Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ата заңымызға енгізілген айтулы өзгерістер елімізде президенттік басқару формасының орнына жаңа, яғни президенттік -парламенттік деп атауға болатын жүйенің негізін қалап келеді. Осылайша, жас мемлекетіміздің тарихында Қазақстанның мемлекеттік құрылысының өзіндік жаңа билігі деуге болатын кезең басталды. Бұл - еліміздің жүйелі және сыңдарлы дамуының заңды нәтижесі.
Жаңарған Конституцияға сәйкес, жалпыға бірдей мойындалған демократиялық қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғарғы құндылықтар деп бекітіледі. Сондықтан бұл оқиға шын мәнінде тарихи мәнге ие болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
5
1 Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде...........................................................................................................
1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары..........................................
1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері.........................................


8
8
11
2 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................
2.1 Сайлау жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері..................................................................................................
2.2 Сайлау өткізу тәртібі және сайлау алдындағы үгіт ережелері .........
2.3 Сайлау бостандығының кепілдіктері және дауыс беру тәртібі.........
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................

14
14
18
19
29

33
33
35
38

41
41
46
57
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................
3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары................
3.4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................
4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері..................................................
4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................
4.2 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................
62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Для Фарида.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды пайдалана отырып, азаматтар мемлекеттің жоғары өкілді органдарын қалыптастырады.

Президент пен Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруді есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:

     1-ші: Егер дауыс беруге сайлаушылардың  не Парламент Сенатының депутаттарын  сайлаған кезде таңдаушылардың 50%-нан  астамы қатысса, сайлау өткен  болып есептеледі;

      2-ші: Дауыс берудің бірінші турында  дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50%-нан астам дауысын жинаған;

Басқа кандидатпен  салыстырғанда қайтадан түскен кезде  сайлаушылардың 50%-нан астамы болуға тиіс дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп санын алған;

Бір ғана кандидат дауысқа түскенде қайтадан дауыс  беру  кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 50%-нан астам дауысын жинаса ол кандидат сайланған болып есептеледі [1].

Мәслихат депутаттарын сайлаған кезде дауыстарды  есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:

     1-ші: Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50%-нан астамы қатысса сайлау өткен болып есептеледі;

     2-ші: Егер оның кандидатурасында дауыс  беруге қатысқан  сайлаушылардың 50%-нан астамы қатысса, ал қайтадан  дауыс берген кезде басқа кандидатпен  салыстырғанда сайлаушылардың 50%-нан  астамы болуға тиісті сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі;

    3-ші: Егер сайлауға бір кандидат  дауысқа түссе, егер оның кандидатурасына  дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың  кемінде 50%-зы қатысса, ол сайланған  болып есептеледі. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының көздері нормативтік құқықтық актілер болып табылады, оларда Қазақстан Республикасының сайлау органдарын  қалыптастыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық құқықтық актілер болады.

    Бұл көздерге:

- 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

          - Қазақстан Республикасы Президентінің  1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан  Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар  Жарлығы;

           - "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңы;

           -Қазақстан Республикасы Орталық  сайлау комиссиясының нормативтік  құқықтық актілер жатады.

Қазақстан Республикасының  сайлау құқығының бастауы болып  табылатын нормативтік құқытық актілер Президент Парламент Мәжілісі мен Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті сайлау органдары мүшелерін сайлауға әзірлік және сайлау өткізу кезінде туындайтын қатынастарды реттей отырып, азаматтардың еркін ерікті түрде білдіруін қамтамасыз ететін кепілдіктерді белгілейді.

Қазақстан Республикасындағы  сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.

Сайлау құқығы принциптері Қазақстан Республикасының  Конституциясымен,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығымен бекітілген. Ол мынадай принциптер: Республика Президентiн, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

- Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

- Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы принципі  жынысына, ұлтына, нәсіліне, дінге көзқарасына, әлеуметтік шығу тегіне және тағы басқаларына қарамастан Қазақстан Республикасының белгілі бір жасқа толған барлық азаматы мемлекеттік биліктің сайлау органдарына сайлауға құқығы белсенді сайлау құқығына және бәсең сайлау құқығына бөлінеді [1].

Бәсең сайлау құқығы - ол Республиканың 18 жасқа толған азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

Бәсең сайлау құқығы - ол Қазақстан Республикасы азаматтарының  Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Әлбетте, бәсең сайлау құқығы белсенді сайлау құқығынан ерекшеленеді. Бәсең сайлау құқығы кезінде азамат сайлануға жататын субъект болып табылады. Бәсеңдіктің мәні мынада, ол сайламайды ( дауыс беру құқығынан айырылмаса да), оны сайлайды.

Мемлекет мемлекеттік  органдарға сайланатын азаматтарға  бірқатар талаптар қояды. Бұл талап  сайлау органдырының мемлекеттік механизмдегі сипатына, ерекшеліктеріне, айрықша жағдайына орай қойылады. Мысалы, Президент орнына сайлану үшін, біліміне, мемлекетке қатысына және басқаларына байланысты талаптар қойылады. Осы ерекше талаптар Президент орнының халық пен мемлекет алдыңдағы айрықша зор жауапкершілігіне орай қойылады. Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидатураға  да бір қатар талаптар қойылады. Аталған конституциялық талаптар сайлаушылардың сайлау құқығын шектеушілік болып табылмайды.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы сайлау құқығының шектелуін белгілеу мүмкіндігін теріске шығармайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы сотпен қабілетсіз деп танылған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы болмайтынын белгілеген.

Бұл жүйкесі (ақыл-есі) кемістігіне байланысты өзінің азаматтық құқығын толық пайдалануға және азаматтық міндеттерін орындауға қабілетсіз азаматтардың сайлау құқығының шектелетіндігін білдіреді. Бірақ мұндай шектеу тек сот тәртібімен белгіленеді. Егер сот азаматты қабілетсіз деп таныса, тек сонда ғана азаматтың сайлау құқығы шектеледі. Басқа ешбір мемлекеттік органның қандай себептермен болсын азаматтың сайлау құқығын шектеуіне құқығы жоқ [1].

Зандық күшіне енген сот үкімімен еркінен айырылуы орындарындағы адамдардың сайлауға  және сайлануға құқығы жоқ. Тиісінше, қамауда отырған адамға ол туралы айыптау үкімі шықпаған болса, оның сайлау құқығы шектелмейді. Президенттің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Жарлығында тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изорляторларында сайлау учаскелері құрылатыны және оңдағы адамдардың сайлаушылар тізіміне енгізілетіні белгіленген.

Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығындағы  тепе-теңдік принципі сайлаушылардың Президент, Республика Парламентінің  Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттары  сайлауына тепе-теңдік негізде және әр сайлаушының бір дауысты ғана иеленіп қатысу құқығын білдіреді. Әр сайлаушы тек бір тізімге ғана енгізіледі және осы сайлауда (Президент, Парламент депутаттары және т.б.) бір-ақ дауыс бере алады. Сайлау бюлеттені жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша беріледі. Кандидаттардың (Президенттікке, депутаттыққа) да сайлауға қатысуға тең құқығы болады. Сайлауға тепе-теңдік негізде қатысу, сондай-ақ бірде-бір сайлаушының басқа сайлаушыға қарағанда ешқандай жеңілдігі болмауын қамтамасыз етеді. Мысалы, өкілдік нормаларына сәйкес халықтың саны бойынша тепе-тең сайлау округтері құрылады. Барлық азаматтардың сайлау құқығы заңмен бірдей деңгейде қорғалады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі республика азаматтарының сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергі келтірушілікке қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қазақстан Республикасында  Парламентке депутаттарды төте және жанама сайлау құқығы белгіленген. Төте сайлау құқығы принципі Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және маслихаттарының депутаттарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауынан көрінеді. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылардың, яғни маслихаттардың  депутаты болып табылатын республика азаматтарының қатысатындығы көрінеді. Таңдаушылар  Сенат депутаттарының сайлауына тепе-теңдік негізде қатысады және Сенат депутатын сайлау кезінде әр тандаушы бір дауысқа ие болады. Сенат депутатын сайлау кезінде бәсең сайлау құқығы маслихат сессияларына Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген шектеулерімен жүзеге асырылады.

Дауыс берудің мұндай принципі болуының мәні мынада, республиканың Президентін, Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын, мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі  басқару органдары мүшелерін сайлау жабық өткізіледі. Жабық дауыс беру сайлаушылардың еркін білдіруге бақылау жасау, сондай-ақ сайлаушылардың еркіне қысым жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Дауыс берілетін орындарда сайлаушылардың өз еріктерін еркін білдіруі үшін арнайы кабинеттер жабдықталады.

 

 

2.2 Сайлау өткізу  тәртібі және сайлау алдындағы  үгіт ережелері

 

 

Сайлау алдындағы үгіт жағдай жасау сайлауды ұйымдастыру  мен өткізудің демократиялық  кепілі болып табылады. Сайлау алдындағы  үгіт кандидаттарды тіркеумен басталады  және сайлау алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша 00   сағатта аяқталады. Қазақстан Республикасының белсенді сайлау құқығы бар азаматтары, қоғамдық бірлестіктері сайлау алдындағы үгітті жүргізуге құқылы. Мемлекет қай кандидаттың болсын кедергісіз үгіт жүргізуіне кепілдік береді. Сайлау алдындағы үгіт әртүрлі жолдармен жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылады, сайлау алдындағы жария шаралар (жиналыстар, сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулер, сайлау алдындағы айтыстар мен тартыстар, митингілер, шерулер, демонстрациялар) өткізіледі. Баспа, дыбыс жазу және басқа үгітшілік материалдар шығарылады және тартылады. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдардың өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге құқығы жоқ. Мұндай тыйым бағдарламасын қолдайтын кандидатурасының сайлануы үшін сайлаушылардың өз еріктерін білдірулеріне ықпал ету мүмкіндігін болдырмау қажеттігінен туындап отыр. Сондай-ақ әскери бөлімдерге, әскери мекемелерге және ұйымдарға, сайлау комиссияларының мүшелеріне де сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады [2].

Жоғарғы Кеңесте 1994 жылғы сайлау кезінде кандидаттардың сайлаушыларға арзан тауарлармен "сый-сыйапат" көрсеткен жағдайлары аз болмайды, ол сайлаудың барысы мен түпкі нәтижесіне әсер етпей қоймады. Осындай теріс тәжірибені ескере отырып, заң сайлаушыларға тегін немесе жеңілдетілген тауар беруге не сатуға, қызмет көрсетуге ақшалай қаражат төлеуге не төлеймін деп уәде беруге тыйым салады. Алайда, баспа материалдарын, белгілерді, жалаушыларды және т.б тегін таратуға тыйым салмайды. Сайлау комиссияларында тіркелген сәтінен бастап кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын үгіттеуге және насихаттауға құқығы берілген. Кандидаттардың өздерінің бағдарламалармен тиісті облыстық, қалалық  және аудандық мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауына мемлекет кепілдік береді. Мұндай  кепілдік әр кандидаттың мемлекеттік теледидар арқылы бір рет он бес минут сөйлеуіне мемлекеттік баспасөз  органдарында екі рет мақала жариялауына құқық берілгенінен көрінеді. Заң кандидаттардың сөзін үзуге, оған түсініктеме беруге тыйым салады.

Сайлау алдындағы  жария шаралар жүргізу үшін сайлау комиссиялары кандидаттарға тең  мөлшерде ақша қаражат бөледі. Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін өзі басқару органдары кандидаттардың сайлау алдындағы шараларын ұйымдастыруына және өткізуіне ықпал етуге міндетті.

Плакаттар, листовкалар  және басқа үгіттік материалдар  шығару үшін сайлау комиссиялары кандидаттарға тең мөлшерде ақшалай қаражат бөледі.

Президенттікке, Парламент, Мәслихаттар депутаттылығына, Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларына белгілі бір талаптар қойылады. Кандидат бағдарламасы конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтірсе, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық басымдықтар, жеке басқа табыну және күштеу идеяларын жоғары қоймауы тиіс. Аталған талаптарды бұзу тіркеу туралы шешімді өзгертуге әкеліп соқтырады.

Кандидаттардың  тілектері бойынша азаматтардың бастамашылық тобы құрылуы мүмкін. Бастамашылық топтың құрамы мен санын  сырттан ешкімнің араласуынсыз кандидаттың  өзі белгілейді. Бастамашылық топ сайлау комиссияларында тіркеледі.

 Кандидаттар  сенімді өкілі болуға құқылы. Олар сайлану науқанын өткізуге, сайлау алдындағы үгіт жүргізуге  көмектеседі, кандидаттың мемлекеттік  органдарға, ұйымдарға, қоғамдық  бірлестіктерге, сайлау комиссияларына қатысты мүдделерін  білдіреді. Сенімді өкілдер сайлау комиссияларында тіркеледі. Олар кандидат берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді [1].

 

 

2.3 Сайлау бостандығының  кепілдіктері және дауыс беру  тәртібі

 

 

Заң, аталған  кепілдіктерден өзге, материалдық, ұйымдық және заңдық кепілдіктерді де көздейді. Кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанша жұмыстан, әскери қызметінен және әскери жиындардан босатылып, олардың орташа жалақысы мөлшерінде шығындары өтеледі. Кандидаттың сайлауға қатысқан уақытты ол тіркелген күнге дейін жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледі. Кандидаттарды осы уақыт ішінде өздерінің келісімінсіз жұмыстан шығаруға, басқа жұмысқа ауыстыруға және  басқаларына рұқсат етілмейді. Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанша иммунитетін пайдаланады. Басқаша айтқанда оларды тұтқынға алуға, еріксіз әкелуге, оларға сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды, олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, сондай-ақ оларды Орталық сайлау комиссиясының, тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссияларының келісімінсіз ұстауға болмайды. Егер олар қылмыс істеген және ауыр қылмыс істеген ұсталмаса аталған органдардың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Информация о работе Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде