Шпаргалка по "Политологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:40, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на 55 вопросов по дисциплине "Политология".

Прикрепленные файлы: 1 файл

POLITOLOGIYaYaYaYa.docx

— 127.02 Кб (Скачать документ)

Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар  арасында билік үшін бәсекелестік күрес  орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы биліктің легитимділігін тану кұқығын сақтап калды, яғни шіркеудің  беделі мемлекеттік биліктің занды  екендігін тануда шешуші мәнге ие болды. Легитимация — ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық түрғыдан негіздеу. Легитимация  тек биліктік құрылымдарға, билік  субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың  акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік легитимациясы  биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы  ассоциативті кеңістіктің ішінде билік  қажетті деп танылып, ал оның шешімдері  орындалуға міндетті деп саналады.

Билік өзінің ықпал ету  кеңістігін игеру үшін биліктік ықпал  ету күшіне ие болуы керек. Бұл  күш билік құрушы субъектінің  билік ресурстарын: адамдарды басқару  өнері ретіндегі саясатты; саясаттың  нақгылық дәрежесін; күш пен құралдардың  қажетті арсеналдарын пайдалана  білу кабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы  мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді.

Биліктік ыкпал ету  кеңістігі бір мезгілде ассоциацияның  соңғы ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы индивид, бағынушы болып  табылатын құрылымданған және ассоциативті кеңістік болып табылады. Демократиялық  қоғамда — бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан  да демократиялық қоғамда билік  легитимациясы оның құқығын қорғайтын  заң шеңберінде жүруі қажет.

Билік легитимациясы —  азаматтарға тікелей ықпал ету  актісі емес, ол — осы билікті  мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді  қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықгық іс-әрекет болып табылады. Билік легитимділігін тану — бұқаралық  сананың феномені, сондықган билікті  заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:

Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу.

Биліктің халықгық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол —біздің  арамыздан шыққан, ол біздің қажеттіліктеріміз  бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация  — биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы. оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен  акцияларын заңсыз деп тану жолында  әрекет етеді.

Биліктің бір саяси  жүйеден екіншісіне эволюциялық  және бейбіт жолымен ауысуы жағдайында саяси басқарушы элитаның толықтай алмасуы  болмайтындығы әлемдік  саяси тәжірбиеден белгілі. Қазақстандағы  жаңа мазмұндағы саяси жүйе бұрынғы  социалистік саяси жүйе қойнауынан біртіндеп бөлініп шықты.Жаңа нарықтық қатынастарға тән, жаңа қоғамға тән  саяси жүйенің бірінші кірпіші, іргетасы Қазақстанда Президент  қызметінің енгізілуімен қаланды деп  есептеуге болады.

Қазақстан либералдық сипаттағы  саяси жүйеге Кеңес Одағы толық  күйремей жатып-ақ бетбұрыс жасай бастады. Ескі саяси жүйені демонтаждау, демократиялық  саяси жүйеге қарай түбегейлі  бетбұрыс жасау шаралары 1990 жылы 25 қазанда  қабылданған  Қазақ ССР-нің мемлекеттік  егемендігі туралы Декларациядан бастауын алды. Декларацияда Қазақстанда алғаш  рет билік тармақтарын заң  шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қарастырылды. Президентке Республика басшысы ретінде ең жоғарғы әкімшілік-атқару билігі жүктелді. Осы құжаттан бастап Қазақстанда шешуші мемлекеттік тұлға Президент болды деп есептеуге болды.Сонымен қатар биліктің негізгі тірегі Қазақстан халқы екендігі және биліктің негізгі органдары халық атынан қызмет ететіндігі атап көрсетілді. Биліктің халық алдында толық жауаптылығы белгіленді. Декларацияда саяси жүйенің барлық  сегменттерінің заңдарға бағынып қызмет жасау қажеттілігі міндеттелді. Ел тарихында алғаш рет Қазақстан заңдарының өз территориясында Кеңес Одағы заңдарынан басымдығы жарияланды. Қазақстан шын мәніндегі халықаралық саясат субъектісіне айналды.Әлемдік саясаттағы Қазақстанның жаңа орнын анықтау шараларын басқарушы ең жоғарғы әкімшілік-атқарушы билігі бар Президент басқара бастады. Экономикалық нарықтық  қатынастарға бетбұрыс жасауын, меншік түрлерінің әр-алуандыққа ие болуын,саяси плюрализмнің қалыптасуын, елдің демократиялық модернизацияға түсуі сияқты өзекті міндеттерді шешу саясатын да Президент тікелей жүргізе бастады. Сонымен, ғасырлар алмасар тұста жаңа Қазақстанның жаңа әлемдегі орнын анықтауда, елді әлемдік өркениет үрдістеріне қосу істеріне Президент басшылық жасады. Президенттің қоғам, мемлекет, халық және адам тағдырына жауапкершілігінің артуы құбылысы саяси өмірге келді. Постсоциалистік және посттоталитарлық кезеңдегі дағдарыстық үрдістерді ауыздықтау міндетін шешу барысында ел халқының алдында президенттік биліктің зәрулігі дәлелденіп оның абыройының артуы көрінді. Транзитті, өтпелі қоғам дамуының 1990-1995 жылдарды қамтитын бірінші кезеңін Қазақстанда Президент билігінің пайда болуы мен қалыптасуы кезеңі ретінде бағалауға болады. Президенттік билік арқылы Қазақстан халқы өз тағдырын өзі шешетін саяси-әлеуметтік қауымдастыққа айнала бастады. 1990-шы жылы ел халқының 41 пайызын құрап, 6,8 миллион адамға жеткен қазақ ұлты өзінің төл мемлекттілігін жасау мүмкіндігіне ие болды.

 Қазақ этносының ұлтсыздануының, ана тілінен айрылуының, ұлттық  ділінен алшақтауының зиянды  және қауіпті үрдістеріне шек  қоюдың саяси алғы шарты да  жасалды. Тәуелсіздік қазақ ұлтына  этнодемографиялық және мәдени  жаңару мүмкіндігін алып келді.Бұл  мүмкіндіктердің де кепілі Президент  билігі деп білді қазақ халқы.Сонымен  бірге қазақ халқы Қазақстан  Президенті ең алдымен бүкіл  Қазақстан халқының мүдделерін,мақсат-мұраттарын  іске асырушы болуға тиісті  екендігін түсінді,өзінің этникалық  мүдделерінің Қазақстан халқы  мүдделері шеңберінде біртіндеп  шешілу саясатының келешегіне  және қажеттілігіне енді.Бұл күрделі  құбылыс қазіргі уақытта дейін  эволюциялық дамуда жалғасып  келеді. Тәуелсіздіктің бастапқы  кезеңінде Президент басқарған  саяси элита үш ғасырға жуық  созылған Ресей империясының  бодандығында болу қазақ ұлтын  біртіндеп құру табалдырығына  әкелгендігін жақсы түсінді.Бодандық  жалғаса берген жағдайда қазақ  этносы ұлттық белгілерінен айрылып,  ассимилияцияланған  тобырға айналатындығы   сөзсіз болатын. Оның кең байтақ, табиғи ресурстарға толы жері  басқаның иелігіне өтеді. Қазақ  ұлтына тәуелсіздік  осындай  қасіреттерден құтылу мүмкіндігін  сыйлады. Халқымыз ұзақ тарихи  кеңістікте өзінің билігі өзінде  болатын, әлемдік тәртіптерге  икемделген халықаралық қатынастар  субъектісіне айналды. Бұл жаңа  құбылыс та қазір өз жалғасын  табуда. Қазақ ұлтының жаңару, өрлеу  процесі қайта басталды. Ұлт   тағдырына, оның өркениет жолына  нақты түсуіне Президент билігінің  ықпалы зор екендігін халық  та, билік те түсініп отыр.

 

15. ӘЛЕУМЕТТІК  МӘРТЕБЕ ТҰЛҒАНЫ ІРІКТЕУ ФАКТОРЫ  РЕТІНДЕ.

 

Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар  жиынтығын әлеуметтік топ дейді. В.И.Ленин «Ұлы бастама» деген еңбегінде  топтарға мынадай анықтама береді:"топтар деп адамдардың үлкен топтарын, қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесінде, олардың алатын орнына қарай өндіріс  құрал-жадықтарына олардың қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастыруға  олардың рөліне қарай, алып отырған  үлестің мөлшеріне, алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын айтады".Ол адамның қоғамдық өндіріс жүйесіндегі  орнын және оның жалпы әлеуметтік жағдайын айқындайды.Ол әлеуметтік мәртебесі, табыстың мөлшері т.с.с Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін  белгілі бір топтардың жиынтығы жатады.Әлеуметтік жіктегенде мынадай белгілерді басшылыққа алады.Меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б. Мәртебе-азаматтың, мемлекеттің органның, халықаралық ұйымның және т.с.с.құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндетер жиынтығы.

 

16. САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК САЯСАТҚА АНЫҚТАМА БЕРІП, ОНЫҢ АТҚАРАТЫН НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ МЕН МАҚСАТЫН СИПАТТАҢЫЗ

 

Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда  болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық  жүйенің орнына келген, жаһандану  жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс  аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің  бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа саяси қатынастарға жол  ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік  ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті  және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару  тетіктері мен аппараты, саяси  және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде  халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын  ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық  қатынастар.

Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық  қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың  басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистіксипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік  нарықтың бірлігін қалпына келтіру  және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен  халықтардың өзара тәуелділігі  артуда, шешімін табу үшін халықаралық  әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы  мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі  халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы  елеулі өзгерістердің негізінде  қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек  бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде  өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің  экономикалық орталық үстанымын  нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді  шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШбасым орын алуда, алайда Еуропалық  Одақ онымен иық теңестіріп, кей  жағдайларда одан басым түсіп  отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдікэкономиканың  бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың  қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда(АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік

Америкада (НАФТА), Латын  Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл  аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық  қатынастар сахнасының белсенді әрі  ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік  емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл  атқаруда.

 

Әлемдік  тәртіптер мен  қатынастар үнемі  өзгерісте. Әрбір  мемлекет осы жүйеден өз орнын  алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы  дамуы барлық мемлекеттер еріксіз  есептесетін ортақ заңдылықтарды  және даму тенденцияларын тудырады. Әлемдік  тәртіптерге жаһандық экологиялық  өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық  қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.

 

Ашық, ақпараттық, технологиялық  қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің  әсерін тікелей, немесе жанама түрде  тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға  себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан  әрбір мемлекет әлемдік дамудың  ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді  шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен  қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ  шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік  саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары  және әдістері болып табылады. Әлемдік  саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге  ортақ саяси шындыққа тікелей  қатысты.

 

Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі  жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың  тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың  жаһандық жылынуы әлем халықтарына  түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан  өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса  басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне  тиым салу қажеттілігін талап етуде.

Информация о работе Шпаргалка по "Политологии"