Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2015 в 22:05, автореферат
Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
• психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми теориялық талдау;
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық жүйелеу;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін анықтау;
• дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық ұсыныстар жасау.
1. Жоба мәтіні компьютерде
2. Титул парағында мыналар
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде мұғалім тек орта деңгейде оқитын балалармен жұмыс жасауға мәжбүр болады да, дарынды бала оның назарынан тыс қалады. Ал дарынды бала өте сезімтал кінәмшіл, эмоцияға бейім болғандықтан, ол бұл жағдайға төзе алмайды.
Екінші жағынан, мемлекеттік білім стандарты шәкіртке келешек өмірде қажет болатын білімнің ең аз мөлшерін меңгертуге бағытталған. Оны игеру үшін оқытудың жаңғырту әдісі жеткілікті жаңғырту әдісінде шығармашылыққа орын жоқ. Мұғалім оқу үрдісінде негізінен, осы әдісті пайдаланатындықтан, оқушының шығармашыл деңгейде оқуы мұғалім үшін ұнамды бола бермейді. Оқуы мұғалім үшін ұнамды бола бермейді. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім субъект болғандықтан, жаңғырту әдісі оны, біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден, оның санасында «білімді толық игеру» яғни, «сабақта өтілетін дидатикалық материалды толық білу» елесі пайда болады. Үшіншіден, ол мұғалімнен тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижеде дарын сөнеді.
Дарындылық сөнбеу үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс әрекет жасауы қажет, мұғалімнен тәуелді икемдігін сезінбеуі керек.
Мұны ешбір мұғалім іске асыра алмайды. Демек, сабақ мұғалімсіз, компьютерді оқытудың негізгі құралы ретінде пайдалана отырып, оның нормативті уақыты сақталынбай жүргізілуі қажет. Сыныптық сабақтық жүйе жойылуы тиіс.
Оқу үрдісін былайша ұйымдастырып жүргізудің жолы қандай?
Әрине, ең алдымен, оқу құралдары мен оқу әдістері компьютердің жұмыс ерекшелегіне сай жаңа мазмұнда болуы қажет. Бұл бағытта Қ. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының Ақпараттандыру кафедрасында зерттеу жұмыстьары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн болар. Аталған кафедрада осы мақала авторының қатысуымен «Информатика: білімділік курсы негіздері» оқу құралы баспаға тапсырылды. Құралдағы «Алгоритмдер», «Тапсырмалар», «Өзіндік жұмыс тапсырмалары» және «Негізгі ұғымдары» бөлімдері пән мазмұнын жаңаша жүйелеуге, шын мәнәнде шексіз көп деңгейлі әрі көп нұсқалы тапсырма нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.
Көп деңгейлі тапсырма дегенде мынаны айта кеткен жөн. Оқу іс-әрекеті шығармашылық деңгейіне байланысты үлгі, алгоритм, ішінара немесе толық ізденіс, зерттеу деңгейлерінде іске асырылуы мүмкін. Тапсырма бөліктерден тұратындықтан және әрбір бөлік белгілі бір іс-әрекетті әске асыратындықтан, тапсырманың көп деңгейлілігі, оның бөліктерінің шығармашылық деңгейлерінің әртүрлі болатындығы белгілі. Мұнадағы басты ерекшелік: әрбір бөліктің шығармашылық деңгейін оқушының оқу мүмкіндігіне, қажеттілігімен, мүдделілігіне сай компьютер анықтап, осы оқушы ерекшелігіне са тапсырма құрастырылады.
Демек, жаңаша оқу - көп деңгейлі әрі көп нұсқаулы тапсырманы орындау арұылы оқу деген сөз. Мұндай тапсырмамен оқу оқушыдан өз бетінше ізденуді талап ететіндіктен, оқу барысында «шығармашыл-ізденіс» деп аталатын әдіс қолданылады. Шығармашыл –ізденіс әдісінде дәстүрлі түсінікпен қарағанда оқуішы оқымайды. Ол ұғымды кеңейтіп, мазмұнын ашумен және мазмұнды жинақылап, ұғымға айналдырумен, яғни, ұғымды түсінумен айналысады.
Әрине, бұл жағдайда оқушы мен мұғалімді байланыстыратын құрал қажет. Жоғарыда аталған кафедрада оқытушы мен оқушы ароасындағы дәнекер -миддлфейс жасақтау бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Бұл құрал оқушыға үш мүмкіндік береді: тапсырманы баспадан алып үйде өз бетінше дайындалу; тапсырманы іріленген дидактикалық материалды игеру үшін орындау, яғни, оқу; бақылау жұмысы ретінде пайдалану.
Бірінші жағдайда оқушы үйде дайындалып келген соң, тапсырманы компьютерде орындауға отырады. Бұл үшін оған тапсырманың басұа нұсқасы беріледі. Егер ол тапсырманы орындау барысында қате жіберсе, тапсырма орындау тоқтатылып, оқушы тапсырманы басынан бастауға мәжбүр болады. Бұл кезде оған тапсырманың келесі бір нұсқасы ұсынылады және оған жоғарыда аталған үш мүмкіндік беріледі. Бақылау барысында оқушының ірбір қадамының жемістілігі немесе нәтижесіздігі есепке алына отырып тапсырма соңына дейін орындалады. Компьютер тапсыманың орындалу нәтижесін оқушының моделін өзгерту, осы арқылы оған берілетін тапсырма құрылымын өзгерту үшін пайдаланылады.
Мұндай жаңаша оқыту барысында оқушы, негізінен, компьютермен жұмыс жасайды. Компьютер мұғалімнің уақытты ең көп талап ететін екі функциясын: тапсырма құрпастыруды және тапсырма орындалуын бағалауды өзіне қабылдайды. Әрине, бұл жағдайда мұғалімнің атқаратын функциясы да өзгеретіні түсінікті. Ол көп деңгейлі әрі көп нұсқалы тапсырмалар базасының бағдарлық негізін қалаушыға және компьютерден әбден шаршаған оқушы үшін кеңесшіге, ақылшыға айналады.
Қорытындылай келгенде жалпы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде «дарынды бала», «дарындылық», «қабілет» түсініктерінің мән мағынасы толығымен қарастырылды. Екінші бөлімде дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшелігі зерттеліп, үшінші бөлімде елімізде дарынды балаларды танып, әрі қарай жетілдіру жолдары айтылды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы.
2. Аренова А.Х. Научно-педагогические основы организации самостоятельной учебно-познавательной деятельности .младших школьников. Монография. Алматы. Ғылым, 1999. 240 - 6.
3. Бектібаева
З. «Дарындылық дамытудың
5.. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. 20. Монография. Алматы. Ғылым, 1998. 225-6.
6. Вахтеров В.П. Эвристика - наука о творческом мышлении. М., 1967.
7. Венгер А.С. Настольная книга психолога. Москва. 2001.
8. Гессен С.И. Психология интеллекта. М., 1997.
9. Досыбекова Ш. «Дарынды бала» ұғымы Қазақстан мектебі 2006-12. 3бет
10. Досыбекова Ш. «Дарынды балаларды оқыту ерекшелігі»
11. Дуйсенбекова Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшелігі. Алматы. 2004.
12. Дьюи Д. Психология и педагогика мышления / Пер. с англ. Н.М. Никольской. М., Совершенство, 1997.
13. Егімбаева А. «Дарынды балалармен жұмыс түрлері».
14. Елеупаева Ж. «Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптарға сипаттама» Қазақстан мектебі 2008-3. 69 бет
15. Исламова Р. «Дарынды оқушылармен жұмыс істеу аспектілері» Қазақстан мектебі 2010-2 7 бет
16. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы. "Білім", 1993..
17. Жұмасова К. Психология. Фолиант, 2006.
18. Зеленский В.В. Психология управления учебно-познавательной деятельности. Л., 1986.
19. Мұқанов М.М. Жан және педагогикалык психология. Алматы. 1981.
20. Нарықбаева Л.М. Научно-практические основы подготовки будущего учителя к работе с одаренными детьми. Автореф. к.п.н. 19.11.01. Алматы. 2001.
21. Немов Р.С. Психология. Москва. 2004
22. Обухова Л.Ф. Ресурсы развития. М., 1991.
23. Пассов Г. Идентичность: юность и кризис. М., Прогресс. 1995.
24. Рогов Е.И. Практическая психология. Москва. 2002
25. Сабыров Т.С. Оқушы жастардын танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануга муғалімді даярлаудың теориялық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс... Алматы. 1996. 78-6.
26. Сатаева А. «Дарынды оқушылармен жұмыс» Қазақстан мектебі 2009-1. 13 бет
27. Смирнов. Детская психология. Москва. 2003.
28. Треффингер Д.Т. Продуктивное мышление. М., 1987.
29. Одаренные дети. Перевод с англ. М., 1991.
30. Халықова А. «Дарынды шәкірттер ұлт мерейі» 2008-10. 14 бет
31. Шыңғысбаева
Б. «Дарынды шәкірт білікті
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ
1. Досыбекова Ш. «Дарынды бала» ұғымы Қазақстан мектебі 2006-12. 3бет
2. Сабыров Т.С. Оқушы жастардын танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануга муғалімді даярлаудың теориялық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс... Алматы. 1996. 78-6.
3. Егімбаева А. «Дарынды балалармен жұмыс түрлері». 2008-5. 22 бет
4. Халықова А. «Дарынды шәкірттер ұлт мерейі» 2008-10. 14 бет
5. Сатаева
А. «Дарынды оқушылармен жұмыс» Қа
6. Мұқанов М.М. Жан және педагогикалык психология. Алматы. 1981. 35 бет
7. Елеупаева Ж. «Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптарға сипаттама» Қазақстан мектебі 2008-3. 69 бет
8. Дуйсенбекова Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшелігі. Алматы. 2004. 17 бет
9. Досыбекова Ш. «Дарынды балаларды оқыту ерекшелігі» 2009-3. 26 бет
10. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы. "Білім", 1993.43 бет
11. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы. 54 бет
12. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. 20. Монография. Алматы. Ғылым, 1998. 225-6.
13. Шыңғысбаева
Б. «Дарынды шәкірт білікті
14. Сабыров Т.С. Оқушы жастардын танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануга муғалімді даярлаудың теориялық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс... Алматы. 1996. 78-6.
15. Бектібаева З. «Дарындылық дамытудың теориялық негіздері» Қазақстан мектебі 2009-6. 71 бет
16. Жұмасова К. Психология. Фолиант, 2006. 56 бет
17. Елеупаева Ж. «Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптарға сипаттама» Қазақстан мектебі 2008-3. 69 бет
Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі
бар. Оның 1-ші кезеңі – анимистикалық
кезең. Бұл ата-ана мен мұғалім анықтаған,
оқушының қандай да бір іс-әрекетке қабілеттілігі.
Ол тесттер алу арқылы айқындалады. Дарынды
оқушыны анықтау баланың даму динамикасымен
байланысты екенін практикалық зерттеу
кезеңінде ескерген жөн. Сауалнама беттерін
толтырудағы ата-аналардың өз балаларыныңқабілеттерін
асыра бағалауы негізгі фактор емес, ол
нақты жауапқа нұқсан келтрмейді.
Психология ғылымы қабілеттілікті жалпы,
арнаулы, практикалық деп үшке бөледі.
Қабілеттің бұл түрлері бірін-бірі жоймайды,
қайта бір-біріне байланысты дамиды.
Жалпы қабілеттілік – жеке тұлғаның
өз ойын жаңа мақсат, міндеттерді орындауға
саналы түрде бағыттауы.
Арнаулы қабілеттілік – белгілі бір
бағытта ерекше дағды таныта білуі.
Практикалық қабілеттілік — өмірден
алған білімін шығармашылықпен пайдаланып,
бір деңгейден екінші деңгейге көшірілу.
Баланың бойындағы осы қабілеттерді ең
әуелі ата-анасы байқайды.
Ерекше қабілеттер жиынтығы – дарындылықты
анықтаудың 2-кезеңі:
Диагностикалық кезең. Бұл – педагогикалық
және психологиялық тесттер мен түрлі
әдістемелер арқылы жүргізіледі. Ол баланың
психологиялық ерекшеліктері мен шығармашылық
мүмкіншілігін бағалаумен сипатталады.
Дарындылық үш бағытта анықталады:
— интелектуалды дарындылық.
— шығармашылық дарындылық
— лидерлік дарындылық.
Интелектуалды дарындылық баланың ойының
ұшқырлығымен ерекше есте сақтау қабілетімен,
байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды
дарындылығы бар бала қиналмай-ақ және
талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе
алады. Ол әр істе өз біліміне сенімді
болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады.
Шығармашылық дарындылық баланың өз
қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады.
Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды
және ісінің нәтижесін көре алады. Нақты
жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем
өнер оқулары мен ойындарға бейім келеді.
Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға
жылдам қалыптасу, өзге балалардың оны
таңдауы, ойындар мен шараларды басқара
алуы, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа
оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің басымдығы
тән.
Бастауыш сыныптарда дарынды оқушыны
анықтау мектептегі педагог –психологтардың
басшылығымен жүзеге асады. Дарындылық
бірінші кезеңде байқау, бақылау, әңгімелесу,
сауалнамалар арқылы анықталады. Бұл анықтау
келесі кезеңде педагогикалық-психологиялық
диагностика арқылы нақтылан түседі. Психологиялық
зерттеу жұмыстары арқылы әр баланың даралық
қасиеті ескеріліп, оның дарындылығын
ашу жас ерекшелігіне сай келетін анықтаулармен
жүргізілуі қажет.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский «баланың
кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі
дамуына қарау керек деп ескертеді». Бала
дамуының дербестік, шығармашылық таным
әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты
негізгі белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар
жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге
қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен
психикалық дамуының бастапқы негіздері
бастауыш сыныптарда қалыптасатындықтан,
әр тұлғаның бойындағы қабілет, дарынды
ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек.
Осы мақсаттарды негізге ала отырып,
мектеп психологымен бірге зерттеу жұмысын
жасап, қабілетті балалардың арасынан
дарынды балаларды тест алу арқылы анықтаймыз.
Осы оқушылардың ішіндегі 7 «Б» сынып оқушысы
Аманжолова Жібек пен 9 «Б» сынып оқушысы
Құрбанова Аяулыммен шығармашылық жұмыс
жүргізіп жүрмін. Дарынды оқушылардың
1. Сөздік қоры мол
2. Есте қабілеті жоғары
3. Әділетті әзілқой
4. Қиыншылықтан қорықпайды
5. Танымдық қасиеті жоғары ерекшеліктерін
анықтап, жұмиыс жүргізу арқылы мынадай
нәтижелерге жеттім.
Халықаралық «Кенгуру»; республикалық
«Ақбота»; облыстық «Малахит», «Сәйгүлік»
интеллектуалдық сайыстарында, қалалық
пән олимпиадаларында, ғылыми жобаларда
жүлделі орындарға ие болып жүр. Баяндамамның
соңында Ж.Аймауытовтың «Мектеп бітіріп
шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің
және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған
саналы ақыл көзімен қарай білсе, білімділердің
көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп
осы бағытта баланың келешекте жетілуіне
мықты негіз салу керек» сөзімен қорытындылаймын.
Информация о работе Дарындылық дамытудың теориялық негіздері