Шпаргалка по "Политологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:40, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Политология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

POLITOLOGIYaYaYaYa.docx

— 127.02 Кб (Скачать документ)

 

55. КСРО-ҒЫ ТОТАЛИТАРЛЫҚ  РЕЖИМНІҢ ҚҰЛДЫРАУЫНА ӘСЕР ЕТКЕН  ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАП ӨТІҢІЗ.

 

КСРО-ның ыдырауы . 70-80 жылдары  ұлттық этникалық қақтығыстар жиілей бастады.Соған қарамастан Мемлекет басындағылар КСРО-ны «бауырмал халықтың ұйымшыл отбасы» деп атады.Көп  ұлтты мемлекеттің билігі бір  орталықтанған ,сондықтан барлық билік  Коммунистік партия қолында болған болатын.

Көпшілік 70-80жылдарды, яғни Брежневтің билік ету кезеңін, КСРО-ң  гүлденген кезеңі деп санаса, Брежнев  өлімінен кейін Кеңес Одағы құлдырай бастады. Көптеген зерттеушілер КСРО құлауының нақты себептерін көрсетпейді, әйтседе мүмкін болуларының ішінде келесілерін келтіред:

  • Әр көп ұлтты мемлекетте кездесетін орталықтанған тенденциялар
  • Стагнация,кейін экономиканың құлдырауына, ол өз кезегінде саяси жүйенің құлауына әкелген Кеңестік жүйенің кемшіліктері
  • КСРО экономикасына қатты әсер еткен әлемдік мұнай бағасының түсуі
  • КСРО қару-жарақ жарысына төтеп бере алмауы,рейганомиканың жеңісі
  • Үкімет басшылары саясатының тиімсіздігі, Брежнев және оның жолын қуушылардың реформалық қызметтері экономиканы құлдыратып,бірорталықтанған билік механизмін жоюы.
  • КСРО-ны құлатуда батыс елдерінің қызығушылығы
  • Билік үшін күрес
  • Елде құлдырау үстіндегі анархия жағдайында саяси және шаруашылық элитаның мемлекетті бөлісіп, жекеменшікте көп иелікке ие болғылары келгендігі
  • Ұлттық қайшылықтар,әр ұлттың өз салт-дәстүрін өзі дамытқысы келуі
  • Елді демократизациялау салдарынан жеке ұлттардың КСРО-ның бөлуін қалауы
  • Тәуелсіз зерттеушілердің пікірінше, КСРО экономикасының құлдырауына Горбачевтің Одақ экономикасының жартысына жақынын ұстап тұрған спирттік ішімдіктерге тиым салуы және т.б

ХХ ғасырдың 80-90 жылдары  КСРО-ң әлеуметтік-саяси, экономикалық өміріндегі қатынастар шиеленісі 1991 ж 21- желтоқсанындағы одақтың өмір сүруінің тоқтатылуына әкелді.

1985 жылы М.С.Горбачев және  оның жақтастарының «қайта құру»  саясатын бастауынан халықтың  саяси активтігі өсті, жаппай, соның  ішінде ұлттық қозғалыстар мен  ұйымдар құрылды.Кеңестік жүйені  реформалауға тырысуы елдегі  кризисті одан ары тереңдетті.Саяси  сахнада бұл кризисс КСРО президенті  Горбачев пен РФСФР президенті  Ельциннің арасындағы қайшылықтар  негізінде көрінді.1989 жылы ресми  түрде елде экономикалық кризисс  басталғандығы жайлы жарияланды. Осы жылдары советтік экономикадағы басты проблема максимумына жетті, яғни үнемі тауар тапшылығы, саудадан күнделікті қолданылатын заттар жоғала бастағандығы(наннан басқа). Бүкіл ел бойынша сауданы карточкалық жүйе бойынша жүргізу енгізілді. 1991ж бастап алғаш демографиялық кризисс байқалды,елде туылымнан өлім көрсеткіші өсті.

КСРО территориясында  ұлтаралық қақтығыстар жиілей түсті.Осыған байланысты сөйлейтін болсақ, алысқа бармай-ақ, мысал ретінде өз еліміздегі 1986 жылғы аса озбырлық пен қатыгездікпен  басылған жастардың «Желтоқсан»  оқиғасын айта кетуге болады.Үкімет басына Колбиннің отыруы, халық үшін жылдар бойы жиналған ызалықтарына түрткі болғандай  болды.

Осындай шиеленістің ең шегінен  шыққаны Таулы Қарабах қақтығысы.1988 ж бастап бұл жерде армяндар мен  азербайжандар қырғынға ұшырай бастады. 1989 жылы Армян КСР Жоғарғы Кеңесі Таулы Қарабахтың өзіне қосылғандығы жайлы жариялайды,ал Азербайжан КСР болса блокада бастағанын ескертеді.Сөйтіп, 1991 жылдан бастап екі ел арасында соғыс басталды деп айта аламыз.

Осындай шиеленіскен жағдайлар  Ферғана даласында да болып өтті.Оның басты себебі бірнеше ортаазиялық  ұлтты бір бүтінге біріктірмек  болулары.

КСРО-ң ыдырау үстіндегі  жағдайын көре отырып, көптеген құрамындағы  мемлекеттер болашаққа деген  нық сенімдері болмаса да, Одақтың  да келешегі шамалы екенін көре отырып, елінің болашақ дамуы үшін мемлекет басшылары егемендіктерін жариялай бастады. Бұл үрдісті алғашқы болып Балтық теңізі маңы елдері бастады.Оның үстіне, 1990 жылы 7 ақпандағы КСРО КП ОК биліктегі монополияның әлсірегенін жариялаған соң,елде алғашқы бәсекелестік сайлаулар өтті. Осының нәтижесінде көптеген одақтық мемлекеттерде билікке либералдар мен ұлтшылдар келді.Олар ортақ одақтық заңдардың республикалық заңдардан басымдығына наразылықтарын білдірді,сондай-ақ жергілікті экономикаға бақылауды өз қолдарына беруді және салықты тікелей одақ бюджетіне төлеуге қарсы шықты.Осы және тағы да басқа шиеленістер өзі оңып тұрмаған одақ арасындағы экономикалық байланысты үзді.

Бұл кризисс әр елге әртүрлі  әсер етті, әр ел әртүрлі қабылдады. Литвада 1988 жылы 3 мамырда тәуелсіздік жолындағы Саюдис қозғалысы құрылды. Ал 1990 ж 11 наурызда Литва Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде жариялады. Сондай-ақ, көршілес Эстонияда 1988ж Эстония Халық Фронты құрылды да, мамырда Таллинде «әншілер революциясы» өтеді. 1990 ж 23 наурызда Эстония Компартиясы КСРО КП мүшелігінен шығатындығын жариялайды, ал кейін 1990ж 30 наурызында Эстония Жоғарғы Кеңесі өз тәуелсіздіктерін жариялайды. Осы кездері Латвияда да Халық Фронтының күшеюі байқалады, олардың негізгі мақсаты -ел тәуелсіздігі еді. 1990 жылы 4 мамырды Латвия Жоғарғы Кеңесі егемендіктерін жариялап, 1991 жылы 3 наурызда осы қабылданған шешім референдум арқылы бекітілді.

 

  1. БИЛІКТІҢ ЛЕГИТИМДІЛІГІ.

 

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өөз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекеттік билік барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде legitimus-заңдылық, шындық деген мағынада) – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Легитимдік терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті: 1.Әдет-ғұрыптық легитимдік – сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды. 2.Харизматикалық легитимдікте - өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. 3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігінде – саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимдік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады. Қазіргі дамыған елдерге тән.

 

 

58. СЫРТҚЫ САЯСАТ ПЕН ІШКІ САЯСАТТЫН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАҢЫЗ

 

59. ЛИДЕР МЕН МАНИПУЛЯТОРДЫҢ  АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫН АНЫҚТАП, ТҮСІНДІРІП КЕТІҢІЗ

 

60. ПЛАТОННЫҢ «ИДЕАЛДЫ МЕМЛЕКЕТ» АТТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІҢІЗ


Информация о работе Шпаргалка по "Политологии"