Дарындылық дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2015 в 22:05, автореферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
• психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми теориялық талдау;
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық жүйелеу;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін анықтау;
• дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық ұсыныстар жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 112.22 Кб (Скачать документ)

Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу жургізу, зерттей оқыту, т.б. Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бүрыннан танылған. Сондықтан жоғарыда аталған терминдердің мәні ғылым, зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған.

Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі - ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығуының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.

Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.

Инновациялық үрдістер ғалымдар мен практик-ұстаздар арасында кең өpic алуда. Бірақ, мектеп өзінің дайын білімді ұсынатын дәстүрлі ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты, ең алдымен, таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетеді. Бұл өз кезегінде білім алуына кері ықпал етуі мүмкін.

Адамның айналасын танып білуде жануарлардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен ма-ңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс үрдісінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.

Психологтер зерттеу тәртібін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуында маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен катар ізденушілік талабы басылып қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой алдыруы ғажап емес.

Зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың әлеуетті қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.

Мұғалім оқушыны дамыту үшін баланың дамуын педагогикалық тұрғыдан дұрыс басқара білуі керек. Дарынды баланы таңдай келе дарындылардың өзге оқушылардан өзгешелігін бірден байқауға болады. Бұл оқушыларды таңдау барысында мына ерекшеліктерге баса назар аудару қажет:

1. Дарынды  бала өзгеше ойлайды және шапшаң ойлайды. Яғни, көп көлемде білім меңгереді және оларды ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.

2. Дарынды  оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды. Ал ықылас қойған нәрсесін әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.

3. Дарынды  оқушының физикалық түрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, жиі-жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.

4. Әлеуметтік  тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік  сезімдерінің ерте дамып, жоғары  моралдық қасиеттерге ие болуы, достық сезімінің басым түсуі.

5. Дарынды  оқушыларды тәрбиелеудін, бір түрі - сыныптан тыс жұмыстар.

6. Дарынды  баланың білімдерін тереңдету барысында істелінетін жұмыстардың бірі - үйірме.

 

2.2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС  ТҮРЛЕРІ

 

Питер Клайн айтқандай, балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына кемектесу әрбір ұстаздың абзал борышы.

Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.

Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне еңген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті-баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның ұабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми –зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту және т.б.

Дарынды балаларды оқытуға зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығуының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.

Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, ойын мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.

Инновациялық үрдістер ғалымдар  мен практик-ұстаздар арасында кең өріс алып келеді. Бірақ, мектептегі дәстүрлі оқыту өзінің дайын білімді ұсынатын ақпараттық арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты, ең алдымен, таным қабілеті қарқынды дамып келе жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен ізденушілік құлшынысын бәсеңдетуде. Бұл өз кезегінде оқушының өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуі мүмкін.

Шығармашылық – зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қалмай, шығармашылықпен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.

Психлогтер «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін –өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан ешнәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.

Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формаларымен әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту ) – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс –тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланы ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан, ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.

Дарынды балаларға арналған бағдарламалар мен талаптар сипаттамасы төмендегідей:

- оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы;

- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;

-  зерттеу жумыстарын жургізу тәсілдерін дамыту;

-  абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін  арттыру;

-  жаңа ой таба білуге  ынталандыру;

- алуан түрлі әдіс-тәсілдер, мәліметтер қолдану арқылы жаңа  жұмыстар табуға ынталандыру;

- өзін-өзі танып білу, өз мумкіндіктерін сезіну, өзге  адамдардың жеке ерекшеліктерін  түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;

-  әр түрлі критерийлер көмегімен жұмыс нәтижелерін, өз жұмысын бағалай білуге ынталандыру.

Дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Алайда, тәжірибе барысында бағдарламалардың кейбір түрлері бір талапқа сәйкес келсе, екіншісіне сәйкес болмай жатады. Бүл жай бағдарламаның кемеліне жетпегендіктен ғана емес, олардың шешілу жолдарына да байланысты. Сондықтан бар бағдарламаларды шешілу жолдарына қарай топтастыруды қолданған дұрыс. Топтастыру кезінде барлығы талапқа сай болуы керек екендігіне назар аударуымыз қажет. Жіктеудің "таза" және "аралас" (әр түрлі топтардың бірігуінен жасалған) түрлері бар.

Ортақ бағыт ретінде білім, білік, дағдыларының мазмұнының ерекшелігіне, оқыту әдістеріне, сонымен қатар олардың нәтижелеріне қарап анықтаймыз. Бұл екі бағыттың өзара байланысын Д.Дьюи жақсы аңғарған: "...мәлімет алу барысында ойды жанама жағдай етіп қарастыруға да болады, керісінше, ойды дамыту үрдісінде мәліметтер алуды негізгі жағдай етіп қарастыруға да болады".

Зерттеулер көрсеткеніндей, дарынды балаларға арналған білім беру бағдарламаларын құрудың екі тәсілі бар. Біріншісі, оқу үрдісін жеделдетумен байланысты. Жоғарғы деңгейдегі балаларға қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша білім берілгенімен, жекелеген ерекшеліктеріне байланысты даму деңгейінің мүмкіндіктері ескерілмейді. Жеделдетіп оқыту сыныпаралық оқу арқылы, әр түрлі пәндер бойынша кейбір оқушылар үшін жекелеген бағдарламалар құру арқылы жүзеге асады. Жеделдетіп оқыту дарынды баланың жеке даму ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай оқыту түрі баланы жалығудан сақтайды. Дарынды балаларды оқыту ісінің көрнекті маманы Г.Пас-сов "Дарынды балаларды жеделдетіп оқыту кезінде "нақты ойланып мәселені шешіп, оның шешімін тауып алуға" уақыт жетпейді" деп жазады. Осы кезде мектепті ерте аяқтап, "үлкен өмір жолына" ерте араласу мәселелері талас туғызады. [17;7]

Екінші тәсіл, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдету-оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуге көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.

Өз ерекшеліктерімен қатар бұл тәсілдің кемшіліктері де бар: біріншіден, бұл бастапқы оқыту сатыларында толық жүзеге аспайды; екіншіден, математиканы оқуды жеңіл меңгеретін кіші жастағы балаларды сол пән бойынша тереңдетіліп оқытылатын мектептерге жиі әкеліп жатады, ал кей жағдайда пәнді тез меңгеру баланың бейімділігімен сәйкес келмеуі мүмкін; үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларына "өзін-езі танып білуіне" мүмкіндік берілмейді. Сондықтан да тереңдете және жеделдете оқыту кезінде баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына арнайы көңіл бөлінуі қажет.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, баланың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуы дарынды балаларды оқыту бағдарламасының ең басты мәселесі. Сол себепті баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесін барлық бағдарламалар өз алдына негіз етіп қоюы керек деп есептейміз.

Оқыту мақсатына сәйкес бағдарламаларды екі түрге белуге болады: бірінші тобына, жоғарғы ойлау үрдісін, яғни шығармашылық, қисынды ойлау, мәселені шеше білу қабілетін дамытуға бағытталған барлық бағдарламалар жатады. Мүндай бағдарламалар баланың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға әсерін тигізеді. Оларды кез келген мәселелерді шеше білу қабілеттілігімен "қаруландырады"; екінші тобына, өз мәселелері ретінде жеке-эмоционалды даму саласын қарастыратын бағдарламаларды жатқызуға болады.

Жеке-эмоционалды даму жоспарының қиындықтары: өзін-өзі төмен бағалау, сескену, өз-өзіне сенімсіздік білдіру. Осы қасиеттер баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Сол себепті де өзін-өзі тану 
қабілетінің дамуына ерекше назар аударылуы қажет. Мұндай бағдарламалардың тиімділігі көп жылдық шетел тәжірибелерінде дәлелденген. Соңғы онжылдықта осындай бағдарламалар біздің елімізге де келіп жетті. 

Демек, жеделдете дамыту да, мектеп курсын тереңдету де, тренингтік бағдарламалар да барлық, оқыту мәселелерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені, бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.

Оқыту мен дамыту бағдарламалары баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен білімді меңгеру бағыттарын бірдей дамытатын бағдарламалар болуы қажет. Бұл тәсілдердің оқыту үрдісіне еңгізілуін Д.Эльконин-В.Давыдовтың дамыта оқыту теориялары негізінде жасалған бағдарламалардан көруге болады.

Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту ортасы болу үшін оқыту үрдісі осындай бағдарламалар талаптары негізінде құрылуы тиіс.

Информация о работе Дарындылық дамытудың теориялық негіздері