Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:27, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда әлеуметтік институттардың маңызды ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжiрибелiк эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан саралау;
- қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау;
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оларды тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріп, нәтижесін шығару.

Содержание

Кіріспе___________________________________________________________3
1 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері_______________________________________________10
1.1 Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті – психологиялық-педагогикалық проблема_____________________________________________10
1.2 Мектеп, отбасы, жұртшылық – жеткіншектер бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік ортасы________________________22
Тұжырым_________________________________________________________40
2 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары__________________________________________________________41
2.1 Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту жұмысының мазмұны ______________________________41
2.2 Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелері___________________52
Тұжырым_______________________________________________________62
Қорытынды_____________________________________________________63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі_____________________________________65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Калмагамбетова.doc

— 485.00 Кб (Скачать документ)

   Екiншi талап - мұғалiмнiң кəсiптiк бiлiктiлiгiн, педагогикалық мəдениетiн көтеру. Оның жолдары əртүрлi болуы мүмкiн. Мысалы: сынып жетекшiлерi секциясының жұмысы, «Отбасылық педагогика» немесе «Отбасы тəрбиесiн жетiлдiру» сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; мектеп тəжiрибесiнде анықталған формалды емес жасөспiрiмдер тобының ерекшелiктерiн есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетiмен жiберiлген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргiзген жұмыстарының тиiмдiлiгiн анықтау, олардың озық тəжiрибелерiне педагогикалық талдау жасау. Үшiншi талап - педагогикалық ұжымның сынып жетекшiсi мен мұғалiмдердiң ата- аналармен жүргiзетiн жұмыстарына бiрыңғай талап жүйесiн жасау. Бұл талап негiздi, əдептi, заңды болуы тиiс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата-аналармен келiспеушiлiкке апарып соғады. Төртiншi талап – ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.

    Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істер ауқымын құрайды.   Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдарда басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдарда да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе,  тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.    Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйысдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударған жөн.    Неке мен отбасыға үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар – бәрі де отбасындағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.    Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер   еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Жоғарыда аталған тұжырымдарды жинақтай келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  • отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
  • қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасыеда ғана өрісін алады;
  • отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның жан-жақты тәрбиесіне барлық мүмкіндіктерді шоғырландырып, іске қосады;
  • қоғамның азамат мүшесі отбасынан бастау алады, қоғам келбеті отбасынан көрінеді;
  • салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететінт отбасы;
  • отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері – азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;

-отбасының кәсіп таңдауға тигізер ықпалы зор.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері  ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:

  1. Көптеген еңбекқор отбасыларының экономикалық жағдайының әлсіздігі.
  2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
  3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық.
  4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
  5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің 

      6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-дамай.

7.Отбасы мен  мектеп арасындағы байланыстың  күннен күнге әлсіреуі.

Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік  ықпалын көтеру бағытында қазіргі заманда педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?

    Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беру мүмкін емес: тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастарының жалпы заңдылықтарына тәуелдігі объективті шындық. Бәріміз де осы заңдылықтардың құрсауындамыз. Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалығынан күтеміз. Жалған алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы ұстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер едік:

  • отбасындағы қатынастарды гуманизаңиялау, яғни адамиластыру. Әміршілік,  үкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті-алдыратын лыпасы жоқ пенденеден қорықсын. Тек кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырылымдық, мейір, нақты көмек ұстаздық жаншырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу беріп, өз перезенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл.
  • Адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайту зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы-мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы ықпалдарды жалпыланған қызымет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;
  • Педагогикалық мүдде – ниеттері гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар жұмыстарымен үйлестіре отырып, қайырылымдылық – тәрбие бағдарламасын жасау.

     Ең  бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына  берілген қайырылымдылық пен  мейрімге болған сезімнен ажырап  қалмау - әрбір тәрбиешінің, ғұлама  ұстаздарының болуынан өз болмысын  сақтап қалғаны баршаға аян.

      Дүние ауыспалы, ал педагогиканың  міндеті қоғам өзгерістерінің  ілімін жалғаса, дамып бару. Әр  дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ олардың  нақты кезеңдердегі шешімі жаңаланып  барғаны дұрыс. Ал ондай шешімдерді  ата-аналар есіне салу отбасылық  драмаларының астарлы, көзден таса бұлтарыстарын тереңнен түсіну педагогтың міндеті.

    Қаншалықты  отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері  де соншалықты мол. Алайда олардың  көптүрлілігіне қарамастан жанұяға  ересектер мен балалар арасында  кезігетін қатынастардың жалпылай  моделін ажырата тану мүмкіндігі  баршылық.

    Отбасындағы  тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, коғамдық, отбасылық, өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершіл, иманды, парасаты тұлға дайындау - отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, әстетикалық, еңбек тәрбиесін камтиды, олар өз кезегінде жастардың  әкономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық бейімделуу көмегімен толығып отырады.

1.   Балалар  мен жастардьщ отбасындағы тәрбиесі салауатты өмір болмысына негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын т.б. қамтиды.

2.  Отбасындағы  сана-сезім тәрбиесі ата-аналардың  өз балаларын білімдермен байытып,  соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап бару ұмтылыстарын баулуга негізделеді. Танымдық қызықсыну, кабілет, бейімдшіктер мен нышандарды дамытып бару бала тәрбиесіндегіп ата-аналардың аса өзекті шаруасы.

3.  Отбасындағы  адамгершілік-имандылық тәрбие тұлға қалыптастыру жолындағы қатынастардың бұлжымас тірегі. Бұл орайда алғы шепке тартылатын мәселе мәңгілікті өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары - сүйіспеншілік құрмет пен сыйластық, ар-намыс, қадір-қасиет пен борыш сезімдерін тәрбиелеу. Адамгершілік сапа,  қасиеттердің басқа да түрлері: парасатты қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік пен ұстамдылық та осы отбасында баулынады.

4.  Отбасыдағы  эстетикалық тәрбие балалардың  таланты мен дарынын дамытуға  бағытталып, өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағлым беруге арналады.

5.   Отбасындағы  еңбек тәрбиесі балалардың болашактағы  адал өмірінің негізін қалайды.  Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған  баланың есейген кезде де бар  есіл-дерті «жеңілдің астымен ауырдың үстімен» жүріп, шалқып өмір сүру. Ал мұндай еңбексіз «күнде той» өмірдің жақсылыққа апармайтынын   қадам басқан сайын дәлелдеп отыр.

    Ата-аналар  міндетіндегі отбасылық тәрбие - балалардьщ тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз   процесс.

    Әрбір  әке мен кез келген ана өз  перзентіне болашақта қай сапа-қасиеттерді  баулу керектігін жете білгені  жөн. Отбасылық тәрбиенің саналылық  сипаты мен тәрбилік міндеттерді  парасатты шешу жолдары осымен  айқындалады.

Отбасындағы тәрбие әдістері - бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекетіне педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:

-  әр балаға  болган ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;

-  тәрбие  әдістерін таңдау ата-аналардың  педагогикалык мәдениетіне орайлас  келіп, олардың тәрбие мақсатын  тандауына, өз қадір-қасиетіне  құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.

    Осыдан  да отбасылық тәрбие әдістері  ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен  қайнай бітіскен және олардан  ажыратыла қараластырылуы мүмкін  емес. Қаншама ата-ана болса, әдістер  түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуте негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістер мен жолдарды таңдастырып, қолданады.

    Отбасылық  тәрбие арасында ата-аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндағы әдістер түрі келесідей топтастырылған: сендіру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүддені түрлендіру арқылы); жазалау (қандай да көңіл рахатынан айыру, ортадағы достық катынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.

    Отбасындағы  тәрбиелік міндеттерді атқарудың  құралдары да әртүрлі. Олар  арасында кең қолданымдағылары: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбеқ оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүрлер, қоғамдык пікір, жанұядағы рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері (газет, журнал, радио, теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойындар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рәміздер, ерекше белгілер (атрибут), қастерлі заттар, бұйымдар т.б.

Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда  келесідей жалпы шарттар ескерілуі  тиіс:

1. Ата-аналардың  өз баласының болмысын жете  тануы.

2.  Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.

3. Егер ата-аналардың  тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті келсе, іс-әрекеттер әдістері басым келеді.

4.  Ата-аналардың  педагогикалық мәдениеті, осыдан  педагогиканы меңгеру, тәрбиелік  ьщпалдардың кыр сырларын үйрену, тұрмыстық қажетіне айналады.

 Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тәрбиелеу жолында орасан көп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізінде аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасындағы балаларды тәрбиелеудің жалпы зандылықтары ретінде белгі жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен олардың бәрі ғылыми зандылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз дәрежесі бойынша алғашқы тұрмыстык деректі пайымдар мен қарапайым көзкарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні - ата-аналарға кеңес, отбасылық тәрбие ережелері.

    Ата-аналар  өз тәрбиелік әрекеттерін осы  ережелер тұрғысынан салыстыра  бағалап бағады, сонымен бірге  ережелер педагогтар үшін әсіресе  егде ата-аналарга өнімді де  негізді кеңестер беріп отыруға кажетті. Жалпы адамзаттық мәдениеттің бірегейлігі мен тұрақтылығын ескеретін болсақ, балалар ата-аналарынан аз тұлғалық қажет сапалары жағынан онша алшақтамайды. Егер әке мен шеше екеуінің болымды да болымсыз барша қажеттері мен сапаларының қосындысын тең ортадан бөлетін болсақ, олардың жұптастығынан болған баланың біршама дәл бейнесін алуға мүмкін екендігін ғылым дәлелдеп отыр. Бұдан табиғат-ананың біз үшін аса күрделі мәселе туындатпайтынын байқаймыз. Солай да болса отбасыдағы бала тәрбиесіне байланысты көкейтесті проблемалар түбегейлі шешімін таппауынан қате кемшшіктер бітер емес, бітпейді де.

Отбасы тәрбиесінің  тиімділігін көтеруге кедергі болар  жәйттер қандай?

Біріншіден нәсілдік. Егер ата-аналардың өздері балалық шағында қандай да жүйке, тәндік, сана-сезімдік проблемаларға кезіккен болса, олардың өз ұрпақтарында да қайталанатынына дайын болып, тумадан көрінетін дерттердің алдын алғаны жөн. Екіншіден өзгеріске түсіп, үздіксіз күрделеніп баратын балалардың болмыс, тұрмыс жағдайлары, әлбетте, мұндай жәйттердің жүз беруі, бермеуі әрі соларға байланысты проблемалардың туындауы ата-аналардың өздеріне тәуелді. Үшіншіден күннен-күнге төмендеп бара жатқан отбасылық тәрбие мәдениеті. Әрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетімсіз педагогикалық мәдениетін ғана кінәләп коймай, халықтық тәлім-тәрбие үрдістерінен алшақтап бара жатқанымызды, барша қоғамдағы тәрбие салт-дәстурлерінің келеңсіз бағытта белең алып жатқанын ескеріп барған жөн.

Информация о работе Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі»