Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 19:58, дипломная работа
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ата заңымызға енгізілген айтулы өзгерістер елімізде президенттік басқару формасының орнына жаңа, яғни президенттік -парламенттік деп атауға болатын жүйенің негізін қалап келеді. Осылайша, жас мемлекетіміздің тарихында Қазақстанның мемлекеттік құрылысының өзіндік жаңа билігі деуге болатын кезең басталды. Бұл - еліміздің жүйелі және сыңдарлы дамуының заңды нәтижесі.
Жаңарған Конституцияға сәйкес, жалпыға бірдей мойындалған демократиялық қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғарғы құндылықтар деп бекітіледі. Сондықтан бұл оқиға шын мәнінде тарихи мәнге ие болады.
Кіріспе...........................................................................................................
5
1 Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде...........................................................................................................
1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары..........................................
1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері.........................................
8
8
11
2 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................
2.1 Сайлау жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері..................................................................................................
2.2 Сайлау өткізу тәртібі және сайлау алдындағы үгіт ережелері .........
2.3 Сайлау бостандығының кепілдіктері және дауыс беру тәртібі.........
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................
14
14
18
19
29
33
33
35
38
41
41
46
57
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................
3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары................
3.4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................
4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері..................................................
4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................
4.2 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................
62
«Қазақстанның саяси жүйесін конситуциялық жаңғырту қоғамда демократиялық қағидаттар мен құндылықтардың өркендеуіне едәуір себеп болмақ. Ел басымыздың саяси өзгерістерге жасаған зор тәуекелге тұрарлық бастамасы парламенттік президенттік басқару формасына өтудің алғы шарттарын жасап берді. Қоғамда өзіндік орны бар күшті саяси институттарсыз демократияны елестету мүмкін емес. Кемелденген демократияның нышаны адам құқықтары мен бостандығы ғана емес сонымен бірге өкілді орган парламент және оған сайланатын партиялармен өлшенеді. Әлемдік тәжірибеде партиялық шынайы бәсекелестік негізде сапалық деңгейге көтерілуі демократияның шынайы келбетін айқындап береді. Саяси жүйені жетілдіруде жаңа тұрапты сайлау жүйесі енгізді. Яғни, Парламент Мәжілісі тұтастай дерлік пропорционалды сайлау жүйесіне көшті. Парламентте фракциялық құрылым рөлінің артуы өкілетті органның заңдылығын легитимдігін айқындайтын жәйт.
Сайлауға тек қана партия атынан түсу - елдегі саяси күштердің танымдылық деңгейі мен ықпалы, халық арасындағы беделін нақты сараптауға мүмкіндік береді. Демек, саяси партиялар өз қызметтерін жандандыруға ашық әділ саяси күреске түсуге, түйіндей айтқанда, демократиялық талаптарға сай әрекет етуге ұмтылатын болады. Халықтың сеніміне ие болғысы келетін саяси күштер күнделікті өмірде сайлаушыларды алаңдатып жүрген өзекті мәселелердің мәні жеткілікті түсінуге, атап айқанда, ұлттық, әлеуметтік жағдай мемлекеттік тіл, мәдениет, руханият саласына жеткілікті назар аударып, зиялы қауымның, қоғамның көрнекті өкілдерін қатарына тара алмаса, табысқа жетуі қиын болуы әбден ықтимал.
Үкімет депутаттар алдында жеңіп шыққан партиялар бекіткен бағдарламалардың жүзеге асырылуы үшін есеп беретін болады [1].
Парламенттегі түбірлі өзгерістер Сенаттың рөлі мен мәртебесін айтарлықтай күшейткенін ерекше атап өткен жөн. Бұдан былай жоғарғы палата Мәжіліс болмаған кезде бүкіл парламент өкілеттігіне ие болады. Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенсек, қос палаталы парламент жүйесі әлемнің орнықты даму жолына түскен, өркениетті елдерде берік қалыптасқан. Өйткені, әдетте жоғарғы палата ымыраға бастаушы, тұрақтандырушы рөл атқарады. Еліміздің парламентаризмі тарихында да мұндай дәстүр берік қалыптасты және жаңа өзгерістерге сәйкес Сенатта партиялық фракциялардың болмайтыны – жоғары палатаның жалпы ұлттық, елдік, мемлекеттік мүдделер үшін еркін қызмет жасауын қамтамасыз етеді. Мұның өзі елдің ішкі тұрақтылығын сақтау, әлеуметтік, ұлттық, ғылыми және рухани өрлеуді жүзеге асыруды көздейтін елбасының жүргізіп отырған парасатты сарабдал саясатына толық сай келеді.
Парламенттегі түбірлі өзгерістер Сенаттың рөлі мен мәртебесін айтарлықтай күшейткенін ерекше атап өткен жөн. Бұдан былай жоғарғы палата Мәжіліс болмаған кезде бүкіл Парламент өкілеттігіне ие болады. Дүниежүзілік тәжірбиеге сүйенсек, қос палаталы парламент жүйесі әлемнің орнықты даму жолына түскен, өркениетті елдерде берік қалыптасқан.Өткені, әдетте жоғарғы палата ымыраға бастаушы, тұрақтандырушы рөл атқарады. Еліміздің парламентаризмі тарихында мұндай дәстүр берік қалыптасқан жаңа өзгерістерге сәйкес Сенатта партиялық фракциялардың болмайтыны- жоғарғы палатаның жалпыұлттық, елдік, мемлекеттік мүдделер үшін еркін қызмет жасауын қамтамасыз етеді. Мұның өзі елдің ішкі тұрақтылығын сақтау, әлеуметік, ұлттық ғылыми және рухани өрлеуді жүзеге асыруды көздейтін Елбасының жүргізіп отырған парасаттық, сарабдал саясатына толық сай келеді.
Қазақстан халық Ассамблеясы
мен қоғамның басқа да елеулі
құрамынан өкілдік ететін 9 депутат
сайлайтын болады. Мұнымен Парламентке
заң шығарушылықты тиімді
Тұжырымдай келгенде, еліміздегі саяси жүйе түбірлі өзгерістерге ұшырады. Ол жоғарыдан төмен қарай елдің бүкіл аумағында биліктің ауыл, аудан, облыс деңгейдегі өкілетті тармағының, Парламенттің беделін нығайтуға бағытталған. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімге орнықты дамуын қамтамасыз ететін теңгермелі билік құрлымы жасалады [1].
4.3 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде
Қазақстан қоғамында болып жатқан демократиялық үрдістер демократияны қалыптастыру мен дамытудың маңызды институттарының бірі болып табылатын сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Егемендік жылдарында өткізілген сайлау науқандары Қазақстан Республикасы қолданыстағы сайлау заңнамаларының электондық іс-шараларды жалпыға танымал халықаралық нормалармен демократиялық стандартқа сәйкес өткізуге жеткілікті құқықтық негіз болып танылатынын көрсетті.
Жинақталған тәжірибе сайлауларды дайындау және өткізу жүйесіндегі бірқатар кемшіліктерді айқындады. Бұл кемшіліктер көбінесе сайлау комиссиялар жұмысын ұйымдастыру деңгейінің төмендігі, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару механизмінің жетілдірілмеуі сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамалары нормаларын сақтамауы салдарынан орын алады.
Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы билік органдарын қалыптастыру – бұл бүкіл демократиялық саяси жүйенің негізін қалайтын процедура. Сондықтан да дауыс беру қорытындысын шығарудың «айқын» да әділ болуын қамтамасыз ету - үлкен саяси маңызы бар міндет.
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, аталған проблеманы шешу жолдарының бірі сайлау процесінің барлық кезеңдерін ұйымдастыру мәселелелерін шешуге, соның ішінде сайлауды жоспарлау, дайындау және өткізу кезеңдеріне, сайлаушылар есебін жүргізуге автоматтандырылған ақпарат жүйесін еңгізу болып табылады [1].
Сондай-ақ, автоматтандырылған жүйелер әртүрлі деңгейдегі сайлау комиссияларының жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, дауыс беру қорытындысын нақты уақыт режимінде шығаруға және оны ақпаратты бейнелеу құралдары мен электорндық бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен еліміздің әрбір азаматына тез арада жеткізуге жағдай жасайды.
Аталған мәселеде біздің республикамызда, сайлау жүйелерін қазіргі заман талаптарына сай жетілдірудің объективті қажеттілігін ескере отырып, «Сайлау» мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін («Сайлау» ААЖ) құру жолымен кешенді шешімін тапты.
2004 жылы пайдалануға енгізілген
«Сайлау» автоматтандырылған
Дауыс берудің электорндық жүйесін енгізу мемлекеттік саяси өміріндегі маңызды оқиға болды. Қандай да болмасын қоғамдық маңызы бар жаңашылдық сияқты, бұл оқиға да көпшілік қауым тарапынан үлкен қызығушылық туғызды: біреулер жаңа сайлау технологиясын қолданса, енді біреулер күдікпен қарады. Жүйенің қарсыластары кез келген бағдарламалық жасақтама бөгде біреулердің араласуларынан қорғалайды, бұл жүйені енгізу дауыс беру қорытындысын бұрмалауға әкеліп соғуы мүмкін деген пікір білдірді. «Сайлау» ААЖ-нің жақтастары бұл жүйені енгізу сайлауды айқын және ашық етеді деп санады.
Қазақстан Республикасы электрондық сайлау жасау жүйесін дайындауға және оны қолданысқа енгізуге автоматты сайлау процедурасындағы әлемдік тәжірибені есепке ала отырып кіріскенін атап өту керек.
Қазіргі кезде жоғарғы автоматты технологиялар бірқатар мемлекеттерде сайлау процестеріне енгізілуде, көптеген елдер электронды дауыс беруге ауысып жатыр. Бұл тәжірибе Еуроодақ елдерінде, АҚШ-та және Ресей Федерациясында кеңінен қолданылады.
Мысалы, АҚШ-та дауыс санауға арналған компьютер машиналары бірнеше жылдар бойы қолданылып келеді. Сайлаушы дауыс беру кезінде арнайы қондырғыдағы түймешіктерді басады. Мұндай технология дауыс беру процесін барынша қысқартады, ал мұның өзі сайлауға келушілер санын арттыра түседі деп есептейді оның жақтастары 2004 жылы АҚШ тарихында алғаш рет Мичиган штатының тұрғындары алдын ала сайлауда үйлерінен шықпай-ақ дауыс берді. Бұдан былай олар ерекше сайтта тіркеліп, өз дауыстарын интернет арқылы бере алады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан индиалық штаттардың көбінде жергілікті сайлауларда сайлаушылардың дауыстарын тіркеу мен санауға арналған электорнды машиналар қолданылып келеді. Индия болашақта қағаз бюллетеньдерден мүлде бас тартқалы отыр.
Австралия да 2001 жылғы сайлауда электронды дауыс беру жүйесін сынап көрді. Алайда ол жалпы ұлттық масштапта әзірше енгізілген жоқ» [1].
Ресейде «Выборы» Мемлекеттік автоматтандырылған жүйесі (ГАС «Выборы») қолданылады. Оның негізгі ерекшелігі – қағаз сайлау бюллетеньдерін санауды автоматтандыру. Бұл жүйенің есептеу Федерацияның 3000 қалалары мен аудан орталықтарын бір жүйеге біріктіретін жалпы саны 10 мыңнан асатын компьютерден тұрады. Былайша айтқанда, жүйе үлкен калькулятор сияқты және тек қана сайлау бюллетеньдерін есептеу мен сайлау қорытындысын шығару кезеңіне жұмсалатын ауқытты неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді.
Еуроодақ елдерінде қолданылатын Е-Poll электрондық сайлау жүйесі дауыс беру процесін толық қамтиды. Электрондық дауыс беру процедурасы арнайы қорғалған әрі қауіпсіз коммуникациялық желіні пайдалана отырып, қоғамдық сарапшылар мен кеңесшілердің бақылауында жүргізіледі. Бұл жүйе қашықтан дауыс берудің инновациялық құрылымына негізделген.
Е-Poll элекрондық жүйесінің қызықтыратын бір ерекшелігі – сайлаушыларға дауыс беру процессі біткеннен кейін дауыс беру фактін растайтын қағаз жүзіндегі дерегін алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі. Сонымен қатар, бұл жүйеде тәуелсіз бақылаушылар берілген әрбір дауысқа қол қою процедурасын іске асыра алады.
Сонымен, әлемдік тәжірибе сайлау
процесінде осы заманға сай ақпараттық
технологияларды кеңінен
Біздің елімізде автоматтандырылған автомат жүйесін құруға Елбасының 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауында сайлаушылар тізімін жасаудың, дауыс берудің және дауыс саны мен сайлау қорытындыларын анықтаудың автоматты жүйесін енгізу туралы тапсырмасы бастама болды.
«Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі Конституциялық Заңымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сайлауларды электронды сайлау жүйесін пайдалана отырып өткізудің ерекшеліктерін реттейтін толықтырулар енгізілді.
«Сайлау» ААЖ концепциясының негізінде сайлауды дайындау барысында қолданылған ақпататтарды сақтау және беру тиімділігін арттыру барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының қызметіне, олардың сайлауды ұйымдастыру мен өтізу барысында жедел өзара ақпараттық қорғау қолдау көрсету деңгеін арттыру сияқты негізгі міндеттер жатыр. Сонымен қатар, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын анықтау сияқты сайлау процедураларын автоматтандыру ақпараттар базасын рұқсатсыз кіруден сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті қойылады.
«Сайлау» ААЖ-нің әзірленген жобалақ және пайдалану құжаттарын, құрамына саяси партиялардың өкілдері кірген сараптау комиссиясы мұқият зерделеді.
Сараптау тобының тұжырымының сәйкес, 2004 жылғы 15 қыркүйекте электрондық сайлау жүйесін қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойды. «Сайлау» ААЖ-ін сервистік жүйелі-техникалық қамтамасыз ету, сүйемелдеу және әкімшілік ету үшін «Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны құрылды.
2004 жылдан бастап жүйе нақты сайлау іс-шараларында кезең-кезеңімен қолданыла бастады.
Жүйе алғашқы рет 2004 жылғы
5 қыркүйекте шығып қалғандардың
орнына мәслихат депутаттарын
сайлау кезінде тәжірибе
Ал, 2004 жылғы 19 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде «Сайлау» ақпараттық жүйесі 961 (10 %) сайлау участкелерінде, 2005 жылы 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауында 1447 (15%) сайлау участкелерінде қолданылды.
Сайлау» ААЖ қолданылған участкелер саны байланыс каналдарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ электрондық дауыс беруді біртіндеп енгізу туралы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның ұсынысы есепке алына отырып, анықталды. Бұдан басқа, бұл сайлау участкелерінде сайлаушыларға электронды сайлау жүйесін немесе қағаз бюллетеньдерді пайдалану арқылы дауыс беру тәсілін таңдау мүмкіндігі ұсынылды [1,32б].
Орталық сайлау комиссиясының 2003-2005 жылдар бойы жүргізген жұмыстарының нәтижесінде ақпарат жинау. Дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін ашық әрі жариялылық жағдайда беру жөніндегі міндеттерді жедел жүзеге асыратын автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасалды. «Сайлау» ААЖ-і барлық сайлау іс-шараларында айтарлықтай сенімді жұмыс істеді және шетел бақылаушылары дағынан көптеген оң баға алды.
«Мамандардың ойынша «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Қазақстан Респуликасының сайлау туралы қолданыстағы заңнамаларына толығымен сәйкес жасалған. Жүйе «бір сайлаушы бір кандидат үшін – бір дауыс» принципі бойынша жұмыс істейді.
Ол сайлау процесінің айқындығын, ашықтығын және ақпараттылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ақпараттар қорына рұқсатсыз кіруден толық қорғалған. Интернет және басқа да жалпылай қолданылатын тысқары желілермен байланысы жоқ, тек қана қорғалған, арнайы бөлінген байланыс каналдары арқылы жұмыс істейді, жүйеге бөгде адамдардың араласуына жол бермейді.
«Сайлау» ААЖ-сі
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе сайлау процедурасын оңтайландырумен қатар, сайлауды өткізу кезінде уақыт пен материалдық ресурстарды көп үнемдеуге мүмкіндік беретін болғандықтан, оның тартымдылығы да арта түседі.
Кез келген ақпараттық жүйе ақпараттық технология саласындағы қазіргі заманғы үрдістерге сай жетілдірілуі тиіс.
2004 жылғы Парламент
Мәжілісінің депутаттарын
Информация о работе Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде