Психология туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 13:34, доклад

Краткое описание

1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Психология – психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстың үш түрі бар:
психикалық процестер;
психикалық қасиеттер;
психикалық қалып (сана).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лекция Психология.docx

— 123.29 Кб (Скачать документ)

Әрине,  мидағы  доминанта   оптималдық орталық- сырттан  әсер  еткен  тітіркендіргіштердің   тек  күшіне  ғана  байланысты  тумайды, организмнің  өз  қажет-мүддесіне, өткен  өмірінің  қалдырған ізіне,   білім  қорына байланысты    да  жасалады.  Зейін   салу    адамның   сыртқы  қалпынан да,  дене  мүшелерінің   қимыл-қызметінен  де  байқалады.  Ықыластанып  қабылдап,  көзбен  көрген нәрсеге  тесіле,  қадала  қарап үңілеміз. Құлағымызды тосып,  басымызды  бұрып,  қатты  қадағалаймыз. Егер зейін  өз ойымызға   бағытталса, көз   төмен қарап, ішіне кеткендей    болады.  Егер  зейін  творчестволық  қиялда   болса,  онда  көз   алысқа  қарап қадала   түседі.  

 

Зейіннің  түрлері

Зейін адамның  еркіне  қарай  ырықты,  ырықсыз және  үйреншікті  зейін болып бөлінеді.

 

Зейіннің  өзгешеліктері

Зейіннің  өзіндік  ерекшеліктері  болады:  көлемі, күші, тұрақтылығы,  бірнеше   нәрсеге бөлінуі,   алаңдауы,   толқуы,   бір нәрседен  екінші    нәрсеге    ауысуы,  бытыраңқылығы.   Бір нәрсеге   түсіп,   қадалған  зейінді   түйілген  зейін дейміз.  

 

Магистранттардың  өздігінен  дайындалуына   арналған  тапсырмалар:

 

А.А  Ухтомскийдің  доминанта  теориясы  мен И.П.Павловтың  жүйке  жүйесі  туралы  теориялары мен танысып, талдау  жасау.

 

13 - тақырып:          Темперамент

 

Сабақтың  жоспары:           

1 .Темперамент  туралы ұғым

  1. Темпераменттің физиологиялық негіздері

 

Темперамент —  нерв жүйесінің тума қасиеттерінен  туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Адамдардың қозғыштығы, қимыл-қозғалысы, жалпы белсенділігі темпераменттерден  көрінеді.

Темперамент туралы алғашқы  ой-пікірлер ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э.д. 460-365) еңбектерінде айтылған. Гиппократ  айтуынша, адамдар мен жануарлар  денесінде 4  түрлі сұйық зат  бар. Темперамент сол сұйықтардың  басымдығына байланысты,-дейді.

1. Денені    жылытып    тұратын    қан    басым    болса сангвиникалық 
(латынша «сангиус» «қан») темпераменті;

2. Шырын  басым болса (грекше «флегма» -  «шырын»)  флегматик 
темпераменті;

  1. Организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше «мсланхолс» 
    - қара от) темпераменті;
  2. Сары өт (грекше «сһоіс» - өт) басым болса, холерик темпераменті;

Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің  басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге жарайды,-дейді.

Темпераменттің физиологиялық  негіздерін шартты рефлекетер арқылы ғылыми тұрғыдан түсіндірген академик И.П.Павлов болды. «Нерв жүйесінің типтері» деген еңбегінде Павлов былай деп жазды: «Нерв жүйесінің типтері мен қабығындағы қозу, тежелу процсетерінің 3 негізгі белгісінің (күші, тепе-тендігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан  құрастырылады. Нерв процесінің күші — бүкіл нерв жүйесі мен нерв клеткаларының жүмыс қабілеттілігінің кәрсеткіші. Күшті нерв жүйесі  түрлі тітіркендіргіштерге  төзімді  келсе, әлсізі  мұндайға шамасы келмей «мәрт сынып» жатады».

Нерв процесінің тепе-теңдігі —  бұл қозу мен тежелудің  бұл сайма-сайлығын көрсетеді.  бұл  процестер  кейде бір-бірімен  тепе-тең келіп,  кейде  тең келмей,  біреуі  екіншісінен күшті болады.

Нерв процесінің қозғалғыштығы — бір процестің 2-ші  процеспен алмасу, шапшаңдығы.  бұл мидың кездейсоқ және қолайсыз өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы қасиеттердің  түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің  түрлі типтерін сипаттайды.

Осылардың ішінде 4 тип жиі  ұшырасады.  Бұлардың үшеуін И.П.Павлов күшті типке,  біреуін-әлсіз типке жатқызады.

Павлов ашқан нерв жүйесінің  негізгі типтері темпераменттердің  физиологиялық негіздерін жақсы  түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам — холериктерді ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; Флематиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне  тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттайды.

Адам темпераменті эмоциялық, ақыл-ой  және ерік процсетерінен  көрінеді. (Үйге тапсырма: темпераменттің 4 типінің сипаттамасын конспектілеу).

Күнбе-күнгі  өмірде адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды  не сараң, биязы не дәрекі, батыл  не жігерсіз, табанды, ер жүрек не күйгелек болып сипатталады.  бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (мәральдық  қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Яғни, мінез негізінде жеке адамның мәральдық-еріктік қасиеттеріне жатады. Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық  пен қозғалыстардың тәсілдері кісінің  танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен  өзін-өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады. Нақты адамның мінезін талқылағанда өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды еске ала отырып, тәрбиелену бағытын да ескерген дұрыс.

 

14 - тақырып:      Мінез    

 

Сабақтың  жоспары

 

  1. Мінез туралы жалпы түсінік
  2. Ұлттық мінез
  3. Мінез және темперамент

 

«Мінез»    гректің «характер» деген сөзінен  шыққан. Мағынасы- із қалдыру.

Мінез - әрбір адамның  жеке басына тән  өзіндік психологиялық қасиеттер  мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің  қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде  әр қилы жағдайда байқалып,  адамның  сол жағдайларға қатынасын  білдіреді. Мінез ерекшеліктері  - адамның  даралық  өзіндік  психикалық  қасиеттері.  Дегенмен, адамның  бойындағы  ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің  нәзіктігі, көздің  көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойының  тереңдігі мінез ерекшеліктеріне  жатпайтынды. 

Мінезді  классификациялауға  алғаш  қадам  жасаған Платон болатын.  Ол   мінездің  типологиясын этикалық принциптерге сүйене отырып жасады.

Адам  мінезінің даралық ерекшелік  екендігін  ғылым тарихында   тұңғыш  рет  сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. ІУ-ІІІ  ғғ).  Бірақ ол    мінезді  адамның   адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.   Алғашқы  кезде мінез  адамның әлеуметік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген.

ХІХ ғасырда француз  ғалымы А. Бен  мінезді  тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен  сезімінің  және   ерік ерекшеліктерінің қасиеті  деп санады.  Т. Рибо  мінезді  сезім мен ерік ерекшелігі десе,   орыс  медигі әрі  педагог П.Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.

И. Кант (18 ғ) мінезді темпераментпен салыстыра  отырып,  оны адамда жүре пайда  болатын қасиет деп анықтады.   Сонымен қатар ол   адамның  даралық қасиеттеріндегі  туа  пайда болатын ерекшеліктер мен  жүре пайа болатын  ерекшеліктерді бөліп көрсетті.  Мінез жөніндегі   осында йекі түрлі көзқарас  әлі  күнге   өзара тартыс туғызып  келеді.

Ұлттық  мінез

Ұлттық  мінез адамарддың тарихи қалыптасқан  бірлестігі мен  ірі топтары болып  саналатын этностың , ұлттың,  халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Қазақ  халқының   түркі тектес өзге  халықтардан ерекшеленіп тұратын  өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ұлттық мінездің қалыптасуына  тарихи, климаттық,  географиялық,  саяси, экономикалық және т.б. факторлар  әсер етеді  (жағымды және жағымсыз қасиеттер).

Мінездің  физиологиялық негізі.  Адам мінезіндегі  әрбір ерекшелік   белгілі жағдайларға  сәйкес   көрініс беріп отырады.  Мұндай ерекшеліктердің өзіндік   физиологиялық механизмі бар.  Сондай механизмдердің бірі  -  динамикалық  стереотип – жүйке жүйесінің  таптаурын болып қалыптасатын қызметі.  Бұл – жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі. (Шартты рефлекстер жүйесі   мінездің  физиологиялық негізі). Ол үнемі  болып отыратын  шартты  тітіркендіргіштердің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты.  Бұл нақты жағдайдың өзгеруіне  сәйкес  орталық жүйке жүйесінде  әрқилы қалып пайда болуында.

Адам  мінезінің физиологиялық  негізін  ашып көрсетуде  ерекше орын алатын жайт -  жоғары жүйке қызметінің  типтеріндегі ауыспалы құбылыс. И.П. Павлов   қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне орай  адам мінезінің типтерін мынадай  үш түрге бөледі:

1. Ойшыл тип – бұл негізінен  сөзбен байланысты  екінші   сигнал жүйесі  рефлекторлық  қызметінің басымдылығы.

