Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:27, дипломная работа
Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда әлеуметтік институттардың маңызды ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжiрибелiк эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан саралау;
- қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау;
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оларды тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріп, нәтижесін шығару.
Кіріспе___________________________________________________________3
1 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері_______________________________________________10
1.1 Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті – психологиялық-педагогикалық проблема_____________________________________________10
1.2 Мектеп, отбасы, жұртшылық – жеткіншектер бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік ортасы________________________22
Тұжырым_________________________________________________________40
2 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары__________________________________________________________41
2.1 Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту жұмысының мазмұны ______________________________41
2.2 Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелері___________________52
Тұжырым_______________________________________________________62
Қорытынды_____________________________________________________63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі_____________________________________65
Мінез – құлық үлгісіне қолдау көрсету, қайраткерлердің өздерінен талап етілетін әлеуметтік рольдерін орындау кезіндегі дәлелдемелері мен жүйесіндегі жасырын шиеліністерді жою мәселелері. Берілген тәртіпті сақтау үшін әлеуметтік жүйе адамдардың өз дербестігін алуына сонымен бірге белілген қоғамдағы норма – рольдерді игеруіне, бұл нормаға бағыну қажеттілігін дамыту үшін әлеуметтендіру процесі мен механизмін жасауы керек [7].
Отбасы мектеп,
армия, шіркеу, мешіт және т.б.
– әлеуметтендіруші
Әлеуметтендіру процесінде орындаушылар «оқытушы – оқушы» элита – кім оқытады және көпшілік – кімді оқытады қатынасына түседі. Әрі әмбебап, әрі жалпыға ортақ болып саналатын берілген жүйелі – функционалды торшаны Парсонс барлық әлеуметтік құбылыстарға калька ретінде қолданды.
Парсонстың «бәрін
қамтитын» және «әмбебап»
Әлеуметтендірудің қандай механизмдері бар? Бұл процеске ең алдымен екі жақ - әлеуметтендірудің объектісі және субъектісі қатысады. Әлеуметтендірудің объектісі - бұл процестің кімге бағытталуы, яғни жеке адамдар несесе адам топтары. Әлеуметтендірудің субъектісі – бұл осы процті жүзеге асырушы, яғни жеке тұлға, әлеуметтік топ, әлеуметтік құрылым немесе ұйым, бұларды кейде әлеуметендіру агенттері деп те атайды.
Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған – туыстардың, достардың, құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарының, тәрбиешілердің, ұстаздардың оқудағы қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшылардың және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Екінші әлеуметтендіру екінші қатардағы әлеуметтік топтар құрылымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада көбінесе бір екі бағытта жүзеге асырылады. Мұндағы қатынастар көбінесе институтционалдық сипат алады. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекет пен оның органдарының, кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының, мектептердің балабақшалардың, радио, теледидар, баспасөз және т.б. басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтендіру жасы кемеліне келген, есейген шақта өте маңызды. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің қызметін өзара байланыстыру мен үйлесімдіруді қамтамасыз ету аса маңызды. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болды. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.
Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырады. Бұл жерде басты ролді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата – аналар атқарады. Осы сатыда ата – аналар мен балалар арасындағы өзара қарым – қатынастар олардың бір – біріне деген жақындық, жауапкершілік ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.
Балалық сатыдағы әлеуметтендіру тәсілі мен құралдары оншалықты көп емес. Соның бірі имитация. Мұнда бала саналы түрде белгілі бір мінез – құлық дағдысын үлгі тұтынып, көшіріп алуға ұмтылады. Тақылеттендіру балалардың ата – аналарының мінез – құлық тәртібін, әлеуметтік мақсаттармен құндылықтарды өздерінікі іспетті меңгеру тәсілі ретінде қарастырады. Сөз болып отырған екі тәсіл әлеуметтендірудің жағымды тетіктері болып табылады. Ал әлеуметтендірудің теріс көріністері: тыйым салатын немесе белгілі бір тәртіпке астамшылық жасайтын ұят істер және кінәсін сезіну жатады.
Балалық кезеңде әлеуметтендіру агенттерінің саны ғана артып қоймайды, сонымен бірге оның қызметінің мазмұны мен бағдарламалары да түбегейлі өзгеріп күрделене түседі.
Жасөспірім кезеңде (13-19), яғни «күрделі», «өтпелі», «қиын», «тұрақсыз» деп саналатын өмір кезеңінде жасөспірімдер мен жас адамдар біршама кең білім алады, өзінің тұлғалық іргетасын қалауды және дүниетанымды қалыптастыруды аяқтайды, өзінің өмірдегі орны мен ролін жақын адамдары арқылы негізінен пайымдайтын болады. Бұл - параллелді құндылықтар мен мен дүниеге көзқарас жүйесінің қатар пайда болуы, бұлар жас адамға әлеуметтендірудің әр түрлі агентерінен - ата – аналардан, мектептен, құрбы құрдастарынан беріледі. Олар әлеуметтік дүниені әр түрлі түсінеді, бұлар жасөспірімдердің әлеуметтенуін қиындатады. Бұл жерге шындығында да жас адамға қажеттіден гөрі жарқын, сезімге және символға толы іс - әрекеттер тиімді әсер етеді. Мұндай жағдай жастардан адамгершілік бағалары мен бағдарларды тұрақты ізденуді талап етеді, өйткені сезімдік жағдай тұрақсыз және ұзаққа бармайды. Нәтижесінде жасөспірім толқиды, өзінде сенімсіздік пайда болады, ақырында қателікке ұрынады. Ең соңында әлеуметтенушылар әлеуметтендіру сатысының жасөспірімдерге тән тағы бір ерекшелігін атап көрсетіп жүр. Олардың пікірінше, осы сатыда жасөспірімдер белгілі бір әлеуметтік ролін атқаруға ұмтылады.
Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында оның белсенділігі артады, мұны әркім өз қалауынша жеке өміріне және сыртқы жағдайларға сәйкестендіре бастайды, индивид экономикалық әлеуметтік және моральдық – психологиялық тұрғыдан тәуелсіздік алады, саяси жағынан пісіп жетіледі. Бұл өзін өмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ету қабілетінен крінеді және өзгелерден тәуелсіз, өз отбасымен тапқан материалдық игіліктерді пайдаланудан өз бетінше өмір салтын құрудан, ата –анасынан тәуелсіз өмір сүруден, некеге отырудан, заң алдында жауапкершілікті болудан, сайлауға қатысудан және тағы басқа әрекеттерден байқалады.
Әлеуметтендірудің осы сатысында ең бастысы – тұлғаның әлеуметтік мәртебелер мен әлеуметтік ролдерді ала білуі және меңгеруі оларды белсенді түрде жүзеге асырады. Мұның негізі бүкіл әлеуметтік өмірді қамтитын қоғамдық еңбек бөлісінде жатыр, ол негізгі 4 түрден, атап айтқанда: жас жыныстық, кәсіби, экономикалық және саяси еңбек бөлісінен байқалады. Осыған сәйкес қоғамның өзіндік қаңқасын құрайтын, бүкіл әлеуметтік өмірді қатаң детерминдіретін әлеуметтік құрылым қалыпасады. Есейген тұлға нақты өмірдің сан алуан қажеттілігі туғызатын әлеуметтендіру процесінде өзінің мәртебесі мен ролін қабылдау немесе оларды өзгерту арқылы әлеуметтік құрылымның қайсыбір түріне енеді.
Әлеуметтендіру адамның ер жетіп, есейген шағында әдетте аса өрлеу жағдайында жүреді, тұлға жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жекізіп, соған сәйкес әлеуметтік роль атқарады. Бірақ бұл жолда сәттілік пен сәтсіздіктер, кедергілер, дағдарыстар болады, тіптен адамдардың кінәсінен болашаққа деп құрылған жоспарлар, сенім мен үміт атауы тас – талқан балады.
Қайта әлеуметтендіру – бұл тұлғаның бұрынғылардың баршасынан бас тартып, жаңа білімді, құндылықтарды, ролдерді, дағдыларды, меңгеру процесі. Кейде бұл процесс өмірдің әр кезеңінде де орын алады. Мысалы мәдениеттің қайсыбір элементтері ескіргенде, тұлғаның және бүкіл қоғам өмірі маңызды өзгеріске түскенде қайта әлеметтендіру жүзеге асып отырады. Қоғамға көзқарастың тиянақты түрде өзгеруі, маман адамдардың кәсіби қайта даярлықардан өтуі немесе жаңа көзқарас пайда болуы және психотерапеялық ықпал ету әдісімен айналысатын адамдардың ұстаған қағидалары мен тәртібінің өзгеруі қайта әлеуметтендірудің айқын мысалы бола алады.
Адам қартайғанда, яғни әлеуметендіру процесінің аяқталар кезеңінде олардың жасының ұлғаюына және зейнеткерлікке шығуына, сонымен бірге адамдардың күш – қайраты мейлінше қатып, қауқарсыз күйге түсуі мен психикалық мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты әлеуметтендіру өзінің ауқымы мен қарқынын күрт төмендетіп қана қоймайды, сондай – ақ ол енжар формаға айналады. Бұл олардың негізінен алғанда жаңа жағдайға қалай бейімделе бастағанынан айқын көрінеді. Ең алдымен егде тартқан адамдар өздерінің күш – қуатын, білімін, тәжірибесін бұрынғы деңгейде қолданудың мүмкіндіктерін іздестіруге тырысады және басқа да мүмкіндіктерін сарқа пайдалану арқылы қоғамға қызмет етуді жалғастыра бергісі келеді.
Зейнеткерлікке шығуларына байланысты егде адамдардың әлеуметтік мәртебелері күрт төмендейді және әлеуметік тұрғыдағы ролдердің шеңбері де тарыла түседі. Денсаулықтардың нашарлауы және әлеуметтік және сипаттарға енді достары мен жолдастарының күрт азаюы секілді екінші бір ауыртпалық келіп қосылады. Осыдан барып ол тіптен жалғыздыққа да ұшырайды, сөйтіп қарт адамның қызметі үй шаруашылығымен айналысудан, бау – бақша мен көкөніс өсіруді ермек етуден аспай қалады.
Адамдар, әсіресе жалғыз қалғандар, мұндай жағдайда қатты торығады. Әлбетте бұл жастағы адамдардың өмірі қуаныштан гөрі ренішке толы болады. Сонымен қатар зейнетке шыққан қарт адамдардың әлеуметтік ролі де көбіне – көп анықталмайды. Бұл осы кезеңге тап болғандардың әлеуметтендіру жағдайының тағы бір ерекшелігі болып табылады.
Адамның басқа адаммен қарым-қатынас жасау қажеттігі өте ерте – сәбилік шақтан-ақ пайда болады. Демек, баланың әлеуметтік жетілуі құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігінен туындап, оның балалар ұжымында қабылданған шарттар мен мүдделерге бағына білу қасиеттеріне байланысты.
Адамаралық
қарым-қатынас әлеуметтік
Г.М.Андреева өз еңбектерінде қарым-қатынасты өзара түсіністік орнатуға талпынған өзара әрекеттестік жағдайындағы индивидтердің байланыс (ақпарат алмасу) жасау тәсілі ретінде қарастыра отырып, оның негізгі үш жағын бөліп көрсетеді – коммуникативтік, интерактивтік және әлеуметтік-перцептивтік.
Ұжымдық
қарым-қатынасты жеке тұлғаның
- өзге адамның ішкі дүниесін түсіне білу қабілеті – рефлексия;
- өзін басқа адаммен теңдестіру білу қабілеті – идентификация;
- қарым-қатынастағы партнерге
жағымды әсер ете білу
- өзгенің уайым-қайғысын бөлісе білу қабілеті – эмпатия;
- өз-өзін басқара білу
қабілеті – эмоциялық
Қарым-қатынастың
осындай сан қырлы жақтары
мен ерекшеліктері ұжымдық
Педагогикалық әдебиетте «ұжым» оқушылардың бірлестігі деп түсіндіреледі. Оқушылар ұжымы теориясына зор үлес қосқан педагогтар Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, т.б. Олар оқушылар ұжымын, яғни сынып ұжымен жан-жақты оқып зерттей отырып, оның әрбір оқушының жалпы қасиеттері мен қабілеттерін дамытудағы маңызды ролін атап көрсетті. Ұжымды сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі – оның мүшелері арасындағы өзара жағымды қарым-қатынас. Бұл жөнінде Н.К.Крупская «Ұжымның ең басты көрсеткіші - өзара адамгершілік қарым-қатынастың орнауы, әр адамның бір-бірінің қызығушылығын, ынтасын ескеріп, дұрыс байланыс орнатуды қажетсінуі. Ортақ мақсатқа қол жеткізетін тек бірлескен іс-әрекет емес, ұжым мүшелерінің өзара тілдесуі мен өзара әрекеттесуі...» десе, В.А.Сухомлинский мектеп ұжымы арасындағы сан-қырлы қарым-қатынастар негізінде әрбір баланың талап-тілегі ашылып, жеке басының сапалық қасиеттері қалыптасатынын айтты.
А.С.Макаренко
ұжымның басты белгілерін
Ұжымдық қарым-қатынасқа және қарым-қатынас мәдениетіне деген қажеттілік жеткіншектік кезеңнің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып есептеледі. Е.А.Аркин атап көрсеткендей, «бала ұжымдық өмір легіне енген кезде, тұлға дербестігінің басқа еш жағдайларда ашыла бермейтін немесе байқалмайтын жақтары көрініс береді. Өзіндік «меніне» толық сәйкес келетін ұжымда жеткіншек «еріп, жоқ болып» кетпейді, керісінше, өзінің ең жағымды қасиеттерін айқындауға және өркендетуге мүмкіндік табады».
Ортақ
бірлескен іс-әрекетпен айналыс
Жеткіншектік жас - өзіне-өзі талдау жасайтын шақ қана емес, сонымен бірге нағыз «ұжымшыл» шақ. Жеткіншек үшін бәрінен маңыздысы құрбы-құрдастарының мұны қабылдауы, топқа өзін қажет сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі. Ұжымдағы статустың төмен болуы, әдетте, барынша алаңдатады.