Жаңа педагогикалық технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 18:02, реферат

Краткое описание

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................1
І. Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негіздері
1.1. Білім беру жүйесінің басты сипаты...............................................................4
1.2. Осы заманғы жаңа педагогикалық технологиялар.................................11
1.3. Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру жолдары......................18
ІІ.Оқытудың модульдік жүйесі
2.1. Модульдік оқытудың құрылымы...............................................................22
2.2.Модульге бөлінген сабақтардың түрлері....................................................31
2.3. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.........................................................................41
2.4. Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі............................................43
Қорытынды..............................................................................................................48
Әдебиеттер................................................................................................................49

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 226.35 Кб (Скачать документ)

Оқытудың модульдік  жүйесі әрбір оқушыны керекті  материалдармен қамтамасыз ететін мұғалімнің өте көп дайындалуын талап  етеді, ал бұл оңай іс емес.

Оқушылардың білімге  деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын  арттыратын, соның салдарынан білім  деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл  – жобалар тәсілі болып табылады.Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл әлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде:практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады.Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу,зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана бәлу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте – зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналыстыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған, істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік – мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пән аралық жобалар бола береді. Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар болды. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық немесе топтық жобалар да жасала береді. Атқарылу мерзіміне қарай - қысқа мерзімді, орташа немесе ұзақ мерзімді деп бөлуге,аралас немесе дистанциялық (қашықтан) халықаралық жобалар деп айтуға да болатындары бар. Бұлар қазіргі информациялық технологияларды – жергілікті (локальді) және ауқымды (глобальді) электрондық желілерді, мультимедиялық оқыту құралдарын пайдалануға, тұрмыста компьютерлерді кең қолдануға байланысты туындап отыр.

Көптеген мектептерде  дистанциялық алыстан оқыту ісінің дамуына байланысты қашықтан білім  беру жобалары, олимпиадалар, конкурстар жүргізу етек ала бастады. Дистанциялық оқыту формалары оқушылардың  бір – бірімен қатынасу, араласуына (коммуникация) байланысты психологиялық  проблемаларды шешіп, оларға бұрынғыдан гөрі ашығырақ болуға көмектесіп отыр. Өз ойларын жүзеге асыру жолында  ақпарат алмасу арқылы жұмыс жасау  оқушыларға бір – бірімен арадасудың, ауызба – ауыз сөйлесудің орнын  толтырады. Дистанйиялық қызмет көрсету  істерінің ашық түрде атқарылуы  оқушылардың дүние танымын планеталық деңгейге дейін көтерді деуге  болады. Барлық елдердің және континенттердің  жақын екендігін сезіну – Интернет желісіндегі электрондық пошта мен web – жүйелерін пайдалана бастаған әрбір оқушының жаңа көңіл күйлерінің ең алғашқы белгісі екендігіне дау жоқ.

Жаңа оқыту технологияларын  пайдалану аясында информатика  пәнін оқытуды жетілдіру, яғни әрбір  оқушының өз ерекшіліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне орай білім алуын  қамтамасыз ететін оқыту жүйесін  жасауға ұмтылу ең басты мақсат. Осы міндеттерді атқару үшін жоғарыда айтылғандай, оқушының жеке білім алуға  талпынуын, ұжымдық қасиеттерін  де жетілдіретін, өзінің білім алу  жолын өзі басқаратындай деңгейге жеткізетін бірнеше педагогикалық  технологиялар пайдаланылып отыр.

Керекті технологиялар  мен әдістемелер оқушының дайындығына, жасына және қарастырылатын пән бағдарламасының  бөліміне қарай таңдалып алынады. Мысалы, Жобалар тәсілі Power Point, Fpont Page, Access және Word офистік программаларын оқып үйрену кезінде тамаша нәтижелер береді.

Ойындық элементтері  араласқан “Модульдік оқыту тәсілі”  программалау тілдерін оқыту кезінде  жақсы нәтиже береді.

Информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей игеру  мүмкін емес. Оқушылардың компьютерде  өзіндік тапсырмаларды орындап, жеке жұмыс істеуі тиімді түрде өтуі үшін әр түрлі деңгейдегі тапсырма кәртішкелері мен үйрету кәртішкелерінің  кқлемді базасы болу керек. Осы кәртішкелік  базаларды тұрақты түрде пайдалану  оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін - өзі бақылауын арттырып, практикалық  жұмыстардың да санын көбейтуге  мүмкіндік береді. Ол оқушылардың  білімі сапасынжетілдірудің негізі деуге болады.

Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану да жақсы  нәтижелер беріп келеді. Тестерді тұрақты пайдалану мен информатикалық диктанттар өткізу білімді жүйелі түрге  келтіру, осының салдарынан білім сапасын  жақсартуға мүмкіндік береді. Автор  әр түрлі тақырыптар бойынша көптеген тестер жасап шығарады.

Мысалы, программалау тілін оқытуда сабақ алдында  минитест жасап, ары қарай соның  қателерін талқылап отырамыз. Тестер қағазда немесе электрондық түрде  беріледі. Өтілген иатериалдарды  бекіту үшін минитестерден бөлек  кроссвордтар пайдаланылады. Кроссвордтар – негізгі ұғымдарды, ережелерді есте сақтауға, ал минитестер – оқушылардың  алған білімдерін жүйелі түрге келтіру  мен оларды тереңдету мақсатында қолданылады. Соңғы бақылау кезінде  электрондық тест өткізу жақсы нәтижелер  береді, оқушыларға екі немесе одан да көп командалар қатынасатын ойын тестері қатты ұнайды.

Жеке адамға және топтарға да бағытталған тәсілдерді (жоба немесе шығармашылық тапсырма), екі  бала істейтін, консультантпен бірігіп  атқаратын жұмыс түрлерін сабақта  жиі пайдаланған дұрыс. Тапсырмаларды  тексеру кезінде кәдімгі тексеруден басқа  өзін - өзі бақылау, бірін – бірі тексеру істеріне көп көңіл бөлінеді.

Жергілікті желіге қосылған компьютер класында Интернетті, электрондық энциклопедияларды  және анықтамаларды екпінді түрде  пайдалану керек. Мұндай жұмыс белгілі  бір дағдылар қалыптастырудан басқа  балалардың мәліметті жылдам әздеп  тауып , оны өңдеуін жетілдіріп , олардың шығармашылық белсенділігін  арттырады.

Мысалы, “Word процессоры. Web – парақтар жасау” тақырыбы бойынша  соңғы сабақта балалар өз жеріне, республикасына арналған минижобалар (Менің Қазақстаным, Алматы менің  туған қалам, Қазақстан табиғаты, Қазақстаның жануар әлемі, Алматы маңы, Іле Алатауы) жасады. Осы сабақтың жоспарын “Мектептегі Интернет”  әдістемелік құралынан көруге болады. Мұндай сабақтар ақпараттық технологиялардан алған дағдыларын бекітумен бірге  оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге  көмектеседі.

Информатика – оқушы  қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау құралын беретін пән  болып табылады. Мектеп қабырғасында оқытылатын информациялық технологиялар  интерактивті байланыс пен компьютерлік технологиялар құралдары арқылы топтық немесе халықаралық жобаларға  қатынасу мүмкіндігін береді.

Соңғы жылдары әрбір  оқушы қолдана алатын Интернет әр түрлі дистанциялық жобаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 1997 жылдан бастап оқушылармен бірге әр түрлі дистанциялық жобалар жасап, білім саласындағы  халықаралық I*EARN желісінде жұмыс  істеп келеміз. I*EARN – жастар мен  олардың мұғалімдері бізді қоршаған орта жайлы әр түрлі тақырыптар бойынша  бір – бірімен мәлімет алмасуға, қатынасуға, информацияларды компьютерде  өңдеу істеріне де баға жетпес мүмкіндік  алды.

Осыларға қоса Интернетті тек информатика сабағында емес, сабақтарға дайындалу кезінде де пайдалануға болады. Дүние жүзілік  өрмекте көптеген білім сайттары бар, солардағы мәліметте,рді пайдалану  керек. Мысалы, мектеп сайтында оқыту  кәртішкеле,рі бар, оларды мұғалімдер – оқу процесінде пайдалануына, ал балалар – сабақтарға дайындалуы кезінде оларды қарауына немесе түсңнбей қалған материалдарын қайталануына болады.

Жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялар мен  тәсілдері пайдалану оқу процесін жетілдіруге,балалардың оқуға деген  ынтасын арттыруға, олардың өзін - өзі бақылуына, жауапкершіліктерін арттыруына, білімдерін жетілдіруіне көп көмегін тигізеді. Осындай  кездерде мұғалім балалардың жеке кемшіліктеріне, көңіл бөліп, олардың ой - өрісін дамытуға , белсенділігін арттыруға  арналған шығармашылық жұмыстарымен айналасуға мүмкіндік алады. Сабаққа дайындалуға  да көп уақыт бөле алатын дәрежеге жетеді.

Педагогикалық технология негізінде оқу цикілін қайта  жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

  1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. оқышулардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
  4. оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
  5. нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында  оқу процесі “модульдік” сипат  алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны  әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқыту  технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің  негізгі шрттарын, құрылып жатқан технологиялардың негізгі қағидаларын  ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі тадаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік: балаларды  оқытуға емес, тұлғалық бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу  процесін өзара сөйлесу негізінде  құруға және т.б.ұмтылдық.

Осыдан келіп  мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының  өзгеруі туындайды. Толық меңгеру  әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында  мұғалімнің қызметі төмендегіше  құрылады:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
  3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде).
  4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
  5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
  6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
  7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.

 

             Біздің нұсқамызда  бұл әрекеттердің реті біршама  басқаша:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен тан.ыстыру.
  2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) тангыстыру.
  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).
  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының  қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға (“өсу” бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып үйрену.
  6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
  7. Тақырып бойынша қалыпты немесе “релелік” сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т.с.с.)  жүргізу.

Қайта жаңғыртылатын  оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімінен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады: 

 

 

  

 

 

Кіріспе бөлімі

(модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі

(оқушылардың танымдық  қызметін

өзара сөйлесу негізінде  ұйымдастыру)

 

Қорытынды бөлімі

(бақылау)


 

 

Әрбір оқу модулінде  сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Неғұрлым тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын  оқу модулі. Алайда эксперимент жүргізген  мұғалімдерде модульге бөлінген сағат  саны 4 сағаттан (“Қазақстан тарихы”  курсында) 22 сағатқа (“Математика” бойынша) дейін ауытқыды.

Алдында айтып өткеніміздей, оқу модулінің ерекшелігі – жалпы  сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімгесабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады. 

Мысалға, мұғалім  оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап  отыр делік. Оның бір сағаты модульдің  бірінші бөлімі –кіріспеге, екі сағаты – қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты – сөйлесу бөліміне беріледі.

Модульді 12 сағатқа  әзірлегенде  де модульдің 1 және 3 бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді – яғни, ол 9 сағат болады.

Оқу мазмұнына “өсу”  бағытымен – қарапайым нан  күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске (кей жағдайларда  – зерттеушілік қызмет элементтеріне) қарай бірнеше мәрте қайта  оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен “білімді бағалау” деңгейіне дейін меңгеруіне ммкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде  танымдық процесс негізінен сыныпты  шағын топтарға (4-7 адамнан) бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге түрлі ойынтехнологияларын  енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен  фасилитатор, кеңесші және оқушылардың  танымдық процесін ұйымдастырушы рөлінде  болады.

Оқу модулін құрудың  тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.

Мұғалім бір оқу  модуліне бөлінетін сағат санын  анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай0 –  ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін  құрады. 

 

 

 

Мұғалімнің  алдын – ала жұмысы төмендегідей

әрекет  – қадамдардан тұрады: 

Информация о работе Жаңа педагогикалық технология