Дарындылық дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2015 в 22:05, автореферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
• психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми теориялық талдау;
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық жүйелеу;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін анықтау;
• дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық ұсыныстар жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 112.22 Кб (Скачать документ)

 

Осы бөлімде дарынды балалардың даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу бағытындағы жұмыстарға тоқталып отырмыз. Дарындылар дегенде біз үлгірімі жоғары, тәртіпті, ұқыпты және тиянақты және т.б. жағымды қасиеттер тән бала назарға алынады. Дегенмен, дарынды балаларға барлық жас ерекшеліктерде кездесетін жағымды және жағымсыз психологиялық ерекшеліктер тән. Осы орайда, дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде ғалымдар жағымсыз ерекшеліктерді де атап көрсетті. Олардың топтамасын төмендегіше береміз:

 

3-кесте. Дарынды балалардағы жағымсыз психологиялық ерекшеліктер

 

Автор

Жағымсыз қасиеттер

1

К.Тэкэкс

Әсіреленген қорқыныш сезімі

Әңгімелесушіні соңына дейін тыңдамау, қайта-қайта бөле беру

Басқаларды түзетуге әдеттену

Айналасындағыларға талап қою

2

Л. Холлингуорт

Мектепке жағымсыз қатынас

Философиялық мәселелерге бой ұсыну

3

Дж. Уитмор

Шынайы емес мақсаттар қою

Шектен тыс сезімталдық

Ересектердің назарында болуға ұмтылу

Шыдамсыздық




 

Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық бағытын зерттеу кезінде, олардың осы жастағы қызығушылығы тұрақсыз болатындығын ескеріп отыру керек. Дегенмен, бұл зерттеу жұмысынан бас тартуы себепкер болмауы тиіс. Баланың қызығушылығы мен бейімділігі анықталмай, педагогикалық іс-әрекет нәтижелі болмайды.

Қорыта келе, дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінде де өзгерістер байқалды. Олар бұған дейін ешбір ескертулерді көтермей, тек балалардың алды болуға, өзгелер алдында өзімшілдік қасиеттерімен сипатталса, эксперименттен кейін айналадағылармен санаса білетін, берілген ескертпелерге қалыпты қарай білетін, достарының алдында өзін адекватты бағалайтын тұлға ретінде танылды. Себебі, педагог-психолог қызметі жүйелі түрде жүргізіліп, жоғарыда айтылған талаптар педагогтар тарапынан орындалуы шарттардың бірі ретінде алдыңғы қатарға шығады.

        Дарындыларға оқуда қиындық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын балалар жатаны белгілі. Мұндай балалар барлық педагогтарға ұнайтыны сөзсіз. Дегенмен біз жұмысымызда дарындылық тұжырымдамаларына негізделе отырып, жағымсыз қасиеттерін жүйелеп отырмыз. Осы жағымсыз қасиеттерін назарда ұстай отырып, олармен педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Жұмысымызда дарындылықты психодиагностикалау бағыттары қарастырылды. Осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, педагог-психолог дарындылармен жүргізілетін жұмыстары жүйеленді.

        Білім беру жүйесінде педагогтардың  дарындылармен жүргізілетін жұмыстарының  басты мақсаттарының бірі олардың  шығармашылық жұмыста өзінің  әлеуетін жүзеге асыруға дайындығын  қалыптастыру болып табылады.Оқу-тәрбие  процесінде қойылған мақсатқа  жету үшін дарындылардың оқу  бағдарламасын тереңдетіп оқыту  және оның когнитивті белсенділігін  дамыту үшін кешенді бағдарламалар  құрылу керек.

