Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 21:02, курсовая работа
Қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік көптеген қиындықтардан өтті, - бұл болған факті. Ол заңмен қорғалған және дамыды . Бизнеске назар аудару табиғи және дәлелденген. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі басталады, өз ісін ұйымдастыруға ұмтылатын, жаңа шарттарға бой ұсынбауды тілейтін адамдар пайда бола бастады, өзін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсете алатын, бастамасы бар, өмір сүруді білетіндер бой көтере бастады. Бұған қоғамның жариялылығы және шаруашылық іс-әрекеті көмектеседі.
Кіріспе.......................................................................................................
1 Кәсіпкерліктің теориялық - әдістемелік аспектілері......................
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық маңызы мен мазмұны...............
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары........................................
1.3. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.............................
2 ҚР-дағы кәсіпкерліктің дамуын бағалау...................................................
2.1. Қазіргі кезеңдегі ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау
2.2. Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау мен дамуын бағалау..........
3. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуын және қолдау шараларын жетілдіру жолдары...........................................................
3.1. Кәсіпорынның кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру жолдары.........
3.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау бағыттары ...........................................................
Қорытынды..............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................
Қосымшалар............................................................................................
Шағын және
орта бизнестің болуы және де ірі
компаниялардың
Шағын бизнес
кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде
капитал қажет етеді. Техникалық
қызмет көрсету саласында кең
өріс алады. Өте жиі жағдайда өз ісі
өндірістен шығып қалған немесе жұмыс
таба алмағандар ашады.
80-ші жылдардың
басында шағын кәсіпорындар
Монополистік
емес фирмалар жаңа салалар қатарында,
әсіресе ақпарат кешенінде
Кәсіпкерлік
сектор нарықтық бәсекелестіктің
өзгеруіне өте сезімтал. Сонымен
қатар экономикадағы бәсекелік
сипатты қолдай отырып, орта топтың
қалыптасуының негізін қалайды.
Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан
нарықтық реформаларға жоғарғы баға
беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың
әділдігін экономиканың қолдаушы күші
болған шағын бизнесті кең бағытта
қолдаған шет елдердің тәжірибесі айғақтайды.
Мысалы: АҚШ-та жалпы өнімнің қырық
пайызы және еңбекке қабілетті халықтың
елу үш пайызы оның үлесіне тиеді.
Ірі корпорацияларға қарағанда
шағын кәсіпорындар технологиялық
жаңалықтарды анағұрлым көп игереді.
Мұндай кәсіпорындар тауарларды экспортқа
шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың
үлесіне: Германия, Италия, Жапония
сияқты елдерде тауар экспортының
қырық пайызы жуығы тиесілі екен.
Экономикалық және статистикалық мәліметтер
бойынша шағын бизнес субъектілерінің
рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны
байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің
санын
Өркениетті елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы- шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-90 %-ын қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімнің 50%-ға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі оларды ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшіне айналдыруда.
Шағын кәсіпкерліктің шетелдегі даму ерекшеліктерін қарастыру негізінде ең алдымен дамыған мемлекеттер ішіндегі алыптар тәжірибесіне тоқталсақ, ол біріншіден Америка Құрама Штатының және Жапонияның, сонымен қатар Германияның шағын кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен оны мемлекеттік қолдау бағыттары мен проблемаларын ескеру қажет.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. Америка Құрама Штатында өз ісімен айналасушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықтық экономикаға бет бұрған елдер үшін Америка Құрама Штатындағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесінің үлкен маңызы зор. Америка Құрама Штатында тіркелген кәсіпорындардың 97 -ына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің- 53 -ына, көтерме сауданың- 64 -ына, бөлшек сауданың- 72 -ына, қызмет сласының 57 -ына ие болып тұр.
Сонымен қатар,Америка Құрама Штатында кәсіпкелік қызмет АҚШ экономикасында шағын және орта фирмалар ғылыми- техникалық проресс саласында жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жартсына жуығын қамтамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір шығынға олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен 17 еседен көп ғылыми жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғалымдар, инженерлер және тапқырлар еңбегі негізінде ұйымдастырылады. бүгінгі таңда жыл сайын құрылатын 600-700 мың жаңа фирмалардың 1\8 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған.
АҚШ - та шағын кәсіпкерліктің тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер иен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделген. Солардың бірі « шағын бизнес туралы заң» . Америка Құрама Штатының конгрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.
Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-- шағын бизнесті жан жақты қолдау. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субьектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік саясатының негізгі бағыттарының бірі - ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта жүзеге асырылады:
1) бюджеттен мақсатты бағытталған субсидиялар;
2) қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту.
Бұл бағытты іске асыруда АҚШ – та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, кеңестік, материалдық көмектесеlі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады. Шағын Бизнес Әкімшілігі шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
1)халықаралық саудада көмек;
2)ғылыми-техникалық зерттеулер;
3)әйел- кәсіпкерге көмектер;
4)ардагер-кәсіпкерге көмек көрсету жұмыстары;
5) ұлттық кәсіпкерлікті дамыту және тағы басқа.
