Жаңа педагогикалық түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:18, творческая работа

Краткое описание

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Содержание

Алғы сөз---------------------------------------------------------------------------------------3
Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану ------------------------------- 4-6
Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту ---------------------------7-10
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне
енгізудің алғы шарттары -------------------------------------------------------------11-15
Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі ------------------------------16-18
Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы---------------19-24
Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу-------------------25-30
Қазіргі педагогикалвық технологиялар – обьективті қажеттілік --------31-34
Компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік
бастаулары ---------------------------------------------------------------------------35-39
9. Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары----------40-43
10. Педагогикалық технология -----------------------------------------------------44-47
11. Дамыта оқыту технологиясы сабақта ----------------------------------------48-53
12. Нысаналы оқыту технологиясы -----------------------------------------------54-58
13. Деңгейлеп оқыту технологиясы ------------------------------------------------59-62
14. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру математикалық білім беру технологиясы --------------------------63-68
Педагогикалық тірек сызбалар ------------------------------------------------69-78
16.Тест тапсырмалары ---------------------------------------------------------------79-109
Пайдаланған әдебиеттер -----------------------------------------------------110-111

Прикрепленные файлы: 1 файл

janapedagogika.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады.

 Педагогикалық  технологияның өзіндік ерекшеліктері  - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне  кепілдік беретін оқыту үрдісін  құрастыру және оны жүзеге  асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің  жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі  педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С.Н.Лысенкова алдына ала оқьггу, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.

Ал соңғы  жылдары оқытудың модульдік технологиясымен  В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың окытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болъп табылады.

  Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты мынадай ұстанымдардан құралады:

  • Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
  • Теориялық білімнің жетекші рөлі.
  • Оқу материалын жеделдете оқыту.
  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
  • Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

Л.В.Занковтың  оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін  сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.

Мұғалім түсіндіруші, оқыту тұрғысында емес, оқушының оқу  әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде  көрінеді.

Д.Б.Элъконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Педагогика  ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.

Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұны, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етіп, орындалуы үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс:

Оқушылардың өзіндік  ізденіс іс-әрекеттерінің әдістерін  меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланылып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылық бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.

Демек, мұнда  бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады.

Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға  деген сенім, оның өз ісіне жауап  беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен  қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

Жаңа технологияның  мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.

Әрбір педагогикалық  технология жеке тұлғаның өзін-өзі  дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Қазіргі кезеңде  қолданылып жүрген жаңа педагогикалық  технологияның негізіне жататындар - әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушлардың өз бетішпе жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық  технология : ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысьнан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі.Ынтымақгастық педагогикасының ерекшелігі - мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект.

Оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас, ал оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.

Білім беруді ізгілендіру  технологиясының негізін қалаған  Ш.А.Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Проблемалы  оқыту технологиясының негізгі  мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Проблемалы  оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу.

Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.

 Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық баланы табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

- оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;

- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;

- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндете оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану;

- сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;

- бірте-бірте толық дербестілікке өту;

- сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру; түсінетін, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;

- үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;

- білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;

- түсіндіруді қабылдау.

Деңгейлік саралап  оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады.

 Деңгейлік  саралап оқыту технологиясының  ерекшеліктерін атап айтар болсақ, күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сьнап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады; білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді.

Міндетті  нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады.

Модельдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Модельдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

      Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңдағы педагогика ғьлымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Ал жаңа педагогикалық технологиялар білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері жиынтығын қорғайды.

Оқыту технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу, оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады.

Жаңа технологияның  принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде  педагогикалық кеңестер, әдістемелік  бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады.

Оқытудың  жаңа технологиялары мұғалімнің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:

  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу;

-оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;

-оқу модулін құрастыру;

- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;

- оқушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;

- оқу-әрекеттерінің  материалдарьн іріктеп ала білу.

Осы аталған  оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек:

а) проблемалық-рөлдік ойьн;

б) рефлексивті-рөлдік ойын;

в) панорамалық сабақгар;

г) педагогикалық ринг;

д) педагогикалық идеялар аукционы;

е) ашық сабақгарға кіру, талдау және т.б.

Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Қазіргі білім  беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

 

Жаңа  технологялар арқылы шығармашылыққа баулу

 

Жас жеткіншектерге бүгнгі күн талабына сай білім  мен тәрбие беру ісі педагогикалық  мамандарға үлкен жүк артады. "Тәлім-тарбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек теуелдгі- деген.

Ы Алтынсариннің  көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы.

Білім беру жүйесінде  болып жатқант түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық техналогиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді.

 Осы  тұрғыда оқытудың жаңа техиологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше.

Жаңа технологияны жетік  меңгеру сонымен катар муғалімнің интелектуалдық. кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және  басқа  да көптеген адами қабіленің қалыптасуына игі әсерін тигізеді өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді  ұйымдастыруына көмектеседі

Білім берудің  даму бағытымен техналогияларын  қамтитын көптеген педагогикалық техналогия қолданып бағыты мен техналогияларын  қамтитын  көптеген  педагогикалық техналогия қолданылып жүргендігі мәлім.

Информация о работе Жаңа педагогикалық түсінік