Бұл бөлімде біз дарындылармен жұмыс түрлеріне, педагог тұлғасына қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарға, педагог-психологтың психодиагностикалық жұмыстарына, дарынды балалармен жұмыста кездесетін келеңсіз жағдайларға тоқталып өттік.  Сонымен эксперимент нәтижелерін қорыта келе мына жағдай анықталды:

  1. Мектепте дарындылықты анықтауда және оны дамытуда педагог- психолог қызметінің рөлі ерекше;
  2. Бастауыш сынып жасы когнитивті әрекеттердің сензитивті кезеңі болып табылады. Сондықтан қабілет құрылымындағы дарындылықты ерте кезден анықтап, оны дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі мазмұныға келтіру басты мәселелердің бірі;
  3. Қабілет құрылымындағы дарындылықтың өзіндік сипаты мен ерекшеліктері бар;
  4. Дарындылықты кешенді әдістер арқылы дамыту әлеуетін жоғарылатуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Бұл ғылыми зерттеу жұмысының  жоғарыдағы екі тарауында  қарапайым  балалардан ерекшеленетін дарынды  балалар мәселесі қарастырылды.  

        Осы уақытқа дейін елімізде  небір дарынды да, талантты адамдар  шықты. Дарынды адамдар өзінің  қандай да әрекет сферасында  қабілеттіліктің жоғары деңгейін  көрсетіп, қоғамымызға қаншама жаңалықтар  енгізіп отырғаны белгілі. Шын  мәнісінде дарынды балалар қарапайымдар  сияқты, қоршаған ортадан ойымен, ісімен, ықыласымен ерекшеленетінін  түсінбей қалатын жағдайлар кездесіп  отыр. Дарындылар үшін басшылық, жетекшілік, көсемдік және озаттық іс секілді қасиеттер үлкен рөл атқарады.  Олар өзімен жасты балалармен көбінесе топтағы жетекші және ұйымдастырушы рөлді өз қолына алады. Мұндай бақылауларға негізделе отырып, көптеген зерттеушілердің көзқарасы бойынша дарынды балаларда басқа балалар үстінен басшылық ету бейімділігі бар деуге болады.

        Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагог-психолог мамандардың атқаратын рөлі  бір бөлек. Тұлғаның қалыптасу заңдылығын білу педагог үшін объективті түрде оқу-тәрбие процесінде мақсаттар қоюға және оның жұмыстарының нәтижелі болуына өз жәрдемін тигізері сөзсіз. Педагог-психологтың дарындыларды зерттеу жұмыстарын психологиялық тұрғыдан бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады.

        Дарындыларды зерттеудегі педагог-психолог  қызметінің құрылымындағы басты бөліктер төмендегідей:

  • оның бағыттылығы, яғни, өмірлік позициясы, сенімі, талғамы мен қызығушылығы;
  • тұлғаның танымдық-психикалық қасиеттері (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау және қиял, яғни танымдық процесстері);
  • адамның сезімі және ерік-жігері;
  • тұлғаның темпераменті, яғни, мінез-құлқының табиғи ерекшелігі;
  • тұлғаның мінезі (психикалық сипаты);
  • тұлғаның қабілеті (іс-әрекет мүмкіншілігі).

        Дарынды балалардың ерте сөйлеуі  мен абстрактылы ойлауға негізделген  есте сақтауы жақсы жетілгендігі  туралы жоғарыда айтылған болатын. Олар топтастыру қабілетінде  және мәлімет пен тәжірибені  категориялауда бар білімді кең  көлемде қолдану ерекшелігімен  байқалады. Сонымен қатар, топтастыру  мен шешімге бейімділігі басым  болады. Дарынды балалардың  сүйікті ісі көп жағдайда коллекция жинау. Балаларға өз коллекциясын жүйелеп жинау мен  қайта жасау жоғары қуаныш сезімін әкеледі, дегенмен, әсемдеу, тәртіппен жинау олар үшін мақсат болып табылмайды.

        Қорытындылай келе, дарынды баланың  бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті - мыңды жығатын  білімде бола отырып, оны дамытуды педагогтардың дұрыс үйлестіре білуі басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде біз төмендегідей ұсыныстарды ұсынамыз:

  • дарынды балалармен жұмыстарды жүргізу бағыттары бойынша педагог-психологтардың тәжірибесі насихатталса;
  • дарынды балаларда кездесетін жағымсыз қасиеттерді психокоррекциялау жұмысы жүйеленсе;
  • дарынды балалардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бойынша мектеп педагогтарымен және ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілсе;
  • дарынды балаларды психодиагностикалау бағытында кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілсе.

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мүғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру.

Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.

Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері еліміздің білім жүйесі үзіліссіз реформалар үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектептері жұмыс істеуде. Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар жасалуда. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбы елеулі мәселе - дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мінездемесіне арналады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Дарындылық теориясының негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам кабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал қазіргі күні Қазақстандағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесінің дамуы кең орын алуда.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті еліміздегі дарынды жастар мен балаларды оқыту мен тәрбиелеуге мінездеме беру және  онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді және қол жеткізген жетістіктерін айқындау болып табылады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ: Жалпы дарындылық түсінігі, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістері. Дарынды балаларды айқындау үрдістері.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАҚСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН КЕЛЕСІ  МІНДЕТТЕР ШЕШІЛЕДІ: «Дарынды бала» ұғымына түсінік беру. Дарындылық теориясының негіздерін қарастыру; «Дарындылық» терминінің мағынасын ашу; дарынды балалармен жұмыс түрлерін зерттеу.

Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар Н.Хорезми, Фердоуси, Әль-Фараби, Бируни және т.б. философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген.

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: Курстық жұмысты зерттеу барысында әлеуметтік, ғылыми, педагогикалық, психологиялық, дәстүрлі және де зерттеу әдістері қолданылады.

Я.Коменский "Педагог үшін ең бастысы - баланың кішкентай зерттеушілер ретінде дамуына кедергі келтірмеу. Балалар әр нәрсені тасымалдайтын ара деп есептесек, оларға өз істері белгілі бір мөлшерде пайда әкелетіндей көмек беруіміз керек" дейді. Д.Дьюннің айтуынша, мүғалімнің мақсаты - "таңқаларлық жайдың қасиетті шырағын нық ұстап, алауын тарату". Шығармашылық оқыту ойларын дамыту және зерттеу тәсілдерімен шүғылданатын В.Вахтеров, В.Зеленский, т.б. ғалымдар осы пікірді ұстанады.

Питер Клайн айтқандай, балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына кемектесу әрбір ұстаздың абзал борышы.

Сондықтан да еліміздің өркендеп дамуы, гүлденуі үшін, болашақта биік мансаптарға жету үшін ең алдымен дарынды, білімді жастарды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ДАРЫНДЫЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

  • 1.1 «ДАРЫНДЫ БАЛА» ҰҒЫМЫ
  •  

    Елімізде дарынды балаларды ерте тауып, арнайы мектептерде, гимназияларда оқытуға қатысты айтарлықтай іс шаралар атқарылуда. Алайда осы іс-шаралардың  түпкі нәтижелерін қарастырсақ, онда ауыз тұшытарлық ешнәрсе таба алмайтынымыз, дарынды деген бала дарынды болмай шығып немесе дарындылығын тез жоғалтып алып, оның өзі де, мұғалім де қиналып жүретіні ащы болса да шындық.

    Мұның басты себебі: мектеп өмірінде «дарын» және «дарынды бала» ұғымдарының толық зерттелінбеуінде, ерекшеліктерінің толық айқындалынбауында, оқу үрдісінің осы ерекшеліктерге сай жүргізілмеуінде болса керек.

    Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелігі бар?

    Жалпы кез келген адам үш параметр: мүмкіндік, қажеттілік және мүдделілік арқылы сипатталынады. Мүмкіндік - адамның нәтижесі тек өзі үшін ғана қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетсе, қажеттілік - оның нәтижесі қоғамға немесе әлеуметтік топқа қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетеді. Ал мүдделілік - адамның жеке тұлға ретіндегі сипаттамасы.

    Нәтижесі орындаушы адам үшін ғана керек болатын іс-әрекеттің оқу іс-әрекеті деп аталатыны белгілі. Яғни, мүмкіндік – адамның оқушы ретіндегі сипаттамасы. Ал қажеттілік - адамның белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі ретіндегі сипаттама. Мүдделілік - адамды дүниені танып білуші, ғалым ретінде сипаттаушы сипаттама.

    Информация о работе Дарындылық дамытудың теориялық негіздері