Дарындылық дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2015 в 22:05, автореферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
• психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми теориялық талдау;
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық жүйелеу;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін анықтау;
• дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық ұсыныстар жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 112.22 Кб (Скачать документ)

Кеңес ғалымы В.С. Шубинский шығармашылық процессті үш сатыға бөліп, ондағы көрінетін қабілеттің қасиеттерін көрсеткен.

Бүгінгі күні педагогика және психология ғылымдарында дарындылықтың 100-ден астам анықтамасы бар. Осы орайда, психологтар дарындылықтың дамуының сипаты, сапалы өзгешелігі, деңгейі-бұл әрқашанда тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік институттарда күрделі өзара қатынасының нәтижесі екендігін мойындайды. Дарындылық белгілері – бұл баланың шынайы іс-әрекеттерінде көрініп, арнайы бақылау арқылы бағаланатын ерекшеліктер болып табылады. Сонымен бірге, бала дарындылығын оның мінезінің екі аспектісі ретінде инструменттік және мотивациялық, яғни, «қалаймын» және «шамам жетеді» деген категориялар негізінде және бірлігінде қарастырған дұрыс. Біріншісі, әрекет тәсілдері болса, екіншісі шындықтың қандай да бір жағына қатынасы ретінде сипатталады. Бірінші бөлімді тұжырымдай келе, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: «дарындылық» - бұл интегралды тұлғалық білім, интеллекттік жоғары сатысымен, шығармалық әлеуетімен сипатталады. Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін анықтайды. Сонымен бірге белгілі бір қызмет саласында ерекше жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады.

«Дарындылардың қабілет ерекшеліктерін категориялары мен критерийлері» деп аталатын екінші тараушада жалпы бүгінгі күні білім беру тұжырымдамасының бағыттарының өзгерістерге ұшырағанына қарамастан, мектептерде жүргізілетін оқу бағдарламасын оқушы тұлғасынан жоғары қою әлі күнге дейін кездесіп жатады. Оқыту білімді меңгеруге, баланың интеллектісін ғана дамытуға бағытталған. Ал, оқушының тұлғалық және психологиялық шығармашылық қабілеттері көп жағдайда бірінші кезектен шығып қалып жатады. Осы орайда оқушының тұлғалық және шығармашылық қабілетін  дамытуға арналған жұмыстар тең дәрежеде өткізілуі тиіс. Осы жұмыстарды педагогтардың жүргізуіне бағыттаушы әрине педагог-психолог болуы тиіс.

Қоршаған ортаның эмоциялық қолдауы  бостандық пен сенімділік «Мен»-ді  нығайтады, сол арқылы өз қабілеттерін қолдануға  деген батылдық пайда болады. Сол уақытта интеллекттік қолдау  ақпарат пен ойды «қамқорлыққа» алып талаптарға қоршау жасайды, қоршаған ортасынан балаға мотивация келеді.  Дарындылық   жоғарыдағы факторлар арқылы дами алады.

Бала ата-ана мен педагогтар еркіндік беріп, өзіне керекті деген білімді дамыту арқылы ғана дарынды бола алатынын сезеді. Олар интеллекттік жетілдіру және ынталандыру арқылы баланың өзі «дарынды» болғысы келетіндей жағдай жасай алады .

 

 


 

 


 


 

 

 

 




 

 

 

 

 

                           1-сурет. Дарындылыққа әсер етуші факторлар

 

 

 

 

 

 

 

                                                             


 

 



 

 

                        


 

 


 







 

 


 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cурет-2. Дарындылық  сипаттамасы

 

Көптеген ғалым зерттеушілер сезіну мәселесінің дамуын ең алдымен оқытумен сипатталады деген тұжырым жасайды (К. Дункер, З.И. Калмыкова, Л. Секей және т.б.). Баланың өзіндік зерттеу жұмысына көңіл аудару қиынырақ бола отырып, оқыту қабілетілікті, басқа да шығармашылық сапаларды дамытады. Жоғарыдағы пікір көбірек теориялық және эксперимент тұрғыда да дәлелденген, олар атақтылар санына жатқанмен, психологиялық тәжірибеде алынған жалпы санына жатпайды.

«Дарынды балалардың таным процесстері мен тұлғалық    ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері» деп аталатын үшінші тараушада олардың танымдық процестері мен тән тұлғалық ерекшеліктеріне сипаттама беріледі.

           Дарындылардың қиял процесі өте бай бола отырып, анық болып келеді. Өмір барысында жоғарыдағы айтылған жағдай ойын бөліктерін сақтауға, тапқырлыққа және іскерлікке негіз болады. Дарындылар іс-әрекет барысындағы, қарым-қатынастағы ойланбаған жағдайларды тез байқап қояды.

Олардың шамалары жетпейтін мәселелерді шешуге талпынуы олардың даму тұрғысынан пайдалы болып келеді. Дарынды балалар кейбір қиындығы шамадан тыс емес мәселелерді шешуде өз құрдастары жете алмайтын жетістіктерге жетеді де, кез-келген жағдайда да «оңай жетістіктерге жетуім керек» деп санайды.

Көптеген психологиялық әдебиеттерде дарынды балалардың шыдамсыздығы көрсетілген. Дегенмен, эмоциясы ересектерге тәуелді болып келеді. Зерттеулерге қарағанда, кішкене балалардың қорқынышы шынай болмайды.

Дарынды балаларға қандай да бір мәселеге жоғары назар аудару тән екендігі сипатталынған. Біріншіден, жоғары дәрежедегі есеп-міндетке ену, екіншіден, кедергілерсіз мәліметтерді қабылдау мүмкіндігі болып табылады. Дарынды бала күрделі және  ұзақ мерзімді есеп-міндеттерге бейімділігі арқылы ерекшеленеді. Берілген қасиетті жағымды деп бағалаған дұрыс, дегенмен, дарынды балада бұл қиын жағдай жай мектепте оқыған кезде көп кездеседі. Педагогтардың тең жартысы шартты түрде әдеттегідей қалыпты оқушыға сүйенеді. Жай қабілетті бала жоғары мектеп және бастауыш мектеп кезден төменгі табалдырықтан өшеді, яғни, ол тез шаршайтындығын және бір іспен айналысатынын белгілейді.

Магистрлік диссертацияның екінші бөлімі «Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін эксперименттік –психологиялық жүйелеу» деп  аталады. Бұл бөлім үш тараушаға бөлінген. «Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау, эксперименттің зерттеу әдістеріне және сыналушыларға сипаттама» деп аталатын бірінші тараушада        эксперименттік зерттеу жұмысымыз екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде дарындылықты анықтауға арналған диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Осы орайда, бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық және психологиялық тұрғыда жеке бас даму қасиеттері мен осы кезеңде көрініс беретін дарындылық ерекшеліктерін анықталды.

Екінші кезеңде дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарда педагог-психологтың қызметін негіздеу.  Бастауыш сынып баласының бойындағы шығармашылық үшін тиімсіз қасиеттерді ескере отырып, оқу-тәрбие процесінде педагог әрекетін қайта қарастыру басты назарға алынады.

Зерттеу жұмысымыздың сыналушылары, яғни дарынды балалардың танымдық әрекетінің дамуы төмендегідей ерекшеліктерге ие:


 

 

 


 


 


 




 

 

 

 

3-Сурет. Дарындылардың танымдық  әрекетінің ерекшеліктері

 

 

«Дарынды оқушылардың оқу мотивациясының психологиялық ерекшеліктері» деп аталатын екінші тараушадан тұрады. Дарынды оқушы үшін бірнеше оқу жұмысы жағдайындағы бір мінез-құлық әртүрлі мәнге ие болады. Мәселен, оқушы басқа біреуге сөз көмегін ұсынды: бір жағдайда ол өзі жақсы жолдас атағына ие болғысы келеді, екінші жағдайда басқа адамның қиындығын түсініп, шын көңілмен көмек қолын ұсынады. Егер педагог бұл бір жағдайдың екінші жағын көре алса жақсы болар еді. Оқушының бағыттылығы мен шын мотивтері туралы білім педагогке оқушының адамдармен қарым-қатынас жасауда, әртүрлі іс-әрекетке араласқанда оның мінез-құлқын бағалауға жәрдемдеседі.

«Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог- психолог қызметін анықтау» деп аталатын үшінші тараушада дарындылықты психодиагностикалау бағыттындағы жұмыстар жүргізілді.

  Педагог-психологтың дарындылармен  психодиагностикалық жұмысын анықтау  үшін біз психология ғылымындағы  негізгі тұжырымдарды жүйелеп  отырмыз.

  Бірінші бағыт: Дарынды балалардың  психофизиологиялық ерекшеліктері.

Интеллекттік тапсырманы орындаудағы жетістіктер мен орталық жүйке жүйесі қызметі арасындағы корреляциялық тәуелділікке бағытталған тұжырым (А.Н.Лебедев, В.Д. Небылицин, Р. Стернберг).  Бұл тұжырымдарға сүйенсек дарындылықтың төмендегідей физиологиялық негіздерін анықтауға болады:

    • оң жақ ми нейропсихологиялық басым болса, жаратылыстану-математикаға бейім болады;
    • сол жақ ми қызметі басым балалар қоғамдық-гуманитарлық бағытқа бейім болып келеді.

Осы орайда, балалармен жұмыстарды жүргізуде психофизиологиялық ерекшеліктері ескеру басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Екінші бағыт: Психогенетикалық- интеллектінің дамуында генотип пен ортаның детерминантын негіздейді (Ф. Гальтон, М.С. Егорова, Т.М. Марютина, И.В.Равич-Щербо).

Үшінші бағыт: Тестология- интеллекті мен когнитивті функцияларды психологиялық өлшеу (Бине, Г.Айзенк, Р. Амтхауэр, Д. Векслер, Дж. Равен).

Төртінші бағыт: Жалпы психологиялық-  дарындылықтың қайнар көзі ретінде ойлауды және когнитивті функцияларды зерттеуге басым бағдарланады. Бұл бағыт гештальпсихологиядан (М. Вергеймер, К. Дункер, Л. Секей) бастау алады. ХХ ғасырда шетел (Дж.Гилфорд, Г.Клюке, А.Осборн) және кеңес психологиясында                                      (А.В. Брушлинский,Л.Ф. Бурлачук, Л.С. Выготский, З.И. Калмыкова, С.Л.Рубинштейн, Я.А. Пономарев, Д.Б. Эльконин) дамыды. Осы бағыттың бір арнасы- дарындылықты қабілет құрылымында зерттеу (Э.А. Голубева, В.А.Крутецкий, Б.М. Теплов,                            Е.М. Торшилова).

Бесінші бағыт: Әлеуметтік-психологиялық- интеллекттік қабілеттердің аффективті даму деңгейімен және индивидтің әлеуметтік статусымен  корреляциялау мәселесін қарастырады (А.Г. Асмолов,В.С. Мухина).

Мектеп педагог-психологы дарындылықты диагностикалауда белгілі бір  принциптерге сүйенуі тиіс. Білім беру дәстүрлеріне сәйкес  дарындылықты психодиагностикалауда мынадай принциптерге сүйену қажет: кешенді бағалау принципі; ұзақ уақыт принципі; тренингтік әдістерді пайдалану принципі; баланың мүмкіндік әлеуетін ескеру принципі.

Дарынды балаларды пилотажды зерттеу арқылы психодиагностикалауды төмендегі төрт деңгейде ұйымдастыру керек.

 

 

 

 

 

1-кесте. Дарындылықты психодиагностикалау  деңгейін анықтау бағдаламасы

 

Деңгей

Сипаттамасы

1

2

3

1

Анықтау деңгейі

     Бала туралы алғашқы мәліметтер жинақталады. Бұл жерде мәліметтер педагог-психологтардан, педагогтардан, ата-аналар мен балалардан жинақталады.

  • Педагог-психологтарға ұсынылатын тесттер:
  1. Интеллекттік дамуды анықтауға арналған Д.Векслер, Дж. Равен тестілері;
  1. Креативтілікті бағалауға арналған «Шығармашылық ойлаудың қысқаша тестісі (мүсін форма)» (И.С. Аверин, Е.И. Щебланова бейімдеген П. Торренс тестісі); «Ерекше пайдалану» (И.С. Аверин, Е.И. Щебланова бейімдеген Дж. Гилфорд тестісі);
  2. Психоәлеуметтік дамуды бағалауға арналған әдістемелер (Р. Кеттелдің «16PF» тестісі)
  • Педагогтарға:
  1. «Дарындылық картасы»;
  2. «Бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған қызығушылық картасы»;
  3. «Анкета-мінездеме» (Дж. Рензули бейімдеген);
  4. «Интеллекттік портрет» әдісі;
  • Ата-аналарға ұсынылатын  әдістер:
  1. «Дарындылық картасы»;
  2. «Ата-аналарға анкета»;
  3. «Бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған қызығушылық картасы»;
  4. «Баланың жалпы дарындылығын бағалау әдісі».

2

Бағалау-коррекциялық кезең

Бұл кезеңде алынған алғашқы мәліметтердің нақтылауға бағытталады. Бұл жерде тренингтік әдістер пайдалану ұсынылады.

3

Өзіндік  бағалау кезеңі

Балаға өзбетінше жұмыс жасау үшін тапсырмалар ұсынылады.

4

Қорытынды таңдап алу кезеңі

Бұл кезеңде баланы зерттеу барысындағы мәліметтер жинақталып, дарынды балалар іріктеледі.


 

Дарындылықтың теориялық зерттеулеріне талдау жасай келе, оның түрлерін зерттеу әдістерін жүйелеп отырмыз.

 

2-кесте. Дарындылық түрлерін психодиагностикалау  әдістері

 

Дарындылық түрі

Диагностикалау әдісі

1

2

3

1

Психомоторлық дарындылық

  • 11 субтесттен тұратын тұратын Пурдье тестісі- перцептивті-қозғалыс қабілетін анықтау;
  • Крауфордтың ұсақ заттармен манипуляциялау икемділігі тестісі;
  • Д.Арнхеймнің және У. Синкердің негізгі қозғалыс дағдыларына негізделген тест-баланың көз, қол қозғалыстарын орталықтандыру қабілеті;
  • К.Беррптің көру-қозғалыс координациясы тестісі-арнайы аппараттың қажеттіліг жоқ, мұнда тек қағаз және карандаш ғана қажет. Балаға біртіндеп күрделеніп салынатын 24 сурет салу сұралады.

2-кестенің жалғасы

 

1

2

3

2

Интеллекттік дарындылық

  • А.Биненің интеллектіні анықтауға арналған тестісі;
  • Л.Терманның ақыл дарындылығын анықтауға арналған тестісі;
  • Когнитивті ептілік тестісі;
  • Р.Кеттелдің «Мәдени тәуелсіз» интеллектік тестісі;
  • Векслер тестісі;
  • Р. Амтхауэрдің интеллект құрылымы тестісі;

3

Шығармашылық дарындылық

  • Дж.Гилфордтың креативтілікті анықтауға арналған тестісі;
  • Бейнелік шығармашылық ойлауды анықтауға арналған П. Торранс тестісі;
  • Вербальді шығармашылық ойлауды анықтауға арналған П.Торранстың тестісі;
  • С.Римм ұсынған талантты анықтауға арналған қызығушылық тестісі.

4

Қарым–қатынас аймағындағы дарындылық

  • Психологиялық-педагогикалық тренингтер;
  • Қарым-қатынас тренингтері

Информация о работе Дарындылық дамытудың теориялық негіздері