Дарындылық дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2015 в 22:05, автореферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
• психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми теориялық талдау;
• дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық жүйелеу;
• дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін анықтау;
• дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық ұсыныстар жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 112.22 Кб (Скачать документ)

Оқу пәндерінің көбеюі, қазіргі кездегі ақпараттық-технологиялық өзгерістердің пайда болуы бізге оқыту мазмұын кіріктіру керек деген ой салады. Біз жоғарыда көп пәнділіктен және пәнаралық мазмұнның тұтастығы болмауынан қандай қосымша мәселелер пайда болатындығын айтып кеттік. Сондықтан соңғы 7-8 жыл ішінде елімізде кіріктірілген бағдарламалардың саны күрт өсті десек, таңқаларлық жай емес.

Кіріктірілген бағдарламалар - тақырыптарды, бөлімдерді кіріктіру ұстанымымен құрылған оқыту мен дамыту бағдарламалары. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады: 1) пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру; 2) пәнаралық, әр түрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру.

Аталған мазмұндық ортаның ерекшелігіне және тақырыптар арасындағы байланысқа қарай жай және жанама кіріктірулер деп бөліп айтуға да болады.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді өз деңгейінде жүзеге асыруды мақсат етсек, олардың білімге деген құштарлығын, мүмкіндіктері мен абстрактілі теориялар мен ойларға қызығуын дарынды балалардың ерекшеліктері тізіміне еңген барлық жайларды ерекше назарға алуымыз қажет.

Пәнаралық кіріктіре оқыту моделі білім беру, дамыту, оқыта отырып дамыту бағдарламаларының пайда болуына әсер ететіндігі белгілі. Тереңдету және оқу мазмұнын кеңейту, жай және жанама кіріктіру, пәнішілік және пәнаралық кіріктіру, барлығы тақырыптық пәнаралық оқыту моделі негізінде өңделген оқыта отырып дамыту бағдарламасының ішіне енеді. Бұл мүмкіндіктердің толық таралуы оқыта отырып дамыту жүйесінің тұтастай пайда болуымен қатар жүзеге асады. Шетелдік тәжірибелерде пәнаралық оқыту бағдарламалары кең таралған. Олар дарынды балалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін бейімдеу мақсатында оқу бағдарламаларының мазмұнын жіктеу үшін қолданылады.

Мазмұнды біріктіру міндетті бағдарламаларда қарастырылған бөлімдерді тереңдете оқыту уақытының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді. Өткен тақырыпты қайталау бұл жағдайда өзінің репродуктивтілік белсенділігін жоғалтып, оқушылардың білімді меңгеру мен ойлау қабілеттерінің дамуына әсер ететін шығармашылық әрекетке айналады.

Пәнаралық тақырыптық шығармашылық оқыту технологиясы дарынды балалар үшін әр пән бойынша жіктелген бағдарламаның меңгерілуін қамтамасыз етеді.

Барлық балалар үшін шығармашылық оқытудың тиімділігін айтпай кетуге болмайды. Үйренудің алғашқы формасы - шығармашылық оқыту. Дәл осы жайды Фрэнсис Бэкон "Ғылым патшалығына ену үшін біз кішкене бала кейпіне енуіміз керек" дейді. Әрбір дені сау бала үшін зерттеу мен білімге ұмтылу, жаңалыққа құштарлық туа біткен қасиет екендігі таңқаларлық жайт. Мектеп жасында осы қасиеттердің тез жеңілдікпен жойылатындығы одан да таңқаларлық.

Я.Коменский "Педагог үшін ең бастысы - баланың кішкентай зерттеушілер ретінде дамуына кедергі келтірмеу. Балалар әр нәрсені тасымалдайтын ара деп есептесек, оларға өз істері белгілі бір мөлшерде пайда әкелетіндей көмек беруіміз керек" дейді. Д.Дьюннің айтуынша, мүғалімнің мақсаты - "таңқаларлық жайдың қасиетті шырағын нық ұстап, алауын тарату". Шығармашылық оқыту ойларын дамыту және зерттеу тәсілдерімен шүғылданатын В.Вахтеров, В.Зеленский, т.б. ғалымдар осы пікірді үстанады.

Осыған орай, шығармашылық оқыту дарынды, талантты балалардың ерекшелігі болып қарастырылмайды, ол "әлемнің дамуына қажетті білім қорын" дамытуға үлес қосатын білім жүйесінің алға қойған мақсаты болып қарасты-рылады. "Қалай оқыту керек?" деген сүраққа жауап берер кезде шығармашылық оқыту дарынды балаларға қатысты ерекше маңызды болып табылады. Дарынды және талантты балаларды шығармашылық оқыту маңызын анықтайтын шешімдер Д.Треффингердің еңбектерінде берілген. Осылардың ішінен мына келесі түрлерін атауға болады. Біріншіден, шығармашыл дарынды балаларды сипаттайтын ерекшеліктер, яғни жоғары қабілеттілік, өзіндік ойлау, тәрбие, т.б. ерекшеленетін мейлінше нақты форма. Екіншіден, шығармашылық дарындылықтың түрлі саладағы маңызды құрмалас бөлігі. Мысалы, Е.Торренстің сөзіне сүйенер болсақ, шығармашылық - дарынды балалардың ортақ қасиеті. Үшіншіден, дарынды балалардың жоғарғы интеллектуалды мүмкіндіктері оның сапалы сәттілікке қол жеткізуінің кепілі емес. Е.Торренстің сипаттауына құрамдас бөлігі болып табылатын ой қабілеттілігі әдістемелік және зерттеушілік, білімділік моделдің "когнитивті" бөлімін қүрайды. "Аффективті бөлім" даму үрдісін сезінуді, баланың күрделі жайларға сезімталдығын, шығармашылықтағы психологиялық қауіпсіздік қасиеттерін, бейнелерді қолдануды қамтиды.

 Бірінші сатыдағы байланыс тәрізді екінші саты үшін де әр алуан тәсілдер қолданылады. Жаңа ойлардың пайда болуын ынталандыруға багытталған метафоралар қолданылатын синектика әдістері, рөлдік ойындар, мәселелердің морфологиялық сараптамасы - "техникалық тәсілдер" мәселелерінің шығармашылық шешімі. Екінші деңгейдегі дамуды қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің барлық мүмкін нұсқаларын қарастырмай-ақ мәселелердің шығармашылық шешімінің әдістерін ғана алуға болады. Біз мұны шығармашылық оқытудың нақты формасына сәйкес келетіндіктен, негізгі әдіс ретінде қарастырамыз. Ал "синтезге негізделген" деп тәжірибелік жағынан I және II сатыларға байланысты барлық танымал техникалық тәсілдер біз қарастырып отырған моделде мәселелердің шығармашылық шешімінің әр алуан кезеңдерін жүзеге асыру тәсілдері ретінде қарастырылатындықтан айта аламыз.

Мәселелердің шығармашылық шешімін табу үрдісінде мынадай кезеңді атап айтуға болады: мәліметтерді табу кезеңі; мәселелердің қарастырылуы; идеялар іздеу, шешімін табу және оны қолдану. Бұл кезеңдер шығармашылық ойлау циклінің өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайды. Мәселені шығармашылық шешу үрдісінің бірінші сатысы біздің қандай жағдайды қарастырып жатқандығымыздан және қолымызда бар мәліметтер қорынан басталады. Мысалы, оқушылардың өздері отырған бөлмелері көңілдерінен шықпайды, яғни бүл бөлме қайда орналасқан, т.б. сұрақтарға жауап іздейміз. Келесі кезеңде мүмкін жағдайларды қарастырамыз. Өзімізге "Неге?" деген сүрақ қойып, жағдайға терең үңілуге тырысамыз. "Мен бұл жағдайды былай деп ойлаймын..." деген болжаулардың орнына ашық нақты сұрақтар қоюымыз қажет.

Үшінші саты - идеяларды іздестіру. Бүл кезеңде біз анықталған жағдайлардан белгілі бір мәселені таңдап алып, оны шешу үшін көптеген болжаулар 
жасауға тырысады. Бірінші және екінші деңгейлерге техникалық тәсілдерді 
қолдана отырып идеялардың озық кезеңін жасауға болады. Келесі кезеңде 
шешімін табу қарастырылады. Осы кезеңде өткен сатыда ұсынылған 
шешімдерді бағалау қажет. Бүл үшін бағалау критерийлерін анықтап аламыз. 
Идеяларды бағалау кезеңінен кейін мына сұрақтарға жауап беруге болады: 
"Қай шешім нақты?", "Қай шешімдерге амалдар қолдануға болады?", "Қай 
шешімге бағалау өлшемдеріне сәйкес келу үшін өзгертулер еңгізу қажет?", 
т.б. Шешім қабылдау кезеңі мейлінше нақты шешім таңдап алудың дамуы 
мен таралуына әсер етеді. Сынып бөлмесі жағдайында біршама келелі сұрақтарға жауап беруіміз тиіс, себебі мәселені шешу үшін қажетті іс-әрекеттер 
жобасын құруымыз қажет. "Алдымен шешімді тәжірибеде жүзеге асыру үшін 
не істеуіміз қажет?", "Содан соң әрі қарай не істеуіміз қажет?", "Шешімді 
орындауға кім көмек бере алады?", "Қандай кедергілер кездесуі мүмкін?", т.б. 
Нәтижеде мәселелердің шығармашылық шешімінің жоғарғы деңгейі 
"Дивергент функциялардың" жоғарғы даму деңгейлерінің шарттарына сәйкес жүзеге асады. Сонымен қатар сараптау, синтездеу, бағалау және т.б. 
шығармашылық оқыту моделінің екінші деңгейінде де дамытуға болады. Шығармашылық оқыту моделінің мақсатын сипаттайтын жоғары деңгей оқыту 
мәселелері шешімінің орындалуын көрсетеді. Аффективті сферада бүл деңгей құндылықтар жүйесінің интерриоризациясын еске түсіреді.

Егер оқытудың басқа моделдеріне жүгінер болсақ, онда біздер жоғарыда қарастырылып кеткен деңгейлермен қайта кездесеміз. Д.Фельдхюстеннің және М. Колоффоның танымал моделі де үш кезеңнен тұрады. Олар психологиялық мазмұны жағынан жоғарыда айтылып кеткен моделдермен толық сәйкес келеді. Осы түрғыдан Д.Рензуллидің оқу материалдарын құнарландыру моделі өте танымал. Бүл модел Д.Треффингер мен Д.Фельдхюстеннің моделдерінде қарастырылмаған маңызды кезеңдерді қамтиды. Бұл - ортақ бағдарлау әрекеттерін жүзеге асыру кезеңі. Кезеңнің мақсаты - оқыту бағдарламасында қарастырылмайтын тақырыптармен, идеялармен оқушылардың танысуына көмек беру. Шындығында, бүл кезең - Д.Треффингер мен Д.Фельдхюстеннің моделдеріндегі бірінші, екінші сатыда оқытудың негізін құрайтын үрдістердің даму кезеңі. Д.Рензуллидің моделіндегі іс-әрекеттің жоғары деңгейі оқушы зертеуші ретінде ойлап, сезініп, маман ретінде әрекет еткен жағдайда зерттеушілік және көркемдік белсенділік танытады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі түрлі талдауларды қорытындылай келсек, шығармашылық дарындылықты дамыту үшін арнайы бағдарламалардың қажеттілігі айқындала түседі.

 

 2.3 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

«Қазақстан – 2030» стратегиясы анықтап берген және республиканың ғьлым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі - мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда айтылғандай XXI ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.

Дарындылықты анықтаудың бір жолы - олимпиадалар, оқушылардың ғылыми жарыстары, конференциялар, байқаулар өткізу.

Оқушылардың ғылыми жарыстары төмендегідей талаптарға сай өткізіледі:

- шығармашылық қабілет;

- ғылыми ойлау;

- қолданылған зерттеу әдістерінің  тиімділігі;

- тақырыпты ашу дорежесі, жете  ашуы;

- шеберлік шешендігі, ұсынылатын  материалдың сапасы, айқындылығы.

 Дарындылыққа "табиғаттан берілетін ерекше қабілет" деп түсінік беріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық — табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Ал қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне 
бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, енді біріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. 

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалык нәрсе деп карастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді.  Әлбетте дарындылықтың тұқым қуалайтыңдығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы түлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады?

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы негізі мақсат пен міндеттер мынаған саяды.

  1. Ғылыми жұмыспен айналысуға әр бағыттағы пән бірлестіктерінің жетекшілері ұсынған оқушылар мүше бола алады.
  2. Оқушылардың ғылыми жұмыстары тәртіп бойынша сессияда жылына бір рет шақырылып, тындалады.
  3. Сессияда оқу жылының міндеттері айқындалып, нәтижелері шығарылады, жеке секциялар жұмысының есебі тындалып, жұмыс жоспары бекітіледі және басқа да шешімдер мен құжаттар қабылданады.
  4. Оқушылардың ғылыми сессиясында мамандар, ғалымдар және мүғалімдер келісім шарт немесе қосымша қызмет атқаруы бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жұмыс істейді. Олар секцияларға, оқушылардың ғылыми бірлестігіне, сол сияқты оқушылар таңдап алған тақырыптағы жеке жұмыстарына жетекшілік етеді.
  5. Ғылыми жетекшінің, кеңесшінің басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша және оқушылардың тақырыптық шығармашылық жұмысы бойынша оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары аптасына кемінде бір рет ұжымды түрде немесе жекелей өткізіледі.
  6. Қорытындыланған жұмыс ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарынан келген ғалымдарды қатыстыра отырып конференция түрінде өткізіледі. Қазылар алқасы ең үздік жүмыстарды таңдап, оларды облыстық ғылыми жарыстарына ұсынады. Жеңімпаздарға дипломдар, демеушілік сыйлықтары тапсырылады.
  7. Қысқы және жазғы демалыс кездерінде оку-жаттығу жиындары, бағдарлы лагерлер, экспедициялар, саяхаттар ұйымдастырылады. Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері төмендегідей реттеледі:

          - секция жұмысына, барлық іс шараларға  қатысуға;

          - әртүрлі секция, бөлім жұмыстарымен  танысуға және бір секциядан  екінші секцияға өтуге;

     - қоғамның және оның  бөлімшелерінің жұмысын жақсарту  мақсатында өз ұсыныстарын еңгізуге;

     - өз жұмысын ғылыми  жарыстарға, ғылыми конференцияға  қатысу үшін ұсынуға;

     - оқушылардың ғылыми  қоғамы немесе оның секциясы, филиалы жұмыс істейтін зертхана  мен кафедралардың құрал жабдықтарын  пайдалануға;

     - Қазақстан Республикасы  кітапханасының қорындағы ғылыми  әдебиеттерді пайдалануға;

     - оқушылардың ғылыми  қоғамы мүшелерінің үйлестіру  комтетінің кеңесіне сайлануға;

     -ғылыми, мектеп, оқу, әдістемелік  жиын, шығармашылық экспедиция, ғылыми-практикалық  конференциялар, ғылыми жарыстарына  қатысуға және тағы басқалары.

Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі: 1) Ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге; 2) сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға, өзінің ғылыми деңгейін көтеруге;  3) оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;   4) мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға;  5) оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауапты орындауға;  6) қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің зертхана, кабинет, құрал жабдықтарына ұқыпты қарауға;  7) бір немесе бірнеше шығармашылық топтарды белсенді жұмыс істеуге, ғылыми сессия, коференция, экспедиция, жорықтарға қатысуға, таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен тереңдетуге;  8) өз жұмысы жөнінде есеп беруге міндетті.

Оқушылардың ғылыми жарыстарына: 1) бір ғылымның кез келеген саласындағы бұрын танымаған құбылыстарды және жаңалықтарды, ғылымның қырларын, жекелеген факторларын ашатын; 2) тәжірибе жұмыстарын жасауда жаңалықтар әкелетін, мектеп эксперименттерін жетілдіруге ықпал ететін, өндірістік үрдістердің тиімділігін арттыратын аппараттар, моделдер мен құралдар конструкцияларын ұсынатын; 3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған компьютерлік модулдер және экономикалық-құқықтық негізі бар жобалардың жұмыстарын ұсынуға болады. Алайда, адам мен жануарлар денсаулығы үшін зиян келтіретін заттарды пайдалануға байланысты эксперименттер бар болған жұмыстар (ішімдік, никотин, улы химиялық, радиациялық сәлелендіру көздері) жіберілмейді және сондай-ақ, оқушылыардың ғылыми жарыстарында бұрын қорғалған және қаралған жобалар жарыстарға қатыстырылмайды. [18; 2]

Информация о работе Дарындылық дамытудың теориялық негіздері