Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетіліруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бірқатар ілгері жұмыстар қарастырылып, олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.

Содержание

Кіріспе
І Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -оқушыларды жан - жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
ІІ Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
жолдары
2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
педагогикалық шарттары
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
әдіс тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-жұмыстарда-оқушыларға-тәрбие-беру (1).doc

— 604.00 Кб (Скачать документ)

 

 Интервью бойынша оқушылардың жауаптарын талдау, өкінішке орай, бастауыш сынып оқушыларының білімдері төмен екендігін және табиғатқа деген қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің қажетті деңгейде қалыптаспағандығын көрсетті.

Келесі ретте табиғат объектілері  жайлы жұмбақтар шешу жүзеге асырылды:

1.  Ақ сандығым ашылды,

     Ішінен жібек шашылды (Күннің көзі).

2.  Әуеден күбі түсті,

     Күбінің түбі түсті (Күннің күркіреуі).

3.  Көп  бауырсақ ішінде бір қалам    (Жұлдыздар ішіндегі ай).

4.  Жалт-жалт еткен, Жырғадан  өткен (Су).

5.  Екпіні сонша қатты болса  дағы 

     Ұстасаң қолыңызға білінбейді  (Жел).

6.  Екі ошаққа бір көсеу   (Сиырдың танауы мен тілі).

7.  Кішкентай ғана бойы бар 

     Айналдырып киген тобы бар (Қой).

8.  Апан-апан, ескі шапан,

     Иір қобыз, жарық жұлдыз (Түйе).

9.  От басында құмған,

     Екі көзін жұмған  (Мысық).

10.Ерте тұрады, жар шақырады (Қораз).

11 Екі басы жұдырықтай, ортасы  қылдырықтай (Құмырсқа).

12.Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі    (Жеміс).

13. Құжынаған жұмыскер, бір мекенде  тым іскер (Құмырсқа).

14. Сайрайды бір талмайды, әнші  құс бал таңдайлы (Бұлбұл).

15. Суда өседі, өнеді, сыртқа  шықса өледі (Балық).

16. Аласа ғана бойы бар 

      Тоғыз қабық тоны бар (Пияз).

17.  Өсіп тұрған ол не ? жаз  болса жайнап,

Салқында ән салып, құстар жүрген сайрап.

Салқып түссе шешініп, қалады өзі  жайрап.  (ағаш).

Жұмбақтардың шешімін 12 оқушы ғана толық дұрыс таба алды. Ал көшпілігі  қазақ жұмбақтарынан хабардар емес екенін байқатты.

Тәрбиелік деңгейлерінің  өсуі

Бірінші диагностикалық кесінді нәтижелері

ЭТ

БТ

Жоғары

4(5,4%)

3 (4,2 %)

Орта

32(43,3%)

35(48,6%)

Төмен

38(51,3%)

34 (47,2 %)



Сурет  1  - Мектепте сыныптан тыс  жұмыстар арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларына ұлттық  тәрбие беру  деңгейлерінің динамикасы.

Анықтау    экспериментінің    нәтижесі    бастауыш    сынып    оқушыларының  ұлттық тәрбиесінің   төмендігін   және   педагогтардың сыныптан   тыс жұмыстар  арқылы ұлттық тәрбиесін  дамытуға даярлық деңгейлерінің жеткіліксіз     екендігіне     байқатты.     Сонымен     қатар,     мектепте пегагогтарына лайықталған бірізділікті үйірме жұмысының бағдарламасы, оны жүзеге асыруға қолайлы  әдістемелік ұсыныстардың  жоқтығы  осы  бағытта қалыптастыру  экспериментін  жүргізу қажеттігіне көз жеткізді.   Атқарылған  жұмыстар   мектепте   сыныптан   тыс   жұмыстар   арқылы   бастауыш   сынып оқушыларының  ұлтық тәрбиесін дамытудың    әдіс  тәсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік береді.

2.2  Сыныптан тыс жұмыстарда  оқушыларға тәрбие  берудің  әдіс -

тәсілдері. 

Адам мен табиғат қатынасындағы  адамгершілік сапасы қазақ халқының ұлттық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында үш құбылыс байқалады: адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, адамнын жер бетіндегі тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы. Бұл -халықтың табиғатты қара басының пайдасынан жоғары ұстап, қадірлеп-қастерлейтін ұлттық мәдениеті.

Демек, адам мен табиғатты біртұтас деп тану - бүкіл әлем халықтарында қалыптасқан    сана.    Қазақ    халқының    бұл    орайдағы    философиясының ұлттық санасының басты арқауы - тұтастық туралы ұғым, яғни табиғатты қасиеттеу,   қастерлеу  - оның   өмірінің   салты   екендігінде,   оны   субъект мәртебесінде қабылдауында, оған адамгершілік қатынас жасауында.

Қазақ ауызекі шығармашылығын зерттеуші  М. Ғабдуллин: «Жазу-сызу болмаған ерте кезде-ақ, қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен  кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы, бала тәрбиесі, туған жерге деген қатынасы жайында неше түрлі өлең-жыр, әңгіме-ертегі, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан бұларды халықтың шығарған ауызекі шығармасы деп атайды» дей отырып, оның бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде,  мәдениетін қалыптастыруда үлкен роль атқаратындығын атап өткен.

Адам мен табиғат қатынасындағы  адамгершілікті қамқор, мейірбанды көзқарас қазақ халқының ұлттық  мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, барынша тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы сияқты үш құбылыс түркі ақындарының, демократ ағартушыларының, «Бес арыстың» дүниетанымында көрініс тапқан. Қазақ халқының ұлттық ойлауы, ұлттық сана-сезімі, табиғатқа көзқарасы ауызекі шығармаларында бейңеленген.              Ә. Нысанбаев пайымдағандай, қазақ философиясы негізінен «фольклорда, поэзияда, мақал-мәтелдерде, шежіре-дастандарда, эпостарда, мифологияда жинақталған және тұжырымдалған» . Сан ғасырлық тарихы бар қазақ қауымы жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыздан-ауызға тарап, ел есінде сақталған мол рухани қазына жасай білген.

Қазақ халқының өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде жинақтаған тәжірибесін ең алдымен ауызекі шығармашылығынан табамыз. Осындай мол тәрбие көзіне бет бұру халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасындағы даналығын сақтауға мүдделігін, табиғат байлығын тиімді пайдалану тәжірибесін, табиғи ортаға деген саналы да жауапкершілікті қарым-қатынасын бағамдап, ұрпақ тәрбиесінің кәдесіне жаратуға мүмкіндік береді.

А. Сейдімбектің деректері бойынша, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының     1989     жылы     құрылған     қолжазба     орталығында     қазақ фольклорының  ірілі ұсақты  екі жүз мыңдай  нұсқасы сақталуда.Бұл мұра жанр   жағынан өте бай, ертегі - 10 том, аңыз - 3 том, әңгіме - 3том, шешендік сөздер - 5 том, мақал-мәтел - 4том, жұмбақ - 2 том, жаңылтпаш - 1 том, тиым сөздер - 1 том. Осыншама бай мұраны, Ә. Нысанбаевтың сөзімен айтқанда, “Жастарға ұлттық тәрбие  мен  білім  беру  жүйесін  жасап,  іске  асыруда пайдалану қажет”.

Қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын  алғашқылардың көш басында кемел  зерттеген Қ.Б. Жарықбаевтың халықтың тәрбие идеяларын талдап, оның тәрбиелік әдіс-құралдарына, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік тәрбиесіндегі ықпалына берген сипаттамалары олардың мазмұны мен функцияларын танып-білуге көмектеседі.                                    

Қазақ этнопедагогикасының зерттелуіне айрықша үлес қосқан                 С. Қалиевтың қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін, қазақ халқының тәлімдік және ұлттық ойлауының ерекшеліктерін, халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі мүмкіндіктерін, қағидалары мен принциптерін, әдіс-құралдарын ғылыми тұрғыда саралап, халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі мектептің оқу-тәрбие жүйесіне ендіру жолдары мен амалдарын анықтап беруі ауызекі шығармашылығында көрініс алған қазақ халқының  ұлттық тәрбиедегі бай тәжірибесін танып-білуде маңызы ерекше деп түсінеміз.

Профессор С. Ұзақбаеваның зерттеу  нәтижелері өзінің сонылығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оның жетекшілігімен халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелері жөнінде докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, аталған проблеманың зерттелуіне айтарлықтай теориялық, практикалық үлес қосылды. С.А. Ұзақбаеваның халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығын (мақал-мәтелдер, эпос, айтыс өлеңдері, жыраулық дәстүр, жыр-терме), музыкалық шығармашылығын (ән мен күй), сәндік - қолданбалы өнерін (қыз балаларды киіз басу, сырмақ сыру, кілем, алаша тоқу, кесте және алаша тоқу, киім тігу, оларды ою-өрнекпен әшекейлеу тәрізді еңбекке  баулу, үйрету; ер балаларға ұсталық, зергерлік, етікші, ерші, үйші т.б. кәсіптік  еңбек түрін меңгерту) педагогикалық мақсатпен саралап қарастыруы және оларға берген сипаттамалары  бізге олардың  мән маңызын  пайымдауды негізге алды.

К.Ж. Қожахметованың этникалық тәрбиеге берген анықтамалары бойынша жеке адам қазақтың салт-дәстүріндегі этникалық құндылықтармен этноәлеуметтік рольдерді, этникалық нормаларды игереді. Автордың дайындауындағы қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-логикалық үлгісі, бізге қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан халықтың табиғатпен қарым-қатынас жасаудағы мінез-құлық нормаларын пайымдауға мүмкіндік береді.

Халық тәрбиесінде адам мен адамның, қоғам мен халықтың еңбекке, табиғатқа  адамгершілік қарым-қатынасы, имандылық  идеясы жетекші орын алады. Қазақ  ауызекі шығармашылығы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, наным-сенімдері, ырым-рәсімдері қазақ философиясын зерттеушілерге           (А.Н. Ныранбаев, Р.П. Абсаттаров, К.Ш. Нұрланова, М. Орынбеков, О.А. Сегізбаев  А. Қасабеков, Ж. Алтаев, Т. Ғабитов т.б.) қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арасындағы бітімін топшылауға, қазақтың ертедегі философиялық «даму элементтерінен бастап қазіргі философиялық теориясын жасауға мүмкіндік беріп» қазақ философиясының идеологиялық бастау бұлағы болды. Олай болатыны - “Халық эпостары, ертегілері, аңыздары, лирикалық-тұрмыстық поэмалары, мақал-мәтелдері адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды,   саяси-экономикалық   жағдайларды,   ізгілік   мақсаттарды   өз уақытына  сәйкес танып- білуінің  куәгерлері” екендігінде .

Жоғарыда талдауға алынған пайымдаулар  біздерге бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесін дамыту қазақ ауызекі шығармашылығында айшықталған халықтың ұлттық тәжірибесіне негізделуі тиіс екендігіне көз жеткізеді. Қазақ ауызекі шығармашылығы оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуда жан-жақты қызмет атқарады. Біздер С.А. Ұзақбаеваның ғылыми жетекшілігімен орындалған еңбектерде берілген мазмұндық-функционалдық сипаттамаларға: халық ойындарының танымдық-тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендіру функциялары (А. Айтбаева); қазақ домбыра музыкасының қоғамдық   жаңғырту-компенсаторлық,    танымдық-эвристикалық,    көркемдік- тұжырымдық, ақпараттық, коммуникативтік, тәрбиелік, иландыру, эстетикалық, гедонистік (Е. Қозыбаев); қазақ этномәдениетінің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, ақпараттық-коммуникативтік, реттеушілік, әлеуметтендіру (Б. Қайырова); халық білімдерінің жалпы этникалық дүние мен күнделікті өмір жайлы түсініктерінің негізгі қызметін атқаруы; адамның өз іс-әрекетінің бағытын анықтаудағы бағдарлық ролі; туыстық қарым-қатынастар жүйесі, этноәлеуметтік рольдердің мәнін айқындау және этнос субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, туыстық тегін тану сияқты функцияларына (К. Қожахметова ) сүйеніп, қазақ ауызекі, шығармашылығының келесі функцияларын анықтадық: танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтік, реттеушілік.

Балалар ойындары халық ауызекі шығармашылығының бір саласы болып саналады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану жолдарын зерттеуші Е.Сағындықов: «Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушысы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын, егжей-тегжейлігін білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген», - деп, орынды пікір айтқан.                                        

Т. Иманбеков балалар ойындарына былай деп баға береді: «...ата-бабаларымыз ұлттық ойындарды баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгі құ-ралы ретінде қарастырған, оны ең күшті, қағылез, төзімді, түрлі жарыстарда үнемі жеңімпаз атанатын адамды анықтау ролін ғана атқарумен оны қатар, тәрбиеге пайдалы ықпал ететін негізгі күш» деп түсінген. Шын мәнінде «Ұшты-ұшты», «Дауысынан айырып біл», «Жүз қаз», «Қасқыр- қақпан», «Торғай мен бұтақ», «Неше қаз ұшып келді», «Мысық пен тышқан», «Қасқыр мен қаздар» сияқты толып жатқан ойындар әрі қарапайым, әрі оқушылардың түсінігіне жеңіл, балалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға қажетті тиімді құралдар болып табылады.                              

Мақал-мәтелдер халық айтқандай, сөздің мұнарасы. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский  мақал – мәтелдерді  балалар тәрбиесі мен  жеке адамның қалыптасуындағы  сан ғасырлық  тәжірибені қорытындылаушы нағыз халық педагогикасы деп санады. Асыл сөздің мәйегі мақал- мәтелдер, М. Әлімбаев тұжырымдағандай: «Өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды,  түйінді пікір айтатын,  бітімі  бекем,  өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы». Қазақтың даналық ойларын бойына түйген мақал-мәтелдер оқушыларды ұшқан құсты, жүгірген аңды, жан-жануарларды, өзен-көлдерді,   тау-тасты   қадір   тұтуға,   аялап   сақтауға,  экологиялық   іс-әрекетінде  оны  көріктендіруге  талпындырады,  қоршаған  ортаны ластамау қажеттілігіне  олардың  көздерін  жеткізеді.  Мақал-мәтелдердің  экологиялық мазмұны өте бай. Мәселен, адам туралы («Кісілікті кісі табиғатқа тартып туады», «Адам - табиғаттың төл перзенті», «Адам тастай берік, гүлдей нәзік», «Жақсы адам - елінің ырысы, жақсы жер - жанның тынысы», «Адам ұйымшыл, мал үйіршіл», «Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ»), атамекен, туған жер туралы («Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас», «Ер туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы», «Жас құрақ - жердің көркі, ынтымақ - елдің көркі»), жер-су туралы («Жер тоймаса, ел тоймайды», «Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі», «Жер екеш жер де ауырады», «Жер отты болса, мал сүтті», «Сулы жер - нулы жер», «Жерді аздыратын - өрт, адамды аздыратын дерт»), төрт түлік және үй жануарлары туралы («Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік, ешкі -жеңілдік, сиыр - ақтық, шаруаның бәрі бес, егіншілік оған ес», «Мал төлімен жарасты, жер гүлімен жарасты», «Жүйрік мал бірде ат, бірде қанат», «Түйе -түлік басы», «Нар жолында жүк қалмас», «Ит - жеті қазынаның бірі», «Түлік төлден өседі»),   егіншілік туралы («Тамыр тартқан тарықпас», «Күтімді егін бітімді, бітімді егін түсімді»), хайуанаттар туралы («Арыстандай күшің болса, түлкідей әдісің болсын», «Үйірлі құлан ақсағанын білдіртпес»), құстар туралы («Қарлығаш көктем жаршысы», «Аққу жүзсе су сұлу», «Дегелек келсе жаз болар, бала-шаға мәз болар»), өсімдіктер туралы («Күтімі жаман ағаштың -бітімі жаман», «Аялы ағаш - саялы»), табиғат, уағыт, кеңістік туралы («Ай жарығы әлемге, шам жарығы түбіне», «Көктем, көктен нұрын төккен», «Күн күркіресе жер иір, жер иісе мал иір», «Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр», «Нөсер алдында найзағай ойнар», «Сүмбіле туса су суыр») мақал-мәтелдер бастауыш сынып   оқушыларының    табиғатты    қорғаудың    мәнін    санамен    түсінуіне көмектесіп, оларды қорғау,  сақтау, қоректендіру ісіне қатысу белсенділігін арттырумен бірге, танымдық, тәрбиелік, коммуникативтік, реттеушілік қызмет атқарады. Мақал-мәтедердің реттеушілік функциясының жалпы міндеті - қазақ халқының     экологиялық     тәжірибесі,     экологиялық     мәдениеті     негізінде қалыптасқан табиғатпен қарым-қатынас мөлшерін, шектеулерін ұстану.

Информация о работе Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері