Көптеген уақыт шеңберінде
ақпараттың негізгі көзі ретінде
газет пен журналдар қолданылды.
кейін оның қатарларын телеарна, радио
мен интернет толықтырды. Қазірді
оның барлығын біз БАҚ деп атаймыз.
Сол алғашқы газет журналдар
басында саяси партиялар немесе
басқа да институттармен орган ретінде
саяси процеске тартылған болатын.
Уақыт өте сол газет журналдар
мен жалпы БАҚ адамдарды өзіне
үйретіп, адам өмірінің бір бөлігіне
айналды. Саясатта телеарнаның саясатта
қолданылуы 1952ж АҚШта преиденттік
сайлау кезінде пайдаланылды. Бұдан
БАҚ адамдарды объективті және оперативті
ақпараттандыру көзіне айналды. Ал ол
өз кезегінде үлкен саяси күшке ие болды.
БАҚтың саясаттағы ролін біржақты қарастыруға
болмайды. Себебі ол өз алдына күрделі
және көпжақты институт. Г.Ласуэлл БАҚтың
негізгі функцияларын бөліп, көрсеткен
болатын: әлемді бақылау; қоғамдық ойды
қалыптастыру; ақпаратты зерттеу; мәдениетті
насихаттау. Бұған тағы да бірнеше функцияларды
жатқызуға болады. Олар: қоғамның әлеуметтенуі
мен халықтың саяси сауаттылығын арттыру.
Сол сияқты саясат БАҚты пайдалана отырп,
адамдардың санасына, тәртібіне ықпал
етуге үлкен мүмкіндік алады. Сол себепті
БАҚті төртінші билік деп атайды.
27. САЯСИ СОЦИАЛИЗАЦИЯ:
АНЫҚТАМАСЫ, КЕЗЕҢДЕРІ, ФАКТОРЛАРЫ
Саяси
социализация – жеке адамның қоғамның толық
құқылы мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет
белгілі бір ілімдер, ережелер мен құндылықтар
жүйесін меңгеру процесі жеке тұлғаның
саясаттың субъектісі ретінде қалыптасуы,
саяси социализациялануы адамның біртіндеп
жан жақты әлеуметтік өсіп жетілуімен
қабаттас жүреді. Нақтырақ айтар болсақ
жеке адамның саяси социализациялануы
оның саяси сахнаға шығуы. Саясатқа араласып
өзінің саяси көзқарастарын шыңдауы. Жеке
тұлғаны саяси социализациялау негізгі
екі бағытта жүзеге асырылады: ол өсіп
келе жатқан жас буынға алдыңғы ұрпақтың
саяси тәжірибесін беру арқылы; ол жеке
тұлғаның бұрын мәлім болмаған саяси ілімдердің
жаңа әдістерін меңгеруі. Саяси социализациялау
процесіне ықпал етуші факторлар аз емес.
Олардың қанша тиімді екендіктері, сол
нақты тарихи жағдайлардағы саяси күштердің
арасалмағына байланысты. Социализациялау
нәтижесінде белгілі бір саяси тұлға қалыптасады.
Адамдар туғанынан саяси
сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды.
Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін
кеңейтеді., толықтырады. Саяси мәдениеттің
үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге
мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ
алдыңғы ұрпақтың үлгі өнегесінен үйреніп
отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде
саяси әлеуметтену дейді. XX ғасырдың
50-60 жылдарында Америка әлеуметтанушылары
және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену»
деген ұғымды ойлап шығарды. Саяси
әлеуметтену процесі үш негізгі
мәселені шешуге бағытталады:Қоғамның
жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің
жаңа саяси сананың негізгі элементтерін
жеткізу;Қоғам мүшелеріне қажетті
саяси тәжірибе алуға, саяси іс әрекет
етуге қолайлы жағдай жасау;Саяси
мәдениеттің элеметтерін өзгерту;Кезеңдеріне
келетін болсақ алғашқы саяси
әлеуметтену отбасынан басталады.
Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде
әкесі немесе шешесі, балабақшада
тәрбиеші, мектепте мұғалім арқылы
әлеуметтенеді.Одан кейінгі кезең 16-40
жас аралығы. Осы кезден адам сайлауға
қатыса алады, азамат атанады, іс әрекетіне
толық жауап береді. Саяси
әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жастарда.
Адамдардың саяси іс әрекетіне өмір
тәжірибесі, балалары мен немерелері,
тұрақты көзқарастары әсер етеді. Ең
соңында зейнеткерлердің саяси
әлеуметтенуі.
28. САЯСИ ИДЕЯЛОГИЯ:
ТҮСІНІГІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ
Идеология дегеніміз көзқарастар
мен идеялар жүйесі. Саяси идеология
дегеніміз абстрактілі теориялық
түсініктің идеялар, теориялар, абстрактілі
практиканың бағдарламалары, шешімдері,
лозунгтық жүйесі. Саяси идеологияның
концепсиясының қалыптасуына бірнеше
философиялық, социологиялық бағыттар
әсер етеді: марксизм ленинизм, әлеуметтік
позитивизм, неміс социология білімдігі,
франфурт мектебі, оңшыл ливизионизм.
Саяси идеология жалпы
идеялогияның да өзегі. Оның
ерекшелігі саяси болмысты түсіндіреді
және оны сақтауға немесе өзгертуге
іс әрекетті бағыттайды. Қоғам
өмірінде идеялогия маңызды рөлді
атқарады. Оның қызметтері мынадай:
1) идеялогияның танымдық рөлі. Ол
саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп
түсіндіреді. 2) Бағдарламалық қызметі.
Ол қоғам, әлеуметтік прогресс,
тұлға және билік жөнінде мағлұматтар
беріп, адамның іс әрекетіне
бағыт бағдар көрсетеді.3) Жұмылдыру,
іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды
идеяларын алға тартып, мақсат
мүдделерді айқындап, саяси идеялогия
саяси іс әрекетке тікелей
түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік
топтарды оларды іске асыруға
жұмылдырады, рухтандырады. 4) Амортизациялық
қызметі. Саяси іс әрекетті түсіндіру
тәсілі болып, идеалогия әлеуметтік шиеленістерді
бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен
күш жинап қайта серпілуге шақырады. 5)
Бағалау қызметі. Идеалогия халық санасына
қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына
өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды,
үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке
белгілі бір көзқарас тудырады. Идеалогияны
тудыратын объективтердің маңызы зор.
Қоғамда саяси сана, саяси идеалогияның
деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдылығы
азаяды. Идеалогияның әлеуметтік негізі
неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет
жетістіктерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды
бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, соғұрлым
өмір шындығын толығырақ бейнелейді, ғылымға
жақын келеді. Жүйеленген түрінде саяси
идеалогия партия бағдарламаларында,
декларацмяларында, манифестерінде, жарғыларында,
түрлі насихат құжаттарда қалыптасады,
саяси идеалогия бұқаралық ақпарат құралдарымен
тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио,
теледидар, бейне жазу, дыбысжазу кіреді.
Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда
шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал
болып отыр. Саяси идеалогия саяси қатынастар
саласында олардың іс әрекетіне бағыт
бағдар береді, еркін қалыптастырады,
саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін
арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың
іс әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік,
дәйектілік негізеді.
29. САЯСИ МӘДЕНИЕТ
ҚОҒАМДЫҚ ТАРИХИ НЕГІЗДІҢ ҚҰРАМДЫ
БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
Қоғамның саяси мәдениетін
үйрену мен зерттеудің мақсаты саяси
системаның және оны демократияландырудың
тиянақтылығын нығайтудың әлеуметтік
саяси механизмдерін іздеп табу,
оны өмірге пайдалану. Зерттеудің дербес
саласы ретінде саяси мәдениет қазіргі
жағдайында америкалық саясаттанушылардың
еңбектерінің арқасында кейінгі
жылдары ғана бөліне бастады. 1955жылы
Г.Алмонд өзінің «Салыстырмалы саяси
жүйе» деген мақаласында саяси
жүйелерді тереңірек зерттеуде
саяси мәдениетті зерттеудің қажеттілігі
мен пайдасы жайлы ойлар ұсынды.
Осы мақаласында ол саяси мәдениеттің
мазмұнын ашуға алғашқы рет әрекет
жасады. Кейінірек саяси мәдениеттің
негізгі концептуалды түсініктері
жайлы зерттеу жұмыстарын Г.Алмонд,
С.Вербамен бірлесіп жасады. Сонымен
қатар Л.Пай, Р.Такер, С. Липсет, Е.Шейх
және т.б зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Адамның әлеуметтік және саяси
мәртебесі оның саяси субъектілігінің
негізгі өлшемі болып саналатын
азаматтық – құқықтық заңда
айқындалады. Адамның саяси өмірге
қатысуға мүмкіндік беретін құқығы
конституциялық сипаттан қарапайым
демократиялық еркіндікке тікелей
байланысты. Тұлғаның саяси өмірге
белсенді араласуы үшін материалдың
әлеуметтік – мәдени, саяси –
құқықтың алғы шарты қажет.
Ең алдымен, адамның ішер тамағы,
киер киімі, жатар орны, тұрмыс
жағдайы, белгілі бір дәрежеде
білімі, кәсіби дайындығы, саяси
мәдениеті болуы керек. Білімді
адамның мәдениеті жоғары болады..
Жеке адамның бостандығына
кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік
беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының
принциптері жатады. Мәдени құқық
адамның рухани дамуын өрбітіп өрістеуге
бағытталады. Оған білім алуға, мәдени
қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен
техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени
өміріне еркін араласуға құқығы
және т.б. жатады.
Халықтың саяси мәдениетін
көтеруге тек белгілі саяси білімді
меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді,
заңдылықтар мен принциптерді түсіну
ғана емес, сонымен қатар қоғам
алдында өз жауапкершілігін сезініп,
жалпы адамзаттық қазынаны сақтап,
молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе,
оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі
Қазақстанға келсек, еліміздің саяси
мәдениетін тап басып айту қиын.
Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді
басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында,
іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің
де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін
байқаймыз. Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясында да адам құқықтары
мен бостандықтары танылады және
оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір
сүруге, жеке басының бостандығына
құқығы бар. Заң мен сот алдында
жұрттың бәрі тең. Адамның қадір
– қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау.
Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік
беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының
демократиялық жолмен даму тарапындағы
алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен
қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін
де аңғартады.Жеке адамның саяси мәдениеті
жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі
және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер,
жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар
етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің
азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік
біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді
және сенімді мәлімет алып тұру дамыған
хабарламалық жүйенің болуы қоғамның
саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының
қаншалықты дамығандығын көрсетеді.
30. САЯСИ ЭЛИТАНЫҢ
МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫНА СИПАТТАМА
БЕРІҢІЗ.
Саяси элита саясат сферасында
барынша саяси белсенділік танытатын
әлеу/к топ.Саясат сферасындағы іс-әрекеттерін
әрдайым жүзеге асыру нәтижесінде
саяси элита кәсіби саясаткерлерге
ж/е олардың жақтаушыларына бөлінеді.
Саяси элитаның өзіне тән ерекшеліктері:
1)әл/к-саяси белсенділік; 2)саяси
мәдениеттің жоғары деңгейі, саяси
тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп отыру;
3)саяси элита мүшелерінің әл/к-саяси
ынтымақтастығы. Қалай болғанда да
қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған
басқарушыларсыз өз қызметін толық
атқара алмайды.Орыс философы Н.А.Бердяев
қоғамның даму деңгейі мен саяси
саяси элита санының арасында
өзара байланыс барлығын ашып, «элита
коэффициентін» шығарды.Ол жоғары зерделі,
зияткерлік бөлігініңхалықтың жалпы
сауатты санымен салыстырғанда
бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін
тоқыруға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті
5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары
мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді
ғалым. Саяси элита әр түрлі келеді.Сондықтан
ол жіктеледі, топтастырылады.Билікке
иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық
элита деп бөледі.Басқарушы элита
деп мемлекеттік билікке ие, маңызды
саяси шешімдерді қабылдаушыларды
айтады.Олардың қатарына ене алмай
қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізітіндер
билік басындағылардың іс-әрекетін
сынап, ол-қылықтарын тауып, қателіктерін
көрсетеді.Оларды оппозициялық немесе
контрэлита деп атайды.Саяси элиталарға
сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі
– саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен
шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз,
ұрыншақ, аванюрист адамдардың билік
басына келуі.Ондай адамдардың іс-әрекетін
болжап, пішіп болмайды.Сондықтан
қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси
шиеліністердің мүмкіндігі көбейеді.
31. КЕЛЕШЕКТЕГІ
ҚАЗАҚСТАН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН СИПАТТАП ӨТІҢІЗ
Қазақстанның сыртқы саясатының
басымдықтары:
1) XXI ғ.ығытына қарсы тұруға
қабілеті, әрі ұзақ мерзімді ұлттық
мүдделерді қамтамасыз етуге
бағытталған белсенді, жан-жақты
және үйлесімді сыртқы саясат.
2) Ресей, Қытай, АҚШ,
ЕуроОдақпен ынтымақтастықты өзара
іс қимылға зор маңыз бөлінеді.
3) Қаз-ң қауіпсіздігін
ынтымақтастық ету және ел
ішіндегі реформаға қолайлы жағдай
жасау ҚР-ң сыртқы саясатының
негізгі бөлігі б.т. Ұлттық
қауіпсіздік деген категория
көптеген мәселелерді қамтиды.Ол
территориялық тұтастық, дербес
саясат, сонымен қатар ақпараттық,
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық,
идеологиялық қауіпсіздік.Сыртқы
саясаттың негізгі мәселесінің
бірі-шекараны делимитациялау мәселесі.2005
ж.президентіміз Қаз мен Ресей
арасындағы делимитациялау туралы
шартын бекітті.Ресей мен Қаз
заң жүзінде рәсімделген мемлекеттік
шекараға ие болды.ҚР-ң 2000 ж.бастап
14000 км-ден асатын шекараны толығымен
белгіледі.ҚР Шанхай ынтымақтастық
ұйымына, ТМД ұйымына ерекше
мән береді.ҚР БҰҰ-да тең құқылы
субъект ретінде өз орнын тапты.Сондықтан
ОБСЕ-де Р төрағалық етуге 2010
ж.ұмтылуда.ҚР сыртқы саясатының
негізгі мәселесінің бірі аймақтық
тұрақсыздық, сонымен байланысты
діни экстремизм мәселесі.Отыр
деп толық сезіммен айта аламыз.
32.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН
СИПАТТАҢЫЗ
Бұл елімізді мекендеген барлық
азаматтардың, олардың ұлттық, діни
өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте,
татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті
сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға,
әділеттілікті орнатуға үлес қосуын
басты мұрат еткен негізгі
құжат.«Қазақстан халқы ассамблеясы»
әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған
«Ел бірлігі» доктринасымен қатар
талқылауға ұсынылады.Ұлттық саясаттың
басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар
негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық,
саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын
мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы
байлығын (Ұлттық байлығын) тек халық
игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк
жағдайын үнемi жақсартып отыруға
мемлекеттi мiндеттеу.Қазақстан Республикасы
жалпыға бірдей ортақ территория,
бір ғана азаматтық, жалпыға бірдей
жоғары билік, жалпыға бірдей құқық
жүйесі мен жалпыға бірдей бір
ғана мемлекеттік тіл негізінде
дамитын болады.Мемлекеттік тілді
білу - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттің
басты міндеті азаматтарға мемлекеттік
тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре
отырып, оның қоғамдық өмірдің барлық
саласында қолданылуына қажеттілік
тудыру.Осы ұстанымдарды іске асыру
мақсатында алдағы жылдары мемлекет:ұлттық
саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени және білім беру, т.б. бағдарламаларымен
тығыз байланыста кешенді түрде
жүзеге асыруды;нәсіліне, этникалық
тобына, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ
әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге
қатыстылығына қарамастан адам және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарының
теңдігін қамтамасыз етуді.
33. КОММУНИСТІК ЖӘНЕ
СОЦИАЛИСТІК ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БАҒАЛАҢЫЗ
Коммунистік идеология XX ғасыр
Бүкіл әлемдегі коммунистік партиялардың
қызметінің негізіне айналды. Коммунистік
қиялдың нақтылы белгілеріне
аса көңіл бөлмей-ақ, компартиялар
билікті басып алу мәселесіне
және төңкерістік күрестің қозғаушы
күштеріне бар назарларын тікті.
Алдымен, олар пролетариаттың билікті
қарулы күшпен басып алуына бағытгалды,
кейіннен 1910 жылы соңында Еуропа елдеріндегі
коммунистік төңкерістер жеңіліс
тапқаннан соң, компартиялардың
басым көпшілігі қарулы көтеріліс
бағытынан бас тартып, күрестің заңды
жолдарына (ол мүмкін болған кезде) көшті.
II дүниежүзілік соғыстан кейін компартиялар
заңды жолмен Шығыс Еуропада билік
басына келді. 1950 жылы соңына дейін
әлемдегі көпшілік компартиялар кеңестік
құрылымды коммунистік қоғамның
үлгісі ретінде қарады.