қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 21:02, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік көптеген қиындықтардан өтті, - бұл болған факті. Ол заңмен қорғалған және дамыды . Бизнеске назар аудару табиғи және дәлелденген. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі басталады, өз ісін ұйымдастыруға ұмтылатын, жаңа шарттарға бой ұсынбауды тілейтін адамдар пайда бола бастады, өзін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсете алатын, бастамасы бар, өмір сүруді білетіндер бой көтере бастады. Бұған қоғамның жариялылығы және шаруашылық іс-әрекеті көмектеседі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................
1 Кәсіпкерліктің теориялық - әдістемелік аспектілері......................
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық маңызы мен мазмұны...............
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары........................................
1.3. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.............................

2 ҚР-дағы кәсіпкерліктің дамуын бағалау...................................................
2.1. Қазіргі кезеңдегі ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау
2.2. Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау мен дамуын бағалау..........

3. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуын және қолдау шараларын жетілдіру жолдары...........................................................
3.1. Кәсіпорынның кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру жолдары.........
3.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау бағыттары ...........................................................

Қорытынды..............................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................

Қосымшалар............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

кур раб.docx

— 197.68 Кб (Скачать документ)

                                               Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................

1 Кәсіпкерліктің  теориялық - әдістемелік   аспектілері......................

1.1. Кәсіпкерліктің  экономикалық   маңызы   мен   мазмұны...............

1.2. Кәсіпкерліктің  түрлері мен формалары........................................

1.3. Кәсіпкерлікті  дамытудың шетелдік тәжірибесі.............................

 

2 ҚР-дағы  кәсіпкерліктің  дамуын   бағалау...................................................

2.1. Қазіргі кезеңдегі ҚР-дағы  шағын және орта бизнестің жағдайын талдау

2.2. Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау мен дамуын бағалау..........

 

3. Қазақстан   Республикасында  кәсіпкерліктің  дамуын  және қолдау шараларын  жетілдіру жолдары...........................................................

3.1. Кәсіпорынның   кәсіпкерлікті басқаруды  жетілдіру  жолдары.........

3.2. Қазақстан   Республикасындағы  кәсіпкерліктің  дамуын  мемлекеттік   қолдау  бағыттары ...........................................................

 

Қорытынды..............................................................................................

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі........................................................

 

Қосымшалар............................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кіріспе

 

Қазіргі Қазақстандағы   кәсіпкерлік   көптеген   қиындықтардан   өтті, - бұл   болған  факті. Ол  заңмен   қорғалған   және  дамыды . Бизнеске   назар   аудару   табиғи   және   дәлелденген. Біздің   көзімізше   қоғамның   жаңа    экономикалық   негізі    басталады, өз   ісін   ұйымдастыруға   ұмтылатын, жаңа   шарттарға   бой   ұсынбауды   тілейтін   адамдар   пайда  бола   бастады, өзін  еркін  еңбек   іс-әрекетінде   көрсете  алатын, бастамасы   бар, өмір  сүруді  білетіндер  бой   көтере  бастады. Бұған  қоғамның  жариялылығы  және  шаруашылық   іс-әрекеті   көмектеседі.

Монополизмді   жеңуге  және   бәсекелестікті   дамытуға  бағытталған   өндіріс  құрылымының   түбегейлі   өзгеруіне   нарықтық   экономикаға   өту   жағдайы   талап   етеді. Дүниежүзілік   тәжірибе   көрсеткендей, бұл   міндетті   әртүрлі   жекешелендіру   формаларына  негізделген, кәсіпкерлік   басқару   дамуынсыз   және  тиімділігінсіз  шешу   мүмкін   емес .

Қазір   көпшілігінің   түсінгені, тек  кәсіпкерлік   қана   өндірістің, нарықтың   және   де   тұтас   қоғамның   дамуына   ықпал   етеді. Еліміз   кәсіпкерлер   арқасында    гүлденуде, ал    кәсіпкерлер – мемлекет  қолдауы   арқасында.

         Қазақстан   Республикасында   кәсіпкерлік   іс - әрекеттің   дамуына   барлық   жағдайлар   жасалған, соның   ішінде, кәсіпкерлік   даму   үшін   экономикалық   негіз   болған, жеке    меншікті   жекшелендіруді   зор   жұмыс   іске   асты.

         Елде   кәсіпкерлікті, кіші  және   орта   бизнесті   мемлекеттік   қолдауы   бойынша   кең   масштабты   шаралар   қолданылуда.

           Кәсіпкерлік   іс-әрекет   қоғамдық   қатынастардың   нақты   формасы   ретінде   қоғамның    материалды   және   рухани   потенциалының   ұлғаюына    қоғамдық    қатынастар   арқылы   ықпал   етеді, әрбір   индивидтің   қабілеттері   мен   талаптарын  практикалық    жүзеге   асыру   үшін   қолайлы   негіз   жасайд , оның   ұлттық   рухын   және   ұлттық   мақтанышын   сақтауда   ұлттық    бірлікке   тартады. 

           Кәсіпкерлік   іс-әрекет – азаматтардың   заңдық   білімінсіз, бастамалы,  өзіндік   іс-әрекет; ол   өз  атынан   өзінің   мүліктік   жауапкершілігімен   және   өз   тәуеклімен   немесе   басқаның   атынан, басқа   біреудің   мүліктік   жауапкершілігі   арқылы   кіріс   немесе    жеке    табысы   үшін   іс-әректтер   жасайды. Егер   заңмен   тыйым    салынбаса,  жеке   кәсіпкер   ретінде   мемлекттік   тіркеуден   өткен   кезден   бастап   кәсіпкер   шаруашылықтың    кез-келген   түрін   жүзеге   асыра   алады. Оны, кәсіпкер   ретінде,  жеңіске   жету   еркі, тартысқа   түсуі, оның   еңбектегі   ерекше   шығармашылық    мінезі   алға    тартады. 

Кәсіпкер  – тек   өзін   ғана   байытпайды, сонымен  қатар   ұлттық    байлықты   ұлғайтады, ресурстарды   қолданудың   үздік    тәсілдерін   табады, шығындарды   төмендетіп, жаңа   жұмыс   орындарын   ашады.

Кәсіпкерлік   іс-әрекетімен   басқару   міндеті -  тауарлардың   тиімді   әрі   табысты   өндірісімен   қамтамасыз   ету, қызмет   көрсету   және   оларды   жүзеге   асыру.

         Берілген   жұмыста   әртүрлі   қайнар   көздері   пайдаланылған,  кәсіпкерлікті   дамыту   мәселесімен   көптеген   экономистер   айналысқан. 1775 жылы   басылған   Ричард   Кантильонның    «Сауда   табиаты  туралы   эссе »   (очерк )  жұмысын   зерттеушілер, оны «Экономикалық   заңдарды   жазулар   ішінен », «Халықтар байлығына » дейінгісі жүйелі, әрі түсінікті де, ерекше  деп санайды [1] .

          Кантильон   дәлелдегендей, кәсіпкер   бір   нәрсені   өндіруге   немесе   өз   ақшасына   кәсіпкерлікпен   айналысуы   міндетті   емес. Кантильон   кәсіпкерлердің    экономикада   өзара   әрекет   етуіне   бірінші   көңіл  бөлген.  Бұл   мәселемен   айналысқан   тағы   бір   экономист, француз   экономисі   Жан   Батис   Сэй    болып   табылған. «Саяси  экономика  трактаты » (1803 жыл ) және  «Практикалық  саяси   экономиканың   толық   курсы » (1828 жыл) еңбектерінде  Сэй   дамыған   өндіріс   теориясын   және   кәсіпкерліктің   басты   рөлін   айқындап   жазды . Сэй   кәсіпкердің   басты   қызметі   өндіріс   факторларын   үйлестіру   деп  білді: жерді, капиталды, тек  еңбекті   қана   емес, өнім   өндіру   және   өндірістік   үрдісті   ұйымдастыру   үшін   қажетті  ғылыми   білімдер   кіргізетін    адами   факторларды   үйлестіре   алуы. Кәсіпкерліктің   дамуы   және   басқару   мәселелерімен    қазақстандық   экономистер   айналысқан   және   айналысады, соның   ішінде, экономика   ғылымының   докторы, профессор  М.Б. Кенжегузин, экономика   ғылымының    докторы, Қазақстан   Республикасы   Академиясының   академигі   С.С.Сатыбалдин  және   тағы   басқары   болып   табылады. Курстық жұмыста   А.Қ.Қаңтарбаеваның   еңбегі  «Кәсіпкерлік : институционалды- эволюциялық   көзқарас», онда  кәсіпкерлік   сектор   интенсивті   экономикалық   өсу   полюсі   ретінде   қарастырылады.

           Курстық    жұмыстың   мақсаты  – кәсіпорынның   кәсіпкерлік   іс-әрекетімен   басқаруын   зерттеу, Қазақстан    кәсіпкерлігі   дамуының   өзекті   мәселерін   зерттеу, сонымен   қатар   Қазақстан   Республикасында   кәсіпорындардың   кәсіпкерлік   іс-әректін   басқару    және   дамытуды    жетілдіру    жолдарын    табу.

          Курстық    жұмыс   мақсатына    сәйкес, зерттеудің    келесі  міндеттері   қойылады:

         1) Кәсіпкерліктің экономикалық   маңызы   мен   мазмұны;

2) Кәсіпкерліктің  түрлері мен формалары;

3) Кәсіпкерлік    іс-әрекетімен   басқару   маңызы;

4) Қазақстан   Республикасы аймақтрындағы   кәсіпкерліктің дамуын талдау;

5) Ақтөбе  облысы бойынша кәсіпкерліктің  даму жағдайы;

6) Кәсіпорынның   кәсіпкерлікті басқаруды  жетілдіру  жолдары;

          7) Қазақстан  Республикасындағы   кәсіпкерліктің дамуын  мемлекеттік   қолдау жолдарын   оқып   тану.

             Зерттеу   объектісі    кәсіпорынның   кәсіпкерлік   іс-әрекеті   болып   табылады .

             Курстық   жұмыс   кіріспеден, үш   тараудан, қорытындыдан пайдаланылған   әдебиеттер  тізімінен   және    қосымшадан   тұрады.

             «Кәсіпорынның   кәсіпкерлік   іс-әрекеті   мен    басқарудың   теориялық- әдістемелік   аспектілері  » бірінші   тарауында,  кәсіпорынның    іс-әрекетінің   экономикалық    маңызы   мен   мазмұңы, кәсіпкерлік   іс-әрекеттің    формалары    мен    түрлері, сонымен   бірге   кәсіпкерлік   іс-әрекетімен    басқарудың    маңызы    қарастырылады. 

             «Қазақстан   Республикасындағы   кәсіпорындардың   кәсіпкерлік   іс-әрекеті    дамуын    талдау » екінші   тарауында,  Қазақстан   Республикасы   кәсіпорындарының   кәсіпкерлік   іс-әрекеті  дамуының    өзекті   мәселелері, оларды   жеңу   жолдары    зерттеледі, қазіргі    кезеңде    Қазақстан    Республикасындағы    кәсіпорындардың    кәсіпкерлік   іс-әрекеті    дамуының    ерекшеліктері   қарастырылады. 

             «Қазақстан   Республикасы   кәсіпорындарының    кәсіпкерлік   іс-әрекеттерімен   басқару   және    дамытуды    жетілдіру   жолдары»  үшінші   тарауында,  Қазақстан   Республикасы   кәсіпорындарының   кәсіпкерлік   іс-әрекеттерімен    мемлекеттік   басқару    оқылады, кәсіпорынның    кәсіпкерлік   іс-әректтерімен   басқаруды    жетілдіру   жолдары    қарастырылады, Қазақстан   Республикасындағы   кәсіпкерлік   іс-әрекетін    дамытудың    мемлекттік   қолдау   бағыттары   оқып   танылады.

                 Қорытындыда    зерттелетін   тақырып   бойынша    негізгі    қорытындылар   мен   ұсыныстар   беріледі. Өткізілген   зерттеуде   бейнеленетін   сызбалар, кестелер   және   суреттер, негізгі   материалдар   курстық   жұмыстың   тарауларында, ал   қосымша   материал –қосымшада  берілген .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

 

    1.  Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны мен мәні

 

Жалпы «кәсіпкерлік»  ұғымы туралы экономикалық әдебиеттерде көзқарастар әртүрлі болғанымен олар бірін – бірі толықтырады. Және де кәсіпкерлікке байланысты анықтамалардың қалыптасып дамуы (эволюциясы) оның атқаратын  нақты қызметтерінде көрсетіледі. «Кәсіпкер» туралы ежелгі заманнан қазіргі  уақытқа дейін қандай, теориялар  мен тұжырымдамалар қалыптасқаны жөнінде  біздің отандасымыз О.Ж.Әлиев ғылыми маңызды зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған  жеті кезеңін бөліп көрсеткен.

Алғашқы кезеңде  көрсетілген «кәсіпкерлік – адамның  қандай да бір іс - әрекетпен айналысуы,» - деген түсінігі бүгінгі күнгі  «кәсіпкерлікке» берілген анықтамалардан біршама өзгеше мән – мазмұнға ие екендігі айқын. Кәсіпкерлік туралы алғашқыдан кейінгі екі кезең  ІХ – Х ғасырларда өмір сүрген орта ғасырлық араб ойшылдарының еншісінде.

Екінші кезең  біздің дәуіріміздің ІХ – Х ғасырда  өмір сүрген Аль – Ашари (873 – 935 жж.) атымен байланысты. Яғни, ашариттер (Аль  – Ашариге қатысты), жәбраиттер (жәбр – арабша – еріксіз), кадариттер (кадар – арабша – қабілеттілік, құдіреттілік), мутазалиттер (арабша –  айрықша, яғни еркін ойлайтын адамдар) кәсіпкерлік туралы Ислам діні шеңберінде ой толғап, тарихта алғашқы болып  «Касб» тұжырымының негізін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Үшінші кезеңде  аталған тұжырымды кеңейтілген  түрде әйгілі орта ғасырлық араб ойшылдары, оқымыстысы және мемлекет қайраткері Ибн – Хальдун (1332 – 1406 жж.) өз еңбектерінде «касб» («касабун») ұғымын одан әрі  зерттеп, ол туралы өз тұжырымдамасын жасады. Ол кәсіпкерлікті меншікті иелік етумен, еңбекпен, адамның  еңбекқорлығымен байланыстырады. Осыған орай, кәсіпкерлікті өмір сүру құралы («мааш»), баю құралы («райаш») ретінде  қарастырады. Сонымен қатар, оның кәсіпкерлік  теориясы өзі қалыптастырған меншік («мульк»), тауар өндірісі және айырбас, қажетті және қосымша еңбек және өнім қағидаларымен тығыз байланысты болды.

Келесі, төртінші кезең ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ  ғасырдың басында өмір сүрген Р.Контильон  атымен байланысты. Яғни, ол берген анықтамада кәсіпкер – тәуекелге бара білетін  адам, ал байлық көзі – экономикалық игіліктердің дәл бағасын анықтайтын жер мен еңбекте, - деп көрсеткен.

              Ғылыми   ұғымға   « Кәсіпкер  »  термині   алғашқы   рет   1975 жылы  экономист   Ричард   Кантильонмен   енгізілген, ол   белгілі   баға   бойынша   сатып   алушыны   атап, ал  сатушыны   белгісіз, дәлірек   айтса, қауіпке   кенелген   адам  деп   белгіленген. [2]

              Капиталистікке   дейінгі   дәуірде   қоғамдағы    кәсіпкердің    орны   және   оған   деген   басқа    азаматардың   қатынасы   біркелкі   бола   қоймаған. Ежелгі   дәуірде   және   кристиан   діндік   идеологиясы   жетекшілік   еткен   дәуірде   саудагердің, кез-келген   көпестің   және   іскер   адамның    іс-әрекеті   абыройсыз, ұнамсыз,  күнәға  толы  деп   қарастырылған.  Аристотель   философтың   өмір   сүруін, ішкі  тыныштығы   жетпейтін   саудагер    іс-әрекетінен   гөрі   абыройлы   деп   санаған. Фома   Аквинскийдің   бекітуінше, көпес   кәсібі   моральді-этикалық   жағынан   жетілмеген   деңгейде. Ал   белгілі   XII ғасырда  каноникалық   құқық    «Gratans»  кітабында: «Көпес   Құдайға   тек   өз    деңгейінде   қажет   немесе    мүлде    оған    жек   көрінішті » делінген. [3]

              Көптеген   ортағасырлық   философтар   мен    құдай    қалаушыларының    кәсіпкерлікке    жау    ретінде   қарауы, сол   кезде   өңдірістің    басты   формасы  – табиғи   шаруашылық    болып   қалған    және   кәсіпкерлік    қызметтерге    әлі   белгілі   емес   роль   берілген. Одан   басқа,  ұқыпты   жер   айналысушының    тыныш   өмірі   адами  өмір   сүрудің   идеалы   болып    саналған, сол   кезде   әрдайым    ізденістегі, тұрақты   әдеттерді   бұзушы   ретінде   кәсіпкер   шаруа   консерватизміне   қарама  – қарсы     тұлға   болып   табылған. Бір  қызығы   классикалық    саяси   экономия   бастаушыларының   өзі   де кәсіпкерлердің    маңыздылығын    байқамаған, олардың   ойынша, экономикалық    үрдіс   өз    бетімен   жүзеге    асады, яғни  «Көрінбейтін  қол»  принципі   негізінде. Олардың   сызбасы   бойынша   кәсіпкер   не   жеке  меншік   иесі (Адам  Смит), не инвестор (Давид   Рикардо)  болуы   тиіс. Олар    кәсіпкерлердің   басқа   қызметтерін   қабылдамады.  Классиктер   көзқарастары   бойынша   кәсіпкерлік   марксиздік   концепциясының   жөнелтуші   пунктісінің   бірі   болып   табылады. Карл   Маркс   кәсіпкерден   тек   капиталисті   көрген, өз   капиталын   өз   кәсіпорынына  салады   және   жалданушы   жұмыскерлердің   өнімді   жасау   айырмашылығынан   және   оның   еңбекақысын   төлеу   саласынан   кіріс   көреді   деп   санаған.  Карл   Маркстің   ойынша, бұл-кәсіпкерліктің  экспуататорлық   мәнінің   дәлелі, оның   әлеуметтік   паратизміне нұсқайды, сондықтан   ол   шаруашылықтың   капиталистік   жүйе   ұғымдарымен   қоса   жойылуы   тиіс  деген.

Информация о работе қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктң қолдау