Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:27, дипломная работа
Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда әлеуметтік институттардың маңызды ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжiрибелiк эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан саралау;
- қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау;
- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оларды тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріп, нәтижесін шығару.
Кіріспе___________________________________________________________3
1 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері_______________________________________________10
1.1 Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті – психологиялық-педагогикалық проблема_____________________________________________10
1.2 Мектеп, отбасы, жұртшылық – жеткіншектер бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік ортасы________________________22
Тұжырым_________________________________________________________40
2 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары__________________________________________________________41
2.1 Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту жұмысының мазмұны ______________________________41
2.2 Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелері___________________52
Тұжырым_______________________________________________________62
Қорытынды_____________________________________________________63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі_____________________________________65
Сынып жоғарылаған сайын оқушылардың қарым-қатынас аумағының ұлғайып, өмірлік іс-әрекетінің күрделенуі нәтижесінде оның соған қатысты немесе соны бағдар етіп ұстайтын, өзінің құндылық бағдарлары мен өзін-өзі бағалауын салыстыратын топтар мен ұжымдардың саны көбейеді. Біріншіден, бұлар ұйымдасқан мектеп ұжымы – сынып; екіншіден, ұйымдасқан мектептен тыс ұжымдар – спорт қоғамдары, үйірмелер, клубтар; үшіншіден, жеке қарым-қатынастар барысында қалыптасатын ресми емес стихиялы топтар мен компаниялар. Жеткіншек тәрбиесінде осылардың соңғысының ықпалын еске алу ерекше маңызды. Кейбір мұғалімдер мен ата-аналар оны елемеуге немесе кездейсоқ нәрсе деп санауға бейім болады. Бұл қауіпті жаңылысу. Құрамының әрқилылығы, оған қоса ұйымдасқан ұжымдардағыдай үлкендердің бағып-қағуының болмауы себепті мұндай топтар жеткіншектерге ерекше тартымды. Әдетте, жеткіншектің көше тобындағы беделі оның мектептегі статусына кері қатынаста болады. Үлкендерден тәуелсіздік алуға тырысып, жеткіншек құрдастарының қауымынан тірек пен қолдау іздейді. Бірақ оның өзі іштей әлі дербес емес, ықпал мен психикалық еліктірулерге оңай беріледі.
Ұжымда
қалыптасатын қарым-қатынас
Жеткіншектің
өзі туралы ойлана бастауының
ең маңызды стимулы – оның
құрдастарының арасында сыйлы
болғысы келуі және өзіне
Жеткіншектердің
көпшілігі бірден бірнеше
Жолдастарымен, достарымен араласу жеткіншекте басқа адамды, өзін тану құралдарын дамыту үшін, оның өзі туралы түсінігінің қалыптасуы үшін өте маңызды. Қылықтар, қасиеттер мен қатынастар туралы әңгімелесулер мен таластар ерекше міндет атқарады. Мұндай талқылауларда жеткіншектің танымдық- бағалау іс-әрекетін басқа адамдармен бірге жүзеге асыратыны және сыртқы сөздік тұрғыда өрістейтіні маңызды. Талқылауларға қатысу арқылы қалыптасатын әлеуметтік қасиеттер өте көп: іс-әрекеттердің адамгершілік мазмұнын, мақсаттарын, себептері мен салдарын саралай, салыстыра және бағалай білу, өзінің және өзгелердің пікірлері мен дәлелдерінің дұрыстығын не қателігін көріп, ұғына білу, т.б.
Әлеуметтік
тәжірибе жинақтау барысында
жеткіншектің өзі туралы
Жеткіншектің
айналасындағылардан жақсы
11-15 жастағы балаларды зерттеген психологтар бұл кезеңдегі қарым-қатынаста құрдастарының алар орны зор екенін дәлелдей отырып, сол арқылы жеткіншектердің ата-анасымен, мұғаліммен, үлкендермен қарым-қатынасының теңдестірілген деңгейі қалыптасады деп есептейді.
Жеткіншектік шақтағы ата-анамен, мұғаліммен және өзге жасы үлкендермен қарым-қатынас бала бойында пайда болып келе жатқан үлкендік сезімінің ықпалымен жүзеге асады. Жеткіншектер ересектер тарапынан болатын талаптарға қарсы келіп, өз құқықтары мен еркіндіктерін белсендіруге тырысады. Олар шынайы жағдайларда кездесетін құқығын шектеу жайттарын ауыр қабылдайды.
Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі, ең алдымен, ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделрімен, көзқарастарымен, пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқығын айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады.
Егер
ересек пен жеткіншектің
Жеткіншектің өзінің әлеуметтік статусын анықтаудағы тағы бір ерекшелігі – оның өзіндік дербестігі туралы толғаныстары. Өсе келе дербестікке ұмтылу сферасы жедел ұлғаяды. Олар нақты іс-әрекеттерге ғана емес, кейбір таңдауларға, шешімдерге, пікірлерге де қатысты байқалады. Еліктеу көптеген жеткіншектерге тән, бірақ тікелей қайталау оларға ұнамайды және көбінесе «балалықтың қалдықтары» деп бағаланады.
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру негізінде жеткіншектің өзін қоршаған адамдар мен құбылыстарға өзіндік пікірі қалыптасып, кез келген құбылысты қоғамдық нормалар тарпынан «қажет», «қажет емес», «маңызды», «маңызды емес» деп саралауды үйренеді. Мұндай саралауға жекелей құндылықтардың қалыптасып келе жатқан жүйесі арқау болады. Уақыттың тез өтетінін сезіну, оны бос өткізбеуге тырысу, жоспарлауға әрекеттену пайда болады.
Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін таныту іскерлігі жоғары дәрежеде ұйымдасқан ортаның болуын талап етеді. Әлеуметтік-мәдени салада болып жатқан қазіргі өзгерістер жастарға тіршілік аясының кез келген саласында белсенділік көрсетуге қолайлы жағдайлар жасап отыр. Бос уақыт саласы жеткіншекке іс-әрекет түрін өз қызығушылықтарына сәйкес ұйымдастыруға, еркін тілдесуге, бастамалық танытуға, әлеуметтік жағдайды тұлға дамуының динамикасына сай өзгертуге мүмкіндік береді. Демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру заңдылықтарына сүйене отырып, бос уақыт саласын жеткіншектің өзін-өзі танытуға және айқындауға, жаңа әлеуметтік тәжірибе жинақтауға бағыттау қажет. Жеткіншектің демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның мінез-құлқының шығармашылық сипаты анық байқалып, әлеуметтік белсенділіктің тұлға қалыптастырушы ретіндегі қасиеті соғұрлым артады.
Жеке тұлғалар мен ұйымдық жастар құрылымдарының қоғамдық маңызды белсенділігін ынталандыратын жастар саясатын жүзеге асыру жеткіншектердің өздігінен шешім қабылдау, ол үшін өзіне жауапкершілік жүктеу, саналы таңдау жасау сияқты қасиеттерін дамытып, қоғам игілігіне қызмет жасауға дайындығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мақсатты тәрбиелік ықпал жасау жедел өзгеріп отырған өмірде өз жолын таба алатын, жалпы адамзат құндылықтары мен әлеуметтік шығармашылықты қолдай отырып, өз мүдделерін дәлелді түрде қорғай алатын тұлға қалыптастыру мақсатын көздейді. Жастайынан әлеуметтік маңызды белсенділік танытуды қажетсіну және оны жүзеге асыра алу іскерлігі ересектік кезеңде қоғам проблемаларына әрекетсіздік танытуға жол бермейді.
1.2 Мектеп, отбасы, жұртшылық – жеткіншектер бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік ортасы
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта
кұрылуы эндокриндік жүйедегі
өзгерістерден басталады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі - жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының иәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: дененін пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып кояды. . Жеткіншектік шақта эндокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануынық негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық кұрылымдардын пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл - өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жыныска ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың, шығуына себепші болады. «Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Міне, осы кезеңде жеткіншектердің қарым-қатынасының дамуында мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығының ролі зор.
Мектептiң ұйымдастырушы тəртiп орталығы ретiндегi қызметiнiң ең маңызды бағыттарының бiрi-мектептiң, отбасының жəне жұртшылықтың күшiн бiрiктiру. Бұл жұмыстың мазмұны, əдiстерi мен түрлерiне қарай өзiндiк ерекшелiгi болады. Ол əрекеттiң өзiндiк ерекшелiгi бiрқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестiң обьективтi заңдылықтарын бiлу; қазiргi жағдайдағы мектептiң əлеуметтiк қызметiне қанық болу; қазiргi отбасының ерекшелiктерi мен даму тенденцияларын түсiну, мұғалiмнiң, ата-аналар, жұртшылық өкiлдерiмен жас ұрпақ тəрбиесiне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы. Мектеп балалар тəрбиесi мен отбасы тəрбиесiн педагогикалық басқарудағы тiкелей iске асыратын маңызды əлеуметтiк институт болып табылады. Жас ұрпақты өмiрге дайындауда жаңа сапалық белгiлер қалыптасып, дербестiктi дамыту, кəсiптiк бағдар, бiлiм алу жəне өздiгiнен бiлiм алу, қабiлеттердi анықтау жəне дамыту сияқты мəселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептiң, отбасының жəне жұртшылықтың тəрбиелiк қызметiнiң бiртұтастығы мектептiң мақсатты түрде жүргiзген жүйелi жұмыстарының нəтижесi. Ал бұл нəтиже қазiргi заманғы бiлiм беру мекемесiне қойылатын басты талаптардың бiрi. Белгiлi педагог В. А. Сухомлинскийдiң еңбектерiнде «мектептiк-отбасылық тəрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пiкiрiнше тəрбиенi мектептiк немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткенi бала тұлғасы бiртұтас жəне оны қалыптастыру процесi де бiртұтас сипат алады. Мiне, осындай бiртұтас тəрбие процесiнде мектеп жетекшi рөл атқарады. Мектеп отбасының тəрбиелiк мүмкiндiктерiн кеңiтедi жəне дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргiзедi, қоғамдық жəне мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсендi түрде көмек көрсетуiн ұйымдастырады жəне бағыттайды, олардың əрекеттерiн үйлестiредi. Мектеп басшысының, сынып жетекшiсiнiң жұмыс жүйесi ең тиiмдi түрлер мен əдiстер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нəтижелiгiн қамтамасыз ететiндей талаптарға жауап беруi тиiс. Ең бiрiншi талап - бүкiл педагогикалық ұжым əрекетiнiң мақсаттылығы. Ата-аналармен жұмыс деген мүлде жалпы ұғым. Оның орнына нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшiн ата-аналар жиналысын өткiзу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.