Дарындылық дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2015 в 22:05, автореферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
• психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми теориялық талдау;
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық жүйелеу;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін анықтау;
• дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық ұсыныстар жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 112.22 Кб (Скачать документ)
  • дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғауды ізгілендіру және демократияландыру;
  • дарынды балаларды айқындау және олармен жұмыс жүргізуде биологиялық, әлеуметтік факторларды есепке алу;
  • республикада дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқаруды орталықтандыру мен өз бетінше басқарудың үйлесімді байланысы;
  • дарынды балалар  және жастармен жұмыс жүйесін басқарудың мемлекеттік

және қоғамдық ұйымдастыру құрылымындарының бірлігі;

  • дарынды балалар мен жастарды іріктеу үшін диагностикалық әдістер кешенін пайдалану;
  • жеке тұлғаның дарындылығымен қалыптасуы деңгейіне балаларды оқыту мен дамытудың арнайы таңдалған бағдарламасының сәйкестігі;
  • осы категориядағы балалар мен оқушылырды басқару жұмысындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастыру құрылымдарының үйлесімділігі;
  • дарынды балалармен және оқушылырмен жұмысқа мұғалімнің арнайы дайындылығы.

Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып-білу үрдісі өте ертеден басталады. [10; 5] XX ғасырдың басында дарындылық пен оны зерттеу әдістеріне арналған алғашқы ғылыми еңбектер пайда болды. Қазіргі уақытта дүниежүзілік тәжірибе балалар дарындылығының зерттеу және қолдау тәжірибесін жеткілікті мөлшерде жинақтаған.

Дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс көбіне «дарындылық», «дарынды бала» ұғымдарының мазмұнын дұрыс түсінуге байланысты. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, дамудың ерекше қолайлы ішкі алғышарты дегенді білдіреді. Әйтсе де қолда бар әдебиеттердің ауқымына қарамастан, әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ екендігін айту керек.

Әзірге құрдастарына қарағанда оқуға деген зеректігі жоғары, ерекше шығармашылық қабілеті бар деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс- әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі».

Бүгінгі күні психологтердің көпшілігі дарындылық дамуының деңгейі, сапалық өзіндігі және сипаты мұрагерлік (табиғи қаблет) пен бала іс-әрекетімен байланыстырылған (ойын, оқу, еңбек) әлеуметтік ортаның күрделі әрекеттестігінің нәтижесі екендігін мойындайды.

Сондай-ақ, жеке дарындылықтың қалыптасуы және іске асырылуы негізінде жатқан тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері мәнін де ескермеуге болмайды. А.Шведель мен Р.Стоунбермен дарындылықты «адам - орта» контекстінде бірте-бірте туындайтын қасиет деп түсіндіреді. Өкінішке орай, бұл әрекеттестіктің өзіне тән ерекшелігі әлі ашылмаған.

Дарындылықтың байқалуына екі түрлі көзқарас бар: «барлық балалар дарынды» және «дарынды балалар өте сирек кездеседі». [11; 9] Психологтер мұндай жағдайда мына бағытты ұсынады: іс-әрекеттің әр алуан түрлеріне байланысты әлеуетті дарындылық көптеген балаларға тән, ал асқан дарындылықты балалардың аз бөлігі ғана көрсете алады. Дарынды балаларды іріктеген кезде істің қандай түрінде болсын балалардың ойдағыдай жетістіктерге әлеуетті мүмкіндігін танып білудің орайы келмейтіндігін ескеру қажет.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде баланың өсуіне қарай дарындылық нышанының ғайып болу жағдайын ескеру қажет. Сондықтан дарынды деген мәртебе тағуда аса сақ болу керек, себебі жеткіншектің мамандандырылған оқу орнында білім алу кезінде жанға бататын жағдайлар туындауы мүмкін. Осыған орай, ресейлік ғалымдар дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс үстінде «дарынды бала» ұғымының орнына «бала дарындылығы белгісі» деген терминді (немесе «дарындылық белгісі бар бала » ұғымын) пайдалануды ұсынады. [12; 3] Дарынды балаларға, әсіресе әлеуеттік бейімделу кезінде мінездерінің қарама-қайшылығы тән. Үлкендер (ата-аналар, мұғалімдер) баланың сезімдік кемеліне келу шағын дұрыс қабылдамай, мінез-құлығын дұрыстауға жоғары талап қояды, дарынды балалар, ең алдымен бала, содан кейін барып талант иесі екендігін ұмытып кетеді. Бала өзінің сирек кездесетін қабілетіне байланысты стандартты өмірлік жағдайларға әрдайым бейімделе алмайды, сол кезде дау-жанжал туындауы мүмкін.

XXI ғасыр  қарсаңында білім жүйесін реформалау  бала дарындылығын айқындау мен  диагностикалауға жаңаша талап  қойды. Бұл, әрине, білім саласындағы  маңызды өзгерістерге байланысты, біріншіден, оқу мекемелерінің нысандарына  жеке ыңғайда қарау: дарынды балаларға  арналған арнайы мектептер, мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар, гимназиялық сыныптар, кейбір пәндерді тереңдете оқытатын  арнайы мектептер мен сыныптар. ҚР «Білім туралы» заңымен  «таңдаулы білім» жаңа ұғымы  еңгізілді, ол  «аса дарынды азаматтар»  үшін арнайы білім ұйымдарында  білім беру бағдарламалары бойынша  жүзеге асырылатын білім болып  табылады. Жаңа үлгідегі мекемелер  алдында дарынды балалардың қабілетімен  талантын барынша толық ашуға  жағдай жасайтын күрделі және  жауапты мақсаттар мен міндеттер  қойылады. Осыған байланысты дарынды  балаларды анықтау және іріктеу  жөнінде біліктілікті айқындайтын  психодиагностикалық жұмысты ұйымдастыру  нақты міндеті тұр.

   Бала дарындылығын айқындау мәселесінің  анық этикалық аспектісі бар  екенін ескеру керек. Қазіргі  сәтте баланың дарынды немесе  дарынсыз екенін анықтай отырып, біз оны келешегіне араласқандай  боламыз, өйткені қызметтің бір  түрінен әдеттен тыс дарындылық  көрсеткен бала есейгенде сөзсіз  таланты болады деп кесіп айту  қиын. [13;4]

   Дарынды балаларды айқындау - белгілі  бір баланың дамуына талдау  жасаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты жеке бір әдіске  сүйене отырып, мысалы тест арқылы  анықтай қою мүмкін емес. Шетелдерде, ең алдымен, АҚШ-та және бірқатар  Еуропа елдерінде балалар дарындылығын  зерттеу қарқынды жүргізіліп  келеді.

    1972 жылы АҚШ-тың Білім беру  комитеті қазірге дейін американдық  мамандар пайдаланып жүрген дарындылықтың  келесі анықтамасы жариялады: тәжірибелі  мамандардың бағасы бойынша дарынды  және талантты балалар деп  керемет қабілеттілігін арқасында  төменде келтірілген іс-әрекеттердің  бір немесе бірнешеуі аясында  жоғары жетістіктерге жеткендер(немесе  әлеуметті мүмкіндігі барлар) саналады:

   -интеллектуалды;

   -академиялық;

   -шығармашылық  немесе нәтижелі ойлау қабілеті;

   -сұхбаттасу  және көшбасшылық;

   -көркемөнер;

Американдық педагог Дж. Рензулли дарындылықтың мынандай анықтамасын ұсынады: дарындылық - үш түрлі қасиет үйлесімінің нәтижесі: орта деңгейден асатын ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол табу, жоғары мотивация мен табандылық. Бұл қасиеттер естияр дарынды адамдарда байқалған. Бірақ, естияр адам дарындылығы көбіне балалық шақ тәжірибесімен байланысты (дегенмен, бұл байланыстың табиғаты осы күнге дейін түсініксіз). [14;7]

   Ерте байқалған дарындылыққа  “вундеркинд’’ деп аталады балалар  жатады (тура мағынада-керемет, ғажап  бала). Вундеркиндтер қағида бойынша, мектеп жасынан кейінгі немесе  төменгі мектеп жасындағы балалар  іс-әрекеттің қандай болса да  бір түрінде тамаша жетістікке  жетеді (музыкада, сурет, ән салуда, тағы сол сияқты). Мұндай балалар  кейде ерекше ақыл-ой қабілеттігін  көрсетеді (ерте оқу, жазу, санау  және т.б.). Ұлы музыканттар өмірі  дәлелдегендей, дарындылық музыкада  анағұрлым ерте, ал бейнелеу өнерінде  кештеу байқалады. Ал математикалық  қабілеттілік ерте байқалады. Ғылымда  маңызды жетістікке әдетте кешігіп  жетеді.

   Шетелдік ғалымдар дарындылықты  келесі типтерге бөліп қарастырған:

  -интеллектуалдық, оның бір түрі-академиялық, көркемөнер;

  -шығармашылық (креативтілік);

  - басшылық (лидерская) немесе әлеуметтік;

  -психомоторлық  немесе спорттық.

Дарындылықтың бұл типтерінің сипаттамасы туралы жоғарыда айтылғандай, іс-әрекеттің жетекші түрлеріне сәйкес бөлінеді. Ал шығармашылық дарындылыққа байланысты ғалымдардың креативтілікті дарындылықтың жеке түріне жатқызу жөніндегі пікірлері сан алуан. Ғалымдар феномен туралы арнайы айту заңды дейді. Себебі дүниеге көзқарасы ерекше, басқаларға ұқсамайтын, ойлау қабілеті қалыптан тыс балалар бар. Шығармашылық дарындылықтың әртүрлі варианттары көп: кез келген іс-әрекетте әдеттен тыс шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын оқушылар бар, сонымен қатар жеке бір салада ғана қалыптан тыс қабілеттілігі байқалатын оқушылар.

Енді бір ғалымдар шығармашылықты дарындылықтың дербес түрі ретінде бөлудің қажеттігі жоқ, ол кез келген еңбек түріне тән болуы мүмкін деп ойлайды. «Шығармашылық дарындылық» - жай ғана кез келген іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуының сипаттамасы емес, сондай-ақ оның қайта түрленуінің, дамуының сипаттамасы. Іс-әрекетті әрдайым жеке адам жүзеге асырады. Оның мақсаты мен себебі іс-әрекеттің орындалуына әсер етеді. Дарындылық тек жоғары деңгейдегі қабілеттілік жиынтығы ғана емес, бала мотивациясы, әуестенуі, қызығушылығы. [15; 13] Осыған байланысты дарынды балаларды анықтау және іріктеу жөнінде біліктілікті айқындайтын психодиагностикалық жұмысты ұйымдастыру нақты міндеті тұр.

Бірінші белгі бойынша балалық дарындылық түрін қарастырайық. Іс-әрекеттің негізгі түрлеріне: тәжірибелік, теориялық (оқушыларға қолданылатын - оқу-танымдық), көркемдік-эстетикалық, ойын, спорттық, сауықтыру, коммуникативтік, рухани құндылық жатады.

Іс-әрекет түрлеріне сәйкес дарындылық мынандай түрлерге бөлінуі мүмкін: тәжірибелік қызметте дарындылықты кәсіпке қарай бөлуге болады; танымдық іс-әрекетте - түрлі деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдік-эстетикалық іс-әрекетте - хореографиялық, сахналық, әдеби-поэтикалық, бейнелеу, музыкалық; коммуникативті іс-әрекетте - басшы болу дарындылығы; рухани құндылықта - адамдарға қызмет көрсету.

Дарындылықтың әрбір түрі іс-әрекеттің нақты түрі үшін аса маңызды қасиетінің басым болуы мен барлық психикалық мүмкіндіктерінің бір мезгілде қосылуымен анықталады.

Іс-әрекеттің жетекші түрі бойыша кез келген дарындылықты анықтауда әрбір дарындылықта іс-әрекеттің барлық түрлері байқалатындығын ескеру керек. Мысалы, сүретшінің немесе музыканттың іс-әрекеті анықтама бойынша көркемдік-эстетикалық түрге жататын болса да, іс-әрекеттің танымдық, тәжірибелік, коммуникативтік, рухани құндылық түрлері де қолданыла береді.

Оқу барысында және дәстүрлі байқаулар, пәндік олимпиадалар, спорттық жарыстар, ғылыми-тәжірбиелік конференциялар және т.с.с. өткізуде дарынды балалар мен жастарды айқындау және іріктеу технологияларын талдау керек;

-жаңа білім беру технологияларын талдау және жүзеге асыру (оқу телекөрсетілімі, Internet, Telecom, Helcot және басқа да ара қашықтықты оқып білу нысандары);

-дарынды балалар мәселесі бойынша хабарламалық қамтамасыз ету бағдарламасын талдау. [16; 5]

Қазіргі уақытта республикада дарынды балалармен жұмыс жүргізуде белгілі бір ұйымдастырушылық-педагогикалық тәжірибе жинақталған. Көптеген жылдар бойы балалар мен жастар дамуының үздіксіздігін қамтамасыз ететін республикалық арнайы физика-математикалық бағыттағы және қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаттар, А.Жұбанов және К.Байсейітова атындағы мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттар, олимпиадалық резервтегі спорттық мектептер, "мектеп - колледж - жоғары оқу орны" оқу кешендері табысты еңбек етуде.

Дарынды балалар мен жастарды айқындау және оқыту жұмысына республикада жүмыс істейтін жаңа үлгідегі білім беру мекемелері де үлесін қосуда, олар - гимназиялар, лицейлер, гимназиялық және лицейлік сыныптары бар мектептер, білім беру мектептері мен әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар, авторлық және жеке мектептер.

Дарынды балаларды айқындау пәндік олимпиадаларды, білгірлер турнирін, музыкалық және көркемөнер байқаулары мен фестивалдарын, жазғы мектеп лагерлері, Кіші академия ғылымдарының сессияларын, оқу-шығармашылық конференцияларын дайындау және өткізу кезінде жүзеге асырылады.

Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ, дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.

Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.

Жеке тұлғаны дамытып калыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір суру тәсіліне еңген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.

Бұл пікірімізді Абайдың жетінші қара сөзіндегі "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі - "ішсем, жесем, уйықтасам" деп тұрады, екіншісі - "көрсем, білсем" деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, "ол неге уйтеді", "бул неге бүйтеді" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сурап, тыныштық көрмейді" деген ой-тұжырымы растайды.

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.Егер әр оқушының жеке түлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Информация о работе Дарындылық дамытудың теориялық негіздері