Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 19:58, дипломная работа
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ата заңымызға енгізілген айтулы өзгерістер елімізде президенттік басқару формасының орнына жаңа, яғни президенттік -парламенттік деп атауға болатын жүйенің негізін қалап келеді. Осылайша, жас мемлекетіміздің тарихында Қазақстанның мемлекеттік құрылысының өзіндік жаңа билігі деуге болатын кезең басталды. Бұл - еліміздің жүйелі және сыңдарлы дамуының заңды нәтижесі.
Жаңарған Конституцияға сәйкес, жалпыға бірдей мойындалған демократиялық қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғарғы құндылықтар деп бекітіледі. Сондықтан бұл оқиға шын мәнінде тарихи мәнге ие болады.
Кіріспе...........................................................................................................
5
1 Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде...........................................................................................................
1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары..........................................
1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері.........................................
8
8
11
2 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................
2.1 Сайлау жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері..................................................................................................
2.2 Сайлау өткізу тәртібі және сайлау алдындағы үгіт ережелері .........
2.3 Сайлау бостандығының кепілдіктері және дауыс беру тәртібі.........
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................
14
14
18
19
29
33
33
35
38
41
41
46
57
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................
3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары................
3.4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................
4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері..................................................
4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................
4.2 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................
62
2005 жылғы желтоқсанда
еліміздің Президентін сайлау
кезінде мобильдік терминалдың
орнына банкоматты немесе
Сайлау» автоматтандырылған
ақпраттық жүйесін жетілдіру
жөнінде жұмыстар қазіргі уақытта
да жалғасуда. Бұл жұмыс барысында
сайлаушылардың, саяси партиялар
мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ
халықаралық ұйымдар
Атап айтқанда, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларынан жүйенің интерфейсін, «кандидаттардың ешқайсысына емес» деп дауыс берген кезде жүйе дәлелдеуді сұрайтын етіп өзгерту жөнінде ұсынысы болды. Сонымен қатар олар сайлаушылардың берген дауыстарын қолмен санау қажет болған жағдайда дауыстың есебі қағазда қайталанып жазылу мүмкіндігі қарастыруды ұсынды.
Барлық айқындалған
Бұл кезеңде қолданыстағы жүйенің бүгінгі күні қолда бар арнайы жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыз етілуін одан әрі жетілдіру әрі жаңа үлгілерін жасау, сонымен қатар оның нормативтік-құқықтық және әдістемелік қорын жоғары сатыға көтеру көзделіп отыр.
Болашақта сайлау участкесінде сайлаушының электронды картасын санайтын принтер қондырғысын («есептегіш») орнату мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл жаңалық енгізілген жағдайда, терминалда дауыс бергеннен кейін сайлаушы есептегішке келіп, тиісті картақабылдағышқа электрондық картасын қояды да арнайы терезеден қағаз лентасында басылып шыққан өзінің дауыс беру қорытындысын көреді. Қағаз лента арнайы мөрленген контейнерде болу керек. Сайлаушы өзінің таңдауын көзбен шолып көріп картасын алған кезде лента оралып, дауыс беру қорытындысы терезенің арғы жағына жылжиды. Содан кейін дауыс беруші карточканы сайлау комиссияның мүшесіне немесе операторға өткізеді.
Даулы жағдай туа қалса қағаз лентадағы басылымның көмегімен дауыс беру қорытындысының дұрыстығын тексеруге болады. Бұдан басқа, участке бойынша есептегіштің энергияға тәуелсіз жадында сақталған дауыс берудің барлық нәтижелерін қағазға басып шығару мүмкіндігі де қарастырылып отыр.
Сонымен қатар, «Сайлау» ААЖ-ны бақылау және ақпараттар қорына енуді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқарудың бірыңғай орталығын құру да жоспарда бар.
Сайлау іс-шараларында жаңа ақпарат технологияларын (Интернет желісін, ұялы байланысты, бір қала шегінде сымсыз байланысты) пайдалану мүмкіндігін зерттеуге де үлкен назар аударылатын болады.
Негізгі міндеттердің бірі – қолданыстағы электондық дауыс беру жүйесін халықаралық талаптар деңгейіне көтеруге мүмкіндік беретін ISO 9001:2000 сапа стандарттарын және аппараттық-бағдарламалық жүйенің тиісті сертификациясын енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу» [1].
Елімізде қоғамды
Сондықтан, сайлау іс-шараларын электрондық сайлау жүйесін пайдаланып отырып өткізу мүмкіндігі бар сайлау участкелерін көбейте түсу, электрондық дауыс беру жүйесінің ресурстары тауысылған техникалық жабдықтарын ауыстыру да біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі.
Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге ұмтылысы, қоғамды демократияландыру процестері еліміздің дамуында жаңа үрдістерді, мемлекеттік басқарудың неғұрлым ашық механизмдерін іске қосуды қажет етіп отыр. Осыған байланысты «электронды үкімет» жүйесімен өзара ұдайы ықпалдастықты талап ететін мемлекеттік даму бағдарламалары пайда болуда.
Біздің мемлекеттің соңғы жылдары ақпараттық технологиялар саласында қол жеткізген ірі жетістіктердің бірі болып табылатын «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі демократияны одан әрі дамытуға және одан әрі нығайтуға қызмет етуі тиіс. Өйткені ол, жоғарыда атап өтілгендей, сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу процесстерін автоматтандыруға, азаматтардың сайлау құқығын Конституцияға және Қазақстан Республикасының сайлау заңнамаларына, халықаралық құқықтың сайлау процестерін ұйымдастыру саласындағы жалпы мойындалған принципері мен нормаларына сәйкес, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алайда, депутаттар да күтпеген мәселе «КР Сайлау туралы» заңының үшінші оқылымы да жарыққа шықты. Бұл жаңалыктың аты - «электронды дауыс беру» деп аталады,
Электронды дауыс беру жүйесі сайлау туралы заңның ішіндегі ең үлкен жаңалық, техникалық тұрғыдағы ешкім де күтпеген үлкен бір төнкеріс болды. Бұл төңкерістің аты - «сайлау жүйесіне электронды дауыс беруді енгізу» болып табылады. Бұл жаналықты алғаш естігендер — Парламент депутаттары болды. Меніңше, сайлау жүйесіне электронды дауыс беруді енгізу олар үшін де тосын жаналық болып табылады, себебі, «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыспен 3,5 жылдан бері тікелей айналысып келе жатқан біздердің өзіміз заң жобасының үшінші оқылымына дейін «электронды дауыс беру жүйесінің енгізілуі мүмкін дегеннен басқа ештеңе естіген де жоқпыз. Оны былай қойғанда, кыс айында өткен Сенаттың жұмысшы тобында сенаторлар «электронды ақпарат беру деген көңілге қонады, ал электронды дауыс беру — біз үшін өтe ерте» деген мәмілеге келген. Электронды дауыс беру туралы өткен жазда жарияланып, халықтың талқылауына ұсынылған «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңының жобасында да, қыс айында өткен бірінші және екінші оқылымдарда да сайлау жүйесін жақсарту мен оның жариялылығын, aшықтығын дамытудан басқа ештеңе айтылмаған болатын. Қысқасы, Наурыз мейрамының қарсаңында Үкіметіміз бен Парламентіміз халыққа «тамаша» тарту жасады. Бірақ осы тарту шындығында да «тамаша» ма әлде сайлауға қолдарын бір сілтеген азаматтар үшін жасалған тағы бір айла ма, ол жағы - белгісіздеу.
Ашығын айту керек, сайлау, жүйесіне электронды дауыс беруді енгізуге деген көзкарастар әртүрлі. Оны дайындаушылар мен жүзеге асырушылардың айтуынша осы тәсіл арқылы отбасылық дауыс беру, бюллетеньдерді топтан тастау немесе көшеде сату сияқты (иә осындай да қызықтар болған өткен сайлауда) келеңсіз мәселелерге тосқауыл қойылады.Оған қарсылар «өзіміздің қалай дауыс бергенімізді және оның қалай есептелгенін қалай білеміз, біздің даусымыз басқаларға кетіп қалмайды ма?» деп күдіктенсе, компьютерден хабары бар жандар «адамның ойлап тапқан бағдарламасын басқа адамдар қалай болса солай бұза алады» деп қорқытып, ең мықты деген Пентагонный компыотерлік базасын бұзып кіріп жатқан, Банкілердің электрондық есебінен ақша аударып алып жаткан «хакерлердің» шеберлігін алға тартады. Тағы біреулер электронды дауыс беруді мәслихат сайлауынан бастап енгізу дұрыс деп ойлайды. Содан кейін Парламент сайлауын өткізіп, ең соңында ғана Президент сайлауына қолдану қажет деп есептейді.
Басқа елдердің әлі де компьютерлік техникалық жағынан бізден кеңже қалғанына қарай, жалтақтағым келмейді. Кім бірінші болып космосқа ұшар екен деп Кенес үкіметі мен АКШ бір-біріне қарағыштап отырса, адамзат ешқашан жердің тартылыс заңын бұзып, көк аспанға көтерілмес еді. Бірінші болу — ерлік пен намыстың көзі. Бірақ айта кету керек, өркениетті елдердің ешқайсысы электронды дауыс беру жүйесіне толық көшкен жоқ. Ресей мен Германияның, өзі 2008 жылы көшпек ойы бар, Англия мен Үндістанда тәжірибе жүріп жатыр, АҚШ-тың бірнеше штаты осыған ұқсас жүйені өндіріп еді, көптеген кемшілік тауып, соларды шеттеудің жолдарын іздеуде. Тек Голдандияның жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі ғана 15 жылдан бері электронды дауыс беруді қолдануда [18].
Алайда, мәселе мүлдем басқада сиякқты: Бірінші деп, алдында айтып кеткендей, электронды дауыс беру жүйесін енгізу жолы көңілге ұялатады. Билік орындары халықты былай қойғанда халықтың қалаулыларына да осы өзекті мәселені талдау мен зерттеуге ешқандай уақыт қалдырмаған сияқты. Соңғы оқылымда ғана карта ойыншысы секілді жеңдерінің ішінен суырып алып, аяғымызға қоя салғанға ұқсайды. Өте күрделі электронды жүйе мен демократияның басты институты болып табылатын сайлау құрылымына мұндай әртүрлі көзкарастың астарында не жатқаны белгісіз. Электронды сайлау жүйесі тәуелсіз сарапшылардың сынағынан өтті ме, оған қандай баға берілді деген сұрақ та жауапсыз қалып отыр. Ол, ол ма, ең қызығы, электронды сайлау жүйесін кезең-кезеңімен өткізуге шешім қабылданып, бюджеттен қаражат бөлініп койылғанға ұксайды. екіншіден, электронды жүйе арқылы дауыс беру кезінде мүмкін болатын келеңсіз жағдайларды да жіпке тізіп, әрқайсысына нақты жауап алуымыз қажет. Жақында Орталық Сайлау Комиссиясының шақыруымен біздің Тәуелсіз бақылаушылардың облыстық өкілдері Астанаға барып, электронды сайлау жүйесімен іс жүзінде танысып, өздері дауыс беріп те көрді. Шынын айту керек, бұл кездесу біздің күдігімізді сейілткен жоқ. Электронды дауыс беру жүйесінің жан-жақты ойластырылмаған дүние екенін халық қалаулылары да көріп отырғанға ұқсайды.
Скептиктердің барлық сұрақтары мен ескертпелеріне қысқаша қорытынды жасасақ, қыздың бұрымындай сала құлаш тізім шығады. Осы мәселелерден сайлаушылар да хабардар болсын деген ниетпен сіздердің алдарыңызға ұсынып отырмыз:
- Бұрын сайлау аякталғанға дейін қандай кандидатқа қанша дауыс берілгенін ешкім де білмейтін, сондықтан барлық пәле дауыстарды есептеу мен оларды округке жіберу кезінде, жоғары жақтан сайлаудың нәтижесін есептеу кезінде болатын. Электронды дауыс беру жүйесіде (ЭДБЖ) барлық мәлімет компьютердің ішінде болады да, соны дайыңдаған, жасаған адамдар мен органдар осы мәліметтерді біліп, дер кезінде өзгертіп отыруы әбден мүмкін. Демек, дауыс берудің құпиялығы сақталады деп айту қиын.
- ЭДБЖ (Электронды дауыс беру жүйесі) кезінде қолданылатын құралдар мен бағдарламалардың барлығы тәуелсіз сарапшылардың тексеруінен өтуі керек.
- ЭДБЖ жұмысына адамдар мен қоршаған ортанын ешкандай да әсер ете алмайтынына кепілдік берілуі керек (сайлаушылардың бірі дауыс беретін пулътті жерге түсіріп, сындырып алса, сол учаскедегі дауыс берудің тоқтап қалуы әбден мүмкін).
- Сайлау туралы заңда ЭДБЖ қолданудың барлық жолдары толық көрсетілмеген. Ал 50-1-баптың 7-тармағында «ЭДБЖ пайдалану тәртібінің осы конституциялық заңда реттелмеген мәселелері ОСК (Орталык сайлау комиссиясы) құзыретіне берілсін» деген бап бар. Егер Сайлау туралы заңның конституциялық заңдардың қатарына жататынын ескерсек, ЭДБЖ-нің әрбір қадамы, бүге-шүгесіне дейін тек қана заңда көрсетілуі тиіс.
- Бюллетень арқылы дауыс беру кезінде сайлау учаскесіндегі дауыс берудің нәтижесін сайлау комиссиялары анықтайды. Ал ЭДБЖ кезінде сайлау комиссияларының рөлін электронды жүйе атқарады. Онда түрлі партия өкілдерінен сайлау комиссияларын жасақтап не жынымыз бар? Сайлау комиссиялары өздерінің басты міндеттерін жоғалтады емес пе?
- Жергілікті атқару билігі сайлау күні сайлау комиссияларын электр
энергиясымен қамтамасыз етуге тиісті. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса шe? Сайлау күні электр энергиясымен қамтамасыз етудін қаржысын кім төлейді, кімнің қалтасынан шығады?
- Алыс елді мекеннің сайлаушылары мен егде тартқан адамдарға пульт арқылы дауыс беру үлкен кедергі келтіретіні сөзсіз. Түсінбестік пен кателіктердің болуы да заңды құбылыс. Осы жағдайды операторлар пайдаланбайды деп айта аламыз ба?
- Жоғарыдағы жағдайдың алдын алу үшін сайлаушыларды кең көлемде оқыту, үйрету қажет. Бір жапырақ нұсқау жазылған қағаз бен теледидардағы бес минуттық жарнамалық көрініс ешқандай нәтиже бермейді. Осы жылғы бюджетте осы мәселеге қаржы бөлінді ме екен?
- Дауыс беру аяқталғаннан кейін
компьютер сол учаскенін протоколын
береді. Сонда, яғни сол бір мезетте сайлаушылардың
дауыстарын шифр
арқылы көрсеткен екінші (салыстырмалы)
протоколды алмас қа? Сол уақытта әрбір
сайлаушы өзінің даусының қай кандидатқа,
не қандай партия ға eceптелгенін өздері
(шифр арқылы) көре алады. Ал басқа адамдар
кімдердің қандай кандидатқа дауыс бергенін
біле алмайды (шифрін білмейді).
Техникалық
бағыттағы жаңа жүйеге бір жақты
баға беру - өте қиын мәселе, іс жүзінде
тәжірибеден өтіп, тиімді жерлері
мен кемшіліктерін саралау
Алдымыздағы сайлаудың тағы бір жаналығы Қазақстандағы енді ғана құрылып келе жатқан партиялық жүйенің сайлау мәселесіне тікелей араласуы болып табылады. Олар қазірдің өзінде сайлау комиссияларын жасақтау құқығына ие болды. Әрине, қазіргі тіркелген 10 партияға Парламенттегі 10 орынның аздық қылатыны анық, дегенмен, саяси партиялар осы науқанды тиімді пайдаланып, бір жағынан өздерінің қатарын көбейтіп, екіншіден, сайлау технологиясын үйреніп алса, нұр үстіне нұр болар еді. Өкінішке орай, олардың көпшілігі әлі де белсеңді түрде жұмыс жүргізбей отыр. Олардың дауыстарын, не көкейкесті Заң жобаларын талқылағанда естімейміз, не республикалық мәні бар мәселелерге қандай баға бергенін, қалай араласқанын көре алмаймыз. Билік жағынан партиялары баяғыдай әкімшілік қолдауы арқылы жеңіске жетеміз деп елестесе, оппозициялық партиялар халықтың басым көпшілігі бүгінгі билік жүйесін қолдамайды, сондықтан дауыс береді деген бұлдыр үмітке иек артып отырған сыңайлы [19].
Барлық елдерде ескі партиялардың «қысқы ұйқыдан» оянып, ал жаңа саяси партиялардың тіркеле бастайтын кезеңі - сайлауға бір-бір жарым жыл қалғанда басталады. Алайда біздің партиялардың өмірінен аса бір жандану, сілкіну нышаны байқалмайды. Олар не сайлаушылармен қалай жұмыс істеуді білмейді, немесе сайлауға арналған нақты жұмыс жоспары әлі ешбір партияда жасалған жоқ, Сондықтан да алдағы сайлау науқанындағы саяси партиялардың рөлі жөнінде өзіміздің пікірімізді білдіріп, сырттан тон пішіп көрелік: біріншіден, кейбір саясатшылардың айтып жүрген топтасуы әбден мүмкін мәселе. Бірақ ол қазір емес, сайлауға бір не екі ай қалғанда жүзеге асуы мүмкін. Топтасу (саяси партиялардың топтасып, бір сайлау блогына бірігуі) «президенттік» партиялардың арасында да, «оппозициялық» партиялардың арасында да болуы мүмкін. Әсіресе, бір жағадан бас бір жеңнен кол шығару оппозициялық партияларға өте қажет деп ойлаймын. Қанша дегенмен, үкіметке үнсіз қолдау көрсетушілердің саны оның саясатына ашықтан-ашық қарсылық білдірушілерден анағұрлым артық. Сондықтан сайлаудың алдыңда екіге жарылып жатқан компартияның мүшелері мен занды түрде тіркелуі әлі де белгісіз «демократиялық таңдау қозғалысының» жақтастарының екі партияға жарыла дауыс беруі - менінше саяси қателік сияқты. Мысалы, ДТҚ-ның «бізден артық оппозиция жоқ» деп өз кеудесің өздері ұрғылауын азайтып, басқа да оппозициялық күштердің, жетекшілердін бар екенін мойындағаны жөн емес пе екен.
Информация о работе Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде