Жаңа педагогикалық түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:18, творческая работа

Краткое описание

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Содержание

Алғы сөз---------------------------------------------------------------------------------------3
Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану ------------------------------- 4-6
Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту ---------------------------7-10
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне
енгізудің алғы шарттары -------------------------------------------------------------11-15
Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі ------------------------------16-18
Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы---------------19-24
Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу-------------------25-30
Қазіргі педагогикалвық технологиялар – обьективті қажеттілік --------31-34
Компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік
бастаулары ---------------------------------------------------------------------------35-39
9. Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары----------40-43
10. Педагогикалық технология -----------------------------------------------------44-47
11. Дамыта оқыту технологиясы сабақта ----------------------------------------48-53
12. Нысаналы оқыту технологиясы -----------------------------------------------54-58
13. Деңгейлеп оқыту технологиясы ------------------------------------------------59-62
14. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру математикалық білім беру технологиясы --------------------------63-68
Педагогикалық тірек сызбалар ------------------------------------------------69-78
16.Тест тапсырмалары ---------------------------------------------------------------79-109
Пайдаланған әдебиеттер -----------------------------------------------------110-111

Прикрепленные файлы: 1 файл

janapedagogika.doc

— 1.32 Мб (Скачать документ)

Бүгінгі таңдағы  мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны  оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың  оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

 Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.

«Технология дегеніміз  қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.

Ал педагогикалық  жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.

Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда:

«Мұғалім  нені білу керек?»

  • Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
  • Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
  • Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
  • Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
  • Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.

«Не істей алу керек ?»

    • Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
    • Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
    • Әр сабақты жоспарлау.
    • Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
    • Оқу модулын құрастыру.
    • Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
    • Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.

«Қандай іс-әрекеттерді  дұрыс ұйымдастыруы қажет?»

  • Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
  • Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
  • Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
  • Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.

Жаңа  технологияның топтастырылуы:

І. Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық технология.

Педагогикалық қарым-қатынас технологисы.

Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.

Амоношвилидің ізгілік технологиясы.

Ильиннің жүйесі.

ІІ. Оқушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технология.

Ойын технологиясы.

Проблемалық оқыту  технологиясы.

Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.

Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері және модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы.( Шатталов)

ІІІ.Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технология.

Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.

Перспективті  жылдамдата оқыту технологиясы.(Лысенкова)

Деңгейлеп оқыту  технологиясы.(Қараев)

Деңгейлеп диференциялау  технологиясы.

Міндетті нәтиже негізінде деңгейлі-диференциялап  оқыту технологиясы.(Фарсов)

Бала қызығушылығы арқылы диференциялап оқудың тәрбиелік  технологиясы.(Закатова)

Жекелей оқыту  технологисы.(Инге Унг және Шадриков)

Бағдарламалық оқыту технологисы.

Ұжымдық оқыту  технологиясы.(Дяченко Ривин)

Топтық оқыту  технологиясы.

Компьютерлік  оқыту технологиясы.

ІV.Дидактикалық білім көтеру және материалды педагогикалық технологиялар.

Дидактикалық  бірліктерді ірілендіру.(Эрдниев)

Ақыл-ой  іс-әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын  игеру технологиясы.(Валович)

V.Жеке пәндік  педагогикалық технологиялар.

Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологисы.(Зайцев)

Сатылай талдап оқыту технологиясы.(Оразақынова)

Бастауыш мектептің  жалпы оқу білігін жетілдіру  технологиясы.(Зайцев)

Бітібаеваның  дамыта оқыту технологиясы

Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология.(Касаткин)

Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық  технология.(Окунив)

Жанпейісованың  модульдық оқыту технологисы.

С.Т.О. технологиясы.

VІ.Альтернативті педагогикалық технология

Вольдорф педагогикасы.(Штэйнер)

Еркін еңбек  технологиясы. (Ферт)

Ықтималдық  білім технологиясы.(Лобок)

VІІ.Табиғи байқағыштық технологиялар.

Табиғи байқағыштық  арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу.

Өзіндік дамыту технологиясы.(Монтессори)

VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.

Дамыта оқыту  жүйесі.

Жеке тұлға  бағытындағы дамыта оқыту жүйесі.(Якиманская)

Дамыта оқыту  технологиясы.(Давыдов, Эльконин)

Өзіндік дамыта оқыту технологиясы.(Семеко)

ІΧ. Авторлық мектептің  педагогикалық технологиялары.

«Жүректен жүрекке» 

Білім беру үрдісінде  қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады.

Бүгінгі таңда  қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев және Жанпейісованың еңбектері  білім беру үрдісінде кеңінен  қолданады. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың  таным қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда  жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға: басқару сапасын жетілдіруге: оқушылардың дамуына бақылау жасауға: соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Сондай-ақ Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты.

Дамыта оқыту  – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық  жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде  көтерілуі көзделіп, оқыту барысында  соған лайық жағдайлар жасалады.  Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып- білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.

Дамыта оқытуды  ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау, сондай-ақ сабақтағы  ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендірудің  алғышарттары қарастырылмаған, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны  енгізуде төмендегідей кемшіліктер  орын алуда.Атап айтқанда:

  • білім сапасының төмендігі;
  • білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен  оқыту нәтижесінің болмауы;
  • директивтік құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
  • оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
  • оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық еңбегінің жоқтығы;
  • инновациялық педагогикалық технологияны пайдалануда мұғалімдердің дайындық кезеңінен аттап өтуі;
  • жекеленген мұғалімдердің өзіне қолайлы инновациялық педагогикалық технологияны  таңдауда, пайдалануда қиындықтарға тап болуы және оны жеңе алмауы;
  • жаңа педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мектеп басшыларының енжарлық танытуы;
  • жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;
  • оқу –тәрбие  үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны  енгізуде  мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан моральдық , материалдық көмектің көрсетілуі;
  • жаңа педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдердің жоғары қу орнында меңгермегендіктен , жас мамандардың жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
  • мектептің озат мұғалімдері инновациялық технологияны пайдаланғанымен, ғылыми тұрғыдан негіздей алмауы;
  • мектептің мұғалімдері қысқа арнайы курстарда оқып келген технологияны өз мектебінің , өз сыныбының, өз оқушыларының, әсіресе, әрбір жеке оқушының даралығын  есепке алмай, даярлық кезеңнен өтпей, бірден өз іс - әрекетіне енгізіп, өрескел қателіктер жіберіп , өзін де оқушыларды да ығыр қылуы.

Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық  технологияны енгізудің  жетістіктері мен кемшіліктерін  саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің  алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет.

 

Педагогикалық технология

 

Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен  меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы – оқыту.Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады.

Түрлі оқу орнындағы  оқыту- білім берудің басты жолы,сол  сияқты оқу отбасында, өндірісте, жұмыста  т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы жағдайларда  іске асып отырады.

Оқытудың мазмұны  мен сипаты қоғамның материалдық  және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленді.

Оқудың мақсаты  мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат  қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын  талаптардың  сипатына және оқыту  жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгері отырады

«Дәстүрлі оқыту» ұғымы XVІІ-ғасырда Я.А.Коменский «ұлы дидактика» еңбегінің негізінде қалыптасты, күні бүгінге дейін әлем мектептерінде қолданылатын сынып-сабақтың оқытуды ұйымдастыру деп түсіндіріледі.

Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар:

  • оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз сақталады;
  • сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және алдын ала белгіленген уақытта келулері тиіс;
  • оқудың негізгі бірлігі-сабақ;
  • сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір материалмен жұмыс жасайды;
  • сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша әр оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру мәселесін шешеді;
  • оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет;
  • оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары.

Оқытудың мақсаты  – қозғалушы категория, бұған  дейінгі педагогика оқытудың мақсаттары былайша құрылған еді:

  • білім жүйесін құру, ғылым негізін үйрену;
  • ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру;
  • әрбір оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы;
  • адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу;
  • ой еңбегіне,  сондай-ақ дене еңбегіне қабілетті, жоғары білімді ақыл-ойлы адамдарды тәрбиелеу;

Информация о работе Жаңа педагогикалық түсінік