Шпаргалка по "Политологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:40, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Политология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

POLITOLOGIYaYaYaYa.docx

— 127.02 Кб (Скачать документ)

1.САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ. САЯСАТТАНУ ПӘНІ.

 

Қоғамдық құбылыс ретінде  саясат белгілі бір әмбебаптылықпен, көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс  тауып, өзінің негізгі қызметі басқаруды атқарады, яғни саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Мысалы, саясат экономикаға бағыттаушы себінде ықпал етеді. Экономика да, саясат та, сонымен бірге қоғам өмірінің рухани ж\е басқа тұстары да көрініс табатын адам өмірінің негізі ол әлеуметтік өмір. Адамдардың тамақ, баспана қажеттілігі, бос уақытын өткізу, мәдениетті игеру, әлеуметі қорғау, денсаулығын сақтау, зейнетақымен қам\з ету, жұмыссыздықтың кері салдарын төмендету, осының барлығы да әлеу\к саясатпен қам\з етіледі. Сондай ақ, саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни, дінмен, моральмен, өнермен, ғылыммен, құқ\н, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мем\пен,мем\к билікпен тығыз б\ты. Саясат адам\ң мүддесін түйістіретін, қоғам тұтастығын сақтайтын ерекше функц\ға ие. Саяси мем қызметі әлеу\к экон\қ, кәсіби, діни ж\е т.б. топтардың ара\ғы қатынас\ды реттейді. Сонымен қатар мем билік органдарының қызметін көрсетеді ж\е мүдделерді ескеріп, ортақ позицияны жасақтау мен түйістірумен ж\е оны билік құралдарын пайдалану арқ жүзеге асырады. Азаматтардың мем\к билікке қатысуы мен қызмет атқаруы,шешім қабылдау процесіне араласу мәселелері көрініс табады. Саясат мем биліктің, саяси партиялар\ң, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс\ң элементі болып табылады. Саясат керекті нәтижеге қол жеткізу, осы іс әрекетке қажетті ресурстарды жұмылдыра білу қабілеті б.т. сонымен қатар билік өкілеттігін қолдана білу. Саясаттану пәні қоғам\ң саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократия\қ қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адам\ң саяс\құқ жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгеріс\ң түр\і, саяси мәд\ті қалыптастырудың мазмұны мен жол\ы, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күш\і туралы түсінік береді. Ол бұрынғы ж\е қазіргі саяси жүйе\ді, адам\ң санасындағы,көзқарасындағы,мақсат\мүддесіндегі ж\е мінез\құлық, іс әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыс\ң өзара ұқсастығы б\ша болашаққа болжам жасайды.  

 

2. САЯСАТТАНУДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ.

 

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән мағынасын  түсініп білу үшін бірталай әдістерді  пайдаланады: салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын ж\е жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, шешімдер қабылдауға көмектеседі. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік  өмірдегі орнын, қызметін, айналадағы ортамен байланысын зерттейді. Социалогиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің эко\қ, әлеу\к құрылым мен мәдени т.б. жағдайына б\ты анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай байланысын айқындай отырып қарастырады. Бихевиористік әдіс жеке адам\р мен топтар\ң іс әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Диалектикалық материалистік әдіс бұрынғы КСРО кезінде ең дұрыс ж\е маңызды тәсіл болды. Ол табиғаттағы, қоғамдағы ж\е санадағы құбылыстар мен процесстерді бір бірімен тығыз байланыста ж\е үздіксіз даму жағдайында  болады деп санайды. Саясаттанудың қызметтері: танымдық (гносеологиялық) ол қоғамдағы оқиғаларды танып білуге, саяси мәнін түсінуге мүмкіндік береді; бағалау (аксеологиялық) саяси құрылысқа іс әрекеттерге ж\е оқиғаларға саяси баға береді; реттеушілік (басқару) адамдардың саяси өмірінде өзін өзі ұстауына әсер етеді; жетілдіру басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады; болжау саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін бейнелеп, саяси өзгерістер жасауға бағытталған болэау жасау б.т.

 

3. САЯСАТТАНУДЫҢ  НЕГІЗГІ ПАРАДИГМАЛАРЫ.

 

 Парадигма (гр. үлгі  деген сөз) – зерттелетін мәселені  шешу үшін үлгі ретінде алынған  теория. Саясаттануда парадигма  деп – саяси өмірді бейнелеуде  білімді ұйымдастырудың сынын  білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың  бір тобын теориялық пайымдау  үлгісі деп мойындаған негізгі  тұғырнама желісін айтады. «Парадигма»  ұғымын 20жж. ғылыми айналымға енгізген  америка философы және қоғам  тарихын зерттушісі Г. Кун. 

Саясаттанудағы  негізгі парадигмалар: Теологиялық парадигма (тео құдай, логос ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді. Яғни, адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни паймдар құдай берген деп қабылданады.  Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды., өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саяс. ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.  Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Нат. пар. Мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.  Әлеуметтік  парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы процесс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма тапатар мен тап күресінің идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.  Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді.  Ол екіге бөлінеді:  жанжалды парадигама (конфликт) XIXғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді. Мәмілеге келу парадигмасы (консенсус) . өкілдері: М. Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.

 

4. САЯСАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ.

 

Саясат күрделі және көп  құрылымды құбылыс. Өйткені, саясат қоғам өмірінің барлық, оның алуан  түрлі іс-қимылының көрсеткіші шектеушісі. Саясат қоғам өмірінің кез-келген саласындағы  барлық құбылыстармен процесінде көрсетіледі  деуге болады. Себебі оның негізгі  мәселесі  билік болып табылады. Ол өзінің пайда болуы кезеңінен  бастап, әртүрлі деңгейде, күрделі  түрде, түрліше дәрежеде өтіп жатады.

Саясаттың құрылымы:

  • саяси қызығушылық;
  • саяси қатынастар;
  • саяси іс - әрекет және қызмет;
  • саяси мәдениет пен саяси сана;
  • саяси ұйымдар

Саясат элементтері:

  • саяси билік
  • саяси ұйым
  • саяси қатынастар
  • саясат субъектілері
  • саяси сана
  • саяси мәдениет

 

 

5. САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ МЕН ҰҒЫМДАРЫ.

 

Ғылымның басқа салалар-ғы сияқты саясаттанудың да өзіндік  ұғымдары(категория-ры) бар. Оған саяси  құбылыстар мен процестердің мәнін  білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси патия», «саяси мәдениет», «с.қатынастар», «с.өмір»  «демократия», «азамат-қ қоғам» т.б.жатады. Категорияар-заттардың шын, объективтік  адам-ға тәуелді болмайтын құбылыстары  мен қатынастарын бейнелейтін идеялар, жалпы ұғымдар.  Бірде бір ғылым, оның ішінде саясаттану ғылымы да тек  өзіндік жеке категорияларға ғана сүйенбейді. Оның категориялары басқа қоғамдық ғылымдарға қарағанда кең және көлемді  болып саяси институттарды саяси  процестер мен құбылыстар саласын  қарастырады. Қоғамды бұдан басқа  да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды  басқа қоғамтану пән-і де(тарих, әлеуметтану, философия, құқ-тану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәнәне сәйкес қолданады.

 

6. ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ  САЯСИ ОЙЛАР.

 

XVII ғ. буржуазиялық революция  феодализмге соққы беріп, капиталистік  қатынастардың дамуына жол ашады,  жаңа заман дәуірі басталады.  Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Т. Гоббс, Монтескье, Руссо,  т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант  т.б. Гоббс пікірінше, мемлекет  қоғамдық келісімнің негізінде  жалпыға бірдей бейбіт өмір  мен қауіпсіздікті сақтау үшін  пайда болды. Ол монархиялық  билікті ұнатты. Монтескье билікті  атқарушы, заң шығарушы, сот билігі  деп бөлді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады.  Руссо  еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы  игілік деп санады.  Ол тікелей  халық билігін ұсынды. Джефферсон  үкімет тарапынан жеке адамның  құқын бұзу қаупі тумау үшін  мемлекеттік биліктің міндеттерін  шектеуді талап етті. Оның ойынша, адамдардың табиғи құқығы мемлекет  белгілеген заңдардан жоғары  тұруы керек.  Т. Пейн халықты  азаттық күреске, отаршылдардын  бқлінуге шақырды. Пейн бірінші  болып қоғам мен мемлекетті  ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады, үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік  пен бостандықты қамтамасыз ету.  Оның саяси мұраты – жалпыға  бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі  бар демократиялық республика.  Канттың көзқарасының негізгі  қағидалары: әрбір адам ар намысының,  шексіз құндылықтың иесі; қандай  игілікті жоспар болмасын адам  оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің  бірі ағылшын ойшылы Томас  Гоббс (1588 – 1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің  негізінде жалпыға бірдей бейбіт  өмір мен қауіпсіздікті сақтау  үшін пайда болды. Қоғамдық  келісім бойынша патшаға (не  мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың  құқы тапсырылады. Адамдар өз  тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді.  Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

 Франциядағы буржуазиялық  революцияның көрнекті өкілі  Шарль Луи Монтескье (1689 – 1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын,  қоғамның дамуын географиялық  ортаға (ауа райына, топырағына, жер  бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды.  Бостандық – заң неге ерік  берсе, соны істеу. Саяси бостандық  экономиканың, өндірістің сауданың  дамуына әсер етеді. Ол сөз,  баспасөз, ұждан бостандығын жақтады.  Мемлекет азаматтарды өмірге  қажетті қаражаттармен қамтамасыз  етуге міндетті. Бостандықты баянды  ету мақсатында және төңкерістерге  жол бермеу үшін билікті заң  шығаратын, атқарушы және сот  билігі етіп бөлу керек деді.

 Францияның ойшыл –  ағартушысы Жан Жак Руссо (1712 – 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың  мүддесін қорғады. Ол еркіндік  пен теңдікті ең жоғарғы игілік  деп санады. Еркіндіктің кепілі  теңдік, ал теңдік саясатта ғана  емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық  пен кедейлікке жібермей, адамдар  арасында теңдікті сақтауы керек.

 Руссо тікелей халық  билігін ұсынды. Егер елдің жері  үлкен болса, халықтың өкілдігін  қолдануға болады. Бірақ бұл ретте  депутат халық қызметшісі болуға  тиіс. Руссо оқтын – оқтын халық  жиналысын өткізіп, онда үкімет  есеп беруін талап етті.

XVIII ғ. аяғы XIX ғ. бірінші  жартысында Бат. Еуропада капиталистік  мәдениет екі қозғаушы күш  әсерімен дамыды: Ұлы Француз  революциясы және өнеркәсіп өзгерістері.  Бұл кездегі буржуазиялық саяси  идеологияның басты бағыты либерализм  болды. 

 

7. ДЕМОКРАТИЯ МЕН ТОТАЛИТАРИЗМНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ПЕН ЕРЕКШЕЛІКТІ АНЫҚТАП БЕРІҢІЗ

 

Демократия деген сөз  гректің демос халық, кратос билік  деген сөздерінен тұрады, яғни халық  билігі дегенді білдіреді. Биліктің демокр.тәртібі 2-ге бөлінеді: президенттік және парламенттік басқару. Президенттік билеу кезінде атқарушы орган  парламентке бағынбайды.Ал биліктің парламенттік формасы бойынша ел басшысы парламентке бағынады.Қазір  бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: мемлекттің тұрпаты мен жалпы  саяси жүйесі; мүшелердің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен  шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез  келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; қоғамдық құрылымының мұраты және соған  сәйкес көзқарастар.Теориялары: антикалық  теориясы, класикалық теориясы, алуантүрлілік  және төбе топ теориялары. Антикалық демократия тура демократияға жатты. әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондқтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ.     Жаңа дәуірдегі демокртиялық классикалық теориясы жеке адам мен халық оры ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі.  Мұндай жағдайда халықа ек ақ қызмет атқаруға тура келеді: саяси серкелерді, басшыларды сайлау; оларды орнынан алу.    Демократияның алуан түрлілік теорясы саяси прцеске барлық азаматтардың тікелей қатысуы теориясынан бас тартты. Демократияның алуан түрлілік  теориясы саяси прцестердің өзін бұрынғыдай  жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайд, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Оның тағы бір ерекшелігі  билктің араласуы, сіңуі, яғни саяси жүйеде  биліктің ыдырауы, бөлініп кетуі.     Демократияның төбе топ теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттеілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санулы аз адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, іріктелеген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады.

Демократияның басты ерекшеліктері:

-Еркіндік принципі;

-Саяси бәсекелестік;

-Билік құрушы саяси  элитаның қызметін бақылауды  қамтамасыз ету мүмкіндігі.

-Мемелекеттік биліктің  құрылымдық икемділігі

-Демократиялық режимнің  саяси жаңалықтарды қабылдай  білу қабілеті

-Саяси қатынастар субъектілерінің  іс әрекеті мен қызметі үшін  саяси кеңістік жасау

-Саяси және идеологиялық  плюрализм

-Демократиялық қоғам  ашық қоғам

   Демократия консепциялары:

-Ұжымдық антикалық. Ж.Руссо  теориясы социялистік демократия

-Антикалық демократия: көпшіліктің  шексіз белгісі;

-Руссо теориясы: билік  жалпы еріктің негізінде жеке  адамдардың бірігуі нәтижесінде  пайда болған халықтың қолында  болады

 

Белгілі испан саясаттанушысы Хуан Линдс  әлемдік демократиялық  емес авторитарлы және тоталитарлы  тәртіптің ар-ғы айырмашылығын ашты.Тоталитаризм концепциясының өзі 1950ж мәлім болды.Тоталитарлық тәртіп деп (лат.бүтіндей,тұтас) қоғам,адам өмірінің барлық салалары тұтасыменмемл-к  бақылауға алынған мемл-к-саяси  құрылымды айтады.Онда өндіріс,білім,эк-ка,БАҚ,мәдениет,адам өмірі барлығы бақылауда болады.Тоталитаризм – авторитаризммен органикалық  байланыстағы және одан тек тоталдығымен, яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін  қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен  ерекшеленетін ерекше саяси режим. Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден  белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін  жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгі грек философы Платон ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң ережелерге бағынуы  керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерді ортақ мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тәртіп орнатуға міндетті. Қытай императоры Цинь Ши-Хуанди легистер мектебінің идеяларына сүйене отырып, билікті орталықтандыру мен бірпікірлікті  қалыптастыру арқылы тоталитарлық идеяларды  жүзеге асыруға талпынды. Дегенмен, тоталитаризм ХХғ жемісі болып саналады. Итальяндық фашистердің лидері Бенито Муссолини өзінің 1932ж. Жарық көрген «Фашизм доктринасы» атты еңбегінде  тоталитаризмнің бір түрі фашизмнің  идеологиялық концепциясын нақты және айқын түрде баяндап берді. Адольф Гитлердің атышулы «Менің күресім» атты кітабында гермен национал-социализмнің болашақ саяси практикасы ашық түрде  баяндалған. Онда бірінші орында национал – социалистік мемлекеттің мүдделері, нәсілшілдік, сонымен қатар антисемиттік, антикоммунистік идеологиямен қаруланған неміс ұлтының этникалық үстемдігі  баяндалған. Тоталитарлық жүйе ретіндегі  коммунизм идеологиясы жаңа тапсыз қоғам құрудың кеңестік тәжірибесінің  негізінде қалыптасты. Әрине оның бастапқы принциптерін К.Маркс берген болатын, ол пролетариаттың таптық диктатурасының ерекше креативтік рөлі туралы ережелерінде еуропалық елдердегі революциялық тәжірибені зерттеу негізінде осы  диктатураның тарихи болмай қаламайтындығы мен қажеттілігін баса атап өтті. К.Маркстың іліміндегі пролетариат диктатурасын орнату қажеттілігі идеясын мойындай отырып, В.И.Ленин бұл диктатураның орнауы таптық күрестің тарихи кезеңіне, азамат соғысына, мемлекетаралық қайшылықтарға  алып келеді деп көрсетті.

Информация о работе Шпаргалка по "Политологии"