Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетіліруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бірқатар ілгері жұмыстар қарастырылып, олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.

Содержание

Кіріспе
І Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -оқушыларды жан - жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
ІІ Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
жолдары
2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
педагогикалық шарттары
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
әдіс тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-жұмыстарда-оқушыларға-тәрбие-беру (1).doc

— 604.00 Кб (Скачать документ)

5    Баланың таным қызығушылығын  дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан, тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс    жұмыс    сабақтағы   тәрбиемен    байланысты,    мұндай көзқараста     ол     оқу    процесінің     нәтижесін     арттыруға бағытталған.  Баланың таным қызығушылығын дамыту бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер  сабақтан тыс жұмыстардың негізгі   бағыттарын   анықтайды.   Нақтылы   іске,   сыныпқа мұғалімнің  жағдайының    ерекшелігіне    байланысты    олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.                        

Демек, тәрбие жүйесінде олардың  қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің  жалпы жүйесінің  ажырамас бөлігін  құрайды.

Оқыту сабақтарына қарағанда, сыныптан тыс жұмыс ерікті  негізде өткізіледі.  Оның бірінші ерекшелігі, міне осында. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне  байланысты  өз беттерімен  әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және  жеке атқаратын  жұмыстарға қатысады.  Демек,  еріктілік,  ең алдымен сыныптан тыс  сабақ түрлерін  еркін таңдап  алуды білдіреді. Педагогтар және  оқушылар  ұжымдарының  міндеті - сыныптан тыс  жұмысқа оқушылардың  ешқайсысын  қалдырмай, түгел тарту.  Мұны әрине, ешқандай  мәжбүрлеусіз  атқаруы керек.  Бірақ,  оқыту сабақтарынан  балалардың өз бетімен   кетуіне  жол  беруге болмайды.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар  көлеміне байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және методикалық нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек-талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.

Оның үшінші ерекшелігі  жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем-өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін кұрамы сыныптан  тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын  біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптың оқушыларын  біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамкорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады. Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең  мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, педагогтар бағыттап отырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі - оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйым-дастырады. Сыныптан  және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар ролінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар ролінде де көзге түседі. Жоғары сынып оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан  тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл  көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол коғамға пайдасы мол бағытқа не болып келеді. Соның  нәтижесінде  ол мектеп  оқушыларына, әсіресе жоғары  сыныптарды кәсіптік  бағдар берудің  өте маңызды  да  ықпалды  құралы ретінде   көрініп отыр.

Оның алтыншы ерекшелігі – формалар мен әдістердің  сан алуандығы.  Сыныптан тыс сабақтардың  барлық формалары мен  әдістерін санап  шығу  өте қиын  және мүмкін емес.  Ең алдымен,  өнерпаздар клубтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары  алуан түрлі бола түсті.       

Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Қейбір мектептер үшін бұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш-жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде енбекке тәрбиелеуге, ғылыми-техникалық творчестваны дамытуға ғана баса назар аударылады. Комплексті түрде тәрбиелеу - балалардың жан-жақты дамуын талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады. Педагогтар ұжымдарының кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі - мектеп  ұжымдары іс-әрекеттерінің барлық негізгі бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін жүйе құру.

Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, актив қана тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай   балаларды сыныптан тыс  қызықты жұмысқа  тартуда, оларды қайта тәрбиелеуге, сабақтан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені  комплексті түрде    жүргізуді    жүзеге асыру оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді.         

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі - оның бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы  өнерді сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке-дара сабақтармен толықтырылып отырады.

Сыныптан тыс  тәрбие жұмыстарында  оқушылардың еңбек тәрбиесі  мәселесіне теориялық -әдістемелік тұрғыда  жүргізілген зерттеулерде  кездеседі.

Айталық, Б.Н. Буттов оқушыларды  қоғамдық пайдалы  жұмыстарға тарту  арқылы олардың белсенді ұстанымын тәрбиелеу процесін қарастырады.

Автор мұнда  сыныптан тыс жұмыстың  мынадай  негізгі бағыттарын  бөліп көрсетеді:  

1) Қоғамдық пайдалы жұмыс:  өндірісті  еңбекпен әртүрлі  нысандарда  абаттандыру; 

2) Өзіне – өзі қызмет  көрсету  шаралары. Осы жұмыстардың тәрбиелілік  тиімділігі  дәйектелді.

А.П. Жильцов  ауылдық жердегі  оқушылардың  жақсы еңбек пен  демалысын  ұйымдастыру, қоғамдық  пайдалы жұмыс  әдістері мәселені бірінші  болып зерттеу  жұмысын  жүргізеді.

А.П. Сперанский  оқушыларды  сыныптан тыс жұмыстарда  политехникалық  тұрғыдан дайындау  міндеттерін қарастырады.

Көптеген зерттеушілер сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік әлеуметтік  балалар        мен       жасөспірімдердің       танымдық  қызығушылықтарын қанағаттандырып, оларды одан ары қарай дамытудағы мүмкіндіктерін ашуға жұмыстар жүргізген. Айталық, З.А. Барышникова, А.А. Бордай, Н.В. Добрецова,  И.И. Кинев К. Н., Травинин,    А.С.    Хоптяр   т.б.    балалар    мен   жасөспірімдердің танымдық     қызығушылықтары     мен   қабілеттерін тәрбиенің тиімділігін арттыру  жолдарын қоршаған табиғи, әлеуметтік және мәдени орта мүмкіндіктерін барынша пайдалану жағдайларымен байланыстырып қарастырады.

Балалардың жеке даралық (дербес) шығармашылығын дамыту мәселелеріне   Э.Б.   Абдуллин   мен   Л.М.    Целищева   зерттеулер жүргізеді.     Авторлар    мезгілдік    бірлестіктердегі    саз    өнеріне балалардың қызығушылықтарын ояту мен музыкалық білім дарыту және   дамытуда   ажыратылымды  амалды  пайдаланып   оқытуды ұйымдастырудың     мүмкіндіктері     мен     тиімділіктерін     ашады. Балалардың жаппай -көпшілікті музыкалы-эстетикалық тәрбиесінде сыныптан  тыс жұмыстың мектептер, мәдени ағарту  мекемелері  жүргізген       жұмыс    әдістері қарастырылады.    Авторлардың    жасаған    көптеген    ұсыныстары  жаппай-көпшілікті ұйымдар т.б. мекемелер жұмыс тәжірибелерінде мақұлдаудан  өтіп қолданысқа  алынады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында балалардың ойын элементтерін пайдалану  мәселесі де арнаулы зерттеу нысанына айналады. Мәселен, зерттеуші В.А Шмаков шығармашылдық сюжетті-рөлді ойын түрлерін жетілдіріп оларды жазғы жұмыс тәжірибелеріне  қолдануды жүзеге асырады.

Тәрбие жұмыстары мен еңбек  міндеттерінің өзгеше  ерекшеліктері; лагерлердегі педагогтар құрамы (мектеп оқытушылары қатарынан басымдықтағы жасақталуы), жұмыс түрлерінің күрделенуі мен әуестенушілік, лагерлердің жарым жартылай (бірен-саран) өз шығындары,  өздері өтеушілік, өзін-өзі басқару, өзгеше  салт жолдарды  пайдалану, жас шамаларына қарай және соған лайықты теория әдістерін пайдалану мәселелеріне П.Н. Дербенов, Н.Г. Ничкало, А.Н. Тубельский, В.Г. Ижицкий М.Р. Углицкая  т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Өткен ғасырдың соңғы он жылдықтар  аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы  елдерінің  ғалымдары  сыныптан тыс  жұмыста  бірқатар  жұмыстар орындалған.  Ол еңбектерде  сыныптан тыс   жұмысының  мынадай бағытары қарастырылған: 

- Сыныптан тыс  жұмыстардың   қалыптасу  даму тарихындағы   ерекшеліктер   (Н.К.Беспятова  ,  А.Т. Малый , Л.П.  Матковковская   М.Б.Коваль , Б.И.Каюмов  ,  Ф.А.Фрадкин,   В.А. Капранова,)

- Сыныптан   тыс  жұмыстар  қызметін  басқаруды жетілдіру  (Грекова О.)

- Сыныптан тыс жұмыстар  қызметі   арқылы оқушы  жасөспірімдердің  қоғамдық саяси белсенділігін   дамыту  (И.Н. Цымбалюк ,  Л.Ю.  Садыкова ,  Н.А. Антыгина,  М. Куранов,  Н.И. Меняев)

- Сыныптан тыс  еңбек тәрбиесі (Ю.Г.Палория, А.И. Ковалева,  Л.И.  Каучукова,  Н.А. Запорожец,  М.А.Углицкая)

- Сыныптан тыс жұмыстардағы  адамгершілік тәрбиесі (Л.А.Оралова  ,  Қ.Т. Әтемова,   И.К. Тен,  И.Н. Минибаева) 

- Мектептен тыс мекемелер мен  әлеуметтік тәрбие  мекемелері  арасындағы  өзара ықпалдасудың  (П.Д. Георгива,  Г.И. Миячев,  С.А. Михайлович  ,   Р.П. Виркус)  педагогикалық проблемалары  олардың  кейбір  шет елдік  тәжірибелері  - зерттелген бағыт; 

- Атеистік тәрбие проблемалары (А.И. Пак)  эстетикалық  тәрбие (А.С. Каргин, Л.И. Шалахов )

- Өз бетінше  білім жетілдіру   мен әуесқойлық тәрбиесі (Каразян  Л.Ю.,   В.В. Политова,   Л.Г.  Садыкова )  Тәуелсіз мемлекеттер   Достастығы  елдерінің ғалымдарының  жүргізген  осы зерттеу жұмыстарындағы  бағыттарды  үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар:

- сыныптан тыс тәрбие жұмысы  тарихын  зерттеу бағыты, 

- сыныптан  тыс  тәрбие түрлері   салаларына жүргізілген, яғни  сапалық тұрғыдағы зерттеулер. Мұндай  жұмыстарда сала бойынша жетістіктерді асыра дәріптеу орын   алған,   яғни жұмыстың   бұл   бағытында   жеткен жетістіктерге    арналған еңбектер   очерк    сипатында  орындалған.

- Сыныптан  тыс жұмыстар  қызметін басқару  яғни оның теориялық  мәселелерін   зерттеуге жүргізілген  еңбектері.

- Сыныптан тыс жұмыстарда  тәрбие  қызметі  жүйесін балалардың  субъективті  ұстанымына қарай  олардың және  дербес болмысымен  санасып, азаматтық тұлғалық саналылығын,  физикалық және рухани жетілуін  олардың жеке даралық қызығушылықтарын ескере отырып, дамыту мақсатын анықтауға қажетсінеді.

- Сыныптан  тыс  жұмыс формаларының  әр  алуандылығы мен типтері  балалар мен олардың ата-аналар  мұқтаж- мүдделерін      қамтамасыз      етуге      себепші  болып  олардың шығармашылық қабілеттерінің ашылу мен дамуына толық жағдай  қалайды.

Ұйымдастырушылық құрылымдардың  бейімделгіштігі тұрақты және мезгілді бірлестіктерді т.б. құруға және алуан  түрлі клубтық    формаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Балалар мен  үлкендердің өзін-өзі  басқаруы ұжымдық шығармашылық тәрбие негізінде қосымша білім беру ұйымдары жұмысы мазмұны жанданады. Ұлттық, аймақтық шарттармен табиғат факторларын ескеру балалардың талаптауларымен салауатты-сауықты т.б. қызметтерін ұштастырудың сапалық кепілі  болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстағы  тәрбие  іс-әрекеттерін басқаруды дамыту балалар мен ересектердің шығармашылық ынтымақтастығы  қатынастары    негізінде  -және  оны өзін өзі басқарумен ұштастыру арқылы іске асады.   

Ал енді  Қазақстандағы  мектептен  тыс  тәрбие жұмысының  (мектептен   тыс   мекемелердін)  қалыптасып даму  мәселелеріне тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасы тәжірибесінен олардың қалыптасуымен даму         жолының  тарихи-педагогикалық проблемасына  арналған  Л.К.Ибрашева  мен  Н.М.Сагитова,  А.П. Романовтардың   ғана еңбектері бар авторлар  республикадағы  сыныптан тыс  тәрбие жұмыстарының қалыптасуы мен даму және жетілдіру  тарихының   ғылыми   негізін   жасауға   салалық   тұрғыдан   іздену жұмысын  жүргізген Қазақстандық  алғашқы  ғалымдар.  Авторлар республикадағы қалыптасқан ерекшелік жағдайға сай  сыныптан тыс тәрбие жұмысының  пайда болу,  қалану,  даму жолдарын, кезеңдерін айыра отырып, осы  мекемелер кызметтеріне  сипаттама береді.

Қазақстандық    ғалымдар     арасынан    бұрынғы     қоғамдық құрылымның әр түрлі тарихи даму кезеңдерінде мектеп пен балалар ұйымы қозғалысының өзара байланысының қалыптасуына, оку-тәрбие жұмыс формаларын талдауға арналған Р.Д.Иржанова мен Б.Ы.Мұқановалардың    еңбектері бар.  Еңбектерінде  негізінен көтерілген басты мәселе балалар ұйымы қозғалысының Қазақстанда  пайда    болғанынан    бастап    (1922-1934 жж.   Р.Д. Иржанова) сабақтасты түрде (1935-1915   жж  С.Ы.Мұқанова,     тарихи  кезеңдердегі оның мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары мазмұны мен әдістерін түрлендірудегі орны  болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдеге  жүргізілетін  тәрбие    түрлерінін   жеке    салалық қызметінін даму тарихы ондағы тәрбие факторларының (мектеп, пионер ұйымы, еңбек ұжымдары, әлеуметтік ұйымдар т.б.) өзара ықпалдасу, бірлесіп жұмыс  жүргізу мәселелеріне арналған сыныптан тыс жұмыстар тарихына қатысы бар еңбектер де бар.

Олардың арасынан  Н.И.Қойшыбаева. К.Ж. Қожахметова, И.А.Әділханов, Г.И.Мұхановалардың жұмыстарын атап өткен жөн. Әсіресе        Н.И.Қойшыбаеваның   Қазақстан   оқушыларының әлеуметтік-азаматтық көзқарасының қалыптасуына (1935-1945 жж.) пионер ұйымдарының    жасаған   ықпалын    көрсетуге    арналған еңбегінің мәні бар. Өйткені автор балалар ұйымдары қызметінің балалардың    өзін    қоршаған    ортаға,    ондағы әлеуметтік-саяси құбылыстарға қатынасының белсенді формасынан олардың сана- сезімі мен сенімдерін қалыптастыратын алып құралы деңгейін  дейін көтерілуінде   сыныптан  тыс жұмысының үлкен ролінің болғандығын атайды.  Мұнда сыныптан  тыс жұмыстар  балалар тәрбиесін, оған жетекшілікті жүзеге асыруға жәрдем  әсер жасаушы көптеген   факторлардың  бірі  ретінде   ғана     сипатталған.   Ғалым К.Ж.Қожахметова     оқушыларды   еңбекке     тәрбиелеу     оқыту-  жұмысындағы мектептің отбасы және еңбек ұжымдары  мен бірлесіп жүргізген ұзақ жылдардағы (1931-1958 жж.) тәжірибелердің қалану мәселелерін талдайды.  Еңбек тәрбиесі  формалары  мен  әдістерін жетілдіруде сыныптан  тыс жұмыстардың бір   профильді,   яғни мамандандырылған жас натуралистер мен техниктер стансаларының балалардың     шығармашылдық     дамуына      (өндіріс     саласына, техникаға,  ғылымға), қалыптасуына (техникалық шығармашылық ойлау),   тәрбиелеуіне   (еңбекке,   екбек   адамына   деген   құрмет) жасаған ықпалдық және көмек беру рөліне аз-кем тоқталып кетеді.

Информация о работе Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері