Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:27, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда әлеуметтік институттардың маңызды ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжiрибелiк эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан саралау;
- қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау;
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оларды тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріп, нәтижесін шығару.

Содержание

Кіріспе___________________________________________________________3
1 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері_______________________________________________10
1.1 Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті – психологиялық-педагогикалық проблема_____________________________________________10
1.2 Мектеп, отбасы, жұртшылық – жеткіншектер бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік ортасы________________________22
Тұжырым_________________________________________________________40
2 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары__________________________________________________________41
2.1 Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту жұмысының мазмұны ______________________________41
2.2 Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелері___________________52
Тұжырым_______________________________________________________62
Қорытынды_____________________________________________________63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі_____________________________________65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Калмагамбетова.doc

— 485.00 Кб (Скачать документ)

     Білім беру ұйымында жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі, ең алдымен, негізгі қызмет болып табылатын оқу әрекеті арқылы шешілуі тиіс. Оқу әрекетіне жауапкершілікпен қарау – тұлға   белсенділігінің маңызды сапасы және әлеуметтік белсенділік қалыптасуының бірден-бір көрсеткіші. Алайда қазіргі мектепте жеткіншектерді оқу міндетіне, қоғамдық-пайдалы қызметке саналы түрде жауапкершілікпен қарауға дайындау мәселесі толық шешімін таппай отыр. Сондықтан жеткіншектердің әлеуметтік ортаға еркін бейімделуін қамтамасыз ететін өзіндік белсенділігін қалыптастыру қажеттігі мен бұл мәселенің қазіргі мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі жағдайы арасында қайшылықтар бар екенi байқалады. Осы қайшылықтардың тиiмдi шешiмiн iздестiру бiздiң дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі» деп таңдауымызға негiз болды.

     Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда әлеуметтік институттардың маңызды ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп,  тәжiрибелiк  эксперимент жүзінде дәлелдеу.

    Зерттеу міндеттері:

  • жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан саралау;
  • қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың  мүмкіндіктерін  анықтау;
  • жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оларды  тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріп, нәтижесін шығару.  

     Зерттеу объектiсi: орта мектептердегi оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру кешенi

     Зерттеу пәнi: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үрдісі.

     Зерттеудің болжамы: егер жеткіншек тәрбиесінде отбасы, мектеп, жұртшылықтың жан-жақты әсері  қамтамасыз етілсе және мұндай әрекеттерді жүзеге асыруда аса маңызды адамгершілік ұғымдар мен қарым-қатынас дағдылары жетілдірілсе, онда жеткіншектің жеке тұлға ретіндегі әлеуметтік маңызды қасиеттері, ең алдымен, қарым-қатынас мәдениеті қалыптасып, одан әрі дамиды. 

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

-жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан сараланды;

- қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың  мүмкіндіктерін  анықталды;

- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастырылып, оларды  тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріліп, нәтижесін шығарылды.

   Зерттеу әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге теориялық талдау  жасау;  әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуына мүмкіндік беретін жаңа әдіс-тәсілдерді оқып зерделеу; жаңашыл педагогтардың озық тәжiрибесiн оқып зерттеу, жинақтап қорытындылау; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; әңгiмелесу; эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу және бағалау. 

     Зерттеу базасы: Ақтау қаласының №23 орта мектебі.

     Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу пәні мен объектісі және зерттеу әдістері сипатталды.

       Дипломдық жұмыстың «Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімінде әлеуметтік белсенділік проблемасының философия, психология және педагогика  ғылымдарында зерттелу деңгейі қарастырылып, бұл сапаның жеке тұлға дамуындағы маңызды рөлі негізделді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі жеткіншектердің әлеуметтік белсенділігінің ерекшеліктері сипатталды. Екінші бөлімде жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетіліп, зерттеу жұмысының тәжірибелік-эксперименттік қорытындылары шығарылды.

 

    1. Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті – психологиялық-педагогикалық проблема

     Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-ҮІП сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бір-ақ жеткіншектік жастын, іс жүзінде басталуы бесінші сыныпқа  көшуімен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.

   Жеткіншектік  кезеңнің баланың дамуындағы  ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген  атауларында бейнеленген. Бұл  атауларда осы жастарда болатын,  өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған.  Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасы, олармен әлеуметтік езара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің жеке басы дамуының аса мақызды факторы  – оның  өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінін, жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады. Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. Міне, осы жоғарыда айтылған жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың арасындағы қарым-қатынас мәдениетінен бұрын алдымен адамның әлеуметтік дамуының ерекшеліктеріне тоқталайық [5].

   «Адам» ұғымы  барлық индивидтерге  тән, ортақ қасиеттер мен ерекшеліктерді симпаттауда қолданылады.  Индивид -  биоәлеуметтік жан ретіндегі жеке адам. Тұлға – қоғамдық  қатынастардың субъектісі. Индивид қоғаммен нақтылы әлеуметтік  қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, әлеуметтік байланыстарды жүзеге асырғанда ғана барып тұлға дәрежесіне көтеріле алады.

  Тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан талдау оның құрылымын анықтаудан басталады.  Оны қарастырудың түрлі жолдары бар. Олардың арасынан тұлғаның құрылымының үш элементі «ол», «мен», және олардың жоғары «супер эго» түрінде қарастыратын З.Фрейдтің тұжырымдамасын бөліп айтуға болады.  «Ол»  - бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергтің көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкпіріміз. «Мен» - бұл түйсіктермен байланысты, дүркін- дүркін оған кіріп, отыратын сана. «Эго» санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұсынуға  тырысады,  «меннен» жоғары,  моральдық нормалармен принциптердің жиынтығын құратып, адамгершіліктің «қадағалаушысы», ішкі бақылаушысы  іспетті.

   Сондықтан да біздің санамызда барлық уақытта, бір жағынан, оған кіретін түйсіктермен, екінші жағынан, «меннен жоғары» талап қоятын моральдық тыйым салулар арасындағы тартыс жүріп жатады. Фрейд мұны шешудің механизмі ретінде «олдық сублимациясын» (ығыстырылуын) ұсынды. Фрейд  «біздің психикалық тіршілік иесін «ол» «мен»және   «меннен жоғары» деп қарастыруымыздың өзі осы психикалық тіршілік иесі жайындағы алға жылжуын көрсетеді, осы бөлу психикалық  өмірдің динамикалық арақатынастарын бұдан да тереңірек түсінудің, жақсмылап сипаттаудың құралы болуы тиіс» деп жазған екен. «Меннің» айрықша түсінісу ықпалының әсерінде екені анық, былайша айтқанда, «ол» үшін түйсіктің маңызы қанша үлкен болса, «мен» үшін түсінудің маңызы да соншалық. Мұнымен бірге «мен» де «ол» сияқты түйсік әрекетіне бағынады. «Мен» «олардың жетілдірілген бөлігі болып саналады [6].

   Әрбір адам өз өмірінде әлеуметтендіру объектісі болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісінің мазмұны қоғамдағы адамдардың өз ролін жақсы меңгеруімен  (ата -  ана, әйелі, күйеуі, баласы), қоғамның әлеуметтік және экономикалық өміріне араласуымен, заңға бағынатын, заң талабын орындайтын азамат болуымен анықталады. Әлеуметтендіру тұрғысынан адамға қоғамға ғана талап қоймайды, сонымен бірге нақты топтар мен ұйымдар да белгілі бір талаптар қояды. Талап мазмұны адамның жасы мен қоғамға, ұйымда, топта алатын орнына байланысты. Эмиль Дюркгейм әлеуметтендіру үрдісін қарастыра отырып, оның басталуы, қоғаммен байланысты, және қоғам әлеуметтендіру субъектісі борлып табылады. «Қоғам мүшелерінің арасында айтарлықтай деңгейде бірлік болғанда ғана қоғам бола алады. Сондықтан қоғам адамды «өз үлесі бойынша» қалыптастыруға тырысады, - деп жазып Эмиль Дюркгейм, соңғысын қоғамды әлеуметтендіру әрекетінің объектісі ретінде қарастырды. Э.Дюркгеймнің көзқарасы Толкот Парсонстың құрылымдық структурализм деген әлеуметтік теориясына негіз болды. Бұл теорияның іргетасы – «әлеуметтік әрекет» тұжырымдамасы болды. Қоғамдық өмір – адамдар (индивидтер) қарым қатынасының шексіз көптігі мен шырмауы, ал қоғам – адамдардың дәлелі бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет ететін индивидтерден тұрады. Парсонстың пікірінше, кез келген әлеуметтік құбылысты адам мінез құлығын (жеке әлеукметтік әрекетін) зерттеу арқылы түсіндіруге болады. Парсонста әлеуметтік әрекеттің суъектісі моральдік индивид болып саналады.

   Әлеуметтік әрекеттің  белгілі бір құрылымы бар: әрекет  етуші тұлға, мақсат, ситуация (жағдай); нормативті бағдар, әрекет затының  реакциясы. 

Осының бәрі индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс. Ең алдымен, адам мінез құлығы адамға қоғамның таңып беретін мәртебелік – рольдік мінез – құлығының мазмұнымен байланысты. Осылайша адам әлеуметтік сахнадағы «актерге» айналады.

  Адам «актер» ғана  емес, шынайы әлеуметтік әрекеттің «архитекторы» да. Өз таңдауын, өз мақсатын ол сол қоғамның мадениеті және өз тұлғасының мәдениеті негізінде жасайды. Егер рольден күтілетін нәтиже анық және ол дұрыс орындалатын болса, қоғам тепе – теңдікте болады. Сондықтан әлеуметтік әрекеттердің табыстылығы, яғни күтілетін міндеттердің дұрыс орындалуы әрекетке сай құралдар  әдістерді дұрыс таңдай білуге байланысты (позитивті көз жеткізу, негативті мәжбүрлеу, эгоисттік компромисс).

   Бірақ қоғам  өз мүшелерінің әлеуметтік ролді орындауға мәжбүр ету, рольдік ауытқулар, болған жағдайда оны түзетіп отыру керек.

    Т.Парсонстың  жалпы социологиялық теориясында  құрылымдық талдау мәселесі маңызды  орын алды. Бұл жерде ол әлеуметтік  жүйені қызмет ету тұрғысынан  ғана емес, даму тұрғысынан да қарауды ұсынды. Бұл үшін ол тең дәрежелі және интеграция идеяларына, «тәртіп», «әрекет», «құрылым», «талап»түсініктеріне назар аударады (ғалым  оны «айнымалылар» деп атайды, бұл эмперикалық социология термині, ұғымы).

   Әлеуметтік жүйе  несіз өмір сүре алмайды? Ненің көмегінсіз табысты қызмет ете алмайды?

Парсонс төрт негізгі  қызмет көрсететін мәселені көрсетеді?

 

1 кесте - Парсонстың әлеуметтік жүйесінің үлгісі

 

Функция

Жүйе салалары

Әлеуметтік институттар

Норма-рольдерді  орындаушылар

1. Бейімделу

Экономика

Зауыттар,банктер, дүкендер

Кәсіпкер - жұмысшы

2.Мақсат бағдары

Саясат

Партиялар, қозғалыстар

Функционер қатардағы  мүше

3. Интеграция бақылау

Әлеуметтік аппарат  институттары

Мемлекеттік

Шенеунік азамат

4. Мінез-құлық үлгісіне  қолдау көрсету

Әлеуметтену

Отбасы, мектеп, дін

Оқытушы-оқушы


 

 

  1. Тиімді ұйымдастыру және материалдық, адами, мәдени ресурстарды бөлу мәселесі. Бұл функциялды талаптар бейімделу мәселесі ретінде белгілі:  өмір сүруі үшін жүйе ішкі жағдайларға да, сондай – ақ сыртқы өзгерістерге де бейімделуі керек.

    Бұл функцияға  экономика сәйкес келеді: қоғам  мүшелері өмір сүре алатындай  белгілі бір қажеттіліктерді  қанағаттандыруға қажетті материалдық  өнімдерді жеткізеді және бөледі.

   Көрсетілген жүйе  салаларына бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б. сияқты  әлеуметтік институттар сәйкес келеді. Соңында қатынастар шеңберінде орындалатын норма – рольдер, кәсіпкер жұмысшы, тұтынушы және т.б.

  1. Негізгі мақсаттарды анықтау және оған жетуге қолдау көрсету процесі мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар – партиялар, қозғалыстар және т.б. сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқылы қоғам мүшелерін осы мақсатқа жұмыс істеуге ынталандырып саяси әрекеттермен айналысады.
  2. Интеграция  мәселесі – тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау. Бұл функцияны жалпы нормалармен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен жалпы мәдениетті құру және оған  қолдау көрсету жолымен әлеуметтік бақылау институттары жасайды. Адамдардың мінез – құлқына қоғамның әдейі әсер етуі арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар арқылы жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта өндіруді талаптану және мәжбүрлеу формалары арқылы табысты жүргізуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі»