Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 13:34, доклад
1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Психология – психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстың үш түрі бар:
психикалық процестер;
психикалық қасиеттер;
психикалық қалып (сана).
1- тақырып. Психология туралы түсінік.
Сабақтың жоспары:
1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Психология – психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстың үш түрі бар:
1. Осы психикалық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып, адамның өмірінде, оның іс-әрекетінде диалектикалық бірлікте жүріп жатады.
Психология-ерте заманнан бері дамып келе жатқан пән. Психология мәселелерін жүйелі түрде шешіп, грек елінің атақты философы Аристотель бірінші рет “Жан туралы” ғылыми еңбегінде жазған (б.э.д. 384-322ж). Психология грек сөзі: (псюхэ-жан, логос-ілім). Дәлме-дәл мағынасы жан тралы ілім деген мағынаны білдіреді.
Буржуазиялық философияның айтуынша,
жан тенсіз, тәнсіз болатын
сияқты, адамның тірі
кезінде жан оның денесінде
өмір сүреді-мыс, ал өлгенде
ұшып кетеді-мыс деген пікірде
болған. Олардың айтуынша
адамның барлық психикалық
тіршілігінің иесі де,
оның себепшісі де жан
болып есептеледі Ғылым
мұндай жалған елестердің қате
екендігін дәлелдеді.
2. дүниеге көзқарастың негізгі мәселесі – ойдың болмысқа, рухтың табиғатқа қатысы жөніндегі мәселе. Осы негізгі мәселені - ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселені – шешуіне қарай философтар екіге бөлінеді. Материяны алғашқы (бірінші) деп таныған философтар материалистер деп аталады.
Олар материяны адам түйсігі арқылы танылатын санаға тәуелді емес, объективтік шындық деп қарайды.
Ал оған қарама-қарсы көзқарас, бірінші өмір сүрген материя емес, сана деп түсіндіреді, олар рух табиғаттан бұрын жаралды және материяға тәуелсіз өмір сүреді деп керсінше топшылады.
Сананы алғашқы деп танитын философтар идеалистер деп аталады. Дүниеге идеалистік тұрғыдан қарау, қалай болған күнде де дінді қолдады.
Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеліктерді органикалық дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің жоғары формасы ретінде түсіндіреді. Психиканы айналадағы объективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп таниды.
Психика айрықша ұйымдастырылған материяның ең жоғары қасиеті. Айрықша ұйымдастырылған материя дегеніміз - ми, жүйке, сала; психика – мидың қасиетті функциясы.
Материя психиканың негізі, материясыз психика да жоқ; психика материяның қасиеті, қуаты. Психика биологиялық және физикалық құбылыстардың бірлігінің нәтижесінен туындайтын құбылыс.
Психиканың биологиялық негізі-миға сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар әсер етпесе, ми өздігінен психиканы туғыза бермейді.
Айналадағы ақиқат дүние біздің жүйке санамызға, яғни миға әсер еткенде ғана соның бейнесі, сәулесі, суреті ретінде психика пайда болады.
Психологияның салалары
Психологияның ғылыми зерттеу әдістері
Диалектикалық материализмді тек хана табиғатты, қоғамның дамуын, адамның ойын тану көзқарасы деп түсінуге болмайды, ол сонымен қатар объективтік дүниені өзгертіп отыратын әдіс те. Сондықтан әрбір пән объектілерді өз даму заңдылығына сай дұрыс түсініп, ішкі сырын ашып отыруы үшін диалектикалық материализм принциптерін қолданып отырады.
Айдаладағы шындықты тану жолында бұл айтылған принциптерді іске асырудың төмендегідей шарттары бар: біріншіден, объектінің басқалармен байланысын, қатынасын еске ала отырып зерттеу; екіншіден, объектіні бір жерде тұрып алған, статикалық қалыпта емес, қозғалыс, даму күйінде зерттеу; үшіншіден, зерттеу арқылы табылған нәтиженің мөлшері етіп адамның практикасын алу; төртіншіден, диалектикалық-материалистік танымның нақты болу үшін зерттелетін құбылыстардың белгілі заңдылықтарын шеше білу. Осы аталған принциптерге сай, қандай пән болса да, зерттейтін заттар мен құбылыстардың өмір сүру, нақты даму жолдарын қарастырып, олардан нәтиже шығаруға тиіс. Осы талапқа сай, психологияның да өзіне тән әдістері болады.
Психология пәні психиканы, сананы зерттеу жолында үлкен қиындықтарға кездеседі, өйткені бұларды біздің сезім мүшелдеріміздің ешқайсысы да тікелей қабылдай алмайды. Оның себебі түйсікті, ойды, қиялды көруге де, татып білуге де болмайды. Миды қолмен ұстауға да, микроскоп арқылы ми клеткаларын қарап, оның құрылысын көруге де болады, мида туатын биотоктарды тиісті аспаптар арқылы жазып алып зерттейді де, ал психикалық процестерді, соның ішінде сананы, еш уақытта тікелей көруге де, салмағын өлшеуге де, аумағын мөлшерлеуге де болмайды. Материялық денеде болатын физикалық қасиеттер психика мен санада жоқ. Солай бола тұрса да, баста туатын психикалық процесс пен сана материялық дүниеден мүлдем өзгеше, қайдағы бір сырт дүние деп ойлауға да, оны материяға тәуелді емес деп қарауға да болмайды. Сананы материяға бұлайша қарама-қарсы қою гносеологиялық зерттеу шеңберінде ғана болуы мүмкін.
Зерттеу әдістері: 1. негізгі әдіс
2. қосалқы әдіс
2. эксперимент
а). табиғи; б). лабораториялық.
2. Қосалқы әдіс: әңгімелесу, тест, анкета, қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі, модельдеу, социометрия.
2- тақырып: Психика және сана. Жануарлар психикасының даму жолы
Сабақтың жоспары:
1. Психиканың дамуы туралы түсінік.
2. Сананың даму жолына сипаттама.
3. Жануарлардағы психиканың даму сатылары.
Табиғат пен қоғамда кезедсетін құбылыстардың дамуы сияқты, психика да дамып отырады. Бұл-заңды құбылыс. Психика жануарлар өмірінде де болады, ол-жануарлардың айналадағы қоршаған ортаға, тіршілік салтына байланысты, сол ортаға табиғи икемделуіне қарай қалыптасады.
Жануарлар психикасының дамуы, мінезінің күрделенуі туралы мәселе қозғағанда, біз жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекеттің барлығын еске алуымыз керек. Олар: жануарлардың инстинктік, шартты рефлекторлық (дағды) және интеллектік (естілік) әрекет түрлері.
Инстинктік әрекет
Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде тұқым қуалай отырып бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады. Инстинктің физиологиялық негізі-шартсыз рефлекстердің ұзына бойына байланысқан тізбектері. Сырттан келген комплекстік әсерлерге жауап ретінде осы тізбектің бір буыны қозса, басқа буындары да өздігінен қоза бастайды, бұны тізбекті реакция деуге болады. Инстинктердің қандай түрі болса да, мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:
Қорыта келгенде, инстинкт-жануарлар мінезінің бейімделу қасиетінің өте жай өзгеретін түрі.
Жануарлардың дағдылары
Инстинктімен салыстырғанда, жануарлар мінезінің пластикалығы әжептәуір күшейіп, ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің арта бастауы кейін дағдыға айналады. Дағдының физиологиялық негізі – күрделенген шартты рефлекстер. Дағды тұқым қуалауға емес, организмнің ортадан алған өмір тәжірибесіне байланысты. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді.
Инстинктің өзгеуіне дағдының үлкен себебі бар. Дағды-миының үлкен жарты шарлары бар жануарларда күрделілеу болады. Бұлардың бейнелеу функциясының жетілуі күшейіп, дағдылары күрделене береді.
Жануарлар психикасының дамуында дағдылардың мәнін сипаттайтын мынадай ерекшеліктер бар:
Жануарлардың интеллекттік мінезі
Заттар арасындағы байланыс пен қатынастарын бейнеленгенде, бұрын өмірінде кездеспеген жаңа міндеттерді жануарлардың шеше бастауын интелектік мінез дейді. Егерде жануарлардың алдынан кездесетін қиыншылықтарды инстинкт арқылы немесе дағдыланған амалдар арқылы шешуге мүмкіншілік болса, интеллектік мінез сыртқа шықпайды. Интеллектік мінез инстинкт пен дағдының шешуге шамасы келмейтін міндетті атқаруға кірісе бастайды. Организмнің ми қабығының құрлысы қарапайым сатыда болса, олардың интеллектік әрекеті де төменгі (жабайы) сатыда өте бермек. Бұл әрекеттің күрделене беруі ең алдымен мидың үлкен жарты шарларының меншікті салмағы артып, нерв системасының басқа бөлімдерін ми қабығының өзіне бағындыруына байланысты. Нерв системасы әр түрлі сатыда дамыған жануарлардың интеллектік әрекеті де бірдей болмайтын төмендегі мысалдардан көруге болады.