2. Көркем тип -  бірінші сигналдық   шартты рефлекстің  басымдылылығы. 

3. Орташа тип -  мұнда екі сигнал  жүйесінің   бір де бірі  басымдық көрсете алмайды.  Адамдардың  көпшілігі осы орташа типке  жатады.

Мінездің  құрылымы мен қасиеттері. Адам мінезінің құрылымы әрқилы  қасиеттердің жиынтығынан тұрады.  Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді.  Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған  бір тұтас бірлікті  мінез құрылымы дейді.  

Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психологияда   мінез топтастырылып мынадай    төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады: 

1. Мінездің еңбекке байланысты  қасиеттері: еңбексүйгіштік,  адалдық,  жауапкершілікпен қарау,   жалқаулық  , немқұрайдылық т.б.

2. Ұжымға, адамдарға  қатысты ққасиеттері:  қайырымдылық,   сергектік, талап  қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.

3. Өзіне-өзінің  қатынасы: өркөкіректік, , даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік,  қарапайымдылық, кішіпейілдік.

4. Заттарға қатысты: ұқыптылық,  салддыр-салақтық,  заттарды ұстап-тұтуы  мен  ұқыпсыздығы. 

Мінез құрылымындағы  қасиеттерге келетін  болсақ: 1.  Мінезің тереңдігі. Бұл  қасиет   адамның қоғам талаптарына  орай   көпшілікке, ұжымға,  еңбекке  деген қатынасын білдіреді. 2.  Адамны ңжеке басының  белсенділіг. Бұл қасиет мінездің  күші.   Осыған орай адам жақсы,  мықты, тұрақты  және  нашар мінезді болып  бөлінеді. 3. Мінезддің тұрақтылығының   ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әр түрлі қиыншылықтарға  ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік  көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.

Мінездің  қалыптасу заңдылықтары.  Мінездің жекелеген қасиеттері  адамзаттың  сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасында байқалады.  Адамның   өзінің материалдық   мұқтаждықтарын қамтамассыз етуі,  жұмыссыздығы не болмаса болашаққа деген сенімділігі немесе сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік – мұның бәрі   де  адам мінезінде терең із қалдырады.  Әрбір адамның   мінез-құлқының сипатына әсер етеді.

Мінездің  өзіндік ерекшеліктері  отбасында  қалыптасып, дамиды.  Отбасындағы  климаттық ахуал  балалардың мінезінің  қалыптасуына үлкен әсер етеді. 

Мінез және темперамент.  Мінез бен темпераменттің өзара байланысы   олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады.   Жүйке жүйесінің типтері   адамның іс-әрекеттерінен,  мінез ерекшеліктерінен анық байқалады.  Мсалы, сангвиник басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші бастайды, ал флегматик керісінше өзін-өзі тежеп,  әңгімені тыңдадуға ықыласты болады.  Сангвиниктер   бөтен адамдармен тез танысын кетеді, оның таныстары өте көп болады, бірақ олардың барлығымен бірдей қарым-қатынас жасамайды, кейбірін тіптен тез ұмытып та қалады.  Темпераменттер адамның    ұнамды және ұнамсыз жақтарының  дамуына да ықпал етіп отырады. 

Түлі  іс-әрекеттің   жүзеге сауы    адам мінезінддегі  қылықтар мен  икемділікке байланысты. Өйткені  адам іс-әрекет үстінде  түрлі қиыншылықтарға  ұшырап, оларды қалай да жеңіп шығу тәсілдерін іздестіреді. Бұл адамның  жағымды  мінезін  ұнамды қасиеттерді  дамытып,  тұрақтандырады. Оның түпкі мәні адам бойындағы жағымды мінез-құлық пен игі қасиеттер бала кезден бастап қалыптасады дегенге саяды.

 

15 - тақырып:      Қабілет  

 

Сабақтың  жоспары

    1. Қабілеттің жалпы сипаты
    2. Нышан және қабілет
    3. Қабілеттің даралық айырмашылығы

Қабілет деп әр адамның белгілі  бір іс-әрекет түріне икемділігін  айтады немесе қабілет дегеніміз  — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жүмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Қабілет мәселесін тереңнен талдаған Б.М. Теплов болды. Оның  тұжырымдамасына сәйкес тума қасиет қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік — нышан.

Адамның қабілеттілігі оған ықпал  етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

  1. Іс-әрекетті тез өзгерту.
  2. Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше керсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?

Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына,   сөзім мушелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабыллау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік — адамдағы  жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық   сипат.   Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге  болады. Мысалы, саусақтарының салалы  болуы - көбінесе музыканттарға,  ал  бойшаң   болып келу — баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы  ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет   реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.

Информация о работе Психология туралы түсінік