Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ата заңымызға енгізілген айтулы өзгерістер елімізде президенттік басқару формасының орнына жаңа, яғни президенттік -парламенттік деп атауға болатын жүйенің негізін қалап келеді. Осылайша, жас мемлекетіміздің тарихында Қазақстанның мемлекеттік құрылысының өзіндік жаңа билігі деуге болатын кезең басталды. Бұл - еліміздің жүйелі және сыңдарлы дамуының заңды нәтижесі.
Жаңарған Конституцияға сәйкес, жалпыға бірдей мойындалған демократиялық қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғарғы құндылықтар деп бекітіледі. Сондықтан бұл оқиға шын мәнінде тарихи мәнге ие болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
5
1 Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде...........................................................................................................
1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары..........................................
1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері.........................................


8
8
11
2 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................
2.1 Сайлау жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері..................................................................................................
2.2 Сайлау өткізу тәртібі және сайлау алдындағы үгіт ережелері .........
2.3 Сайлау бостандығының кепілдіктері және дауыс беру тәртібі.........
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................

14
14
18
19
29

33
33
35
38

41
41
46
57
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................
3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары................
3.4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................
4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері..................................................
4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................
4.2 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................
62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Для Фарида.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік органдар ерікті сайлауды қамтамасыз етуге жұмылдырылады. Дауыс берілетін күн және оның алдындағы күн сот, ішкі істер  және прокуратура органдарының жұмыс  күні болып табылады. Iшкi істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтауда және дауыс берілген кезде сайлаудың ерікті түрде жүргізілуін қамтамасыз етуде сайлау комиссияларына қол ұшын беріп, көмектесулері керек.

Бұрында айтылғандай, сайлаушылар, сайлауға қатысты басқа  да адамдар сайлау заңының бұзылғаны жөнінде сотқа жүгіне алады. Сот және прокуратура органдары сайлау заңының бұзылғаны туралы азаматтардан, сайлау комиссияларының мүшелерінен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен түскен шағымдарды қабылдауға міндетті.  

 Заң сайлау туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық белгілеген. Зандық жауаптылыққа қандай адамдардың және қандай әрекеттері үшін тартылатыны көрсетілген [21].

а) Жауаптылыққа кез келген:

- республика азаматының өзінің сайлау құқығын, сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығын еркін жүзеге асыруға күштеу, алдау, қорқыту, сатып алу немесе өзге жолдармен кедергі келтірген;

- кандидат туралы әдейі жалған мәліметтер таратқан, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін өзге де әрекет жасаған адамдар тартылады.

ә) Жауаптылыққа сайлау күні және оның алдыңдағы күні үгіт жүргізген, дауыс беруге кедергі келтірген, сайлау комиссиясының өз міндетін атқаруына, кандидатты тіркеуге, дауыс санын есептеп, сайлаудың корытындысын шығаруға қатысты жұмысына араласып, кедергі келтірген, кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сайлаудағы өкілдер мен байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіргендер жауаптылыққа тартылады.

б) Сайлау құжаттарын қолдан жасаған, дауыстарды көрінеу қате санаған, дауыс беру құпиясын бұзған сайлау комиссияларының мүшелері, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдары мен қоғамдық бірлестіктер жауаптылыққа тартылады.

Сайлаушылар тізімін жергілікті атқару органдары жасайды. Бұл заң бойынша соларға жүктелген. Ол бір мезеттік емес, тұрақты үдеріс болып табылады. Жылына екі рет: 1 қаңтар мен 1 шілдеде олар жаңартылып, сайлау комиссияларына тапсырылады. Өз кезегінде сайлау комиссиялары өздеріндегі электронды ақпарат базасына өзгерістер енгізіп, ол туралы Орталық сайлау комиссиясын хабардар етеді. Сөйтіп, еліміздің барлық түптерінен келген сайлаушылар тізімі ОСК-да жинақталады. Біз мұнда тізімдерді тексереміз, кейбір адамдардың екі рет немесе одан да көп жазылып кетпеуін анықтаймыз. Түрлі себептерге байланысты бір адамның бірнеше рет жазылып кету жәйттері жиі болып тұрады. Тізімді тексерудің нәтижесінде біз ондай қайталауларға , бір сайлаушының бір ақ рет тіркелгенін қатты қадағалаймыз. Барлық тізімдер жергілікті атқарушы органдардың мөрімен және әкімдердің қолдарымен бекітіледі. Мұның өзі тізімнін дұрыс жасалуына кімнің негізгі жауапкер екенін көрсетіп тұрады. Бекітілген тізімдер сайлау болардан 20 күн бұрын тиісті учаскелік сайлау комиссияларына тапсырылады.  Дауыс беруге 15 күн қалғанда, ал биылғы сайлау бойынша ол 2 тамызға тура келді, сайлау учаскелеріндегі негіздер ашылып, олармен сайлаушылардың танысуына мүмкіндік беріледі. Сөйтіп әрбір сайлаудағы өзінің тізімде бар-жоғын қарауына және аты-жөнінің дұрыс жазылғанын қадағалауына жағдай жасалады. Осы сәттен бастап сайлау кезінде басқа жерге кететін сайлаушылар  басқа учаскеде дауыс беруге құқық беретін куәліктер ала алады. Куәлік алған азаматтар осы учаскенің сайлаушылар тізімінен алып тасталынады [13].

Сайлаушылардың тізіммен танысуынша кеңірек жағдай жасау үшін біз  барлық сайлау учаскелеріне оларды көрнекті жерге іліп қою керектігі жөнінде кеңес бердік. Сонымен қатар тізімдер, ОСК-ның кеңесі бойынша, интернетте жарияланады. Бұл да сайлаушылардың тізіммен жақсылап танысып, өз аты-жөндерінің бар екендігін және оның дұрыс жазылғандығын бақылауына мүмкіндік туғызу үшін жасалған шара.     

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушы  тізімінің дұрыстығын тексеру байқалады.

Екінші деректі Әділет министрлігі  береді. Оның деректеріндегі өзгерістерді біз жергілікті органдарға хабарлап, айырмашылықтардың себептерін анықтауын талап етеміз. Бір сөзбен айтқанда, біз жергілікті атқарушы органдармен тығыз ықпалдарында жұмыс істейміз. Әрине, ондай негізгі мақсат — сайлаушылардың тізімге толық енгізілуін камтамасыз ету. Қазіргі кезде біздің елімізде көші-қон үдерісін қызу жүріп жатқаны белгілі. Сондықтан біз сайлаушылардың тізімге толық еңгізілгендеріне ешқандай кепілдік бере алмаймыз. Бірақ, қолдағы бар  барлық мүмкіндіктерді пайдаланып онын барынша толық болуына тырысудамыз. Онда еліміздің, сайлау құқығы бар барлық азаматтары сөздері тарапынан да белсенділік көрсетіп, сайлау учаскелеріне барып, өздерінің тізімге енген-енбегенін анықтау сұралды. Бұл Үндеу көптеген ақпараттық құралдары арқылы еліміздің барлық аумағына жария етілді. Сайлау болғанша 15 күннің ішінде азаматтар өздерінің тізімге енген-енбегендігін біліп отырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сайлаушылар тізімге тек қана тіркелген  жері бойынша енгізіледі. Басқа жердегі  тізімге оларды қосуға ешқандай құжаттық негіз жоқ. Бірақ заң ондай  азаматтарға да жеңілдік қарастырған. Сайлау науқаны басталмас бұрын 30 күннің ішінде олар тіркелген жеріндегі атқару органдарына келіп, өзінің басқа жерде тұратынын және сол жерде дауыс бергісі келетінін айтуы керек. Сонда сайлаушы тұрғылықты жерінде тізімге енгізілетін анықтама алады. Бірақ қазір ол мерзім өтіп кетті. Тізімдер жасалып қойды. Сондықтан  тұрғылықты жерінен дауыс бергісі келетін азаматтың сайлауға қатыса алатын бір-ақ жолы бар. Ол — өзі тіркелген жердегі сайлау учаскесіне келіп, басқа жерде дауыс беруге құқық беретін куәлік алуы керек. Сол куәлікпен тұрақты жердегі сайлау участкесінде еш кедергісіз дауыс бере алады.

Заңға сәйкес тек қана Қазақстан  азаматтарының дауыс беруге құқығы бар. Тіпті Қазақстанда ұзақ жылдардан  бері тұратын, бірақ азаматтығы жоқ жандар да сайлауға қатыса алмайды. Әрине, оның ішінде әлі азаматтық алып үлгермеген оралмандар да бар. Сайлау құқы заң бойынша тек Қазақстан азаматтарына ғана берілген.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан  Республикасының шет елдердегі  елшіліктерінде, консулдықтарында 35 сайлау учаскесін ұйымдастырды. Онда Қазақстан Республикасының шет елдерде оқитын, уақытша тұратын азаматтары дауыс береді. Мұндағы тізімдер еркін деп айтуға болады. Участкіге келген кез келген Қазақстан азаматы төлқұжатын көрсетсе, тізімге енгізілетін, дауыс беру құқығы беріледі, тіпті қонсулдық есепке Қазақстан азаматтары да  төлқұжаттың негізінде азаматтық құқтарын пайдалана алады.

Ал тізімге  мүлдем енгізбесе, онда бас тартуды  негіздеуі керек. Сайлаушы болса  сотқа шағым түсіре алады. Сот мұны бірден қабылдайды. Шешім сайлаушының болса,  комиссия  шешімін тізімге енгізеді [21].

Қазақстан Республикасында сайлау құқы бар 8,8 миллионға жуық сайлаушы тіркелген. Оның қаншасы сайлауға қатысатынын  айту қиын. Бірақ, осынау мүмкіндікті  пайдаланып, азаматтар тағы да өз құқықтарын пайдалануға шақырылады. Биылғы сайлау тамыз айына келіп отыр. Бұл ай демалыс мезгілі. Сайлаушылар бұрынғы сайлауларға қарағанда азырақ қатысатын секілді. Бірақ қатар өткізіліп жатқан мәслихаттар сайлауы дауыс беруге деген қызығушылықты арттырар дегенге сенемін,  мәслихаттар сайлау деген қызығушылықты - артса үміттеміз. Өйткені, сайлаушылардың депутаттарын сайлауға деген бұрыннан жақсы болатын.

Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк  тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Сайлау бюллетеньдерi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде басылады.Сайлау бюллетеньдерi сайлау округiндегi сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы  резервiмен сайлау округiндегi сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.  Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлаудан кем дегенде бiр күн бұрын сайлау учаскесiндегi сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервiмен жеткiзiледi.

Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мөрлеп бекiтiлiп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады.

Президенттi, Парламент  Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары  мүшелерiн сайлау жөнiндегi дауыс  беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат  жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi. Аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудi бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық немесе округтiк комиссиялардың шешiмi сайлаушылардың назарына жеткiзiлуге тиiс.

Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн уақыт пен орын туралы дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, ал  мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде бес күннен кешiктiрмей сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де әдiстермен хабардар етуге тиiс. 3. Қазақстан Республикасының иелiгiндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, әскер бөлiмдерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда, алыстағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан құрылған сайлау учаскелерiнде, егер тiзiмге енгiзiлген сайлаушылардың бәрi дауыс берсе, учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс берудi кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады. Мұндай учаскелердiң тiзбесiн тиiстi сайлау комиссиясы сайлауға дейiн жетi күннен кешiктiрмей, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды өткiзгенде үш күннен кешiктiрмей бекiтедi.

Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс  беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды [3].

Президенттi, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға дауыс беру арнайы бөлiнген бөлмелерде өткiзiлуге тиiс, оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар белгiленiп, дауыс беруге арналған жәшiктердiң қойылуы дауыс беретiн адамдар оларға жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей болуға тиiс. Бұл ретте байқаушылар, сенiм бiлдiрiлген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен сайлау комиссиясы мүшелерiнiң сайлау жәшiктерiн, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кiрудi және шығуды бақылауына жағдай жасалуға тиiс.

Дауыс беруге арналған үй-жайдағы адамдар дауыс берудi өткiзу жөнiндегi комиссия белгiлеген ережелердi қатаң сақтауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы бiр мезгiлде дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлаушылардың санын реттейдi; тәртiпке жауапты болады және осы Конституциялық заңның ережелерiн бұзып, дауыс берудi өткiзуге кедергi келтiрген кез келген адамның ол жерден кетуiн талап етуге хақылы.  
       Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады. 
      Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарын бұзған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi оның жұмысына қатысудан дереу шеттетiледi, ал байқаушы мен өзге адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелдi шешiмi бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады. Осы шешiмнiң орындалуын iшкi iстер органдары жүзеге асырады, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының шеттетiлген мүшесiн, сондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдайды. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртiптi қамтамасыз ету iшкi iстер органдарына жүктеледi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi дауыс беруге арналған үй-жайда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуға тиiс және тәртiп қалпына келтiрiлгеннен кейiн не комиссия төрағасының өтiнiшi бойынша ол жерден дереу шығуға мiндеттi.

Президенттi, партиялық  тiзiм бойынша сайланатын Мәжiлiстiң  депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс  беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.  
        Сенат депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған пункттердi аша бастауға тиiс.  
        Учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы: 
       дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады; комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.      Әрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi.Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға (таңдаушыларға) сайлаушылар тiзiмдерi (таңдаушылар тiзiмдерi) негiзiнде сайлаушының (таңдаушының) жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.  
       Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi (бюллетеньдердi) берген мүшесi оларға өзiнiң қолын  қояды, сондай-ақ бюллетеньдi (бюллетеньдердi) алған сайлаушының (таңдаушының) тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды. 
       Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ.  
      Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрiлмей берiле алатын жазбаша өтiнiшi бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.

       Осы тармақта көрсетiлген өтiнiш келiп түскен жағдайда, сайлау комиссиясының төрағасы өтiнiш берген сайлаушының сайлаушылар тiзiмiндегi аты-жөнiнiң тұсына тиiстi белгi қояды.

Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс  жерде дауыс берудi ұйымдастырған  кезде тасымалданатын жәшiктердi сайлау комиссиясының екi мүшесi алып жүредi.

Учаскелiк сайлау комиссиясының  мүшелерi байқаушыларды, сенiм бiлдiрiлген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруi туралы хабардар етуге мiндеттi.

        Сайлау комиссиясының мүшелерi  дауыс беруге арналған үй-жайдан  тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру үшiн шыққан кезде оларға байқаушылар не сенiм бiлдiрiлген адамдар iлесiп жүруге құқылы.

        Дауыс беруге арналған үй-жайдан  тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру  кезiнде сайлау комиссиясының  мүшелерi, сайлау бюллетеньдерiнiң  бүлiнуi мүмкiн екендiгi ескерiле отырып, олардың қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс [18].

        Дауыс беруге арналған үй-жайлардан  тыс жерлерде дауыс берiлген  жағдайда бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға дауыс беруге арналған  үй-жайдан тыс жерде дауыс беру  туралы өтiнiштерiнiң негiзiнде берiледi, олар бұл туралы өтiнiштерiне қол қояды.

        Бюллетень (бюллетеньдер) берген  комиссия мүшесi оған өз қолын  қояды, сондай-ақ дауыс беруге  арналған үй-жайдан тыс жерде  дауыс беру туралы өтiнiшке  де қол қояды. 

         Жалпы жұрттың танысуы үшiн сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күнi арасындағы кезеңде сайлаушы өзiнiң болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтiнiшi бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгiн табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiмiне тиiстi белгi қойылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлiгiн көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесiндегi сайлаушылар тiзiмiне енгiзедi.

Информация о работе Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде