Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:44, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетіліруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бірқатар ілгері жұмыстар қарастырылып, олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.
Кіріспе
І Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
ғылыми -теориялық негіздері
1.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
1.2 Сыныптан тыс тәрбие жұмысы -оқушыларды жан - жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
ІІ Тарау. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
жолдары
2.1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
педагогикалық шарттары
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің
әдіс тәсілдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы
Шымкент қаласы, № 47 мектебінде өткізілді.
Экспериментке барлығы – 75 оқушы (оның
38-і эксперимент
тобында, 37- і бақылау тобында
қатысты.
Анықтау эксперименті бірнеше бағытта жүзеге асырылды.
1) бастауыш сыныптың «Дүниетану» оқулығының ұлттық тәрбиелік
мазмұнын талдау;
2) мектепте педагогтардың
тыс жұмыстарда ұлттық тәрбие беруге даярлығы;
3) сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру деңгейлерін анықтау.
Анықтау экспериментінің бірінші бағыты бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамытуға бағытталған білім мазмұнын анықтау үшін бастауыш сыныптарда оқылатын “Дүниетану” пәнінің мазмұнына талдау жасадық.
Дүниетану пәні «Адам», «Қоғам», «Табиғат»
білім блоктарынан
Мұнда адам алғаш рет әлеуметтік тұлға ретінде жеке оқылады. Әр блоктың материалы білім мазмұнына жаңа түсініктер меы ұғымдарды жүйелі түрде енгізу есебінен сыныптан-сыныпқа қарай күрделене түседі. Адамның сезім мүшелерінің қызметі мен маңызы, тілдің әлеуметтік ерекше ролі, ойлау, бақылау, тыңдау, оқу және ойға тоқу, басқаға айту, тәжірибе, дүниені зерделеу әдістері қарастырылады.
Бұл ұғымдарды меңгеруден алған білім, біліктері оқушының өзін-өзі тануына көмектеседі. Осыдан айналадағы дүниені зерделей білуге мүмкіндігі бар екеніне оның көзі жетеді, сенімі артады.
Бірінші сыныпта өтілетін материал 10 тақырыптан тұрады. Бұл тақырыптар аясында әр түрлі мазмұндағы 14 мақал және қанатты сөздер, 1 жұмбақ, 2 тыйым сөз, 5 өлең ендірілген. Мұнда қазақ ауызекі шығармашылығының тек 7 үлгісі ғана табиғат, табиғатты қорғау, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру мазмұнында. «Айналадағы дүние», «Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер» сияқты тақырыптарда қазақ ауызекі шығармашылығы назардан тысқалған. Екінші сыныпта өтілетін 8 тақырыптың аясында «Сулы жер - нулы жер» мәтелі ғана қолданылған. Үшінші сыныпта өтілетін 10 тақырыптарда «Таза су - денсаулық кепілі. Суды үнемдеп жұмса» деген тыйым сөз орын алған.Төртінші сыныпта өтілетін 11 тақырыптарда қазақ ауызекі шығармашылығы мүлде пайдаланылмаған.
Сонымен, «Дүниетану» пәнінің
Анықтау экспериментінің екінші бағыты, Анықтау эксперименті барысында мектептен тыс ұйымдардағы қосымша білім беру педаготарының қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы оқушылардың ұлттық мәдениетін қалыптастыруға даярлығын анықтауда қолданылған сауалнама, әңгімелесі, интервью алу, тест тапсырмалары нәтижелерін талдау, олардың қазақ ауызекі " шығармашылығын жүйелі түрде пайдаланбайтындықтарын көрсетті.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру процесінің тиімділігі педагогикалық ұжымның бүгінгі талаптарды ескере отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Осы рстте біздер оқушыларға ұлттық тәрбие беру проблсмасын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қосымша білім беру педагогтарының даярлығы қандай болу керектігін анықтап алуға талпындық.
Педагогтардың бастауыш сынып жасындағы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлық деңгейін білу мақсатында біз анықтау экспериментін жүзеге асырдық.
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы тәрбие беруге педагогтардың қаншалықты даяр екендігін талдау нәтижелері олардың көпшілігігінің (40,8%) біліктілігі төмен екендігін байқатты. Педагогтар қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мәдениетін қалыптастыру бойынша өз бетімен білімдерін толықтырмайтындықтары (39,6%) және теориялық білімдерінің таяздығынан оны ұлттық тәрбиеде шығармашылықпен қолдана алмайтындықтары (81,1%) анықталды.
Бүгінгі білім жүйесінде кеңінен таралған оқу-әдістемелік құралдар баршылық. Педагогтармен өткізілген әңгімелесу, олардың өз бетімен ізденісінің, талпынуының жеткіліксіздігін көрсетті.
Сыныптан тыс жұмыстарда, сынып
жетекшілері оқушыларға тәрбие беруге
байланысты мақсатты, алдағы болашаққа
бағытталған практикалық іс-
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты зерттеу жұмыстарына тартуда енжарлық, немқұрайдылық басым. Экскурсиялар мен саяхаттар белгілі бір экологиялық проблемалар төңірегінде емес көбінесе көңіл көтеру, оқушылардың демалысын ұйымдастыру үшін формальды түрде өтетіндігін көрсетті. Мектептен тыс ұйымдарда оқушыларға тәрбие берудің түрлі әдістері мен формаларын кеңінен пайдалануға шек қойылмайды. Алайда педагогтардың тек 12,5%-ы ғана өткізуді, 10,8%-ы оқу-тәжірибе учаскесіндегі практикалық жұмыстарды қолданатынына, ал 23%-ы үйірме жетекішлерінің ғана оқушыларды табиғатты қорғау және зерттеу жұмыстарына тартатындығына көз жеткіздік. Олардың 42,5%-ы оқушыларды жергілікті, өлкелік қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына тарту әдіс-тәсілдерін 60%-ы экологиялық мониторинг жүргізе алмайды. Үйірме жетекшілері бұл жағдайды әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ табиғатта, тірі табиғат мүйістерінде, оқу-тәжірибе учаскелерінде практикалық сабақтар жүргізудің жетімсіздігін түсіндіреді. «Балдәурен» балалар шығармашылығы орталығының кадрлар құрамын талдау олардың тек 57%-ының ғана жоғары педагогикалық білімі бар екенін көрсетті. Ал 11%-ы жоғары ауылшаруашылық білімді, 4%-ы орта педагогикалық емес білімді мамандар.
Сыныптан тыс жұмыстарды
талдау бастауыш сынып
оқушыларына ұлттық тәрбие
мәселелері педагогикалық кеңестің жұмыс
жоспарында күн тәртібіне қойылмағандығын,
әдістемелік бірлестіктерінің тәрбиелік
мәніне немқұрайды қарым-қатынасын, қосымша
білім беру педагогтардың жұмыс жоспарларында ұлттық тәрбие беру мақсат
етілмегендігін көрсетті.
Сауалнама жүргізу нәтижелерін талдау педагогтардың 72%-ы оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуды қажет емес деп санайтындығын, ұлттық тәрбие үлгілерін 1-2 ғана педагогтың пайдаланатындығын және әдістемелік құралдардың мардымсыздығын байқатты. Педагогтармен әңгімелесу олардың тәжірибесінен мағлұматтарының үстірт екендігін және ұлттық тәрбие мазмұндағы мақал-мәтелдерге, жұмбақ, жаңылтпаштарға, ертегілерге немқұрайды қарайтындықтарын танытты. Сауалнама жүргізу барысында педагогтардың көпшілігі төмендегі ең қарапайым сұрақтарға жауап бере алмады:
- “ұлттық тәрбиеге байланысты қазақ ауызекі шығармашылығының
қандай түрлерін білесіздер?”
- «Табиғат қорғау, табиғат байлығын үнемді пайдалану туралы мақал-
мәтел айтып бере аласыз ба?»
- «Төрт түлік мал туралы қандай ертегілер бар?»
- «Эпостық жырлардың кейіпкерлер
- «Табиғат қорғау және
болуды талап ететін қандай тыйым сөздерді білесіз?
- “Балаларға теориялық білім беруде қазақ этнопедагогика элементтерін
пайдаландыңыз ба?»
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың сынып жетекшілерінің этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениет негіздері туралы білімдердің жеткіліксіздігі (77,1%) оларды оқушыларға ұлттық тәрбие беруде пайдалануда қиындықтар туғызатындығы анықталды. Педагогтардың көпшілігі бұл терминдердің мәнін түсіндіре алмайтын болып шықты.
Анықтау экспериментінің үшінші бағыты
бойынша мектепте
сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш
сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту
моделінің мазмұндық
компонентінің көрсеткіштеріне
сәйкес оқушылардың білімінің
көлемділігі мен жүйелілігі сауалнама
тест тапсырмалары, әңгімелесу,
интервыо сияқты зерттеу
әдістері арқылы анықталды.
Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан
тыс жұмыстар арқылы меңгерген білімдерінің
көлемділігі мен жүйелілігін
анықтауда бірнеше әдістеме қолданылды.
Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған-табиғи
ортаны сақтау, қорғауға байланысты мақал-мәтелдер
туралы мағлұматтарын анықтау мақсатында
Бастауыш сынып оқушыларыныц қоршаған
табиғи ортаны сақтау, қорғау жайлы мақал-мәтелдер
туралы мағлұматтарын анықтау мақсатында «Аяқталмаған сөйлем»
әдістемесі қолданылды.
1. Туған жердей жер болмас, туған
елдей ел......................
2. Адам көркі шүберек, ағаш
көркі.........................
3. Ел ұлсыз болмас, жер...........................
4. Құс қонбаған көл жетім,
ел қонбаған...................
5. Бір тал кессең он.............
6. Жаңбырмен жер көгерер,
7. Қыстағы қар, жаздағы..........
8. Сулы жер -....................
9. Ата-асқар.....................
Ана -
бауырындағы...................
Бала
- жағасындағы...................
10.Судыңда....................
11.Малдың жайын...............
Оттың
жайын.........................
12. Бұлақ көрсең..................
Берілген жауаптарды талдау оқушылардың ұлттық тәрбие тақырыбындағы мақал-мәтелдерің мазмұнын түсінбейтіндігін көрсетті. Аяқталмаған сөйлемдердің 3 оқушы - 5-еуін, 2 оқушы - 3-еуін ғана дұрыс тауып жазды.
Келесі ретте бастауыш сынып оқушыларына табиғат, өсімдіктер, жануарлар әлемі қандай қазақ ертегілерінде суреттелгендігі туралы тапсырма берілді. 8 оқушы табиғат суреттері туралы «Қазығұрт тауы», «Байқал мен Аңғара» сияқты ертегілерді атаса, 3 оқушы өсімдіктердің қадір-қасиеті туралы «Аяз би», «Асан қайғы» ертегілерін мысалға келтірді; 6 оқушы жануарлар туралы ертегілерден құстардың тіршілігі баяндалған «Бақыт құсы», «Алып құс самұрық» ертегілерін, хайуанаттар туралы «Жыл басы», «Түлкі мен бөдене» «Екі лақ» ертегілерін дұрыс тауып айтты.
Бастауыш сынып оқушыларына эпостық жырлардағы табиғатты, табиғат құбылысын, өсімдіктер мен жануарлар жайында берілген суреттемелер бойынша мазмұндама жазу тапсырылды. Өкінішке орай, балалардың көпшілігі эпостық шығармалардың аттарын, басты кейіпкерлерін атағанымен, олардағы қоршаған табиғат жайлы мәтіндерге мән бермегендіктерін, естерінде қалмағандықтарын көрсетті.Сауалнама әдісінің фактологиялық, тұлғалық, эмоционалдық ақпарат алудағы мүмкіндіктерін пайдаланып, алдын ала ойластырылған сұрақтар арқылы, жоғарыда аталған модельдің мотивациялық қарастырылғандай, бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығында суреттелген халықтың тәжірибесіне деген қарым-қатынасы анықталды. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларына төмендегі сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алынды.
Кесте 3- Бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан халықтық тәжірибеге деген қызығушылығын анықтауға арналған сауалнама нәтижесі
Қойылатын сұрақтар |
Жауап түрлері % | ||
Ия |
Жоқ |
Басқа да жауапт | |
1. Табиғат
көріністері суреттелген - мақал мәтелдер - жұмбақтар - жаңылпаштар - ертегілер - тыйым сөздер - эпостық жырлар |
4 - 0,5 0,1 - - |
65 0,2 - - 93 - |
31 99,8 99,5 99,9 7 - |
2. Адамның – табиғаттың төл перзенті екендігі туралы мақал -мәтел, жұмбақ, жаңылпаштар, ертегі қанатты сөздер, тыйым сөздер, эпостық жырлар білесің бе? |
2 |
51 |
47 |
3. Өсімдіктер жайлы мақал -мәтелдер, жұмбақ жаңылпаштар, ертегі қанатты сөздер тыйым сөздер, эпостық жырлар білесің бе? |
2 |
18,3 |
79,7 |
4. Жануарлар жайлы мақал мәтелдер, жұмбақ, жаңылпаштар, ертегі, қанатты сөздер, тыйым сөздер, эпостық жырлар білесің бе? |
4 |
16,3 |
79,7 |
5. Табиғатты аялау қажеттігі жөнінде тыйым сөздерді білесің бе? |
2,3 |
47,2 |
50,5 |
Информация о работе Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері