Жаңа педагогикалық технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 18:02, реферат

Краткое описание

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................1
І. Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негіздері
1.1. Білім беру жүйесінің басты сипаты...............................................................4
1.2. Осы заманғы жаңа педагогикалық технологиялар.................................11
1.3. Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру жолдары......................18
ІІ.Оқытудың модульдік жүйесі
2.1. Модульдік оқытудың құрылымы...............................................................22
2.2.Модульге бөлінген сабақтардың түрлері....................................................31
2.3. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.........................................................................41
2.4. Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі............................................43
Қорытынды..............................................................................................................48
Әдебиеттер................................................................................................................49

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 226.35 Кб (Скачать документ)

 

1-қадам:Берілген  тарау, блок немесе тақырып  бойынша бағдарламада меңгерілуі  тиіс деп көрсетілген міндетті  білім, білік және дағдыларды, сондай – ақ оқыту мақсаттары  мен міндеттерін айқындау.

2-қадам:Берілген  модуль бойынша оқу материалының  тұтас мазмұнын оқып – зерттеу.

3-қадам:Берілген  модуль бойынша негізгі мағынаны  білдіретін түйінді ұғымдарды,  тақырып бойынша негізгі ақпарат  беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара  байланысы мен өзара бағыныштылығын  анықтау.

4-қадам:Тұтас тақырып  бойынша тірек сызбаларын құрастыру  (анықталған түйінді ұғымдар мен  “кодтар” негізінде).

5-қадам:Оқу модулінің  тұтас мазмұны бойынша тестілік  тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма  шамасында).

6-қадам:Берілген  модульдегі оқу материалының  тұтас мазмұны бойынша сынаққа  қажетті сұрақтар иен тапсырмалар  блогін құрастыру (оқу пәнінің  өзіндік ерекшелігіне  орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).

7-қадам:Сөйлесу  бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді  формаларын таңдау дәрежесіндегі,  орташа күрделілік дәрежесіндегі  тарсырмалар және оқытудың ізденушілік  (зерттеушілік) элементтері бар  аса күрделі дәрежесіндегі тапсырмалар әзірленеді.

2.3.ОҚУ  МОДУЛІНІҢ КІРІСПЕ БӨЛІМІ

Психологтардың  пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып – үйрену үш негізгі  кезеңнен: кіріспе – қызықтырушылық, операционалдық – танымдық және рефлексиялық – бағалау кезеңдерінен тұруы  тиіс (Л.М.Фридман).

Аталмыш модульде кіріспе  – қызықтырушылық кезең кіріспе  бөлімінде іске асырылады.

Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу  міндеті қандай екенін түйсінуіқажет.

Психологтар дәлелдегендей, білімдінеғұрлым тиянақты меңгеру  үшін оқушылардың мақсатты түйсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы  күш нені үйрену), оның мағынасы (бұл  не үшінқажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.

Обьектілердің нақты  қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілері түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр.

Қандай да бір  құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Жадыны және келешекте  алынған білімге сүйену мүмкіндігін  қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің  пікірінше, біріншеден, алғашқы түсінбеушілік  сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншеден, жады меңгерілген ұғымдар мен  түсініктерді қорғау қапшығына, берік  жабылған “орамаға” салып сақтауы  және ұсынуы тиіс. Мұндай “орама” қызметін белгі (термин), белгілік жүйе атқарады.

Сөйтіп, оқу модулінің  кіріспе бөлімінде мұғалім:

а) оқушыларды оқу  модулінің жалпы құрылымымен  және мазмұнымен таныстырады;

ә) оқушылардың осы  оқу содуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен  міндеттерді әрбір оқушының “қабылдауына”, түсінуіне ерекше көңіл бөледі;

б) тірек сызбаларға (“орамалға”, белгілілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.

ОҚУ МОДУЛІНІҢ  СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ

Оқу модулінің сөйлесу  бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

Бұл бөлімді құрастырғанда  біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде құралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
  2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
  4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағыттыалған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
  5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатын және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің  сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.

Мұнда оқушылар оқу  материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктерімен берілетінін есепке алу  керек, бұл бөліктерде  қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет  ететін материалдымұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдіңқайсысын  таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.

Бұның бір маңызы – күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез-келген күрделілік деңгейдегі бағдарламалық  материал тапсырмаларын орындаған  оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімінің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың  өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге  баса көңіл бөледі.

Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің  арқауы және құралы болады.

Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет – қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады.(1-суретті қараңыз).

1-сурет

 

1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі  материалдың негізгі мазмұнын  белгілеу


                                                          

 

2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, “өсу” бағытымен беру





                            

 

3. Тақырып бойынша жеңілдетілген  деңгейдегі және білім стандартының  талаптарын қамтамасыз ететін  деңгейдегі және білім стандартының  талаптарын қамтамасыз ететін  деңгейдегі тапсырмалар дайындау





   

 

 

                                                                

 

4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын  және креативтілігін (шығармашылық  қабілеттерін ) дамытуға арналған  шығармашылық сипаттағы материал  дайындау





 

       

 

 

                                                 

 

 

5. Осы бөліктің барлық  сабақтарында өзара сөйлесуді  қамтамасыз ету





 

  

 

 

  

 

2.4. Оқу  модулінің қорытынды (бақылау)  бөлімі 

 

Бұл бөлім тарауды  немесе тақырыпты оқытудың тұтас  циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі (рефлексиялық-бағалау  кезеңі).

Ол оқушылардың  сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі  барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.

Нақ осы бөлімде  оқушылар өз қызметін талдайды – яғни, баға алады, бұл соңында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін  анықтайды.

Оқу модулінің қорытынды  бөліміне біз бақылаудың бірнеше  түрлерін енгіздік.

Біріншісі – міндетті – тестілеу.

Екіншісі – мұғалімнің өз таңдауы бойынша (пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшклігіне орай) – сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану  қажет деп есептейміз, өйткені  оқу материалын игеру дәрежесін  бір ғана тестілеу арқылы анықтау  мүмкін емес.

Білім деңгейін тексеру  және бақылау тәсілі ретінде тестілеу оқыту нәтижесінің мөлшерлік  көрсеткіші болып табылады, бұл аса  маңызды. Сонымен қатар тестілеу тұлғаның психологиялық қорғануын  қамтамасыхз етеді, ішкі кедергілерін жояды, өйткені бақылаушымен (мұғаліммен) қатынас жанама түрде жүреді. Бұл  осындай бақылау түрінің жағымды  жағы. Алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ берілу мүмкіндігі бар.

Қорыта келе, біз  тестілеуді бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін  қайталап қолдануды керек етеді  деп есептейміз.

Оның мақсаты:

а) білім деңгейін әділ бағалау;

ә) бағасын жақсартуға (жоғарырақ балл алуға) мүмкіндік  беру;

Қалай айтқанмен, егер бақылаудың бір түрінен нашар  баға алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді. Тестілеуден  жақсы өткен оқушы келесі бақылаудан (немесе керісінше) нашар баға алса да, оның қорытынды бағасының нашар  болмауына мүмкіндік бар екнін  атап өткен жөн.

Пәннәі өзіндік  ерекшелегіне орай тапсырмалар жазбаша  немесе ауызша сипатта (болмаса, олардың  қосылған түрінде) болуы мүмкін.

Бақылаудың бұл  негізгі екі түрінен басқа:

  • бақылау жұмысын;
  • диктант;
  • семинар;
  • оқу (пән) конференциясын жүргізуге болады.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тұтас модуль бойынша  бағалағанда, нақты осы бағалар  есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушылардың  ғылыми қоғамына (ОҒҚ), конкурстарға және т.с.с. (оқушы жүргізген зерттеудің құндылық және мәнділік дәрежесіне қарай) ұсынылуы мүмкін.

Тоқсандық қорытынды  баға әрбір оқу модулінің бағалары нәтижесінде қойылады (әдетте оқу  тоқсанында 2-3 модуль болады). 

Оқу модулін  даярлау технологиясы

І кезең – мұғалімнің модульді даярлауы

1. Барлық оқу  материалын пысықтап, оны оқу  біліктеріне (тұтас тарауға немесе  мазмұны бойынша жақын тақырыптар  блогіне) бөлу.

2.Оқытудың нақты  нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы нені біліп, үйренуі  тиіс).

3. Модуль тақырыбын  тұтас баяндауын оңтайлы формасын  ойластыру.

4. Тақырыптың негізгі  түйінді ұғымдарынан тірек сызба-конспект  құрастыру.

5. Оқушылардың білім,  білік, дағдыларын тексеруге тестілер  – диагностикалық (тексеру) және  бақылау (қорытынды) жұмыстарын  әзірлеу.

6. Білім, білік,  дағдыларды түзетуге арналған  тапсырмалар дайындау.

Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары

Оқу модулінің бірінші  сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше  нұсқада болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай).

Олар:

  • визуалдық лекция, мұнда тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде – сурет, сұлба, сызбалармен берілген;
  • лекция-консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып беріледі;
  • лекция-өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
  • проблемалық лекция, мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалар ұсынылады.

Лекция нақты ойластырылып, қисынды түрде және бірізділікпен, түйінін және қорытындысын шығара отырып, түсінікті және айқын тілмен баяндалғанда; әртүрлі көрнекілік және техникалық құралдар пайдаланылғанда, міндетті түрде  жазылып, соңында негізгі ұғымдары мен сәттерін айқындайтын қорытынды  әңгімелесу жүргізілгенде ғана неғұрлым нәтижелі болады.

ІІ кезең – мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы    

 

1.Сөйлесу бөлімінде жұмыс  істеу үшін оқу материалының  негізгі мазмұнын белгілеу


 

 

2. Оқушылардың өзара сөйлесуін  қамтамасыз ететін және алғашында  оқу матрериалын оқып-үйреніп,  бекітуге, соңынан білік пен дағдылар  қалыптастыруға, алынған білімін  талдап, топтауға мүмкіндік беретін  оқытудың белсенді формаларын  таңдап алу





 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

3. Әртүрлі күрделілік  дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар  (Блум таксономиясына сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін  (есептер мен мысалдардың шешімін  және т.б.) дайындау





 

  

 

 

  

 

 

 

 

4.Әрбір оқушыға немесе  топқа арнап

үлестірмелі материалдар  бастыру (көбейту)





 

  

 

 

       

 

Информация о работе Жаңа педагогикалық технология