Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:44, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетіліруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бірқатар ілгері жұмыстар қарастырылып, олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.
Кіріспе
І Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -оқушыларды жан - жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
ІІ Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
жолдары
2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
педагогикалық шарттары
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
әдіс тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері
және қызметін анықтау жұмыстары
оның мазмұны мен формасы таңдауға
ықпал етеді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым қатынаста, моралдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігін анықтауда Н.К. Крупская еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі жағдайда әрине, түзетуді кажет ететін тәрбиенің жалпы принииптері басшылыққа алынады. Тәрбиенің даму теориясының диалектикасы мынадай, ол балаларды тәрбиелеу мен мектеп тәжірибесі негізінде пайда болып, ол өзінің объектісі -тәрбиемен, оның барлық қазіргі әр түрлілігімен жүруі керек, тәрбиелеу мәселелерін кең ұғымда қамту, бір жағынан, бірнеше жаңа ғылыми-педагогикалық бағыттардың пайда болуына және ғылыми синтезге алып келу, екінші жағынан кең педагогикалық теорияның құрылуы қажет . Қоғамдық іс-әрекет ретінде пайда болған мектептен тыс жұмыс әрекеттің әр алуан түрінің және педагогикалық жетекшілердің өзгеше құралдарының арқасында әлеуметтік - педагогикалық мәртебеге ие болды.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беруде мынадай принциптер басшылыққа алынады.
- балалардың қызығушылығына қарай ерікті бірлесуі негізінде айналысудың жаппайлығы және көпшілікке қажеттілігі, олардың ынтасы мен әрекеттілігінің дамуы;
- әрекеттің қоғамдық пайдалы
бағыттылығы: мектептен тыс
Сыныптан тыс жұмыстарда педагогтар белгілі бір әлеуметтік мәдениетте балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту ісін жасаса, әрі тәрбиеші ролінде өздерінің дүниетанымы, өз тәжірибесі және іскерлігі арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылық істерге араластырады, белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін өзі дамыту мақсаттарымен тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі.
Мұндай жағдайда, өз қоғамының мәдени құндылықтарымен қаныққан және оның идеяларын қабылдаған азаматты тәрбиелеу нәтижесінде жеке тұлға мен қоғам арасындағы үйлесімділікті туғызады.
Бірақ өсіп келе жатқан тұлғаға мақсатты әсерлерді жүзеге асырушы әрбір тәрбиелеу институттары мына жағдайда ғана, егер бір жағынан, басқа институттармен өзара байланысқа түсетін болса, ал екінші жағынан - осы процесте тұлғаның өз белсенділігін арттыра білу шартына сай тұлғаны тұтастай жасап шығаруда маңызды жақтарын игеруде ғана тиімді нәтиже алады.
Сыныптан тыс жұмыстардың
Сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік қызметі- дара және қоғамдық қажеттіліктердің байланысы негізінде базалы (мектептік) дайындық пен мектептен тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты; тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірйбелік әрекеттерді меңгеру процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы, дербестігі және педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметтерінің жүйесі тұлғаның сапасын дамытудың түрлі деңгейіндегі жасөспірімдерге жасалған диференциалдық жолымен сипатталады.
В.В. Белова., Т.И. Щукиналардың зерттеулерінде жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарының даму сатысына байланысты әрекеттерді ұйымдастырудың бірнеше деңгейі көрсетілген: бірінші – репродуктивтік -еліктеу әрекеті, осының көмегімен жасөспірімдер үлгілерін меңгереді, осылайша өздеріне басқалардан тәжірибеден тәжірибе жинайды: екінші іздену орындау әрекеті мұнда жетекші есепті орындайды, ал жасөспірімдер оның шешу жолын өз бетінше іздейді; үшінші шығармашылық әрекеті мұнда жасөспірімдер анықтаған есепке сәйкес өзіндік шешімдері іске асырылады және жасөспірімдер үшін сапалы жаңа құндылықтар жасалады. М.Д. Виноградова, В.И. Масакова., И.Б. Первин т.б. оқушылардың шығармашылық даралығы бойынша зерттеулері тұлғаның шығармашылық потенциялын дамытудың жемістілігі әлеуметтік құнды дара шығармшылық мүмкіншіліктері мен тапсырмаларын шығармашылықты түрде орындаудың ең жақсы жолын таңдауда да және жаңасын жасауда да қабілеттілігі балалардың әр түрлі талаптарын тоқтату процесінде болатынын растады. Сыныптан тыс жұмыстың қызмет шартында үйірменің ұжымдық әрекетінің шығармашылықпен қанықтыруды дайындықсыз балалардың өзінен қостау табады. Әр түрлі шығармашылық әрекет мектептен тыс ұжымда балалардың ролін және бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.
Жалпы тәрбиенің шағын жүйесі ретінде сыныптан тыс жұмыстары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігінен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл жасөспірімдерді біріге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық – практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді ойын – жарыстар, шығармашылық мейрамдар, сайыстар фестивальдар және т.б. Бұларға қатыса отырып, балада таңдау мүмкіндігі туады.
Өз бойына танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа қатысудың еріктілігі барлық адамға соның ішінде балаларға өз күшін сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға жететіндігіне жағдай жасайды. Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар және басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарамай ниет білдіруші барлық жасөспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады.
Үшіншіден, әбден дайындалған жасөспірімдерге арналған жұмыстың формалары мен түрлері. Бұлар оқушылардың ғылыми қоғамы, ғылым, техника әуесқойларының жазғы мектеп – лагерлері, экспедициялар (архиологиялық, геологиялық, фольклорлық т.б.) жатады.
Сыныптан тыс жұмыстардың шартында
ұйымдастырудың барлық осындай
әдістері балаларға
дифференциалды әсер етудің есебімен
бір уақытта әрекет етеді. Бірақ
олардың тұлға потенциалын шығармашылықпен
дамытуда бейімділігін атап көрсетуге
болады.
1.2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы
– оқушыларды жан – жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік -әлеуметтік және қоршаған ортаға, уақытша балалардың және педагогикалық ұжымның ерекшелігіне, зерделі, әсершіл, заттық шығармашылықты, денсаулықты жақсартатын қызметтердің өзгеше мазмұнына, қарым -қатынас, өзара байланысқа, сондай- ақ, мектептен тыс бірлестіктердің мектеп, жанұялар, балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарымен өзара байланысына сүйенеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. Жеке даралық рухани дамуды қамтамасыз ете отырып, сыныптан тыс жұмыстар жасөспірімдерге мектептің отбасының жасайтын ықпалын тереңдету және өрістету үшін жағдай жасап, өз құралдары мен әдістері арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына, өзін іске асыруына және жетіспеушілікті толтыруға басқаша қарым қатынас пен тіршілік әрекеттесу жағдайымен мүмкіндіктер қалайды. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері қалайды. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері балалар ұжымындағы педагогикалық мүмкіндіктердің айтарлықтай дәрежесіне байланысты. Бұл жағдай бірқатар педагогикалық зерттеулерде (О.С. Газман, Т.В. Говорун, Г.С. Голиневич., Б.Я. Гиндис., Л.М. Иванова., Е.К. Касайкина., Н.К. Гравинин., М.Б. Коваль т.б.) жан жақты қарастырылған.
Балалар ұжымдарына тән белгілерді (сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастыруға болады деп айтқан педагог – ғалымдар (И.П. Иванов, В.М. Коротов., Л.И. Новикова., В.А. Сухомлинский т.б.).
Балалардың қоғамдық бірлестіктері қызметіндегі тәрбие теориясы мен әдістеріне арналған алғашқы ғылыми жұмыстар (А.М. Гукасова., Н.М. Коротов., Г.В. Колчина., В.В. Прокомев., А.П. Сперанский) 1950 жылдарының соңында басталды. Бұл кезде жүргізілген зерттеу жұмыстарының материалдары мен түйіндері сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының жаппай көпшілікті түрін іске асырушы ұйымдар даму тенденциясында қарама -қайшылықтардың орын алғандығын көрсетеді. Атап айтқанда, бір жағынан өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі оқушылар әлеуетінің бірізді көтерілуі байқалса, екінші жағынан әртүрлі ұйымдар әрекетінде бытыраңқылықтың орын алып тәрбие жұмысының жүзеге асу деңгейіне кері әсер жасағаны аңғарылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі
тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан,
ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға
бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге
қажетті әлеуметтік
тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан
қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ
үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін
толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін
неғұрлым толық ашу белгілі, бір нәрсеге
қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық
белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын
дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:
1. Балада өзіне қатысты жағымды
қатынасты қалыптастыру және
ондағы өзін-өзі бағалаудың
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық
өзара әрекет ету дағдысын
қалыптастыру. Егерде
балада өзіне қатысты
жағымды көзқарасы бар
3. Балада әртүрлі көркемөнер
әрекеттерінің түрімен
4.Баланың дүниетанымының
Информация о работе Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері