Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:18, творческая работа
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Алғы сөз---------------------------------------------------------------------------------------3
Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану ------------------------------- 4-6
Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту ---------------------------7-10
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне
енгізудің алғы шарттары -------------------------------------------------------------11-15
Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі ------------------------------16-18
Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы---------------19-24
Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу-------------------25-30
Қазіргі педагогикалвық технологиялар – обьективті қажеттілік --------31-34
Компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік
бастаулары ---------------------------------------------------------------------------35-39
9. Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары----------40-43
10. Педагогикалық технология -----------------------------------------------------44-47
11. Дамыта оқыту технологиясы сабақта ----------------------------------------48-53
12. Нысаналы оқыту технологиясы -----------------------------------------------54-58
13. Деңгейлеп оқыту технологиясы ------------------------------------------------59-62
14. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру математикалық білім беру технологиясы --------------------------63-68
Педагогикалық тірек сызбалар ------------------------------------------------69-78
16.Тест тапсырмалары ---------------------------------------------------------------79-109
Пайдаланған әдебиеттер -----------------------------------------------------110-111
Д.Ж. КІШІБАЕВА
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Түркістан 2010
Пікір жазғандар: Л.К.Керімов- п.ғ.д., профессор Абай атындағы ҚазПУ
Б.Ортаев - п.ғ.к., доцент А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Д.Ж. Кішібаева Жаңа педагогикалық технологиялар.
Оқу құрал. Түркістан қ. А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2010. 113 бет
ISBN 978-601-243-225-1
Оқу құралда келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі екендігі айтылады. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің ең басты факторы болып отыр. Бұл оқу құрал болашақ педагогикалық мамандарға, мектеп мұғалімдеріне және ЖОО-ның студенттеріне арналған.
ISBN 978-601-243-225-1
Г.А.Кайбульдаева 2010
Алғы сөз
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың
жаңа педагогикалық
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Осыған орай,
соңғы кезде оқытудың әр түрлі
педагогикалық технолгиялары
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Бұл оқу құралда жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс- тәсілдері сонымнен қатар педагогикалық технологияның түрлері оны оқу- үдерісінде қолданудың тиімділігі қарастырылады.
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Ғылыми-педагогикалық зеріттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім түралы" заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту
технологиясының білімді
Осыған орай
оқу-тәрбие үрдісін
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.
Сондықтан, мектептегі
әрбір пәнді оқыту
Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндеп деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға бо-лады.
Оқушының дайындық
деңгейін саралау оқушының жеке танымдық
мүмкіндігін ескерудің басты
тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.
Тапсырмаларды білімді
Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготеский, Л.В.Занков, Д.Б.Элькокин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.ММонахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.
Республикадағы
ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде
деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев)
жүйелік негізде оқыту
Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісінде өзекті ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш
сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың
өзара іс-әрекетпен мұғалім
Мұнда негізгі және жетекші үрдіс - іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі - оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалык, түрде дәлелдейді.
Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдыңда айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс.
Білім мазмұнын
меңгеруде оқушылардың жаңа
Математика
сабағында оқушылардың оқу
Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.
Ұлттық тағам – ұлттың бет бейнесі, тарихы мен шежіресі, ұлттың дара касиеттері сақталынуының асыл нәрі. Сондықтан оны дайындай білуге үйрету әр ата-ана мен ұстаздың міндеті.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Өйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі қойылып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек.
Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет" деген болатын.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту.
Инновациялық білімді
дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар
мен жаңалықтарды өмірге әкелу.
Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Бұл міндеттрді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатнасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр мұғалім өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипатты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен тауып отыр.