Психология туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 13:34, доклад

Краткое описание

1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Психология – психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстың үш түрі бар:
психикалық процестер;
психикалық қасиеттер;
психикалық қалып (сана).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекция Психология.docx

— 123.29 Кб (Скачать документ)

Естің  адам  тіршілігінде,  іс-әрекетінде   алатын  орны  үлкен.  Адам естің   арқасында  еп   пен  дағдыларды  меңгереді,  білімін  байытады,   ақыл өрісін  кеңітеді. Ой еңбегі де,   дене еңбегі  де   білімге, еп     дағдыға сүйеніп,  естің  көмегімен  іске  асады.   Есте  қалдырып  отырған   нәрсенің   аты  сөзбен   аталғанда,   уақытша  нервтік  байланыс   тек  нәрсенің    образдарының    арасында   ғана  жасалып  қоймайды,   сөздердің  арасында   да  жасалады. Адамның  барлық психика    құбылыстары  сияқты,  ес   те  өмір   тәжірибесінде   еңбек әрекетінің   жағдайында    қалыптасқан  адамның    жеке  басының   өзгешеліктерімен  тығыз байланысты.   Кісінің        нені  есте   қалдырып, нені    қайта  жаңғыртатыны    өзіне  керекті    өмір  жағдайымен   байланысты.  Есте  қанша  ұстайтыны, қандай  жеңілдікпен    еске  түсіріп,   қалай    танитыны    адамның    мақсат-мүддесін,   игі-қызығына,   бейімділігіне,   әдетіне,  нені   қажетті, нені  бағалы   деп   қадірлейтініне байланысты.

 

Есте  қалдыру   және  оның   түрлері,  әдістері

 

Ес  әрекеті   есте  қалдырудан   басталады. Адамның   тіршілігінде  қабылдағаны,   ойлағаны,  басынан  кешіргені   есінде   қалады. Қабылдау  процесінде   тітіркендірген  нәрсенің  ми  қабығында   ізі  қалады  да,   нәрсе  мен  адамның   өмір  тәжірибесінің,  білімінің   және   нәрсенің    өз құрамындағы    бөлшек,   элементтерінің  арасында    байланыстар  жасалады.   Адам  тітіркендіргіштердің   әсерін ырықты    не ырықсыз түрде, механикалық   және  мағыналы    түрде  есінде  сақтайды.  Есте  қалдырудың  әдістері  бар: алға  мақсат  қоймай,   сәтті ететін  тәсіл қолданбай есте    қалдырсақ,  ырықсыз  есте  қалдыру болады.  Адамның   өмір   тәжірибесінде кездесетін нәрселер,   құбылыстар,  күнделікті    уақиғалар,  басқа кісілердің    қылығы,   олармен сөйлескен   сөздің   мазмұны,  көрген  кинофильмнің,  театрда ойнаған пьесаның,  үйренейін де мақсат  етпей оқыған  кітаптың   мазмұны    сияқтылар ырықсыз түрде  есте  қалады.

Алға  мақсат  қойып,  арнаулы    тәсілдер  қолданып  есте қалдырып,  ырықты  есте  қалдыру болады.  Ырықты   есте  қалдыру -  ұғып  алу мақсатына бағынатын   ақыл әрекеті.  Оқу процесінде   оқу материалын есте  қалдыру    үйреніп   алу   болады. Үйреніп алу дегеніміз- оқу материалын  есте  қалдырғанша   әбден толық қайталап  пысықтау.   Өлеңді, анықтаманы,  ережені,  заңды, формуланы,  тарихи күндері біліп үйреніп алу. Үйреніп алуды   адам  алдына  мақсат   етіп  қойса,  есте   қалдыру   нәтижесі  болады.  Мысалы,  біз өзгеше түр сипатын әдейлеп ұғып  алмасақ,  төңірегіміздегі   неше   рет қабылдап  жүрген  нәрсенің  түсін,  формасын,  көлемін дұрыс айтып бере  алмаймыз.   Ырықты, ырықсыз есте  қалдырудың  сәтті болуы - істі   белсенділікпен  және өздігінен орындауға   байланысты.        Адам  материалды толық қабылдауды,   шашаусыз түсінуді,  өздігінен істеп орындауды мақсат  ететін  болса,   есте   қалдыру биік   сатыға   көтеріледі.

Географияны үйренгенде   оқушы  тек  оқулықтың  текстісін,  география картасын  ғана  пайдаланатын  болса,  тау, өзен, көл,  аралдардың  атын  есте қалдыруы  қиынға  түседі.  Ал өздері  география картасын  қолданып  жасайтын  болса,   есте   қалдыруы  әрі  оңай,   әрі  орнықты  болады.   Радиоқабылдағыш,  электордвигатель сияқты  техникалық  объектілерді   де   тек   оқулықтан оқып  үйренудпен гөрі,  оларды  жинап, ажыратып, талдап  көрсе есте қалдыруы  берекелі болады.  Өйткені  оқыту  жұмысы  еңбек    тәжірибесімен  тікелей   байланысып  отырады да,   шәкірттерде ойлаудың   күрделі  процестері  туады  да,  есте  қалдырудың   дәрежесі  жоғарлайды.

 

Механикалық  кесте  қалдыру

 

Материалдардың   ішкі  мазмұны   қадағаламай,  сыртқы  байланыстарын  түсінбей (ұқпай) есте  қалдыру  механикалық  болады. Механикалық есте  қалдырғанда,  үйреніп    отырған материалдардың  бөлшектерінің қалай ұштасқаны-сөздің,   қимылдың алдыңғысының  соңы,   кейінгісінің  алды  қалайша түйіскені - есте  қалады.  Үйреніп отырғанымыз сөзбен  айтылатын материал  болса,   сөздер бұлжымастан естіген ,оқыған  қалпында есте  қалады да,   сөздер  материалын   ескеруіміз  кетеді.  Мысалы,  меруерт және мандарин сөздерінің    бірінен соң бірін айтып,   бірнеше рет пысықтасақ,  арасында  іргелес ассоциация  жасалады да,   кейін біреуін айтқанда, екіншісі еске түседі.  Шет тілден  үйренген  сөздер,   ғылымның   қиын  атаулары,  уақиғаның   даталары,  телефон нөмерлері,   көшенің ,  кісінің- әсіресе шет ел  адамдарының- аттары механикалық есте  қалады.

Механикалық  есте    қалдырудың   негізгі  сүйенетіні- нәрселердің   сыртқы   байланысы,   іргелес    ассоциацияны  және  пысықтау.  Пысықтаудың  нәтижесінде  есте   қалады  да,    іргелес   ассоциацияға  сүйеніп  жаңғыртылады.  Оқу  материалын  жаттап  алу  да   кейде   түсінбей   есте  қалдыру   түрінде  жүзеге  асады.

 

Мағыналы  есте  қалдыру

 

Материалды  жақсы   ұғынып,  терең   түсініп,  мағыналы   байланыстарын,  маңызды   қатынастарын  анықтай  отырып еске  түйіп  қалу    мағаналы  есте  қалдыру   болады. Есте қалдыруды мағаналы  ететін-ойлау.  Ойлау процесі есте  қалдырып  отырған материалды, нәрсені анализдеп,   синтездеп,  дерексіздендіріп,   жалпылай   отырып,  нәрсе мен адамның    өмір  тәжірибесінің,  білімінің және   нәрсенің   құрамындағы   элементтердің    арасындағы    шынайы   байланыстарын,   маңызды қатынастарын анықтайды. Мысалы:  оқу материалын  есінде  мағыналы  қалдырайын деген шәкірт  оқығанын жақсы ұғынады,   үйреніп отырғанының   байланыс, қатынастарын анықтап айқын түсінеді.  Мағыналы  есте  қалдырғанда сөз   үлкен роль атқарады.   Ойлау процестері  тілдің  көмегімен орындалады,   байланыс,  қатынастар  сөздің    қатынасымен анықталады. Оқу материалын   мағыналы  есте  қалдырғанда   адам  әуелі   кітаптың    текісін түгел оқып түсінеді, көлемі  үлкен болса,  текст түгелімен оқылады да,   ойлары,  мағына  байланысын  сақтап,  бірнеше бөлімге бөлінеді.  Әр  бөліміне мазмұнын  елестететін ат  қойылады.   

 

Магистранттардың өздігінен  дайындалуына арналған сұрақтар:

     1. Ес туралы  теорияларды  оқып, танысып,  талдау. (конспектілеу)

 

9-тақырып: Ойлау процесі

 

Сабақтың  жоспары:

1.  Ойлаудың анықтамасы, ойлаудың физиологиялық  негіздері;

2.  Ойлаудың  түрлері;

3.  Ойлау формалары, 

4.  Ойлау  операциялары.

 

Түйсіктер,  қабылдаулар  мен  елестер  адамның  түрлі   анализаторларына  бетпе-бет  әсер  еткен заттар мен құбылыстардың  өзін, я   жеке  сипаттарын  бейнелейтінін  анықтадық. Бұл  психикалық процестер  біздің  дүние  тануымыздың    сезімдік негізі  болады. Бірақ  адам  баласы   өзінің  айналадағы    шындықты  бейнелеу әрекетінде   танымның   бұл  сатысымен  қанағат  етіп  отырмайды, оның таным  өрісі  де,  өресі  де  бұл  алғашқы    сатыдан әлдеқайда    кең  және биік.

Ойлау – заттар  мен құбылыстардың жалпы сипаттарын,  олардың арасындағы  табиғи байланыстары  мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау - таным процестерінің ішіндегі    ең  биік    сатыда  тұрған жоғары  процесс. Дәлдеп  айтқанда, ойлау - адам  баласына   ғана  меншікті    психикалық  процесс. Рас,  адамға    биология  сатысында жақынырақ тұрған омыртқалы жануарларда да  ойлаудың   элементтері кездеседі. Мәселен, маймылдар өздерінің күнделікті   өмірінде  шешу тілейтін  мәселе  туса,  белгілі түрде әрекет  жасап оны    шешуге   тырысады,  кейде    шешеді  де.  Бірақ  хайуандардың ойлауы - кездейсоқ  ситуация да ғана  оянатын  ойлау. Мұндай  әлдеқайда  жағдайда  ғана туатын  ситуациялық  ойлау   олардың   шындықты  бейнелеу  сатысын жоғары  көтеру  процесі  емес. Негізінде,  жануарлардың  дүниені  сәулелендіруі  танымның  қарапайым сатысы,  яғни   сезімдік   таным  дәрежесінде  ғана  өтіп  жататын  саты. Бұл  процесс түйсік, қабылдау,  елестер  арқылы  іске  асады.  Ал  адамның    дүние   танымы,  жануарлармен  салыстырғанда, үздік  ілгері кеткен,   жоғары  процесс.

Таным  дегеніміз - көп жақты өзіндік айырмалшылығы бар бірнеше сатыларды қамтитын  процесс.    

 

Ойлаудың  физиологиялық  негіздері

 

Физиологиялық  тұрғыдан  алып  қарасақ, ойлау  – адам  миының   үлкен  жарты    шарларының   қабығында  үздіксіз  өтіп  жататын анализдеу  және  синтездеу әрекеті. Ойлау   процесін іске  асыру   үшін  ми  қабығы    түгелдей   қатынасып  отырады. Ойлау   процесі үшін  ең   алдымен мәні зор  физиологиялық    процестер   анализаторлардың мидағы   ұштарының    арасында туып   жататын   уақытша   нервтік  байланыстар.

Физиологиялық ғылымның   соңғы    кездегі    табыстары    анализаторлардың   орталық   бөлімдерінің  арасында   бұлжымас  шекараның  жоқ  екендігін  дәлелдеп  берді. Ми  орталықтарының   бір-бірімен  ұштасып  тұратындығын  анықтады.  Ойлау    бірінші    сигналдық  системаның   нервтік   байланыстарына    сүйеніп  қана қоймайды,    ол   екінші    сигналдық    системаның    уақытша   нервтік    байланыстарына    да  сүйенеді.  Сондықтан  ойлау  процесінің   қызметіне   мидағы    сөйлеу  орталықтары    белсенділікпен  қатынасып   отырады.  И.П.Павлов: «Ойлау  сыртқы   заттармен  әуелі  элементарлық  түрде   байланысып  тұрған  ассоциациялардан,  содан  соң  тізбектелген  ассоциациялардан  басқа   ештеңе емес.  Ендеше, әрбір  кішкене  бірінші   асоциация-бұл   ойдың   туу  кезеңі»-деп  тұжырымдайды.  Бұл ассоциациялардың    табиғаты   туралы: «Уақытша нервтік  байланыс – жануарлар өмірінде  де,  басымызда  да  универсал  физиологиялық  құбылыс, сонымен  бірге  ол –  психикалық та құбылыс.  Оны   психологтар,  мейлі    ол  амал мен  әсер    болмаса  әріп,   сөз  бен  ой  қосындыларының   жасалуы  болсын, ассоциация  деп  атайды..

...Физиологтар  уақытша  байланыс  деп,  психологтар   ассоциация   деп  атайтын   құбылыстарды  қалай  болса   да  айыруға,   бір  - бірінен   бөлуге  қандай   негіз  бар?»  -дейді  ұлы физиолог.

Бұл  ассоциациялар жайылмалы    қалыпта    пайда   болады  да,    реалды шындық  байланыстарын  тұтас  күйде   сәулелендіреді.  Тек  уақытша    нервтік   байланыстардың  бірнеше  қайталануының   арасында  айқындала  түседі де,  сыртқы  дүние    туралы  түсінік   беретін  физиологиялық    негіз  болады.  Бірінші  сигналық   системаның    уақытша    нервтік   байланыстары  сөз  түрінде  сыртқа  тепкенде,  адамға  ұғым  сатысында    ойлауға    мүмкіншілік  туғызады.  Адам  ойлау  процесінде    бірінші,  екінші   сигналдық  система    тығыз  байланыста    тұрса  да,  екінші  сигналдық  система  жетекші    роль   атқарады.

 

Ойлаудың  формалары

 

Ойлау формалалары   ұғым,  пікір, ой қорытындысы болып үшке  бөлінеді.

Ұғым – ойдың шын дүниедегі   заттар мен    құбылыстардың   жалпы және  мәнді   сипаттарын  бейнелейтін формасы.

Ойлау процесінде кездесетін ұғымның  екі  түрі болады: біріншісі – заттық  немесе нақтылы ұғым; екіншісі –  абстракт-дерексіз  ұғым.  Нақтылы  ұғым-нақтылы формасы, бейнесі бар  объектіге   қатынасы   бар  ұғым. Мәселен,  адам,  бор,  стол, танк,  ракета,  бидай  т.б.  Бұларды    көзбен  көруге,  қолмен  ұстауға    болады. Абстракт-дерексіз  ұғым    деп  жаңағыдай  тұтас  заттарға    емес,   олардың  жеке  сипаттарына,  сапаларына,  қалыптарына,  заттар  мен құбылыстардың    өз  ара  байланыстары  мен  қатынастарына  арналған   ұғымдарды    айтамыз.   Мәселен, шексіздік,  теңсіздік,  қозғалыс,  баға,  тұрмыс,  ақтық, биіктік т.б. Психологиялық  құбылысы  жағынан алып  қарағанда,  ұғым  -жалпылаған  ойлау    образы. Ұғымның  ішіне  кірген  объектілердің   санына  қарай  оның  аумағын,    көлемін анықтауға  болады.  Көлемі  жағынан  ұғым  дара  және жалпы   болып  екіге  бөлінеді.   

Ұғымдардың  мазмүны   пікірлер   арқылы ашылады. Мұнда    нәрсе мен   оның  қасиет-белгілері арасындағы   байланыстар     ашылып  көрсетіледі. Пікірлер  сан жөнінен   жалпы,  ішінәра,  дара  болып бөлінеді.  Пікірлер  екі түрлі жолмен  құралады: тікелей  және  жанама.

Ой  қорытындалары  бойынша алғышарттар негізінде   ұғымдар мен пікірлердің    байланысынан  жаңа   пікірлер   аламыз  не  ой  қорытындысын  шығарамыз. Ой қорытындыларының  мынандай үш  түрін ажыратамыз: дедукция, индукция, традукция. Дедукция – ой  жүйесі жалпы жағдайдан жеке,  дара  жағдайға  қарай өрбейді.  

Индукция - ой қорытындысының   жекеден жалпыға қарай дамып отыратын  түрі.

Традукция – оған  аналогия арқылы  жасалалатын  ой  қорытындылары  жатады. Бұл  – жеке  - дара  жағдайдан  жекеге қарай өрбіп  отыратын  ой  қорытындысы. Дедукциялық  ой  қорытындысының  кең  тараған  түрі – силлогизм. 

 

Ойлау  операциялары

 

Ойлау  операциялары  анализдеу мен  синтездеу,  абстракциялау   мен нақтылау,  даралау  мен  жалпылау, салыстыру - топтау – жүйелеу деп  бөлінеді.

 

Ойлаудың  түрлері  және оның  даралық ерекшеліктері

Ойлаудың  түрлері нақтылы іс-әрекет, нақтылы  бейнелеу және абстрактілі  ой.

Ойлаудың  даралық ерекшеліктері адамның   танып  білуінің   сапалық  сипаттары  мен  ерекшеліктерін  қамтитын  ақыл-ойдың   қызметі болып  саналады.  Ондай  салаларға   өз  бетінше  ойлау,  оның  орамдылығы,  ойдың  тездігі  мен ұшқырлығы  сияқты  қасиеттер  жатады.  Барлық   ойлау  әрекетіне  тән басты  қасиет – дара  адамның  әрбір  нәрсенің    мәнді    қасиеттерін   өздігінен    ажыратып,    олардан    жаңа   қорытындылар  жасай білуі.   

 

Ой болжамы  арқылы   жұмбақ  нәрселерді  шешу

 

Ой  болжамы  ғылымда  гипотеза  деп  аталады. Гипотеза  дегеніміз - әр  түрлі  деректер  негізінде   объектілер  мен  құбылыстардың   байланысы,  олардың  себебі  туралы қорытынды  жасау.

Магистранттардың  өздігінен  дайындалуына   арналған  тапсырмалар:

Ойлау  туралы  теорияларға  талдау  жасау.(Реферет)

 

10-тақырып:    Сөйлеу  процесі

 Сабақтың  жоспары:

    1. Сөйлеудің  анықтамасы  жалпы  сипаттама,  сөйлеудің  физиологиялық  негіздері;
    2. Сөйлеудің  түрлері;
    3. Сөйлеудің  атқаратын  қызметі
    4. Афазия,  түрлері

 

Тіл,  қатынас  және  сөйлеу

 

Адамзаттың  жануарлар   дүниесінен  ерекшеленуі  мен  табиғатты меңгерудегі    басты    іс-әрекетінің    бір  және  өзіндік    қасиеті  – оның  дыбысты    анық  тілі.  Дыбысты   тіл  арқылы    адамзат    өзара   қарым-қатынас   жасап,   іс-қимылы    мен  өмір - тіршілігінің бейнесін  қалыптастырады,   өмір    тәжірибелерін    ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  етіп   қалдырып отырады.

Тіл. Тіл дегеніміз - өзіндік бейнелердің жүйесі.  Ол   белгілі шындық  пен болмысты    білдіретін  бөлшек.  Осы    белгінің   қасиеттеріне  орай    әр  алуан іс-әрекеттер орындалып,  жүзеге  асады.  Белгілердің   немесе   тілдің    екі   түрлі мәні  бар.  Жалпы   тілдік   белгілерді   психологиялық    фактор  әрі құрал деуге де  болады.  Тілдік   белгінің   бірінші мәні – оның  қоғамдық  - әлеуметтік мәні.

Информация о работе Психология туралы түсінік