кедір-бұдырлығы сияқты сипаттарын сипап біледі. Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі емес, бұл-күрделі процесс. Оның қызметіне қимыл рецепторлары да (кинестетикалық сезімдер) қатынасып отырады. Сипап сезу түйсігі қолдың қатынасы арқылы іске асады. Қол еңбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүние тану үшін де күшті роль атқарады. Көзбен көрмей-ақ, қолмен сипау арқылы заттардың формасын, үлкендігін, майдалығын, бұжырлығын ажырата аламыз.
Психологияда циркульдік эстезиометрдің екі өткір ұшымен теріге тигенде, адам оның екі жерге тиюін жеке-жеке түйсінген кездегі екі арасындағы қашықтықтың тактильдік түйсіктерінің кеңістік табалдырығы деп атайды. Кеңістік табалдырығы адам денесінде әр түрлі болады. Мәселен, циркуль сирақтарының екі жерге тигенін жауырын терісі сезу үшін 67 мм-ге дейін бір-бірінен айыру керек, қол терісінің үстіңгі жағы үшін кеңістік табалдырығы 33 мм, алақан терісі үшін 9 мм, ал саусақ ұшының табалдырығы үшін 2,2-ақ мм болады. Ең төменгі кеңістік табалдырығы тілдің ұшында болады (1,1 мм).
Адамның терісінде температуралық нүктелер сан жағынан бірдей орналаспайды. Орта есеппен алғанда, терінің 1см2 кеңістігінде 6-23 суықтық рецепторлары, 3 жылылық рецепторлары болады. Адам денесінің температуралық өзгеруінің ең сезгіш жері-қарын терісі, сезгіштігі ең нашар жері-аяқ терісі. Бет терісінен аяқ терісінің суықты сезгіштігі екі есе нашар, жылылықты сезгіштігі төрт есе кем боп шыққан. Температуралық анализатордың ми жарты шарларының қабығында тұрақталған жері - артқы қатпардың бойы.
Иіскеу түйсігі
Иіс түйсігі иіс рецепторлары арқылы іске асады. Ол рецепторлар-мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың ішінде болатын иіскеу клеткалары. Мұрынның кілегей қабығында иіскеу клеткаларының орналасқан аймағы 5 см2-ден аспайды. Сыртқы ортадағы тітіркендіргіштердің әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде анализдеу басталады да адам иістің түрлерін айырып байқайды.
Ғылымда иісті түр-түрге бөлу аяқталған жоқ. Сондықтан иіс аттары иіс тұрған заттың атымен (жусан иісі, сасыр иісі, лимон иісі, алмұрт иісі, бензин иісі т.б.) аталады. Иіскеу клеткаларына тітіркендіргіш ретінде әсер ететін-ауада газ немесе бу түрінде ұшып жүрген химиялық заттар. Адам ауаны ішіне тартып тыныс алған кезде, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық элементтер иіскеу клеткаларына қонып ери бастайды. Иіскеу нервтік клеткаларында қозу процесін тудыратын – ауадағы иісті элементтер. Жануарлар өмірінде иіскеу түйсігінің биологиялық ролі өте күшті. Көп жануарлар жейтін тамағын иісі арқылы тауып алады. Олар өздерінің жауын да иісі арқылы алыстан біле қояды. Адамның өмірінде иіскелеу рецепторының ролі ондай күшті болмағанмен, адам өзінің иіскеу рецепторларын, айналадағы ортаның қойған талабына сай, өмірлік тәжірибесіне байланысты күшейте, жетілдіре алады. Соқыр, саңырау адамдар өзін қоршаған заттармен танысқанда иіскеу анализаторына сүйенеді. Ольга Скороходова өзінің кітабында: “Жақын жолдасым бірнеше күнге жолаушы жүріп кетті. Мен оның дәл қай күні келетінін білмеуші едім. Оның қайтып келгенін, ол менен екі бөлме алыстықта тұрса да, иісінен білдім”,- дейді.
Иіскеу анализаторының жетілуіне өзінің айналысқан кәсібі де әсер етеді. Мысалы, дегустаторлар (тамақтың дәмін анықтаушы адамдар) шараптардың дәмін татып қана емес, иісіне қарап та маркасын, қандай жүзімнен жасалғанын айтып береді. Химиктер бензиннің қандай әдіспен алынғанын иіскеу рецепторы арқылы оп-оңай айыра қояды. Адамның жеке басының даму саласында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады. Адамның жейтін тамағының организмге пайдалы, зиянды екенін айыру үшін де иіскеу анализаторының үлкен маңызы бар.
Дәм түйсіктері
Сілекейде еріген заттардың дәм бүршіктерін тітіркендіруден дәм түйсінуі туады. Дәм бүршіктері деп ауыздың кілегей қабығында көп қабатты эпителиймен арналған сопақ денелерді айтады.
Дәм бүршіктері тілдің
бетінде, жақтың ішінде, таңдайда,
жұтқыншақтың арт жағында орналасқан.
Олардың ең көп орналасқан жері-тіл
аймағы. Тілдің әсіресе ұшында, жиегінде,
түбінде көп кездеседі, ал
тілдің дәл ортасында бүршіктер
жоқ. Егерде дәмі бар затты
тілдің ортасына салып қойса,
адам ол заттың дәмін бірден
сезе аламайды. Тілдің әр жері
дәмді әр түрлі түйісінетіндігі
байқалады. Тілдің ұшы тәті дәмді,
түпкі жағы ащы дәмді, жиектері
қышқыл және тұзды дәмді түйсінуге
бейім екені тәжірибеден
Тамақтың дәмін қозу процесі дәм клеткаларында туа салысымен емес, сопақша мидан өтіп, ми жарты шарының қабығындағы алапқа қозу жеткенде ғана адам дәмді түйсіне бастайды. Адамға еткен сапалық әсеріне қарай дәм түйсіктерін бірнеше топқа бөлуге болады: қышқыл, тәтті, тұзды ащы. Ал күрделі дәмдер негізгі осы төрт дәмнің әр түрлі мөлшерінде араласуынан барып туады. Желінетін тағамның дәмі тек дәм түйсігінің әрекеті емес, иіскеу түйсігімен де байланысты болады.
Адамның онтогенез дамуында дәм түйсігі ерте оянады. Бала туғаннан соң бірнеше уақыттан кейін оның аузына хинин я қант салса, ол кәдімгідей реакция жасайды. Сол бала бірнеше күннен кейін сүтті судан, тәтті суды қант салмағын судан айыра алатын болады.
Кинестетикалық түйсіктер
Кинестетикалық түйсіктер
қимыл мүшелерінің кеңістікте
өз қалпын өзгерткенде туып жататын
процестеріне байланысты. Бұл түйсіктердің
рецепторлары бұлшық еттерде, сүйектерді
бір-бірімен байланыстырып
Кинестетикалық түйсіктің табиғаты күрделі келеді, өйткені ол сапалық жағынан айырмасы бар бірнеше рецептордың бір мезгілде тітіркенуінен пайда болады.
Кинестетикалық анализатордың периферияда не болып жатқанын туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері афферентация деп атайды. Мұның да мәні өте зор. Денесінде өтіп жатқан әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген мақсатына сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, тежеп, мүлдем жойып немесе күшейтіп отыруға мидың шамасы келеді. Айнала қоршаған ортаның ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация-өте керекті шарт. Егерде кинестетикалық анализатордың кері афферентация жасау қызметі нашарлай бастаса, адамның күрделі қозғалыс әрекеті де күйрей бастайды. Оны көру рецепторы арқылы бақылап отырмаса, өзінің жасаған қимылдарын белгілі арнаға түсіріп отыруға адамның шамасы келмей қалады. Егер адам көз жұмғанда, оң қолын сол қолының қалпына келтіре алмаса, мұндай ауруды атаксия деп атайды. Оны эксперемент арқылы да байқауға болады.
Кинестетикалық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де үлкен орын алады, өйткені ерін, тіл, дауыс шымылдығы қатынасатын қимылдардың дәлдігінсіз сөйлеу мүмкін емес.
И.П.Павловтың айтуынша, сөйлеу органдарының кинестетиклық тітіркенуі екінші сигналдық системаның негізгі компоненті болып есептеледі. Жазудың да негізі - кинестетикалық түйсіктер. Проприорецепторлары ауруға шалдыққан адам өзі сөйлеп отырмаса (ішінен болса да), жатқа жаза аламайды.
Тек қана сөйлеу, жазу процесінде емес, адамның өмірінде кездесетін толып жатқан басқа дағдыларды да кинестетикалық анализаторсыз меңгеру мүмкін емес. Қимыл дағдыларының барлығы алдымен кинестетикалық түйсікке сүйене отырылып жасалынады.
Органикалық түйсіктер
Органикалық түйсіктер адамның органикалық қажеттерімен тығыз байланысты. Органикалық түйсіктерге қарын ашу, тою, сусау, шаршау, жүрек айну, тұншығу, дененің қызуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметіне байланысты туатын сезімдер мен осы секілді ішкі органдарда туатын түйсіктер жатады. Микроскоптық зерттеулерге қарағанда, интерорцепторлар ас қорыту органдарында, өкпеде, бауырда, қуықта ғана емес, вегетативтік нерв системасының түйнектерінен де табылған. Ми бағанасындағы гипоталамус бөлімі және органикалық сезімдерді өз ықпалында ұстайтын ми қабығындағы тиісті орталықтар органикалық түйсіктері басқарып отырады.
И.М.Сеченов органикалық түйсіктерді қараңғы түйсіктер деп атаған болатын. Тегі, ішкі органдардың жұмысы қалыпты түрде өтіп жатса, адам оны сезбейді де. Олардың жұмысы нормадан бұрыла бастаса ғана адам оны түйсінеді. Бұл арада біз адамға сезілетін түйсінуді айтып отырмыз. Органикалық түйсіктердің күші белгілі сатыға жетсе ғана, адамның зейінін өзіне аударып, санамызда белсенді күшке айналды. Өзінің ішінде болып жатқан процестерді түйсінгенін сөзбен айтып жеткізу адамның қолынан келеді. Сыртқы дүниенің де, организмдегі ішкі өмірдің де тоқтаусыз анализаторы ми сыңарлары деп болжаған болатын И.П.Павлов. Оның осы пікірінің дұрыс екендігін қазіргі ғылыми зерттеулер дәлелдеп отыр. Бұл идея И.П.Павловтың талантты шәкірті К.М.Быковтың еңбектерінде кеңінен зерттелді.
Органикалық рецепторларға тітіркендіргіш болатындар: қанның химиялық құрылысы, оның қысымы, тамақ құрылысы, оның физикалық құрылымы, еттің коллоидтық қалпы, атмосфералық қысымының өзгеруіне байланысты жалпы организмнің физикалық қалпы т.б.
Органикалық анализатор адамның көңіл күйіне ылғи әсер етіп отырады, онымен тығыз байланысты болады, басқаша айтқанда, бұл түйсіктердің әртүрлі дәрежеде байқалатын эмоциялық тоны болады. “Тойған жылтырайды, тоңған қалтырайды” деген мәтел организмде органикалық түйсіктің пайда болатындығын айтады.
Вибрациялық түйсіктер
Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің барлық жерлерімен түйсіну сезімдерін айтады. Сау адамдарда бұл түйсік жоқтың қасы. Ауаның толқын тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде құлақ арқылы түйсіне алады. Ал адам құлағынан айрылса, вибрациялық түйсіктер адамның өмірінен үлкен орын ала бастайды. Кейбір саңырау адамдар музыканы, әнді күшті ынтамен “тыңдап” отырады, өйткені олар дыбысты вибрациялық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда тартқан күйлерді оның үстіне қолын қойып “тыңдайды”. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концертке барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады, себебі нәзік дыбыстар толқынын олар арқасымен түйсінетін көрінеді. Музыканы түйсініп дағдыланған саңыраулар оны жақсы ұғынып, аңғаруға әдеттенеді, бұрын “тыңдаған” музыкалық шығармаларды үнінен таниды.
Вибрациялық түйсінулер барлық адамдарда болады, бірақ оларда бұл түйсіктер пайдаланылмайды, сондықтан дамымай қалады. Біз одан гөрі жетілген анализаторларымызды пайдаланамыз да, вибрациялық түйінуді керек етпейміз.
Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
Түйсіктердің жалпы заңдылықтары туралы әңгіме еткенде оларды екі түрде айырып қарау керек. Біріншісі - түйсіктер мен тітіркендіргіштердің арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизикалық заңдылықтар; екіншісі - түйсіктердің сезім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылқтар.
Сезгіштік және түйсік табалдырықтары
Анализатордың рецепторларына
әсер еткен тітіркендіргіштердің
бәрі бірей түйсік тудыра бермейді.
Бұл-түйсіну процесінде түйсік
табалдырығына байланысты. Түйсіну
табалдырығының шегі-абсолюттік
табалдырық. Түйсіктің абсолюттік
табалдырығы деп өте нәзік
сезілетін түйсіктің туған
Магистранттардің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Вебер – Фехнердің психофизиологиялық заңдылықтарына талдау.
7-тақырып. Қабылдау
Сабақтың жоспары:
1.Қабылдау туралы жалпы ұғым. Қабылдаудың физиологиялық негіздері;