Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:40, шпаргалка
Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Политология".
8. САЯСИ РЕЖИМДЕР ТҮСІНІГІ Ж/Е ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Саяси режим түсінігі саяси жүйенің де, қоғамның да, мемлекеттің, тұлғаның мәнді сипаттамасы. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік – саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына , биліктік әсер еткдің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді. Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады.
Негізгі типтері: авторитарлық режим, тоталитарлық режим, демократия.
Қазіргі саяси режимдерді демократиялық демократияға қарсы деп екі топқа бөлуге болады. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік саяси құрылысы жатады.мұндай тәртіпке азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік береді., әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.
Авторитаризм – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық режимге бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды.
Тоталитаризм – авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен, яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Тоталитарлық режимге жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Демократиялық режим мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады
9. САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМДА САЯСИ БИЛІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІН СИПАТТАП ӨТІҢІЗ
Саясаттануда билік теориясы
негізгі орын алады, ол саясатпен
тығыз байланысты. Саясаттың негізгі
мәселесі – билік, ал мазмұны –
билік үшін күрес және билікті
жүргізу. Саяси ғылымда билікті
саяси құбылыс ретінде
Саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға басқаның табынуын саясаттануда билік фетишизмі дейді. Биліктің алғашқы субъектісі, көзі – халық болып табылады. Ол билік функциясын тікелей жүзеге асыра отырып кейбір қызметтерінің бір бөлігін өзінің ресми өкілі – мемлекетке ұсынады (береді). Өз кезегінде мемлекет билік өкілеттілігін иеленушілер арасында бөледі. Бұл биліктің бөлінуі деп аталады. Биліктің бөлінуі идеясы европалық саяси ойлар тарихында Жаңа дәуірде (Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо) пайда боды. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот өкілеттеріне бөліну принциптері ХІІ –ХVІІІ ғғ. пайда болды. Сонымен бірге үш өкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Бірақ, биліктің бөлінуін оның бір-біріне мүлдем тәуелсіз, автономиялық органдардың қолына бөліп берілуі және биліктің біртұтастығының бұзылуы деп түсінілмеуі керек. Биліктің бұл тармақтары бір-бірін бақылап, тежеп отыруы қажет. Биліктің бөлінуі екі тұрғыдан жүргізіледі: горизанталь және вертикаль бойынша.
Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы туралы білімді, түсінікті қалыптастырады.. Оған жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды,.
Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде ортақ қорытындыға келіп, оны пән ретінде мойындаған пікір әлі толық тиянақталған жоқ. Сондықтан бұл пән туралы түсініктер алуан түрлі бір біріне сай келмейтін зерттеулер, бағыттар, саяси мектептер баршылық.
1-ден . Саясаттануды пән
ретінде анықтағанда оның
2-ден. Бұл пәнге саяси
мәселелер мен саясат туралы
білімді ғана жатқызып қоймай,
онымен мәндес келетін табиғаты
жақын кейбір қоғамдық
Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады.
Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.
Адам – саяси жануар, жәнтік. Аристотель көрсеткендей қандай болмасын қоғамда адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр кез өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.
Міне, бұл саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады.
Осыдан «саясаттану пәні» нені зерттейді деген заңды сұрақ өзінен-өзі туындайды. Оған жауап қайтару ұшін ең алдымен «саясаттану» деген сөздің түпкі мағынасын ашу қажет.
«Саясат» яғни «Политика»
деген сөз – гректің «Politike»
Саясаттану өз ерекшеліктерімен
сипатталатын дербес бір пән. Оны
басқалармен араластырмай-ақ жеке дара
оқып үйренуге болады. Мысалы, бұл ғылымда
саяси билік пен оның мәні, саяси
жүйе, жекелей және топтық түрде
билік жүргізу, көсемдік пен демократия,
биліктің шексіз феномені сияқты, күштеу
мен зорлық, авторитарлық модель түріндегі
билік пен құқықтық құндылықтар
және т.б. осындай мәселелер
Саясаттануда түрлі сипаттағы елдердің қоғамдық-саяси жүйесін даму ерекшеліктерін, олардың бір-біріне қабысып икемделуін, қоғамдардағы дау-жаңжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін ғылым деп та атауға болады. Саяси оқиғаларды талдап таразылап, шындықты объективті тұрғыда ұғындырып, осы арқылы дағдарыстарды қалыпқа келтіру бұл ғылымның басты мақсаты деп санауға болады.
10 САЯСИ БИЛІКТІ ЖҮРГІЗУ МЕХАНИЗМДЕРІ.
Билікті жүзеге асыру механизмдері: 1.Үстемдік-мемлекеттік нормативті-құқықтық аңтілер негізінде бір әлеуметтік топтың екінші әлеуметтік топты бағындыруы.
2.Жетекшілік-саяси жүйенің, қоғамның даму стратегиясының анықталуы, заң жүзінде бекітілуі және негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда құралдарды таңдау.
3. Басқару және ұйымдастыру-нақты басқарушылық шешімдерді қабылдау, келісу, әртүрлі әлеметтік топтардың, тұлғалдардың қызметтерін, саяси және саяси емес ұйымдар мен құрылымдардың әрекеттерін тәртіпке келтіру. 4.Бақылау және кері байланыс-осы арқылы билік қабылдаған шешімдердің нәтижесін көріп отырады.
Билікті жүргізу мех.не әр түрлі институттар мен әдіс тәсілдер жатады. Олар экономикалық қор (қандай билік болмасын оған қаржы қаражат қажет. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шырайлы жерлер,пайдалы қазба байлықтары және т.б. жатады ); әлеуметтік әдіс құралдар (үстемдәік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді); күш жұмсау құралдары (олар мем.ті қорғауды, ішкі тәртәптә сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура); ақпарат құралдары(қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету); информациялық қор
11. ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР САЯСАТТЫҢ СУБЪЕКТТЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ.
Әлеуметтік топтар саясаттың субъектісі мен объектісі ретінде саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, топтар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады.Тұлға- қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағы танып-білуші жеке адамды айтады. Субъект-белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.Объект-субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқаша айтқанда, объект- зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне, саясат, саясат желісі жатады.Саясаттың субъектісі- өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әретіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъетісіің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және тағы басқа қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.Қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылыжасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас суъектісі-адам болатыны сондықтан.Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, топқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайымен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың және т.б өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.
12. АНТИКАЛЫҚ ДӘУІР МЕН ОРТАҒАСЫРДЫҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ.
Ежелгі классика-қ дәуірде саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясы-ң трең дамуына әкелді. Сондықтан саяси сана мифтен теорияға тез ауысты. Еж.классик.дәуірде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Мыс, Платон-ң саяси ойы, негізінен, мем-т жайында болды. Оның ойынша мем-к құрылыс 5түрге бөлінуі тиіс:аристократия, тимократия, олигархия, демократия мен тирания. Бұлар-ң ішіндегі ең жақсысы ол аристократия-қ мем-ті жатқызды. Онда ақыл-ес, парасатты- билейді, принциптері-адамгер-к, абырой, ар-намыс деп санады. Сонда-ақ ол қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Сонымен қатар, Аристотель-ң саясат жөніндегі ой-ы да көңіл қоярлық.. Оның айтуынша, саясат-ң мәні оның алдына қойған мақсатына қарай анықтаады. Адамдар дұрыс тәрбиенің нәтижесінде ғана жақсы қасиет-ді бойына сіңіріп, саяси мақсат-н игілікке қарай апарады, осының арқасында ғана әділдік орнайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. мем-ң пайда болуы-ң нег.себебі:адам-ң бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан жеке меншікті қорғау мақсатынан туындайды. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғам-қ саяси қатынас-да әлеум-к жіктелу теңсіздікті әділеттілік деп санады. Саяси ой тарихында ортағасыр-ғы феодадық қоғам-ң орны ерекше. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Ортағ-ғы саяси ойдың ең көрнекті өкілі,меніңш Фома Аквинский болды. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және соның ұйрығымен жүзеге асырылады. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы тиіс. Оның түсіндіруінше, аспанда-құдай, жерде-Рим папасы билеуі керек. Осыған ұқсас көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басылар-ң қолында болуын көздеді. Құранның талабы б/ша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс. Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун-ң тұжырымы б/ша адам-р қоғам болып бірігуі құдайдың құдіретімен емес, олар-ң өздер-ң күн көру қажеттігінен туындаған дейді. Мем-ң пайда болуын, дамуын және құлауын табиғи заңдылық деп санайды.Ол мемл-к басқарудың 3түріне тоқталып сипаттама береді. Олар:«табиғи» монархия, «саяси» монархия және халифат. Ал Боден Жан француздың саяси ойшылы мемлекет ең жоғарғы билікке ие,одан жоғары тәуелсіз билікке тек Құдай мен табиғат заңдары ғана ие деген остандығыной айтады. Ол мем-к басқарудың аралас формасына қарсы болды
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Феодализм Батыс Еурапада 1000 жылдан артық созылды. Рухани өмірде дін үстемдік етті. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврерий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізі қағидалары «Құдай қаласы туралы» еңбегінде баяндалған. Ол барлық әлеуметтік, мемл. және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәнің нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни оның өз бетімен немесе (Құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер) христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Еңбектері: «Билеушілерді басқару туралы», «Теологияның жиынтығы». Ол өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімделгісі келді. Жалғыз адам өз мұрқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірге өмір сүру керек. Фоманың ойынша, билік Құдайдың құдіретімен орнайды. Патшалық билік діни билікке бағынуы тиіс деп пайымдады. Никколо Макиавелли (1469-1527) шығармалары: «Патша», «Флоренцияның тарихы» және т.б. Макиавелли діни көзқараста болды. Шындық белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Мемлекет деген атауды ғылымға бірінші боп кіргізді. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады.
14. БИЛІКТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЛЕГИТИМДІЛІГІН АНЫҚТАП, СИПАТТАМА БЕРІҢІЗ.
Биліктік іс-әрекеттің
өзінің мойындалуын сипаттайтын
маңызды тұстарының бірі легитимділік
туралы мәселе. "Легитимділік" термині
(лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған
билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен
қатар биліктің басқа субъектілерінің
занды деп тануын анықтайды. "Легитимділік"
терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы
шілде революциясы кезеңінде
пайда болған легитимистер партиясының
іс-әрекеттерімен
"Билік легитимділігі"
ұғымын француз революциясы