2 ҚР-ДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ
2.1 Қазіргі кезеңдегі ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі » деп өз Жолдауында атап өтті. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріліп отыр.
Дүние жүзін
шарпыған дағдарысқа қарсы әлемнің
алпауыт елдерінің өзі қал-
Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын және ұлттық экономиканың бәсекегеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада шағын және орта бизнес секторын қолдауға басымдық беріліп отыр. Өйткені экспорттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бағасының күрт құлдырауы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының нығаюына және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға дәл осы шағын және орта бизнестің өрге басуы негіз қалайды. Егер бұл сала өркендесе, жаңа жұмыс орындары ашылып, ел берекеті артады. Үкіметтің ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жасақтаған бағдарламасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және жаңа бизнес жобаларды іске асыруға ерекше мән берілуі сондықтан.
Статистика агеттігінің мәліметтері бойынша, 2008 жылы Қазақстан Республикасы бойынша елімізде 621 114 ШОК субъектісі, 2009 жылы 623 751 ШОК субъектісі, ал өткен жылы 2010 жылы 676 269 ШОК субьектісі тіркелген. Яғни, жылдан –жылға шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі көрсеткіштерінің біршама жоғарлағандығын байқауға болады.
Республика бойынша 2010 жылғы көрсеткіштерге сәйкес Оңтүстік Қазақстан 1-орында, яғни 123 748 ШОК субъектісі 18%, 2-орында Алматы облысы 110 004 ШОК субъектісі 16%, ал 3-орында Шығыс Қазақстан 69 074 ШОК субъектісі 10% тіркелген. Аймақтар бойынша да шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер санының жыл сайын жоғарлап отырғандығын көруге болады (1-кесте).
1-кесте
Қазақстан Республикасы аймақтары бойынша 2008-2010 жж ШОК белсенді субъектілерінің саны, бірлік
ШОК белсенді субъектілерінің саны, бірлік | |||
2008 |
2009 |
2010 | |
Қазақстан Республикасы |
621 114 |
623 751 |
676 269 |
Ақмола |
30 202 |
30 708 |
26 983 |
Ақтөбе |
26 103 |
26 220 |
23 811 |
Алматы |
78 979 |
79 295 |
110 004 |
Атырау |
27 608 |
27 697 |
19 508 |
Батыс Қазақстан |
21 674 |
58 001 |
19 506 |
Жамбыл |
33 038 |
33 679 |
37 265 |
Қарағанды |
37 296 |
21 792 |
44 207 |
Қостанай |
40 119 |
37 836 |
36 531 |
Қызылорда |
14 934 |
40 554 |
14 725 |
Маңғыстау |
21 087 |
15 460 |
16 804 |
Оңтүстік Қазақстан |
101 721 |
109 378 |
123 748 |
Павлодар |
25 280 |
25 457 |
24 380 |
Солтүстік Қазақстан |
18 186 |
18 386 |
21 156 |
Шығыс Қазақстан |
57 442 |
98 914 |
69 074 |
Астана қаласы |
27 760 |
27 884 |
26 917 |
Алматы қаласы |
59 685 |
62 490 |
61 650 |
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы елімізде жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір жолы болып табылады.
Елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына байланысты жұмыссыздар саны да төмендеп келеді.
Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2008 жылы Қазақстан Республикасы бойынша 1 726 170 адам, 2009 жылы 1 944 945 адам, ал 2010 жылы 2 463 518 адам болды. Сәйкесінше шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына байланысты 2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2 есе жұмыспен қамтылған (2-кесте).
2010 жылғы
көрсеткіштерге сәйкес
2-кесте
Республика аймақтары бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны, адам
ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны, адам | |||
2008 |
2009 |
2010 | |
Қазақстан Республикасы |
1 726 170 |
1 944 945 |
2 463 518 |
Ақмола |
74 819 |
96 263 |
114 889 |
Ақтөбе |
59 739 |
69 914 |
95 843 |
Алматы |
203 680 |
213 394 |
275 700 |
Атырау |
63 530 |
70 730 |
79 402 |
Батыс Қазақстан |
55 256 |
60 743 |
88 077 |
Жамбыл |
116 463 |
116 326 |
112 640 |
Қарағанды |
114 747 |
135 189 |
200 248 |
Қостанай |
92 019 |
111 869 |
137 283 |
Қызылорда |
38 218 |
44 464 |
64 710 |
Маңғыстау |
41 753 |
47 951 |
66 472 |
Оңтүстік Қазақстан |
231 552 |
245 614 |
298 046 |
Павлодар |
76 651 |
88 391 |
112 982 |
Солтүстік Қазақстан |
52 368 |
68 928 |
102 755 |
Шығыс Қазақстан |
160 736 |
187 686 |
238 083 |
Астана қаласы |
107 014 |
113 038 |
133 928 |
Алматы қаласы |
237 625 |
274 445 |
342 460 |
Информация о работе қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау