Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:27, дипломная работа
Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда әлеуметтік институттардың маңызды ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжiрибелiк эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан саралау;
- қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау;
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оларды тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріп, нәтижесін шығару.
Кіріспе___________________________________________________________3
1 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері_______________________________________________10
1.1 Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті – психологиялық-педагогикалық проблема_____________________________________________10
1.2 Мектеп, отбасы, жұртшылық – жеткіншектер бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік ортасы________________________22
Тұжырым_________________________________________________________40
2 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары__________________________________________________________41
2.1 Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту жұмысының мазмұны ______________________________41
2.2 Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелері___________________52
Тұжырым_______________________________________________________62
Қорытынды_____________________________________________________63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі_____________________________________65
Мазмұны
Кіріспе_______________________
1 бөлім Жеткіншектердің
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың
теориялық негіздері_____________________
1.1 Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті
– психологиялық-педагогикалық проблема______________________
1.2 Мектеп, отбасы, жұртшылық
– жеткіншектер бойында қарым-
Тұжырым_______________________
2 бөлім Жеткіншектердің
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
жолдары_______________________
2.1 Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің
қарым-қатынас мәдениетін дамыту жұмысының
мазмұны ______________________________
2.2 Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелері___________________
Тұжырым_______________________
Қорытынды_____________________
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі________________________
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, білім, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттың жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайларында ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Білім беру саласында жеке тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Үнемі өзгеріп тұрған күрделі әлеуметтік-мәдени жүйеде өскелең ұрпақ өкілі жаңа жағдайларға жылдам бейімделу, өз білімін үнемі жетілдіру қабілеттеріне ие болып, өзінің өзгелермен қарым-қатынасын өзара сыйласымдық, түсінушілік және ынтымақтастық негізінде қалыптастыра білуі өте маңызды мәселе.
Алайда бүгінгі күні өзара қатынас барысында шыдамсыздық таныту, өзгені тыңдай және түсіне білмеу, өзгенің ойымен есептеспеу секілді қарым-қатынас мәдениетіндегі кемшіліктерді қоғамдық қатынастардың әрбір деңгейінде жиі кездестіруге болады. Отбасы мүшелері мен ұрпақтар арасындағы, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және этностық топтар арасындағы қарым-қатынас деңгейінің төмендігі дау-дамайлар мен шиеленістерге әкеліп соқтырады. Сол себепті қазіргі қоғамның әлеуметтік және рухани мәселелерін талдау адамаралық қатынастар жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр.
Қарым-қатынас жасау мәдениетінің фундаменті балалық шақта салынып, мектеп қабырғасында қалыптасады және одан әрі дамиды. Сондықтан өскелең ұрпақтың қарым-қатынас мәдениетін ізгілендіруге, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеруге қолайлы жағдайлар жасау – мектептің, қоғам мен отбасының алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Бұл орайдағы мектептің ұйымдастырушы орталық ретіндегі қызметі – әрбір адамның және жалпы қоғамның мәдени ілгерілеуін қамтамасыз ететін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ортақ істе мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Қазақ халқының киелі ошағы үш аяқты болып келеді. Егер оның бір аяғы жоқ болса, немесе майысып тұрса, ошақ тік тұра алмайды. Үстіндегі қазан төңкеріледі, яғни ырыс төгіледі. Сол секілді жас ұрпаққа негізгі тәрбие көзі болып саналатын мектеп, отбасы және жұртшылықтың да атқарар қызметі өте күрделі. Белгілі педагог В.А.Сухомлинский өз еңбектерінде «мектептік-отбасылық тәрбие» ұғымын кең қолданып, тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады деген тұжырым жасайды.
Біртұтас педагогикалық үрдіс субъектілері (мұғалім, оқушы, ата-ана, әкімшілік, т.б.) арасында шынайы мәдениетті қарым-қатынас орнамайынша, оқу-тәрбие үрдісін ұтымды ұйымдастыру да, үйлесімді дамыған жеке тұлға қалыптастыру да мүмкін емес. Қоғам мен мектептегі тиімді де өнімді қарым-қатынастың қайнар көзі – ізгілік қатынастарға негізделген ынтымақмастық, өзара түсінушілік және әрекеттестік [1].
Қарым-қатынас мәдениеті және оны қалыптастыру мәселелерінің түрлі аспектілері философия және мәдениеттану (М.М. Бахтин, B.C. Библер, С.Н. Иконникова, И.А. Ильяева, М.С. Каган, О.Е. Савельева, Э.В. Соколов), психология және педагогика (К.А. Абульханова-Славская, М.И., А.А. Бодалев, Л.С. Выготский, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, В.В. Рыжов, Я. Корчак, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, К.Д. Ушинский, т.б.) және басқа да ғылымдар саласында қаралған. Көптеген ғалымдар «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымын «мінез-құлық мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «коммуникативтік мәдениет» ұғымдарымен тығыз байланыста қарастырады [2].
Аталған проблема төңірегіндегі қазіргі ғылыми зерттеу бағыттарына мынадай ерекшеліктер тән: біріншіден, идеологиялық ұстанымдардың ұжымдық сипаттан жекелікке ауысуы білім беру және тәрбиелеу жүйесін қайта құруға, оқу-тәрбиенің жаңа үлгілерін іздестіруге негіз болды, сондықтан педагогика мен психологиядағы қарым-қатынас туралы базалық теориялар біршама өзгеріске түсті. Сондықтан жалпы және әлеуметтік психология, әлеуметтік педагогика оқулықтарының жаңартылған нұсқаларында қарым-қатынасты басқару және оңтайландыру, оның нәтижелігін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Екіншіден, ұлттық сана-сезімнің дамуы мәдениетаралық ынтамақтастықтың артуына себепші болды.
Қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты және тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес, адамдардың әлеуметтік қатынасы тек қарым-қатынас барысында жүзеге асады.
«Қарым-қатынас» түсінігі
мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынаст
Адамаралық қарым-қатынас әлеуметтік психология мен әлеуметтік педагогиканың негізгі зерттеу проблемаларының бірі болып табылады. Аталған мәселе Г.М.Андреева, А.У.Хараш, М.И.Бобнева, В.Н.Куницына, Б.Д. Парыгин секілді зерттеушілердің еңбектерінде жан-жақты көрініс тапқан. Олар өз еңбектерінде қарым-қатынасты өзара түсіністік орнатуға талпынған өзара әрекеттестік жағдайындағы индивидтердің байланыс (ақпарат алмасу) жасау тәсілі ретінде қарастыра отырып, оның адам психологиясы мен мінез-құлқының сан қырлы жақтарын дамытудағы ерекше рөлін атап көрсетеді.
Қарым-қатынас мәдениетін сипаттай отырып, зерттеушілер оны қалыптастырудың негізі ретінде адамдардың мынандай әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін атап көрсетеді:
- өзге адамның ішкі дүниесін түсіне білу қабілеті – рефлексия;
- өзін басқа адаммен теңдестіру білу қабілеті – идентификация;
- қарым-қатынастағы партнерге жағымды әсер ете білу қабілеті – динамизм;
- өзгенің уайым-қайғысын
бөлісе білу қабілеті –
- өз-өзін басқара білу
қабілеті – эмоциялық
Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Қарым-қатынастың мұндай маңыздылығы мен мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері ұжымдық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалады. Ең алдымен тікелей еліктеу, содан соң сөздік нұсқаулар арқылы қалыптасатын қарым-қатынас дағдылары арқылы бала негізгі өмірлік тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені балаға беретін онымен тікелей қарым-қатынас жасайтын адамдар, себебі кез келген тәжірибе тек тікелей байланыс орнату арқылы ғана игеріледі. Сонымен қатар, қарым-қатынас жиілігі, оның мазмұны мен формасы баланың жалпы дамуымен қатар, оның мәдени және рухани жетілуіне де негіз болады.
Мемлекет халық өмірінің базалық деңгейін қамтамасыз етуге қатынасын шектеп, адамның өз тағдыры үшін жауапкершілігі өз қолына тиіп отырған қазіргі кезеңде тіршіліктің кез келген саласында табысты іс-әрекет жасауға қабілеті бар белсенді тұлға ғана өзіне өзінің және елінің болашағы үшін жауапкершілік жүктей алатындығы баршаға белгілі.
Азаматтық
қоғам құруға байланысты
Елімізде болып жатқан осындай елеулі өзгерістер өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне үлкен міндеттер жүктейді. Қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын тұлға қалыптастырудың бастапқы шарттарының бірі – білім алушыны оқу-тәрбие үрдісінің объектісінен өз бетімен білім алатын, өз бағыт-бағдарын айқындай білетін, өзін-өзі үнемі жетілдіре алатын субъектісі айналдыру. Ендеше бұл мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің алдында тұрған міндеттердің бірі - өскелең ұрпақтың жалпы және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Себебі тұлға дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен тұқымқуалаушылық әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл үрдісте жеке адамның өз белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескеру қажет.
Қарым-қатынас мәдениеті проблемасын қоғамдық ғылымда қарқынды зерттеу 60-жылдардың бірінші жартысынан бастап қолға алынды. Бұл жөнінде Л.М.Архангельский, В.Т. Ефимов, Л.Н.Каган, Г.С.Лапина және т.б. философтардың еңбектері пайда болды. Проблеманың әлеуметтік аспектісі Ф.А. Батурин, И.С. Кон сияқты әлеуметтанушылардың еңбектерінде ашылды. Психология ғылымында бұл мәселеге Л.С.Выготскийдің, С.П.Рубинштейннің, Б.Г.Ананьеваның бірқатар еңбектері арналған. Проблеманың теориялық және қолданбалы мәселелері Т.Н.Мальковская, В.А.Сластенин сияқты педагогтардың зерттеулерінде көрсетілген. Қазақстанда бұл мәселені қарастыруға Г.А.Уманов, К.К.Жампеисова, Б.И.Мұқанова, Г.К.Нұрғалиева,т.б. үлес қосқан [4].
Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі педагогика ғылымындағы негізгі проблемалардың бірі. Педагогика теориясында бұл мәселені зерттеуге Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. көп көңіл бөлген. Олар «қарым-қатынас мәдениеті» терминін қолданбаса да, бұл ұғымның мәнісін тәрбие үрдісінің мақсаттары, міндеттері, құралдары арқылы ашып көрсеткен. Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі одан әрі қарай өз шешімін философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтар мен педагогтардың еңбектерінен тапты
Қарым-қатынас мәдениеті әрбір жас кезеңінде оқушының әлеуметтік міндеттер көлемі мен жинақтаған тәжірибесіне байланысты артып отырады. Мұндай жағдайда әлеуметтік белсенділік жеке тұлғаның қоғамдық функциялары дамуының және оның қоғамдық өмірге табысты бейімделуінің маңызды алғышартына айналады. қарым-қатынас мәдениеті ерекшеліктері және оны қалыптастыру жолдарын қарастырамыз.
Жеткіншектік жасқа қатысты қарым-қатынас мәдениеті феноменін қарастыру бұл санаттағылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік іс-әрекет потенциалымен және қандай да бір белсенділікке бейімділігімен түсіндіріледі. Бұл орайда, өскелең ұрпақты «әлеуметке қарсы» немесе «девиантты» ұғымдарымен түсіндірілетін деструктивті белсенділік көріністерінен қорғап, тұлғаның табиғи белсенділігін тиісті арнаға бағыттау аса маңызды мәселе.
Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Ауқымды қарым-қатынас мәдениеті– жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.
Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың мәні мен мазмұнын, ерекшеліктерін қарастыруда біз философияның «адам - белсенді әрекет ететін тіршілік иесі» деген фундаменталдық ережесін басшылыққа аламыз. Демек, іс-әрекетті ұйымдастыру қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық принципі болып табылады. Жалпы философиялық, дүниетанымдық бағытта іс-әрекет өмір салтының негізі ретінде объективтік ақиқатты түрлендіруге, материалдық және рухани құндылықтарды жасауға бағытталған белсенділікті білдіреді. Ол адамның қоршаған болмысты меңгеруінің өзіндік құралы, сонымен қатар адамның өзін-өзі қалыптастыруының, өзінің рухани және дене күшін дамытудың тәсілі болып табылады. Тұлғаның дамуы оның қоршаған ортаны тануға және ақиқатты қабылдауға, өзгертуге бағытталаған өзіндік іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Іс-әрекет нәтижесіне тұлғаның дербес ерекшеліктері, сапалары мен қасиеттері, қабілеттері әсер етеді. Әлеуметтік белсенділікті зерттеушілер кең мағынада әлеуметтік белсенділік және іс-әрекет ұғымдары синонимдер болып табылады деп көрсетеді, себебі іс-әрекеттің өзі, ең алдымен, белсенділікті білдіреді. Сондықтан белсенділік, тұлға және оның іс-әрекеті ұғымдарының арасында органикалық байланыс бар.