Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 19:58, дипломная работа
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ата заңымызға енгізілген айтулы өзгерістер елімізде президенттік басқару формасының орнына жаңа, яғни президенттік -парламенттік деп атауға болатын жүйенің негізін қалап келеді. Осылайша, жас мемлекетіміздің тарихында Қазақстанның мемлекеттік құрылысының өзіндік жаңа билігі деуге болатын кезең басталды. Бұл - еліміздің жүйелі және сыңдарлы дамуының заңды нәтижесі.
Жаңарған Конституцияға сәйкес, жалпыға бірдей мойындалған демократиялық қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғарғы құндылықтар деп бекітіледі. Сондықтан бұл оқиға шын мәнінде тарихи мәнге ие болады.
Кіріспе...........................................................................................................
5
1 Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде...........................................................................................................
1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары..........................................
1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері.........................................
8
8
11
2 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................
2.1 Сайлау жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері..................................................................................................
2.2 Сайлау өткізу тәртібі және сайлау алдындағы үгіт ережелері .........
2.3 Сайлау бостандығының кепілдіктері және дауыс беру тәртібі.........
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................
14
14
18
19
29
33
33
35
38
41
41
46
57
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................
3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары................
3.4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................
4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері..................................................
4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................
4.2 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................
62
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы
3.2 Орталық сайлау комиссиясы
Орталық сайлау
комиссиясы-республиканың
Орталық сайлау комиссиясы мен оның
аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар
республикалық бюджеттен қаржыландырылады.Орталық
сайлау комиссиясы:
- Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
- Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
- саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;
- сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;
- Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсiндiрудi ұйымдастырады; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесiне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi, сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi және Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;
- дауыс беру құқығына арналған
есептен шығару куәлiктерiн жасауды ұйымдастырады,
оларды беру және есепке алу тәртiбiн айқындайды;
- сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты
мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар
мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау
туралы заңдардың сақталуы мәселелерi
бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының
хабарламасын тыңдауға хақылы;
- Республика Президенттiгiне кандидаттарды
тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi,
кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық
ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
- Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзiм ақпарат бюллетенiн шығарады;
- Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
- Президент сайлауы кезiнде қайта
дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды
және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
- Парламент депутаттарының қайта
сайлауын тағайындайды;
- шығып қалғандардың орнына
Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;
- мәслихаттардың кезектi және кезектен
тыс сайлауын тағайындайды;
- мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру
мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына
әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнiң
осы Конституциялық заңның талаптарына
сәйкес келуiн бақылауды жүзеге асырады;
Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған
кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметiн
тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын
құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
- әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды. Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткiзу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
- Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi;
- электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелерiне оны қолдануды үйретедi;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады [2].
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы),аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
Аумақтық сайлау
комиссиясының өкілеттілігін
ОСК-ның өкілеттігін қамтамасыз етумен байланысты топ. Оған, атап айтқанда, әкімшілік бірлік аумағында сайлау туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету жатады.
Аумақтық сайлау комиссиялары қызметі ерекшелігімен сипатталатын топ. Оған Сенат депутаттары сайлауын өткізуді қамтамасыз ету, Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркеу, пунктерді дауыс беруге әзірлеу.
Округтер сайлау комиссиялары - олар сайлау округтерінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттары сайлауын ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді. Учаскелік сайлау комиссиялары - құрамында 9-15 адамнан тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады. Олар тиісті сайлау учаскілерінде Президент, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етулері тиіс [1]. Аумақты сайлау комиссиялары:
- Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
- жетi адамнан құрылады. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
- әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
- Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
- партиялық тiзiмдерiн ұсынған Президенттiкке кандидаттардың, саяси партиялардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi;
- төменгi тұрған аумақтық, округтiк
және учаскелiк сайлау комиссияларының
қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң
күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық
бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап
бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi;
округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының
қызметiне қажеттi материалдық-техникалық
жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк
және учаскелiк сайлау комиссияларының
шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
түскен арыздар мен шағымдарды қарайды;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде
құрылған барлық сайлау комиссияларының
Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн
атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық
заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының
қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын
құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
- сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты
мәселелер бойынша сайлау комиссияларының,
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн,
сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы
мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер
органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
- Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi
қамтамасыз етедi: Сенат депутаттығына
кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген
адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер
бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында
кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар
жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер
дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар
мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс
берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс
берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды
Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық
сайлау комиссиясына бередi;
- мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
- дауыс беруге арналған учаскелердiң
бiрыңғай нөмiрленуiн белгiлейдi;
- мәслихаттардан
басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi
сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз
етедi;
- округтiк сайлау комиссияларынан
тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды
тiркеу туралы хаттамаларды алады және
округтiк сайлау комиссияларының тiркелген
кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын
қамтамасыз етедi;
- мәслихаттар депутаттарын сайлаудың
қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды
тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат
құралдарында хабар жариялайды; Орталық
сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында
жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен
учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын
Орталық сайлау комиссиясына бередi;
- қайта дауыс беру, қайта сайлау мен
Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған
депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;
- мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады [3].
Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Округтiк сайлау комиссиясы:
- тиiстi сайлау
округiнiң аумағында сайлау
- мәслихаттар депутаттарын сайлаудың
өткiзiлуiн ұйымдастырады;
- учаскелiк
сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып,
үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң
күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк
сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi
материалдық-техникалық жағдай жасалуын
бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының
шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
түскен арыздар мен шағымдарды қарайды.
Заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау
комиссиясының қызметiн тоқтату туралы
өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын
органға немесе сотқа жүгiнедi; мәслихаттардың
депутаттығына ұсынылған кандидаттарды,
олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi,
оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi
бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды
тiркеу туралы хабар жариялайды; сайлаушылар
тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып,
барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;
учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау
бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;
сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты
мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының
және округтiң аумағында орналасқан мемлекеттiк
органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ
сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi
бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының
хабарламасын тыңдауға хақылы; учаскелiк
сайлау комиссияларынан дауыс берудiң
нәтижелерi туралы хаттамаларды алады,
солардың негiзiнде округ бойынша сайлау
нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық
ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
қайта сайлау және мәслихаттардың шығып
қалған депутаттарының орнына сайлау
өткiзедi.
Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.Учаскелiк сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - жетi күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
- сайлау учаскесiнде
- учаскелiк комиссияның
- тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
- азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен
таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен
жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды
және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы
мәселелердi шешедi;
- сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
- дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
- сайлау күнi сайлау
- дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн
анықтайды;
- дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру
мәселелерi жөнiндегi арыздар мен шағымдарды
қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
- Республика заңдарына сәйкес басқа да
өкiлеттiктердi жүзеге асырады» [4].
3.4 Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
Сайлау комиссияларының
мүшелерi мемлекеттiк органдардың
өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң
қорғауында болады. Сайлау комиссиялары
мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан
Республикасының Конституциясым
Информация о работе Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде